Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіптік қазақ тілі новый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Бөлім 4. Эксплуатация «кәсіптік қазақ тілі» әдістемелік нұсқау

4.1. Аппараттық жабдықтарға қойылатын талаптар

Берілген бағдарламалық өнім ДК-де өңделген және тестіленген. Бағдарламамен жұмыс жасау үшін келесі ақпараттық қамтамасызету керек:

- Windows операциялық жүйесі;

­ видео карта (64мб,128bit);

- жедел жад 32 Мб;

- процессор 166 Mmx;

- жүйелік блок;

- пернетақта;

- монитор;

- тышқан;

- баспа;

- CD-ROM бағдарламаны орнату үшін;

- MS Excel есеп беру үшін.

Берілген дипломдық жоба бағдарламасына осы айтылып кеткен талаптар минималды болып табылады. Егер бұдан да қуатты компьютер болса, бағдарламаны қолдану эффективтілігі жоғарылайды [31].

Қолданушыға нұсқау

Берілген дипломдық жұмыстың басты мақсаты «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесін құру.

Берілген бағдарламалық өніммен жұмыс жасау үшін осы бағдарламаны файлдан жіберу керек. Бағдарламаның жіберілу файлының есімі Kazak tili.exe.

Бағдарламаны жібергеннен кейін алдарынызда автоматтандырылған жүйенің арналымы туралы «Титулды бет» деп аталатын терезе пайда болады.

Бұл терезедегі батырманы шерту арқылы негізгі терезеге көшуге болады. Бұл терезеде «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесінің негізгі навигациялық құрылымдары орналасқан. Олар:

- «Сабақ» Әдістемелік нұсқау жүйесінің негізгі құнды ақпараттық материалдары орналасқан. Мұнда арнайы берілген тізім арқылы қажетті бөлімді таңдаған кезде, арнайы ақпаратты көрсету облысында соған сәйкес html форматта ақпарат пайда болады;

- «Бейне» пайдаланушыға мұнда теориялық бөлімді бекітуге арналған практикалық материалдар қарауға болады, басқару элементтері теориялық бөлімдікіне сәйкес келеді ;

- «Грамматика» «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесі тілінде берілген материалдарды дыбыстау.

- «Презентациялар» барлық ақпаратты аудио визуалды түрде бекіту мақсатында арнайы ppsx форматындағы файлдар орналасқан. Олар қажетті батырманы шерту арқылы іске қосылады;

- «Сөздік» Әдістемелік нұсқауда берілген термин сөздерге анықтама беру.

- «Тест» өтілген курс бойынша қолданушының өз білімін тексеруге арналған арнайы интерактивті тестілік бағдарламасы іске қосылады. Тестілік бағдарлама интуитивті түрде түсінікті қолдануға ыңғайлы;

- «Авторлар ұжымы» - әдістемелік нұсқау жүйесінің авторы және жетекшісі туралы мәлімет блогы орналасқан.

Оқулықты пайдалану қолайлы. Әр терезеде «Артқа» және «Шығу» батырмалары орналасқан.

4.2. Бағдарламашыға нұсқау

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесін құру. Бұл бағдарлама Delphi программалау ортасында жасалған.

Бұл әдістемелік нұсқау жүйесі келесі файлдардан тұрады:

-*.pas – жобаның барлық терезелерінің құрастырылуы осы файлдарда сақталады;

-*.ddp - әрбір формаға бір файлдан келетін формалардың файлы;

-*.dof – формада басқару элементтерінің қасиеттеріне арналған берілгендерден тұратын екілік берілгендердің файлы (әрбір формаға бір файлдан). Бұл файлдарды редакциялауға болмайды, олар Picture (сурет) және Icon (белгі) қасиеттерінен тұратын форманың кез – келген файлына автоматты түрде құрастырылады (кеңейтілуі .frm).

Берілген бағдарламалық өніммен жұмыс жасау үшін осы бағдарламаны компьютеріңізге көшіріп Kazak tili.exe іске қосу файлынан жіберу керек.

Кесте 17 - де жұмыс барысында пайда болатын сұғбаттаушы терезелердің мәнездемесі көрсетілген.

Кесте 17. бағдарламашыға хабарлама

Бума мен файлдар

Сипаттамасы

Қолданылатын іс-әрекет

Kazak tili.exe

Қосымшаны іске қосу

Тышқан сол жақ батырмасын екі рет шерту

Sabak

Теориялық материалдар орналасқан бума

Бағдарлама арқылы «Сабақтар»

батырмасын 1 рет шерту арқылы қаралады

Video

Бейне материалдар орналасқан бума

Бағдарлама арқылы «Видео»

батырмасын 1 рет шерту арқылы қаралады

Grammatika

Дыбыстық материалдар орналасқан бума

Бағдарлама арқылы «Грамматика» батырмасын 1 рет шерту арқылы қаралады

Presentatsia

Слайдтар орналасқан бума

Бағдарлама арқылы «Слайдтар»

батырмасын 1 рет шерту арқылы қаралады

Test

Тесттік файлдар орналасқан бума

Бағдарлама арқылы «Тест»

батырмасын 1 рет шерту арқылы қаралады