Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инвенст айгуль (восстановлен) (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу, ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету, отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру, экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өңдірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану, қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру, өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.

2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетте 2013 жылы республикалық бюджет есебінен 217 республикалық бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру (республикалық бюджеттен даму және кредит трансферттерін ескермегенде) жоспарланған болатын, оның ішінде:

- 144 жоба ТЭН әзірлеуді талап етпейді;

- 73 жоба ТЭН әзірлеуді талап етеді.

2013 жылғы ақпанның басындағы жағдай бойынша ТЭН әзірлеуді талап ететін жобалар бойынша мынадай жағдай қалыптасты:

- 19 жоба бойынша экономикалық сараптаманың оң қорытындысына ие болды;

- 4 жоба экономикалық сараптамаға ұсынылды, бірақ түрлі себептер бойынша қаралмастан қайтарылды (құжаттаманың жиналмауы, қаржыландыру схемасының бюджеттік заңнамаға сәйкес келмеуі және т.б.);

- 5 жоба пысықтауға қайтарылды;

- 1 жоба МЖӘ Орталығының қарауында болған;

- 44 жоба экономикалық сараптамадан өткізу үшін МЖӘ Орталығына ұсынылмады.

Осыған ұқсас жағдай республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялар бойынша қалыптасты.

2013 жылы республикалық бюджет есебінен 55-ке жуық жобаны республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған (нақты саны белгісіз, себебі бірқатар жобалар бюджеттік бағдарламалар бойынша таптастырылған).

- 3 бюджеттік инвестициялар жобасына экономикалық сараптама оң қорытынды берді;

- 18 жоба түрлі себептер бойынша қаралмастан қайтарылды (құжаттаманың жиналмауы, қаржыландыру схемасының бюджеттік заңнамаға сәйкес келмеуі және т.б.);

- 11 жоба МЖӘ Орталығының қарауында болды;

- 4 жоба экономикалық сараптама жүргізу үшін ұсынылған жоқ;

- алдын-ала деректер бойынша шамамен 19 жоба бойынша экономикалық сараптаманың оң қорытындысы болмады.

2012 жылы сондай-ақ ЭДСМ-ге экономикалық сараптама жүргізу үшін 2012 жылдың республикалық бюджетіне енгізілген жобалар түскендігін атап өту қажет.

Осыған ұқсас ахуал басқа жылдарда да орын алған – ББӘ инвестициялық жобаларды кешіктіріп, сапасыз, бюджет заңнамасының нормаларын ұстанбай орындайды (бюджет деңгейінің талаптары орындалмайды – мысалы, республикалық бюджеттен қаржыландыруға жергілікті бюджеттен қаржыландыруға жататын жобалар ұсынылады). Мұның бәрі қазіргі кезге дейін, еліміздің стратегиялық даму құжаттарында белгіленген міндеттер мен мақсаттарды тиімді және уақытылы орындауға кедергі келтіріп келді.

Алматы жоғары инвестициялық қызығушылық туғызып отырған қала: негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемі бойынша қала жалпы республикалық көлемде екінші межені иеленіп отыр.

Қазақстандық экономикадағы инвестициялық қатынастардың ерекшеліктеріне, ұлттық капиталдың қызмет ету механизміне кешенді талдау жүргізу негізінде жүргізілген зерттеу нәтижесінің қорытындылары келесідей:

1. Инвестициялық нарықты реттеудің шетелдік тәжірибесі, қазақстандық экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық және әдістемелек негіздемесінің институционалдық базасы және инвестициялық қатынастарды зерттеудің негізі болып табылатын инвестициялық қатынастардың дамуын сараптау, оның жалпы үрдістерін анықтауға мүмкіндік берді;

2. «Инвестиция», «инвестициялық үдеріс», «инвестициялық нарық», «инвестиция және инвестициялық қызмет», «инвестициялық механизм» ұғымдарының болмыстық сипаттамасы табыс табу мақсатында аталған ұғымдардың қазіргі замандағы түсініктерін нақтылауға мүмкіндік беріп, инвестицияны жүзеге асыру мәселелері бойынша экономикалық агенттер мен инвестициялық қатынастар жүйесі арасындағы категориалдық арақатынастар арқылы талданды;

3. Инвестициялық үдеріс алгоритмін пайдаланған орынды болмақ. Ол бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады: инвестицияны тарту механизмінің басты жұмысы (еркін инвестициялық қор мен әлеуетті инвесторлар болған жағдайда), инвестициялық қызметтің қолайлы заң шығарушы базасын жасау, инвестициялық ынталандырудың пайда болуы, инвестициялық үдерісті тиімді ұйымдастырушылық, әдістемелік, ресурстық қамтамасыз ету, инвестициялау үдерісіне ақпараттық көмек көрсету, инвестициялау туралы шешім қабылдау;

4. Инвестицияны жетілдіруді тиімді түрде жүзеге асыру үшін Қазақстандағы инвестициялық үдерісті мемлекеттік реттеудің ғылыми ұстанымдары(ғылыми негіз, жүйелік көзқарас, қойылған мақсатқа сәйкестілік, экономикалық мүдделілік, тиімділік, жаңашылдық) инвестицияны бағалаудың ықпалды моделі тиімділігінің белгісі болып табылады;

5. Жасалған талдау қаражатты шетке шығаруды бақылау және шектеу аясындағы мемлекеттік саясат ішкі және сыртқы инвестицияларды ынталандырудың әкімшілік және экономикалық әдістерін теңдестіруге негізделу қажеттілігін көрсетті;

6. Инвестициялық дәлелдеудің басты шаралары: әкімшілік кедергілерді кеміту, бәсекелестік үшін тең жағдайлар туғызу, халықаралық нарықта меншік иелері мен инвесторлардың құқығын қорғау;корпоративті басқаруды дамыту, инвестициялаудың концессиялық түрлерін жетілдіру; банк секторын қайта құру; экономикалық циклдың түрлі сатысындағы жалпы экономикалық конъюктураның ерекшеліктеріне сәйкес инвестиция нарығындағы белсенді қозғалыс нәтижесінде түрлі салалардың ішкі инвестициялық әлеуетін ашу;

7. Мемлекеттік даму институттарының рөлін күшейту өндірістік үдерістегі қаржы-несие механизмін жетілдіруді қамтамасыз ету негізінде инвестициялық үдерісті жеделдетеді;

8. Қазақстан экономикасындағы бәсекеге қабілетті өндірісті инвестициялау мотивациясын (құлшынысын) ынталандыру моделі мемлекеттің инвестициялық үдерісін қалпына келтірген жағдайда және келесі жайттарға экономикалық әсер ету негізінде мүмкін болады, олар:

  • Субъектілердің экономикадағы инвестициялау мүдделері;

  • Сырқы экономика саласындағы экономикалық саясат;

  • Инвестицияның қаржы көздерін басқару.

9. Айналым тізбегіне негізделген тұжырымдамалық заң шығарушы нормативтік, қаржы-экономикалық және институттық блоктар ұлттық экономика дамуының инвестиция – инновациялық моделінің тұтастық тұжырымдамасы: «жеке капитал және халық кірісі – ұзақ мерзімді жинақ ақша-ұзақ мерзімді қаржы жүйесінің несиелік қорлары-инвестициялар, негізгі капиталдың кеңейтілген өндірісі» ұлттық капиталды қалыптастыру үшін әлеуетті бәсекеге қабілетті өндірістің даму траекториясы болып табылады.