Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dip_Bas_1179_aru_protsesi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
348 Кб
Скачать
☆

1Тарау. Басқару процесiнiң мазмұны

1.1. Басқару процесiнiң ұғымы және негiзгi сипаттамалар.

Басқару-адамдардың кәсiптiк қызметi. Бұл қызметтiң мәні –мазмұнын айқындау үшiн оның анықтамасын берейiк. Басқару –бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бiрлескен жұмыс процесiнде мақсатты жүйелi ықпал ету.

Осы анықтамадан бiрқатар қорытынды жасауға болады. Басқару ең алдымен, ықпал ету, демек мұның өзi сол әрекетке билiк ету қажеттiгiн көрсетедi.

«Мақсаттылық» анықтамасы басқару мiндетiн-ұжымның алдына қойған мақсатына жетуiн қамтамасыз етудi көздейдi. Оның үстiне мақсат қою да басқару мiндетi.

«Жүйелiк» анықтамасы дүркiн-дүркiн емес жүйелi, үздіксiз жүзеге асыру қажеттiгiн көрсетедi.

Әрекеттiң осындай мiндетті бiрiздiлiгiн басқару процеci деп атайды. Әр түрлi деңгейде басқару процестерінiң күрделiлiгiне және алуан түрлiлiгiне қарамастан, Д.Н.Бобрышев осы категорияға басқару процесiне біршама жалпылама анықтама бередi. Басқару процесi- бұл шешiмдi шығаруды, қабылдауды қабылдаған шешiмнiң орындалуы жөнiндегi жұмыс барысын үйлеструдi, қабылдаған шешімнiң орындалу барысын бақылауды бірiздiлiкпен жүзеге асыру. Бұл анықтама басқару әрекетiнiң мазмұнын да aшады.[9,7-бет]

Басқару процестерiн басқарудың көптеген жүйелерi мен салаларында жүзеге асырады. Кәсiпорындармен мекемелерде, кәсiпорындарды тасымалдау орындарында, т.б. Яғни, адамдар еңбек ететін ұжымның барлығында белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн басқaру қызметi бірiншi кезектегi мiндетi болып саналады. Басқару процесi мемлекеттiк деңгейде де, шаруашылық ұйымында да бiрдей жүргiзiледi. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол бiр мақсатты көздейдi, әрине мұндай жағдайда көбiнесе «Стратегиялык басқару», ”жедел басқару” секiлдi терминдердi пайдаланады. Бiрақ мұнда басқару мазмұны өзгермейдi.

Басқару циклi процесс ретiнде қарастырылады, ол «басқару қызмет

деп аталатын басқару жұмысының нақты түрiнен тұрады. Басқару қызметi- басқару жұмысынын нақты түрi, оны жүзеге асыру үшiн арнайы амалдар мен әдiстер, сондай-ақ тиiстi ұйымдық жұмыстар қолданылады.

Әрбiр басқару қызметi процесс болып саналады, өйткенi, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару қызметi барлық қызметтiң жалпы жиынтығы. Басқару қызметiне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар зор көңiл бөледi. Кезiнде А.Файоль былайша тұжырымдаған болатын: «Басқару дегенiмiз болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестiру және бақылау». Бұл қызмет басқарудын теориялық категориясы ретiнде әдебиеттерде кеңiнен пайдаланылады, бiрақ бiр жақты емес.

Функция - көп мәндi термин. Философияда бұл екi объектiнiң карым- қатынасы, онда біреуінiң өзгеруi екiншiсiнің өзгеруiне түрткi болады, социологияда- белгiлi бiр әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік процесс жоғары денгейдегі қоғамдық жүйенiң қажетiн орындайды.

Функция- бұл сонымен қоса әрекет, мiндет жұмыс. Бұл мағынада функция ұғымы басқару кызметiнiң категориясын анықтаған кезде басқару теориясында, сондай-ақ олардың ұйымдастыру жүйесiндегi басқа қызметтерiнде - өндiрiстiк, әлеуметтiк т.б. өзгешелiгiн көрсету үшiн пайдаланылады . .[9,9-бет]

Басқару кызметiнiн өзiндiк өзгешелігi, ерекше мазмұны болады әрi дербес жүзеге асырылуы мумкiн. Оларды кез-келген басқару саласындағы адамдар қызметiне тендестiруге болады. Шындығында, кез келген салада басқару үшiн шешiмдi әзiрлеу және қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру, оның орындау барысын үйлестiру, орындалу нәтижесiн бақылау және де осы деректердiң негiзiнде келесi шешімдi шығару және қабылдау қажет.

Басқарудын барлық қызметi бiр-бiрiне тығыз байланысты, сонымен қоса, олар бiр-бірiмен сiңiсіп кетедi. Жоғарыда атап көрсетiлгендей баскару қызметiне деген көз қарас және олардын жiктелуі алуан түрлі. «Менеджмент негiздері» кiтабының авторлары(М.Х.Мескон,М. Альбет,Ф.Хедоури)баскару қызметiнiң елеулi түрлерiн шағын категорияларға бөледi. Мұның өзiн қазiргi барлық ұйымдарга қолдануға болады(11). Авторлардың пiкiрiнше басқару процесi олардың өзара байланысты қызметтерiнен: жоспарлаудан, ұйымдастырудан, мативация және бақылаудан тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]