Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жомарт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
289 Кб
Скачать
☆

Майлау жүйесі

Пайдаланылуына қарай автомобильдерге арналған майлау материалдары былайша бөлінеді: двигатель (мотор) майы, берілістер қорабын және басқару жүйесін майлайтын тарнсмиссионды май, сондай-ақ консистентті (пластикалық) майлар-қоюландырғыштар қосылған минералды майлардың қоспасы. Мұның өзі машиналардың конструкциялық ерекшеліктеріне байланыстыминералды майларды қолдануға болмайтын жағдайда пайдаланылады". Май-дың сапасын білдіретін негізгі көрсеткіш-тұтқырлық, оның өзі майланатын жерге майлық ағып келуінен, майлы қабаттың қалыптасуынан, от алдырар кездегі двигатель тетіктерінің жеңіл айналуынан, қоспалы жерлерге майдың жақсы барып тұруынан, жеңіл қотарылуынан байқалады. Майдың тұтқырлығы температураға байланысты, температуратөмендеген сайын, ол қоюлана береді. Температураға қарай тұтқырлықтың өзгеруі неғұрлым аз болса, май соғұрлым жақсы, әрі от алдыру сапасы жоғары болып есептеледі. Майлардың қасиеттерін арттыра түсу үшін оларға әртүрлі тұнбалар қосады. Пайдалану мерзіміне қарай автомобиль двигательдеріне арналған майлар жаздық, қыстық және барлық маусымдық (жазғы майдың тұтқырлығы қыстағыдан жоғары болады) түрлерге бөлінеді, ал мақсатына қарай — карбюраторлы двигательдерге (бұрынғы аты — автол) және дизельдерге арналады. Майдымаркалау бұрын былайша қалыптастыр — карбюраторлы двигательдерге арналған автомобиль майын, Д — дизельді, К немесе С — тазалаудың қышқылды немесе селективті әдісін, 3 — қоюланғалы, П — әртүрлі тұнбаларды, ал цифрлар немесе күні — сантистокспен (сСт) есептегенде 100оС темпе-ратурадағы майдың орташа тұтқырлығын көрсетеді.

Жаңа жүйе енгізілгенге дейін шығарылған майлар жаңа белгілерге ие болды, алайда практикада бұрынғы маркалау әдісі сақталып қалды. 70 жылдардың басында шығарылған майлар (мәселен, «Жигули» автомо-бильдері үшін) тек жаңа жүйеге сәйкес клас-сификацияланады.

Трансмиссия және оның түрлері

     Трансмиссия деп двигательдің білігіндегі қуатты қозғағыш доңғалақтарға жеткізетін механизмді атайды. Осы механизмнің негізгі қызметі иінді біліктегі айналдырғыш моментті бірнеше есе көбейтіп, қозғағыш доңғалаққа жеткізу болып табылады. Себебі, тракторды жүргізу үшін оның доңғалағына үлкен күш түседі, ал сол күшті айналдырғыш момент тудырады. Двигатель білігінен ондай қажет мөлшердегі момент алынбайды, ал оны тракторды жүргізуге пайдалану үшін бірнеше есе трансмиссияның көмегімен арттырады.

      Трактордың жұмыс істеуі кезінде атқаратын жүмыс түріне қарай оған әр түрлі күш түседі. Мысалы, жер өңдеу кезінде тракторға көп күш түсетін болса, тасымалдау жұмысын атқарғанда, алғашқыға қарағанда аз күш түседі. Бір сөзбен айтқанда трактор әр түрлі күшпен жұмыс істейді. Олай болса, трактор трансмиссиясы оның күшін өзгертіп тұратын болуы керек. Трансмиссияның екінші қызметі жүріс доңғалағына берілетін күшті атқаратын жұмыс түріне қарай өзгерту болып табылады.

     Осы жоғарыда көрсетілгеннен басқа трансмиссия доңғалаққа берілетін қуат бағытын реттейді. Өйткені, көпшілік жағдайда, ол двигательдің ұзындық бойымен, ал қозғағыш доңғалақтар осі көлденең бағытта орналасады. Олар осылайша бұрыш жасап орналасқандықтан берілетін қуат та бұрылып жеткізіледі.

     Трансмиссияның көрсетілген қызметін атқару үшін әр түрлі механизмдер қолданылады. Оларды жұмыс істеу принциптеріне қарай механикалық, гидравликалық және электрлік трансмиссия деп бөледі.

      Механикалық трансмиссия деп двигатель қуатын қозғаушы доңғалаққа механикалық энергия түрінде жеткізетін механизмді айтады. Ол үшін әр түрлі механикалық берілістер (тісті, белдікті, үйкелісті) қолданылады.

   Гидравликалық трансмиссия трактор двигателінен берілетін қуатты сұйық қысымына айналдырады, ол доңғалақтағы гидравликалық моторға жеткізіліп, қайтадан механикалық қозғалысқа айналады. Бұл трансмиссия жұмыс істеу принциптеріне қарай гидравликалық және гидрокөлемді трансмиссиялар болып бөлінеді. Гидравликалық трансмиссияда берілетін қуат сұйықтықтың үлкен жылдамдығына айналдырылады да жұмысшы доңғалақтың қалақшаларына ұрылады. Сөйтіп өзінің энергиясын гидромоторға жеткізеді. Гидрокөлемдік трансмиссияда берілетін қуат сұйықтық қысымы арқылы жеткізіледі.

   Электрлік трансмиссияда трактор двигателінің механикалық энергиясы генератордың көмегімен электр энергиясына айналдырылады да, қозғағыш доңғалақтарға орнатылған электр двигателіне жеткізіледі.

   Гидравликалық және электрлік трансмиссиялар тек жеке түрінде қолданылмайды. Себебі, олардың пайдалы әсер коэффициенті, айналдыру моментін арттыру дәрежесі төмендеу болады. Сондықтан оларды механикалық трансмиссиямен қосып пайдаланады. Оларды гидромеханикалың немесе электромеханикалың трансмиссиялар деп атайды.

Осы жоғарыда айтылған трансмиссиялардың ішіндегі ауыл шаруашылығы тракторларында көп таралған түрі механикалық трансмиссия. Себебі, оның пайдалы әсер коэффициенті жоғары болады. Ал гидромеханикалық және электромеханикалық трансмиссиялар қуаты өте жоғары өндірістік тракторларда (Т-330, ДЭТ-250) қолданылады. Себебі, ондай трансмиссиялардың берілетін қуаты жоғарылаған сайын пайдалы әсер коэффициенті жоғарылайды. Гидромеханикалық және электромеханикалық трансмиссиялардың санаулы тракторларда ғана қолданылатындығына байланысты оларға түсінік берілмейді.

   Механикалық трансмиссия құрылысына қарай екі түрге бөлінеді. Беріліс жылдамдығын сатылы және сатысызөзгертетін трансмиссиялар болады. Жылдамдықты сатылы өзгертетін трансмиссияда беріліс санын өзгертуге мүмкіндік беретін беріліс қорабы қойылады. Сол қораптың көмегімен жүмыс бабына байланысты ілінісетін шестерняларды ауыстырып отырады. Ал жылдамдықты сатысыз өзгертетін трансмиссияда құрылысы өте күрделі механизмдер қолданылады. Қазіргі заманғы тракторларда жылдамдықты сатылы өзгертетін трансмиссиялар пайдаланылады.

   Жылдамдықты сатылы өзгертетін трансмиссия көпшілік жағдайда мынадай механизмдер мен тораптардан қүралады: ажыратқыш муфта, беріліс қорабы, карданды біліктер, жүргізгіш мостылар. Тракторлардың кейбір түрлерінде ғана жоғарыдағыдан аздаған өзгешелігі болады. Атап айтқанда, ДТ-75 тракторында айналдырғыш моментті арттырғыш қондырғы болады, ал К-701 тракторында ажыратқыш муфта болмайды да, оның қызметін беріліс қорабы атқарады. Т-150 тракторында екі ағынды беріліс қорабы қолданылуына байланысты жүргізгіш мостының қүрылысына бірнеше өзгеріс енгізілген. Осындай өзгешеліктер туралы әрбір механизмді жеке-жеке талдағанда толығырақ тоқталамыз.