Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция6.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

Стрелкалар мен бағдаршамдардың электрлік орталықтандыралуы

Электрлік орталықтандыру құрылғылары мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

стрелкалар мен бағдаршамдардың өзара тұйықталуын;берілген маршрутты қоршайтын бағдаршамды бір мезгілде жаба отырып стрелканың кірекесілуін бақылау;

бақылау аппараттарынан стрелкалар жағдайы мен жолдардың және стрелкалық секциялардың бос еместігін бақылау;

стрелкалар мен бағдаршамдарды маршруттық немесе бөліп басқарудың, маневрлік бағдаршамдардың көрсетулері бойынша маневрлік қозғалыстарды жүзеге асырудың,қажет болғанда стрелкаларды эеогілікті басқаруға берудің мұмкіндігі.

Электрлік орталықтандыру құрылғылары мыналарға жол бермеуі тиіс:

бос емес жолға қойылған маршрут кезінде кіру бағдаршамының ашылуына;

жылжымалы құрамның астындағы стрелканың ауыстырылуына (бұрылуына);

берілген маршрутқа сәйкес келетін бағдаршамдардың стрелкалар дұрыс жағдайға қойылмағанда ашылуына;

тағайындалған маршрутты қоршайтын бағдаршамның ашық кезінде маршрутқа енетін стрелканы бұруға немесе қайшы маршруттық бағдаршамын ашуға.

Орталықтандырылған стрелкалардың жетектері мен тұйықтағыштары мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

стрелкалардың шеткі жағдайларыда қысылған үшкірдің рамалық рельске және айқастырмалық жылжымалы өзекшесінің тұйықталуына жол бермеуі тиіс;

басқа үшкірді рамалық рельстен кем дегенде 125 мм қашықтыққа бұруы тиіс.

Диспетчерлік орталықтандыру

Диспетчерлік орталықтандыру құрылғылары мыналар қамтамасыз етуі тиіс.

Бір орыннан стрелкалар мен бағдаршамдар арқылы бірқатар станциялар мен аралықтарды басқаруды;

басқару аппаратынан стрелкалардың жағдайы мен бос еместігін,аралықтардың,станцияларды және оларға жанасатын блок телімдердегі жолдардың бос еместігін бақылау,сондай ақ кіру,маршруттық және шығу бағдаршамдардың көрсетулерін қайталау және өтпелік сигнал беруі жұмысының жарамдылығын бақылау;

поездарды қабылдау жөнелту және маневрлерді жүзеге асыру бойынша станцияларды резервтік басқаруға берудің немесе маневрлерді жүзеге асыру үшін стрелкаларды жергілікті басқаруға берудің мүмкіндігі;

поездардың орындалған қозғалысы кестенің автоматтық жазбасын;

сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын электрлік орталықтандыруға,автоматтық блоктауға және автоматты локомотивтік сигнал беруіне және поездың толық құрамымен келіп жеткенін жартылай автоматтық блоктауына қойылатын талаптардың орындалуын.

Диспетчерлік орталықтандырудың жаңа жүйелері блок телімдердің жалған бос еместігін кезінде поезд диспетчеінің қозғалыс бағытын өзгертуіне мүмкіндігінің болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жанасатын станциялардың стрелкалары мен бағдаршамдарын телебасқару құрылғылары диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларына қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Автоматты локомотивтік сигнал беру және қауіпсіздік құрылғылары

Автоматты локомотивтік сигнал беру кезінде локомотивтік бағдаршамдар поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамдарының көрсетулеріне сәйкес келетін көрсетулерді беруі тиіс.

Тек қана локомотивтік бағдаршамдардың көрсетулері бойынша қозғалыс кезінде бұл бағдаршамдар алдағы жатқан блок телімдердің бос еместігін немесе бос болуына қарай көрсетулер болуы тиіс.

Локомотивтік бағдаршамдар локомотивті,моторвагондық поезды,арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды басқару кабинасында орнатылады және сигналдық көрсетулерді тікелей машинистің өзіне және оның көмекшісіне немесе дрезинаның жүргізушісіне және оның көмекшісіне береді.

Локомотивтердегі,моторовагондық поездардағы жане арнайы жылжымалы құрамдағы автоматты локомотивтік сигнал беру:

белгіленген қозғалыс жылдамдықтарын,поездардың өзінен өзі жылжып кетуін және машинист қырағылығының мерзімді түрде тексерілуіне бақылауды қамтамасыз ететін қауіпсіздік құрылғылары мен толықтырылуы тиіс.Машинист локомотивті,моторовагондық поезды,арнайы жылжымалы құрамды,ал дрезина жүргізушісі дрезинаны басқару қабілетінен айырылған жағдайларда аталған құылған тыйым салушы көрсетуі бар жол бағдаршамының алдында поездың автоматты түрде тоқтауын қамтамасыз етуі тиіс.