Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dlya_stud_otsen_listy_kaz_2014.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
548 Кб
Скачать
☆

Асқазан жуу техникасы

Б А Ғ А Л А У П А Р А Ғ Ы

Интерннің аты-жөні________________________Емтихан алушының аты-жөні_________________

Интернді қабылдап, оған жазбаша нұсқауды беріңіз. Әр критерий бойынша сәйкес ұпайын белгілеңіз.

№

Бағалау критерийлері

0-0,1 балл

0,2-0,3 балл

0,4-0,5 балл

1

Асқазанды жууға қабырғасы қалың серпінді резинадан жасалған арнайы зонд пайдаланылады. Диаметрі 10-12 мм, қуысы 8 мм. Бір шеті дөңгеленген, жабық. Зондтың бүйір беттерінде екі тесік бар. Зондтың жабық шетінен 40 см қашықтықта белгі салынады. Зондты енгізудің алдында оны қайнату және суда қалдыру қажет.

2

Науқасты орындыққа отырғызады; оның басы сәл еңкейген, аяқтарының арасы ашық, арасына шелек немесе басқа да бір ыдыс қойылады. Егер аузында жасанды тісі болса, оны алып тастайды. Науқастың кеудесін клеенка жапқышпен жабады.

3

Зондты енгізіп жатқан кезде оны тістеуге болмайтынын, жұту қозғалысын жасай отырып мұрны арқылы демалу керек екенін науқасқа түсіндіру қажет.

4

Интерн науқастың оң жағына орналасады, сол қолымен мойнынан және осы қолымен зондты аузына жақындатып ұстап тұрады. Оң қолымен асқазанға енгізеді.

5

Науқасқа аузын қатты ашып, «А –а» деп айтуын және мұрнымен терең демалуын сұрайды. Зондты тіл түбірінен ары қарай жылдам енгізеді. Одан кейін науқасқа аузын жаптырып, жұту қимылын жасатады. Осы кезде белгіленген деңгейге жеткенше зондты шапшаң қимылмен өңеш арқылы өткізеді. Науқас барлық уақытта мұрнымен терең демалуы қажет, ол оның назарын жағымсыз әсерден аударады. Егер жөтел пайда болса зондты шығарып алып, жөтелі басылғанша күте тұру қажет.

6

Зондты енгізіп болғаннан кейін оның сыртқы шетіне шыны воронканы кигізіп, тізе деңгейіне дейін төмен түсіреді. Осы кезде асқазан құрамы воронкаға толады, оны зерттеу үшін басқа ыдысқа құйып алады.

7

Асқазан жууды бастайды. Осы мақсатпен воронканы суға толтырып, аузынан 15-25 см жоғары деңгейге дейін көтеріп, сұйықтықтың азайғанын бақылайды. Су воронканың жіңішке бөліміне жеткен кезде оны тізе деңгейіне дейін төмен түсіріп, асқазан құрамымен толғанын күтеді. Воронканың ішіндегі асқазан құрамын бөлек ыдысқа құйып алып, талдауға жібереді. Бұл шараны таза су шыққанша бірнеше рет қайталайды. Асқазанды жууға 10-12 л су кетеді.

8

Асқазанды жуып болған соң зондты асқазаннан шапшаң қимылмен алып, 3% хлорамин ерітіндісіне 1 сағатқа қалдырады.

Жалпы саны

Станция бойынша максимальды ұпай – 4,0.

Әріптер жүйесінде бағалау

Бағаның сандық эквиваленті

% мазмұны

Бағаның пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйемен бағалау

А

3,84 – 4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,51 – 3,83

90-94

В+

3,17 – 3,50

85-89

жақсы

В

2,84 – 3,16

80-84

В-

2,51 – 2,83

75-79

С+

2,17 – 2,50

70-74

қанағаттанарлық

С

1,84 – 2,16

65-69

С-

1,51 – 1,83

60-64

D+

1,17 – 1,50

55-59

D

1,0 – 1,16

50-54

F

0 – 0,99

0-49

қанағаттанарлықсыз

Ескерту: Бағасы 0,49 төмен болмаған жағдайда дағды есептелінеді.

Бағасы_________________ Емтихан алушының қолы_________________

№ БЕКЕТ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]