- •1. Мақсаты
- •1.1 Халықаралық стандарттармен байланысы
- •1.1Зияткерлік мектептердегі оқу бағдарламасымен байланысы
- •1.3 Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен байланысы (кбкм)
- •2. Бағалауға шолу
- •2.1 Бағалаудың міндеттері
- •3. Емтихан жұмысының сипаттамасы
- •4. Емтихан өткізу процесін басқару
- •6. Бағаларды қою процесі
- •3.4 Балдарды бөлу
- •3.5 Бағалау тілі
- •6.1 Деңгейлеу дескрипторлары
- •7. Мысал сұрақтардың үлгісі
3. Емтихан жұмысының сипаттамасы
Сұрақтарымен үш тапсырма беріледі. 1-тапсырма жауабының бағалануы пән бойынша оқу бағдарламасын қамтиды. 2- тапсырма оқу бағдарламасындағы жеті тақырыптық жұмысқа бағытталған және толық жауабы болу керек. 3-тапсырма бағдарламаға сәйкес зерттеушілік дағдысын бағалайды. Берілген тапсырма оқушының зерттеушілік қабілетін тексереді (зерттеу саласына негізделген оқу бағдарламасы аясында: жоспарлау, мәліметтерді енгізу және талдау).
3.1 1-емтихан жұмысы
Оқушыларға 4 сұраққа жауап беру үшін 90 минут уақыт беріледі, ол жалпы 80 балмен бағаланады. Берілген тапсырмаға балл географиялық білімін,түсінігін және талдау жасай алуын көрсеткені үшін қойылады. Балл критериалды бағалау схемасына сәйкес қойылады.
Бағалаудың міндеті |
Қол жетімді балдар |
Сипаттау |
БМ1 (20%) БМ2 (70%) БМ3 (10%) |
4 x 20 |
Жеті сұрақтың төртеуіне міндетті түрде жауап беру керек, әрбір сұраққа 20 балдан беріледі. Сұрақтар бөліктерге бөлінген,оқушылардың әртүрлі формада: график, кесте фотолар, карта және мәтін түрінде берілген жауаптары бағаланады.Сұрақтар сонымен қатар оқушылардың білімін және олардың спецификацияда берілген негізгі географиялық тақырыптарды түсінулерін бағалайды. |
НӘТИЖЕ |
80 |
|
3.2 2-емтихан жұмысы
Оқушыларға 7 сұраққа жауап беру үшін 90 минут уақыт беріледі, ол жалпы 80 балмен бағаланады. Барлық 7 сұраққа міндетті түрде жауап беру керек. Берілген тапсырмада географиядан тақырыптар бойынша білімін көрсеткені үшін баға, критериалды бағалау схемасына сәйкес балл қойылады. Берілген тапсырмада барлық 7 тақырып бағаланады. Оқушылар 1-бөлімде 10 балдық бес сұраққа (1-5 дейінгі тақырыптар, төменгі кестеде көрсетілген) 2-бөлім бойынша 15 балдық екі сұраққа (6-7 тақырыптар) жауап берулері керек.
|
Тақырып |
1 |
Өзен геоморфологиясы |
2 |
Метеорология |
3 |
Су ресурстарын тиімді пайдалану және экономикалық бағалау |
4 |
Қазақстандағы туризмнің дамуы |
5 |
Қазақстан халқы және көші-қоны |
6 |
Халықаралық экономикалық байланыстар |
7 |
Ғаламдық мәселелер |
Оқушылар:
Бөлім |
Бағалаудың міндеттері |
Қол жетімді балдар |
Сипаттау |
1 |
БМ1 (70%) БМ2 (30%) |
5 x 10 |
Міндетті түрде 10 балдық бес сұраққа жауап беруі керек. 1-5 тақырыптардың жауаптары толық болу керек және оқушылардың білімі мен түсінігі бағаланады. |
2 |
БМ1 (20%) БМ2 (30%) БМ3 (50%) |
2 x 15 |
6-7 тақырыптар бойынша міндетті түрде 15 балдық екі сұраққа жауап беруі керек. Оқушылар берілген сұрақтарда географиялық мәселелерді, оны сипаттауы және шешу жолдарын көрсетуі керек. |
НӘТИЖЕ |
80 |
|
|
3.3 3-емтихан жұмысы (географиялық зерттеулер дағдысы)
Оқушыларға екі сұраққа жауап беру үшін 60 минут уақыт беріледі, ол жалпы 40 балмен бағаланады.Бұл жұмыста балл географиялық зерттеулерде қолданылған әдістерін көрсете алатын дағдылары үшін қойылады. Берілген сұрақ оқушылардан географқа керекті зерттеулер жүргізу үшін қажет, дағды және тәсілдерді оқу бағдарламасына қатысты көрсетуін талап етеді (жоспарлау,өткізу,ұсыну және талдау жасау үшін). Берілген тапсырма критериалды бағалау схемасы бойынша бағаланады. Сұрақтар оқу бағдарламасындағы жеті тақырыпқа негізделіп құрылған. .
Бағалаудың міндеттері |
Қол жетімді балдар |
Сипаттау |
БМ1 (15%) БМ 2 (50%) БМ3 (35%) |
2 x 20 |
Міндетті түрде 20 балдық үш сұрақтың екеуіне жауап беру керек. Берілген сұрақ оқу бағдарламасына қатысты оқушылардан географқа зерттеулер жүргізу үшін қажет дағды және тәсілдерді көрсетуін талап етеді (зерттеу барысын жоспарлау,ұсыну және талдау, қорытынды жасау)
|
НӘТИЖЕ |
40 |
|
