Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лек-12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139 Кб
Скачать
☆

Ақша- несие жүйесі және Қазақстан Республикасындағы ақша- несие саясаты.

Несие деп қайтарылу негізінде, белгілі бір мерзімге төлем арқылы уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалануға беруді айтамыз.

Несие келесідей қызмет атқарады: 1) қайта бөліну, яғни белгілі бір сфераның, кәсіпорынның уақытша бос ақша қаражаттарын қажет етуші сфераларға бөлу. 2) тауар айналысына қызмет ету. Уақытша бос ақша қаражаттарын ала отырып, өндірістің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік туындайды, осының салдарынан айналасындағы тауар мөлшері де көбейеді. 3) Айналыс шығындарын үнемдеу. Несиені тиімді пайдаланған кезде қосымша ақша қаражаттарын табуға болады. Осының салдарынан табылған табыстың бір бөлігін несиені қайтаруға, ал қалғанын өндірісті нығайтуға жұмсалады. 4) Ғылыми техникалық прогресті жетілдіру. Айналыстағы нақты ақша массаларының орнына несиелік карточкаларды енгізе отырып көрсетілетін қызметпен сатылатын тауарды несиелеу.

Несие келесідей принципке негізделеді: 1) Мерзімділік – уақытша бос ақша қаражаттары белгілі бір мерзімде пайдалануға беріледі, яғни несиелік шартта көрсетілген мерзімде несие қайтарылуы тиіс; 2) төлемділік – уақытша бос ақша қаражаттарын пайдаланғаны үшін қарыз алушы % түрінде төлем төлеуі қажет; 3) қайтарымдылық – уақытша пайдалануға берілген ақша қаражаттары міндетті түрде қайтарылуы қажет; 4) қамтамасыз етілу - уақытша пайдалануға алынған ақша қаражаттары тауарлы материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуі қажет (кепілдік заты) бұл алынған ақша қаражаттарын қайтарылуын қамтамасыз етеді; 5) несиені мақсатына қарай жұмсау. Алынған ақша несиелік шартта көрсетілген мақсатқа жұмсалуы қажет. Егер несие несиелік шартта көрсетілген мақсатқа жұмсалмаған жағдайда қарыз беруші несиенің уақытынан бұрын қайтарылуын талап етуге құқылы.

Несиенің келесідей негізгі екі формасы бар: Коммерциялық несие – бір таар өндірушінің, екінші тауар өндірушіге сатылған тауардың төлемін кейінге қалдыра отырып қарыз беру. Банктік несие - ол банкте шоғырланған уақытша бос ақша құнының есебінен қайтарылу негізінде ақша түрінде берілетін несие.

Несиенің келесідей түрлері бар: 1) Тұтынушылық несие - ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге сату. Қарыз алушы – халық, қарыз беруші - әртүрлі өндіріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық несие формасында, яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге қалдырып тауарды сату және банктік несие, яғни тұтыну тауарларын сатып алу үшін ақша беру формасында болады. Ақшадай формада тұтыну несиесі ұзақ мерзімге қолданылатын – жиһаз, жеңіл машиналар, тоңазытқыштар және т.б.беріледі. 2) Мемлекеттік несие – бұл бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталған несие түрі, мұнда қарыз алушы – мемлекет, қарыз беруші – заңды және жеке тұлғалар. Мемлекеттік несие қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімде несие – қазыналық вексельдер түрінде шығарылып 1-3 ай ішінде қайтарылуы керек. Ал ұзақ мерзімде мемлекеттік несиелер – мемлекеттік облигация түрін де шығарылады. Бұл мемлекеттік зайымдар (қарыздар) мемлекеттік шығындарды өтеуге, бюджетің тапшылығын жоюға, инфляция кезінде айналыстағы артық ақша массаларын алуға мүмкіндік береді. 3) Лизинг несиесі – ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг (ағылшын сөзі) мүліктерді (машина, ірі құрал-жабдықтар т.б.) уақытша пайдалануға алу немесе беру. Қысқа мерзімді прокаттан (1-жылға дейін) ерекшелігі сол, лизингтік компания ірі құрал-жабдықтарды сатып алып, фирма-арендаторға 5-8 жылдан астам уақытқа жалға береді. Фирма-арендатор пайдаланған мүліктер қарызын жайлап, мерзіміне қарай өтейді. Лизингтік контрактының мерзімі біткен соң, мынындай мүмкіндіктер қарастырылады: арендатордың ірі құрал жабдықтарды қалдықтың бағамен сатып алуы; жаңа келісім жасауы- мерзімі ұзартылады-лизнгтік компонияларға материалдық бағалылқтарды (құнды) қайтаруы. Қазақстан мен шетел мамандарының пайымдауынша лизингтің негізгі түрлеріне-қаржы лизингі және оперативтік лизинг жатады. Қаржылық лизинг – ұзақ мерзімге негізгі қорларды пайдалануға беру және пайдалану мерзімі өткеннен кейін (лизинг мерзімі) оларды сатып алуға құқық беру. Оперативті лизинг – негізгі қорларды 3 жылға дейінгі уақытқа жалға беру. 4) Ипотекалық несие. Ипотека – жылжымайтын мүлікті кепілдікке ала отырып қарыздандыру. 5) Халықаралық немесе мемлекетаралық несие – қарыз алушы Қазақстан Республикасы, ал қарыз беруші сол шартқа қол қойған мемлекет.

Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Акша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады. Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі бар: 1) Рестрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және катаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы. 2) Экспансиялық ақша-несие саясаты- несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Қазакстандағы ақша-несие саясатының негізгі мақсаттарының бірі - жуық кезенде ұлттық валютаны одан әрі тұрақтандыру бо­лады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлесе күш салуымен айырбас бағамының күрт ауытқуын болдырмау және ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін болады. Қазакстандағы ақша-несие саясатының бүгінгі күнгі негізгі мақсаты- нақты сектордын каржылық ресурстардағы қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, тиімді қызмет ететін қаржы жүйесін құру.

Ақша-несие саясатының қазіргі кезендегі тиімділігі ұлттық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты. Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен байланысты. Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады. Бүгінгі таңда Қазақстанның қаржылық жүйесі ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда реформаланған және дамыған. Жеке тұлғалардың салымдарын ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесі тиімді қызмет етуде. Ипотекалық несиелендіру мен вексельдік қайта қаржыландыру жүйелері дамуда. Пошталық-жинақтаушы жүйені дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізіліп, екінші деңгейлі банктерді қызметтің халыкаралық стандарттарына көшіру бағдарламасы аяқталуда. Ақша-несие саясаты әлемдік стандарттарға жақындау мен валютаны либерализациялауға бағытталған. Қаржы рыногына мемлекеттік реттеу жүйесін реформалауға көп көңіл бөлінуде. Банктік секторды дамыту саласында, банктерге тәуекелді басқару жүйесін енгізу және ағымдық бақылау тәсілдерін жетілдіру жөніндегі жұмысты белсендету қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]