Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6_4_Materialy_prakticheskikh_i_seminarskikh_zan...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

Дәрістің қысқаша мазмұны

Дерек көздері ерте темір дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген көне тайпалар аттарын жеткізді. Ең көне деректер “турлар” сияқты этнонимдерінен тұрады. Көне парсы мәтіндерінде бұл тайпаларды “сақтар” (алып ерлер), көпшілік грек авторлары сияқты Геродот та сақтарды “скифтер” деп атаған. Сақ тайпалары үш топқа бөлінді: парадарайя (өзеннің арғы жағындағылар), хаомаварга (хаома сусынын дайындаушылар), тиграхауда (шошақ бөрік кигендер). Парадарайя сақтары – Арал өңірінде, тиграхауда –сақтар – Сырдарияның орта аймағы мен Тән-Шәнді, Жетісуды, хаомаварга-сақтар – Мұрғаб алқабын қоныс еткен.

Б.з.д. ІУ-ІІІ ғ. қазіргі Монғолия, Солтүстік Қытай және Оңтүстік Сібір аумағында көшпелі “хунну” тайпалары қалыптасты. Ғұндар Қытаймен төрт ғасырдан астам уақытқа созылған қиян-кескі ұрыстар жүргізді. Б.з.д. 55 ж. өзара қырқыстар нәтижесінде ғүндар “оңтүстік” және “солтүстік” болып екіге бөлінді. Ғұндармен “халықтардың ұлы қоныс аударуы” байланысты. Олар бірқатар тайпаларды бағындырып, екіншілерін соңынан ертіп, Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына қарай жылжыды. Б.з. ІУ ғасырында ғұндар басқа көшпелі тайпалармен бірге оңтүстік орыс далаларына дейін барып, одан Дунайға жеткеннен кейін Венгрияда ғұндар есімімен орналасты. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірінше ғұндар арғы түркілер. Олардың Қазақстанға енуімен байланысты жергілікті тайпалардың түркілендірілуі басталды.

Бақылау сұрақтары

  1. Сақ тайпаларының орналасуы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, материалдық және рухани мәдениеті.

  2. Үйсіндер (усун) мен қаңлылардың (кангюй) қоныстануы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, материалдық және рухани мәдениеті.

  3. Ғұндардың (хунну) қоныстануы, қоғамдық құрылысы, этносаяси тарихы.

Глоссарий

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Әскери демократия - алғашқы мемлекеттердің қоғамдық құрылымы

Военная демократия

Military demokracy

Киіз үй - көшпелі тайпалардың түрғын мекені

Юрта

Yurt

Жаунгер - әскери тәсілдерді жетік игерген адам

Воин

Warrior

Көсем - тайпа жетекшісі

Вождь

Leader

Соғыс - қарсыласудың шешу жолдарының бірі.

Война

War

Ру - туысқандар жиналатын ұйым

род

Family

Тап -мүлікке және саясатқа байланысты қарсылас топтар

классы

Classes

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):

Қазақстан орта ғасырларда. Ерте орта ғасырлардағы түркі мемлекеттері (VI-X ғ ғ.)

Үйсін, қаңлы, ғұн тайпаларының тарихы туралы ауызша баяндамаға дайындалыңыз.

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ):

Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және ежелгі мемлекеттік бірлестіктер

1.Керей, Найман тайпаларының тарихы бойынша жазбаша эссе дайындаңыз

2.Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі Қазақстан территориясында пайда болған мемлекеттерді сипаттайтын кесте жасап толтырыңыз

3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз

[1,2нег.6,4,11 қосымш.]

Өзін-өзі тексеру

1. Сақ қорғандарынан табылған әшекейлер мен бұйымдар жататын стиль:

А. «геометриялық»

В. «өсімдік»

С. «аңдық»

Д. «аралас»

Е. «аморфтік»

2. Сақтар өз тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет:

А. Парсы

В. Ғұн

С. Эфталит

Д. Грек

Е. Үйсін

3. Александр Македонскийдің бұйрығымен Сырдария жағасында салынған қала:

  1. Шырық -рабат

  2. Бабыш -молда

  3. Александрия Эсхата (Шеткі Александрия.)

  4. Персеполь

  5. Мараканда

4. .Б.з.д. ІV ғ. сақтарға қарсы аттанды...

  1. Александр Македонский

  2. Кир

  3. Дарий

  4. Ксерокс

  5. Атилла

5 . Жетісудағы сақ мәдениетіне жататын ең белгілі оба мен қорған: