Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРМ -16. К.Ж.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
109 Кб
Скачать
☆

Детерминизм. Себеп пен салдар

Дүниедегі сан қилы заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыста болып, бір-біріне өз әсерін тигізіп, өзара өзгеруде. Бүгінгі таңдағы деректерге сүйенсек, дүниеде, бір жағынан, өзіндік ұйымдасу, күрделену, тәртіпке келу үрдістері жүріп жатса, екінші жағынан, құлазу, ыдырау, термодинамикалық теңдікке жету өзгерістері де бар.

Детерминизм (латын сөзі, анықтаймын) дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір заңдылықтардың иегізіндегі байланыстары мен өзара тигізетін ықпалдарының арқасында өзгеріске түсуін зерттейтін ілім болып саналады.

Дүниеде бірде-бір басқа заттармен байланысқа түспеген зат, құбылыс жоқ. Ал байланыс дегеннің өзара іс-әрекетке әкелетіні сөзсіз. Олай болса, затты қоршаған басқа заттар мен құбылыстар оған өз әсерін тигізіп, оның өмір сүруінің объективтік факторларын құрайды.

Детерминизмге қарсы тұрған бағыт - индетерминизм (лат., теріс мағына береді), яғни болмыстың өз себептілігін мойындамайды. Екінші бағыт (Д.Юм, И.Кант) себептілік тек біздің дүниені қабылдауымыздың қасиеті ғана, ал шын өмірде ол жоқ деген пікір айтады.

Детерминизм категориясын толыққанды зерттеу тек қана себептілікті талдаумен тең емес. Сонымен қатар «заң», «заңдылық», «мүмкіндік пен шындық», «қажеттілік пен кездейсоқтық», т.с.с. ұғымдарды пайдаланып қана оны жете түсінуге болады.

«Себеп пен салдар» - детерминизм категорияларының негізгілеріне жатады. Себеп деп зат, я болмаса құбылыстарды ң белгілі бір жағдайлардағы өзара әрекет негізіндегі қажетті түрде өзгеруі, я болмаса екінші зат, құбылысты тудыруын айтамыз. Салдар деп белгілі бір себептердің негізінде пайда болған зат, я болмаса құбылысты айтамыз. Мысалы, студент пен оқытушының қарым-қатынасьшың негізінде тек қана студент емес, сонымен қатар оқытушы да өзгереді. Микроәлемдегі әлектрон мен позитронның өзара байланысы екеуінің де жоғалып, екі фотонға айналуына әкеледі.

Қоғам өмірінде саналы адамдар іс-әрекет етіп, шым-шытырық байланыстарға түскеннен кейін, шынайы себеп астыртын түрде іске асып, сылтау саяқты көрінуі мүмкін. Ол әсіресе халықаралық дипломатияда кеңінен кездесетін нәрсе. Мысалы, АҚШ «халықа-ралық терроризмге» қарсы күресеміз деп, талай рет Ирак мемле-кетін бомбалады, ол, әрине, сылтау. Шынайы себеп сол аймақтағы мұнай байлығында, соған тартыста жатыр. Ал халықаралық ісрроризмге келер болсақ, оның терең себептері - кедей елдердегі халықтардың дамыған елдердің дене ләззатына бағытталған «материалдық-сезімдік» құндылықтарына қарсылығы, соған қосыл-ган жұмыссыздық, қайыршылық т.с.с. факторлар.

Себеп пен салдар біртіндік және көптіндік даму жүйелерінде әртүрлі болуы мүмкін. Біртіндік жүйелер өте сирек, тек қана «жабық жүйелерде» кездеседі. Оны былайша көрсетуге болады: ...А-Б-С-Д... яғни А себеп ретінде Б-ні, Б - С-ні т.с.с. тудырады. Сонымен әрбір құбылыс, бір жағынан, белгілі бір себептің салдары болса, екінші жағынан, келесі салдардың себебіне айналады.

Философиялық әдебиетте әсіресе діни философияда «бірінші себеп», «соңғы себеп» деген катего-риялар кездеседі. Дүние іш және сырт жағынан да шексіз болғаннан кейін, «бірінші», я «соңғы» себеп болуы мүмкін емес. Оны мойындау қажетті түрде осы Дүниені тудырған «Құдай идеясына» әкеледі.

Мүмкіндік пен шындық

Мүмкіндік пен шындық ұғымдары себептілікті толықтырып, даму барысын терең түсінуге мүмкіндік береді. Кең түрде алғанда, шындыққа бүкіл өмір сүріп жатқан ғажап Дүние жатады. Тар мағынада шындық деп кеңістік пен уақыттьщ шеңберінде өзінің мән-мағынасына толы нақтылы өмір сүретін жеке объектіні айтамыз.

Ал мүмкіндікке келер болсақ, ол - заттың бүгінгі болашағы, оның өзгеруі мен дамуының көрініс табатын кейбір нышандары, алғышарттары.

Бұл категорияларды алғашқы философияға енгізген Аристотель болатын. Оның ойынша, қозғалыс пен даму дегеніміз - мүмкіндіктің шындыққа айналуы: ұрық - болашақ адамның мүмкіндігі, жерде жатқан мәрмәр тас - Венера мүсінінің мүмкіндігі, тастың шындығы, кірпіш - саздың шындығы, үйдің мүмкіндігі т.с.с. Аристотельдің ойынша, материя - таза мүмкіндік қана. Оны шындыққа айналдыратын эйдос, форма ғана. Кейбір кезде ол әнтелехия ұғымын пайдаланады.

Мүмкіндік пен шындық жөніндегі бүгінгі түсініктерге келер болсақ, шындық - заттың актуальдық болмысы, ал мүмкіндік - ішкі қайшылықтан шығатын заттың дамуының бағыттары, алғышарттары.

Нақтылы шындық өз даму барысында біршама мүмкіндіктерді бойында сақтайды. Бірақ оның көлемі шексіз болмайды - ол белгілі бір заңдылықтармен шектелген. Мүмкін еместік - заттың объективтік заңдылықтарының шеңберінен шығатын мүмкіндік, ол ешқашанда өмірге келмейді. Мысалы, кәрінің жасөспірімге айналуы, я болмаса күннің үстінде тіршіліктің өмір сүруі т.с.с.

Сонымен қатар абстрактіліқ және шынайы мүмкіндіктерді айыру қажет. Абстрактіліқ мүмкіндік - заттың даму заңдылық-тарына қайшы келмегенмен, нақтылы ахуалда дүниеге келуіне жағдайлардың жоқтығын көрсетеді. Шынайы мүмкіндіктің өмірге келуге нақтылы алғышарттары бар, ол шындыққа уақыты келгенде айналады.

Мүмкіндіктің шындыққа айналуы үшін, негізінен, екі алғышарт керек. Олардың біріншісі - белгілі бір заңдылықтардың болуы, екіншісі - нақтылы керек жағдайлардың жасалуы.

Мүмкіндік пен шындықтың қоғам өміріндегі көрінісіне келсек, онда адами фактордың орны ерекше. Ол адамдардың саналы іс-әрекеті, қажымас қайраты, саяси және құқтық пісіп-жетілгені, күш-қуаты, үйымдасу деңгейімнен т.с.с. байланысты. Мысалы, бүкіл дүниежүзілік қауымның соғысқа қарсы іс-әрекетінің негізінде ядролық соғыстың болу мүмкіндігі толық жойылмағанмен, алыстады деп айтуға қүқымыз бар. Оны дүниежүзілік деңгейде жою үшін, жаңа халықаралық экономикалық тәртіп орнатып, алпауыт дамыған елдердің әлсіз елдерді, олардың табиғи байлық-тарын қанауын тоқтату керек. Оның біздің елге де қатысы бары сөзсіз. Мұндай мысалдарды көбейте беруге болар еді, оны оқырман өз рухани толғауымен толықтырады деген ойдамыз.

Қоғам дамуындағы мүмкіндіктерді сараптап, ең тиімді шешімдерді қабылдауда саясаттың орны ерекше. Сондықтан саясатты кейбір кезде «мүмкіндіктід өнері» дейді. Саясатта қоғамның барлық ресурстары есепке алынып, «мақсатқа лайықты» шешімдер қабылданады.

Қажеттілік пен кездейсоқтық

Мүмкіндіктің шындыққа айналуы қажеттілік пен кездейсоқтық өзара диалектикалық байланысының нәтижесінде іске асады. Ойткені Дүниеде, бір жағынан қажеттілік, екінші жағынан, кездейсоқтық бар.

Қажеттілік деп зат, я болмаса құбылыстың дамуындағы болмай қалмайтын, әрдайым іске асатын жақтарын айтамыз. Кездейсоқтыққа келер болсақ, ол болуы, я болмауы да, өмірге енуі, я енбеуі де мүмкін.

Сонау көне заманда-ақ ойшылдар Дүниедегі қажеттілікті мойындаған. Мысалы, Демокрит Дүниедегі қажетгілікті атомдар-дың қозғалысы, бір-бірімен соқтығысуы, байланысынан көреді. Оның ойынша, Дүниеде себепсіз еш нәрсе жоқ, олай болса, кездейсоқтық та жоқ. «Тек біз себебін білмеген затты кездейсоқтық деп есеп-тейміз», - дейді ұлы ойшыл. Сондықтан әр нәрсенің себебін білуге ұмтылу қажет. «Мен өзім танылмаған бір нәрсенің себебін білуге бола, парсылардың тағынан да бас тартар едім», -деген Демокрит жөніндегі аңыз осы уақытқа шейін сақталған.

Философия тарихында қажеттілік пен кездейсоқтықтың өзара байланысын терең зерттеген Гегель болды. Қажеттілік заттың өзіндік ішкі себептерінен, оның мән-мағынасынан туындайтьш болса, кездейсоқтық сыртқы құбылысынан, басқа заттармен байла-нысынан пайда болады.

Қажеттілік пен кездейсоқтықтың өзара байланысының терең мәні - Дүниедегі таза қажеттіліктің жоқтығы. Сондықтан қажеттілік әрқашанда кездейсоқтық арқылы көрінеді. Кездейсоқтықтың өзі болмыста терең тамырланған, ол заттың дербестікке, тәуелсіздікке деген «ұмтылысынан» шығады.

Ғарыштағы неше түрлі кездейсоқтықтарға байланысты күнбе-күн жерді мыңдаған метеориттер бомбалайды. Көбі жердің бетіне жетпей жанып кеткенмен, біршамасы жерге жетеді. Мүмкін, алда-ғы мың жылдың шеңберінде жердің бетіне «Тунгус метеориті» саяқты үлкен болит те (көлемі бірнеше шақырымды алатын ғарыш-тағы үлкен тастар) құлауы мүмкін. Сондықтан мың жылдың шеңберінде жер ауырлап, оның орбитасына аз да болса өзгерістер енетіні - хақ. Ал астрофизиктердің айтуына қарағанда, айдың өзі жыл сайын бірнеше метрге жерден алыстайды екен. Олай болса, осы фактордың өзі ғана болашақ «таза» қажеттілікті теріске шыға-рады. Жоғарыдағы айтылған координаттың өзі де өзгеріп, сағаты мен уақыты да басқаша болады. Бірақ сол өзгерістерге қарамастан, күн тұтылады, өйткені ол - табиғаттың қажеттілігі. Яғни күн жүйесінің өзінде де таза қажеттілік жоқ, оған да кездейсоқтық факторлар өзгеріс енгізіп отырады.

Сарапталған категориялардың таным үрдісіндегі методологиялық мәні өте зор. Тарихи, ғылымдағы ашылған көп жаңалықтар кездейсоқтықтың әсерінде ашылған. Сондықтан ғылым тек қана қажеттіліктерді ашады, «ғылым - кездейсоқтың жауы» деген нақыл сөздер, шынына келгенде, дұрыс емес.

Мысалы, Луи Пастер бактериялар өсіп жатқан ыдысқа байқа-май, зеңді (плесень) түсіріп алады. Келесі күні микросколпен зерттегенде, бактериялар жоқ болып шығады. Сол кездейсоқтықтың арқасында ол зеңнің антибактериялық қасиетін ашып, соңынан пенициАлин дәрісін ойлап шығарады. Бұл ғылыми жаңалықтың адамзат денсаұлығына тигізген оң нәтижесін асыра бағалау өте қиын.

Француз ғалымы А.Беккерель лабораториядан кетерінде уран тұзын фотоқағазға орап кетеді, келесі күні оны химикаттардан өткізіп шығарған кезде, оның бетінен неше түрлі сәулелердің ізін көреді. Соның арқасында уранның радиоактивтік қасиеттері ашылып, микроәлемді зерттеуге кең жол ашылады.

\

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]