Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРМ.-16 БОЛМЫС. К.Ж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86 Кб
Скачать
☆

3. Болмыстың түрлері

Болмыстың түрлеріне заттар мен табиғат, адам, рухани, әлеуметтік болмыстары жатады. Болмыстың түрлері сан-алуан болғанымен, олар бір-бірімен тығыз байланысты және бірлікте. Бұл тұжырымды соңғы кезде қарқынды дамып отырған синергетика (грекше synergetikos – ынтымақтастық, бірлесе әрекет ету деген сөз) ғылымы немесе ашық жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы теориясы жақсы дәлелдеп отыр.

Заттар мен табиғат болмысын тірі және өлі табиғаттың заттары, қасиеттері және қатынастарының болмысы, қоршаған орта деген ұғым арқылы бейнелеуге болады. Қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді. Бірінші табиғатты құрайтын нәрселер адамнан бұрын пайда болған, оған дейін өмір сүрген. Оларға адам санасынан тәуелсіз табиғат заттары, үдерістері және күйлері жатады. Табиғат кеңістік пен уақытта шексіз, табиғат болмысы өзгермелі, объективті, реалды. Екінші табиғатқа адам өзі жасаған барлық материалды заттар жатады. Бірінші табиғат пен екінші табиғат бір-бірімен тығыз байланысты.

Табиғат болмысы: объективтілігімен – адам санасына дейін, одан тыс және тәуелсіз өмір сүруімен – кеңістік пен уақытта мәңгі-бақи болуымен – ол барлық жерде және әрқашан болуымен, болып отыруымен және болатынымен сипатталады. Нақты табиғи мәселелер мен үдерістер ауыспалы нәрселер, әлдебір жерде, белгілі бір уақытта өмір сүреді, басқа жерде, басқа уақытта олар жоғалып кетеді. Осыдан келіп табиғи мәселелер болмысы дегеніміз ауыспалы және тұрақты ұғымдардың бірлігі, бұл объективті және алғашқы (адамға және оның санасына дейін) ақиқат.

Адам жасаған, адамның белгілі бір еңбегі мен білімінің туындысы болып табылатын заттар болмысы табиғаттың алғашқы ақиқатына (болмысына) сүйенеді.

Адам болмысы оның үш өлшемімен байланысты: биологиялық (адам физиологиясы), психологиялық (саналылық пен санасыздық), әлеуметтік (қоғамдағы рөлі). Адам табиғаттың бөлшегі болғандықтан, адам денесінің болмысына пайда болу, қалыптасу, күйреу және басқа күйге көшу тән. Бұл фактор адамды өз денесін күтуге мәжбүр етеді, онсыз адам болмысы мүмкін емес. Жеке адамның болмысы тек физикалық денемен шектелмейді, ол оның ішкі жан дүниесі немесе психикасын, рухани болмысын және қоғамдағы рөлін қамтиды. Антикалық философтар адам болмысының басты көрсеткіші ретінде тәнін ғана емес, жанын күту, оны жетілдіру де адам үшін басты міндеттердің бірі ретінде қарастырған.

Демек адам болмысы – табиғи және оның өзі жасаған заттар мен рухани игіліктер дүниесіндегі болмысы. Ол рухани және әлеуметтік болмыстармен тығыз байланысты.

Рухани болмыс адам санасының ең жоғарғы болмысы ретінде саналып, оған адамның рухани өндірісі, өзі жасаған рухани игіліктері жатады. Рухани өндірістің түрлеріне идеяларды, теорияларды, білім мен түсініктерді, көркемөнерді жатқызамыз. Адам өзінің рухани өндірістік қызметінде рухани игіліктерді өндіріп қана қоймай, оларды мәдени туындылар формасында өз игілігіне жаратып, қайтадан түлетеді.

Адам болмысы әлеуметтік болмыс арқылы мәнді. Әлеуметтік болмыс деп адамның қоғамдағы және жалпы қоғамның әлеуметтік болмысын айтамыз. Адам қоғамда білім алады, еңбек етеді, қоғамды өзгертеді, онда әртүрлі іс-әрекеттер мен қатынастарды жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]