Әдебиеттер
Негізгі:
1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы (Оқулық). – Алматы.: Издательство «Дәуір», 2008. 663 б.
2. Қалыпты физиология. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар /Жауапты ред. Махамбетова М.Б., Жумакова Т.А., Байжанова Н.С. – Алматы, 2007.
Қосымша:
1. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С.. - Астана, 2006
Бақылау сұрақтары(кері байланыс):
1.Ағзаның өмірлік қызметтерін реттеудің негізгі механизмдері
2..Гомеостаз реттелунің гуморальдық факторлар.
3.Гормондардың жалпы қасиеттері
4.Гормондардың жіктелуі
5.Гормондардың әсер ету типтері мен әсер ету жолдары
6. Гипофиз гормондарының физиологиялық мәні
7. АПУД жүйесінің және гистогормондардың физиологиялық ролі
Тақырып №4: Талдағыштар физиологиясы. Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру және сомалық –сенсорлық, есту, тепе-теңдік, иіс сезу, дәм сезу талдағыштары және оның бөлімдері.
Мақсаты: Студенттерде мына түсініктерді қалыптастыру қажет:
«Талдағыштар» ұғымымен және олардың ағза қызметіндегі маңыздылығымен және жалпы морфо-физиологиялық ерекшеліктерімен таныстыру ( сенсорлы жүйелер). Көру, есту, тепе-теңдік, химиялық талдағыштар және ноцицепция және антиноцициялық жүйелердің морфо-физиологиялық ерекшеліктері.
Дәріс мазмұны
И.И. Павлов бойынша талдағыштар – ағзаның ішкі және сыртқы орталық тітіркендіргіш қабылдайтын, қабылданған ақпаратты талдап жцне қайта өңдейтін жүйке жүйесінің бөлігі. Барлық талдағыштарға жалпы құрылымның бірдей болуы тән. И.П. Павлов бойынша барлық талдағыштар 3 негізгі бөлімдерден тұрады: префериялық (онда сыртқы ортадан келген сингалды электрикалық процесске айналдырады), өткізгіштік – онда ақпаратты талдау мен оны мидың жоғарғы бөлімдеріне өткізу жүреді, сонымен қатар орталық немесе қыртыстық бөлім, онда сенсорлық ақпараттың қорытынды өңделуі өтіп, сигналдың субъективті сипаты пайда болады.
Көру анализаторы қабылдайтын ақпаратының мөлшері бойынша бірінші орында тұр. Осы талдағыштың перефериялық бөлімі болып – көз саналады. Көз алмасында 2 жүйені бөледі: 1. жарық өткізетін немесе жарықты сындыратын (қасаң қабық, алдыңғы камера, көз бұршағы, шыны тәрізді дене) ол жарық сәулелерінің сыну мен рефракциясын жүзеге асырады. 2 жүйе – жарықты қабылдайтын немесе рецепторлы бөлім – көздің толы қабаты. Рецепторлық жасушаларға таяқшалар мен сауытшалар жатады – олар екіншілік сезімталды рецепторлар болып саналады. Өткізгіш бөлімі – бұл көру жүйкесі, көру жүйкесінің қиылысы, көру жолы, сонымен қатар «аралық станциялары»- төрт төмпешік тердің алдыңғылары және латеральды тізе денелері. Олар біріншілік анализ бен синтезді, қабылдаған ақпаратты қайта кодтау, сонымен қатар қарашық және қарауыл рефлекстерін жүзеге асырады. Көрү талдағышының қыртыстық бөлім үлкен ми жарты шарларының шүйде бөлімінде – шпорлы иірімде (fissure calcarina) орналасады. Бұл жерде жоғары анализ бен синтез жүзеге асырылып, сипаттамаларды тану мен сезіну пайда болады. Көру талдағышындағы сезімдер ахроматикалық пен хроматикалыққа бөлінеді. Ахроматикалыққа сұр түстің барлық түрлар, қара және ақ түстер жатады.Хроматикалық сезімдер жарық болғанда ғана сезіледі. Ол кезде т.стің тоны мен қатар интенсивтілігі сезіледі.
Соматосенсорлық талдағыш құрамына тері сезімталдылық жүйесі мен қаңқа-бұлшық еттік сезіну жүйелері, яғни проприорецептілік кіреді. Проприорецептілік «қаңқа – бұлшық ет аппаратының физиологиясы» бөлімінде қарастырылады. Теріде температураны, ауру сезімді және механикалық әсерлерді қабылдайтын рецепторлар болады. Олар вибрация, қысымды және сипацды қабылдауды қамтамасыз етеді. Барлық тері рецептері бірншілік сезімталды болып саналады, өйткені сигналды тікелеей афферентті нейрондардың дендриттері қабылдайды.
Тактильді сезімталдылықтың өткізгіш бөлімі жұлында нәзік және сына тәрізді шоғырлардан және олардың сопақша мидағы ядроларынан құралған. Сопақша ми нейрондарынан ирмпульстер таламустың вентробазальды ядросына өтеді. Вентробазальды ядро нейрондардың көбісі тек қана оларға тиесілі рецептивті алағды және рецептордың тек бір ғана түрімен қоздырылады.
Тері анализаторының қыртысты бөлімі ми жартышарлар қытысының бірінші және екінші сомстосенсорлы зоналарда болады. Соматосенсорлы қыртыс негізінен постцентрпальды иәрәмде ораналасқан, ол – қыртыстың біріншілік соматосенсорлы зонасы болып табылады. Бұл зонаға нақты топографиялық құрылым тән, яғни тері беткейінің ми қыртысындағы проекциясы «нүктеге нүкте» принципімен жүзеге асырылады. Қыртыстыағы дененің бөліктерінің терісі беткейі, осы бөлімнің функциональды маңыздылығымен байланысты болады. Сильвиев шұңқырының терең бөлігінде екіншілік сенсомоторлы зона ораналасады. Ал тері рецепторларынан ақпарат қыртысытың ассоциативті зоналарына барады. Негізнен қыртыстың соматосенсорлы зонасының қызметі соматосенсорлы сигналдарды интегралды бағалау, оларды санаға қосу, полисенсорлы синтез және жаңа қозғалыс икемдерін қалыптастыру болып табылады.
Есту талдағышы рецепторлық бөлімі – кортиев мүше, өткізгіш жолы – төрт төмпешіктің артқы төмпешіктері, медиалды бөгілмелі дене, орталығы – бос миының самай бөлімі
Тепе-теңдік талдағышы состоит: рецепторлық бөлімі –жарты айналмалы каналдың түкті клеткасы және ішкі құлақтың кіреберісі, ортаңғы бөлімі - тепе-теңдік жүйкесі, сопақша мидық тепе-теңдік ядросы, орталығы – қыртыстың түрлі аймағы.
Дәм сезу талдағышы – тілдің дәм сезу, өткізгіш – бет, тіл-жұтқыншақ, үшкіл, сопақша мидың ядросы, таламус, орталығы – артқы орталық иірімнің төменгі бөлімі.
Көрнекті құралдар: студенттерге мультимедиялық дәрістің электрондық түрі кафедрада беріледі.
Терминологиялық сөздіктер:
1. Глазное яблоко, хрусталик – Көз алмасы, көзбұршағы (каз.). - Eyeball, lens (англ,).
2. Зрительный анализатор - Көру талдағышы - Visual analyzer.
3. Сетчатка (внутренняя оболочка) - Торлы қабаты (ішкі қабықша) - Retina (inner layer)..
4. Слепое пятно, желтое пятно - Соқыр дақ, сары дак - Blind spot and macula.
5. Фоторецепторы (колбочки и палочки) - Көру қабылдағыштары (таяқшалар мен сауытшалар) - Photoreceptors (rods and cones)
6. Поле зрения – Көру аймағы - Field of vision.
7. Острота зрения – Көру өткірлігі - Visual acuity.
8. Затылочная доля больших полушарий - Ми сыңарлары қыртысының шүйде бөлімі Occipital lobe of a cortex of large hemispheres.
Әдебиеттер
Негізгі:
1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы (Оқулық). – Алматы.: Издательство «Дәуір», 2008. 663 б.
2. Қалыпты физиология. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар /Жауапты ред. Махамбетова М.Б., Жумакова Т.А., Байжанова Н.С. – Алматы, 2007.
Қосымша:
1. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С.. - Астана, 2006
Бақылау сурақтары:
1. Талдағыштар И.П. Павлов бойынша қандай 3 бөлімнен тұрады?
2. Көру талдағышының бөлімдерінің ерекшеліктері қандай?
3. Тері талдағышының рецепторлы, өткізгіштік және қыртысты бөлімдеріне қандай морфофизиологиялық ерекшеліктер тән ?
Тақырып №5. Жоғары жүйке іс-әрекеті туралы түсінік. Мінез-құлықтың туа біткен және жүре пайда болған түрлері. Уақытша байланыстардың механизмі. Қыртыстық тежелудің түрлері. Жоғары жүйке іс-әрекетінің типтері. И.П. Павловтың І және ІІ сигналдық жүйелер туралы ілімі
Мақсаты:
Шартты және шартсых рефлекстерге анықтама беріп, олардың айырмашылығын көрсету.
Студенттерді шартты рефлекстерді қалыптастыру әдістермен таныстыру.
Студенттердің шартты рефлекс түрлерін игеру.
Уақытша байланыстардың механизмі жайындағы қазіргі кездегі ақпараттарды ашып көрсету.
Қыртыстық тежелудің түрлерімен студенттерді таныстыру.
Студенттерді ЖЖІӘ типтерімен таныстыру
И.П.Павловтың І және ІІ сигналдық жүйелер туралы ілімін көрсету
Дәріс мазмұны:
Организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынасының негізгі факторлары:
Талдағыштардың іс-әрекеті;
Рефлекстік жауаптар;
Мақсатты іс-әрекеттік реакциялар (эмоция, мотивация);
Ойлау іс-әрекеті;
Адамның еңбек іс-әрекеті.
И.П. Павловтың шартты және шартсыз рефлекстер туралы ілімі.
Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығы:
Шартсыз рефлекстер |
Шартты рефлекстер |
Туа біткен |
Жүре пайда болған |
Рефлекстік доға тұрақты |
Рефлекстік доға құбылмалы, уақытша байланыстар жоғалуы мүмкін |
Рефлекстік доға қыртыстын қатысуысыз қалыптасады |
Рефлекстік доға міндетті түрде қыртыстың қатысуымен іске асырылады |
Тек қана адекватты тітіркендіргішке қалыптасады |
Кез келген индифферентті тітіркендіргішке қалыптасады |
Түрлік рефлекстер |
Жеке рефлекстер |
Кұрделі шартсыз рефлекстер (тамақтану, ата-аналық, зерттеу, бағдарлау рефлекстері т.б.). «Бұл не?» рефлексі. Ұқсатып қайталау рефлексі.
Шартты рефлекстерді қалыптастырудың ережелері мен әдістері:
Жануарда мұқтаждық пен мотивацияның болуы;
Шартты тітіркендіргіш шартсыздын алдында берілуі;
Шартты және шартсыз тітіркендірулердің әсері бір мезгілде ұштасуы;
Шартсыз тітіркендіргіш биологиялық маңызы жағынан басым болуы;
Ұштастырудың бір-неше рет қайталануы;
Бөтен тітіркендірулердің болмауы;
Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімінің әрекеті қалыпты жағдайда болуы.
Шартты рефлекстердің жіктелуі:
Биологиялық маңызына қарай;
Рецепторлар түріне қарай (энтеро-, интеро-, проприоцептивтік);
Берілген жауап түріне қарай (қозғалу, секреторлық, тамырқозғалтқыш);
Табиғи және жасанды;
Қалыптастыру әдісіне қарай:
- нақтылы (дәлденген, жылжытылған, кідіретін), іліеспелі;
- кешенді;
- жинақы;
- жалпылама;
- ажыратылған;
- әр түрлі реттік.
Алған нәтижеге қарай: оң, теріс;
Динамикалық стереотип, оның кәсіптік дағдылардың қалыптасуындағы рөлі.
Академик Асратян Э.А. қыртыс асты құрылымның және ми бағаны ретикуляциялық формацияның «уақытша байланыстардың» пайда болу механизміне қатысатынын дәлелдеді.Асратян бойынша ол қыртыс-қыртыс асты- қыртыс жобасы бойынша тұйықталады.
Академик Анохин П.К. шартты рефлекстердің конвергенциялық теориясын ұсынды, жарық кезінде шартты рефлекстердің қалыптасуы бірнеше кезеңдерден өтеді:
Бастапқы доминантты мотивация → ми қыртысына жоғарғы жолмен барып белсендендіру у → қыртыстық конвергенцияның әр түрлі түрлеріндегі шартты және шартсыз рефлекстік қозудың қыртыстық нейрондардағы конвергенциясы → «уақытша байланс»
Қыртыстық тежелудің түрлері
Шартсыз рефлекстік (сыртқы): сыртқы және шеттен тыс.
Шартты рефлекстік (ішкі):өшетін,кешіктірірген,ажыратылған,шартты тежелу.
И.П. Павлов - жануарларда (иттерде) шартты рефлекстерді қалыптастыру және бекіту кезінде, қыртыс процесстері жоғары жүйке іс-әрекеті типтерінің қалыптасуында маңызды орын алатынын көрсетті.
Күш;
Тепе-теңдік;
Жылдамдық.
Күш – қозу және тежелу процесстері дәрежесі.
Теңдесулік – қозу және тежелу процесстерінің қатынасы.
Жылжымалық – қозу және тежелу процесстерінің бір-бірне алмасу жылдамдығы.
Ширақ тип – күшті, теңдесілген, жылжымалы. Ол - жігерлікпен, қажырлықпен, ұстамдылықпен, тез шешім қабылдаумен және т.б. сипатталады. Бұл тип Гиппократтың сангвиник типіне сәйкес.
Салмақты - күшті, теңдесілген, жылжымалығы баяу. Ол – қозу және тежелу процесстерінің жеткілікті күшімен, ұстамдылықпен, сабырлылықпен сипатталады, бірақ күнделікті дағдылардың өзгерістеріне қиындау бейімделеді. Бұл тип Гиппократтың флегматик типіне сәйкес.
Ұстамсыз - күшті, теңдесілмеген, жылжымалығы жоғары. Қозу процессі тежелу процессінен басым. Ол – жоғары белсенділікпен, қайраттылықпен, ұстамсыздылықпен сипатталады. Бұл тип Гиппократтың холерик типіне сәйкес.
Әлсіз – процесстері әлсіз, теңдесілмеген, жылжымалығы төмен. Тежелу процессі қозу процессінен басым. Ол – төменгі белсенділікпен және қиыншылықтар мен өзгерістерге қиын бейімделумен сипатталады. Бұл тип Гиппократтың меланхолик типіне сәйкес.
ЖЖІӘ типтері генотип және фенотип негіздерінде қалыптасады. Организмнің жүйке жүйесінің тұқым қуалаған қасиеттеріне түрлі сыртқы орта мен тәрбиенің ықпалы әсер етеді.
И.П. Павлов ЖЖІӘ типтерінің адамға тән ерекшеліктерін анықтады. Яғни адамға сөйлеу (ІІ-ші сигналдық жүйе), сонымен қатар ойлау және творчествалық іс-әрекет тән.
Бірінші сигналдық жүйе – организмге сыртқы және ішкі ортадан келетін көру, есту және басқа сезім жүйелерінің сигналдары. Бұл адам мен жануарларға ортақ жүйе болып табылады.
Екінші сигналдық жүйе – адамға ғана тән, яғни сөйлеуге байланысты. Оның сигналдары – еститін, оқитын және айтылатын сөз. Бірінші сигналдық жүйесімен сезілген заттардың бейнесі екінші сигналдық жүйесімен анықталады, яғни сөз арқылы түсіндіріледі.
Адамға тән типтері
Бірінші – көрпемпаз тип.
Көрпемпаз типті адамдарда І-ші сигналдық жүйе ІІ-ші сигналдық жүйеге қарағанда басым болады. Олар сыртқы орта құбылыстарын өте жоғары сезімталдықпен қабылдайды (көру, есту және т.б.), нақтылы және деректі ой туады
(суретшілер, музыканттар).
Екінші – ойшыл тип.
Ойшыл типті адамдарда ІІ-ші сигналдық жүйе І-ші сигналдық жүйеге қарағанда басым болады. Оларға логикалық және дерексіз (абстракты) ойлау қабілеті жоғары (ғалымдар, философтар, математиктер).
Үшінші – аралас тип.
Сыртқы орта әсерлері мен құбылыстарын сезіну қасиеті және ойлау (дерексіз) қабілеті бірдей дамыған.
Көрсететін құралдар: мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студенттер кафедрадан алады).
Терминологиялық сөздіктер:
1. Условные и безусловные рефлексы – Шартты және шартсыз рефлекстер (каз.) - Conditional and unconditional reflexes (англ.).
2. Типы ВНД - Жоғары жүйке іс-әрекетінің типтері (каз.). - Types of higher nerve activity.
3. «Безудержный» тип - Ұстамсыз тип - «Unrestrained» type.
4. «Живой» тип – Ширақ тип - «Lively (active)» type.
5. «Спокойный» тип – Салмақты тип - «Calm (inert)» type.
6. «Слабый» тип - Әлсіз тип - «Weak» type
