Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MO-Prof_kaz.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
123 Кб
Скачать
☆

Сабақ №13. Қазақстан мен ресей қарым-қатынастары

Тәуелсіздікті алған кезден бастап-ақ Қазақстанның жоғарғы басшылығы Ресеймен тату көршілік қатынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі назар аударылады. Қазақстанның пікірі бойынша, екі мемлекеттің әл-ауқаты көп жағдайда халықтар арасында қалыптасқан байланыстардың сақталуына, экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың оң әлеуметінің нығайтылуына, қазіргі бар қарым-қатынасты кең ауқымды ынтымақтастыққа, үдемелі мемлекет аралық кооперацияға айналдыруға байланысты болып жатқан іс.  Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар. Бұл ортақ тарих, 7 мың шақырымға созылатын шекара, ортақ тіл.   Президенттер Н. Назарбаев пен Б. Ельцин 1992 ж. 25 мамырда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды. Бұл құжатта КСРО ыдырағаннан кейін болған іргелік өзгерістер және екі мемлекеттің қарым-қатынасы сапалы жаңа геосаяси деңгейге көтерілгені көрініс тапты. Шарт екі жақты ынтымақтастықтың берік құқықтық негізін қалап, Қазақстан мен Ресейдің ресми мемлекетаралық өзара қарым-қатынасының жаңа бетін ашты.  Шартта Қазақстан мен Ресей тарихи қалыптасқан байланыстарды негізге ала отырып, өздерінің қарым-қатынастарын Одақтас мемлекеттер ретінде құратыны айтылады. Екі жақты қатынастар мемлекеттк егемендікті, аумақтық тұтастықты және қазіргі шекаралардың мызғымастығын өзара құрмет тұтуды , дауларды бейбіт жолмен шешуді және қысым жасаудың экономикалық және өзге де тәсілдеріне жол бермеуді , тең құқылықты және бір-бірінің ішкі істеріне араласпауды, адам құқығын сақтауды , сондай-ақ негізгі бостандықтарды , міндеттемелерін адал ниетпен орындауды қоса алғанда , күш қолданбау және күш қолдану қауіпін туғызудан бас тарту принциптеріне негізделеді.  1994 ж. наурызда болған, Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасаған тұңғыш мемлекеттік сапары екі жақты қарым-қатынасты кеңейту мен тереңдетуде елеулі рөл ойнады, оның барысында құжаттарға қол қойылды.

Сөздікке назар аударыңыздар, ағылшын тіліндегі баламасын табыңыздар.

Мүдде-интерес

Діл-менталитет

Тәсіл-способ

Мәртебе-авторитет

Ынтымақтастық-сотрудничество

Тарап-сторона

Уағдаласу-договоренность

Тұжырымдама-концепция

Үйлестіру-соответствие

Дау-спор

Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.1994 ж. наурызда болған, Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасаған тұңғыш мемлекеттік сапарында неше ірі ауқымды құжаттарға қол қойды?

2.Президенттер Н. Назарбаев пен Б. Ельцин нешінші жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды?

3.Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жол ашатын қанша факторлар бар?

4.1995 жылғы 20 қаңтарда неше елдің Президенттері аса маңызды үш құжатқа қол қойды?

5.Шартта Қазақстан мен Ресей тарихи қалыптасқан байланыстарды негізге ала отырып, өздерінің қандай мемлекеттер құратындығы туралы айтылған?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]