Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силл.Шебер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183 Кб
Скачать
☆

3.2 Студенттердің оқытушы басшылығымен атқаратын өзіндік жұмыста-рының мазмұны (соөж)

СОӨЖ 1. Слесардiң жұмыс орнымен, қондырғылармен және тетiктердiң қосылыстарын құрастыруға және бөлшектеуге арналған құралдармен танысу.

СОӨЖ 2. Кесуге және шабуға арналған негiзгi құралдарды оқып бiлу: қайшылар, қол аралар, қашаулар және басқалар. Шабудың және егеулеудiң технологиясымен танысу.

СОӨЖ 3. Бұранда кескiштердiң көмегiмен бұрандаларды қию технологиясын, белгiлеу операциясын орындау технологиясын оқып бiлу және игеру. Негiзгi белгiлеу құралымен танысу.

СОӨЖ 4. Ысқыштармен тазалай өндеу операцияларымен танысу. Ысқылау материалдарымен, электрдерiлiнген және пневматикалық құралдармен танысу. Слесарлық шеберханалардағы қауiпсiздiк техникасының талаптарын оқып бiлу.

СОӨЖ 5. Кесу теориясының негiзгi элементтерiн оқып бiлу: кинематикасын, дайындаманың және аспаптың негiзгi қозғалыстарын; кесу режимдерiн. Айналмалы және қайтымды-iлгерiлемелi қозғалыстары кезiндегi жылдамдықты есептеумен танысу.

СОӨЖ 6. Кескiштердiң негiзгi элементтерiн, олардың құрылымы, қолдану саласын оқып бiлу. Жону станоктарының түрлерiмен, кескiштердiң материалдарымен танысу.

СОӨЖ 7. Дайындамаларды және аспаптарды жону станоктарында орнату және бекiту тәсiлдерiн оқып бiлу. Қысқылардың, центрлердiң, сүйеуiштердiң әр түрлi түрлерiмен танысу.

СОӨЖ 8. Жону операцияларын оқып бiлу: бүйiржақтарды, кемерлердi тiлiктеу, бунақтарды жасау, дайындамаларды кесiп алу, цилиндрлiк беттердi қаралтым және тазалай жону.

СОӨЖ 9. Бұрғылау станоктарының жұмысын, қолдану салаларын оқып бiлу. Аспаптармен танысу – бұрғылармен, үңгiлермен, ұңғылағыштармен, бұрандаойғыштармен.

СОӨЖ 10. Жоңғылау тобы станоктарының жұмысын оқып бiлу. Жоңғылау станоктарының түрлерiмен, құрылымымен және жоңғылау аспаптарының арналуымен танысу.

СОӨЖ 11. Жоңғылау станоктарында дайындамалардың әр түрлi беттерiн өндеу кезiнде тетiктердi және аспаптарды орнықтандыру, орнату және бекiту тәсiлдерiн оқып бiлу.

СОӨЖ 12. Кажақ аспаптардың құрылымын, олардың түрлерiн, қолдану саласын оқып бiлу. Дайындамалардың әр түрлi беттерiн ажарлаудың негiзгi сұлбаларымен танысу.

СОӨЖ 13. Пiсiрудiң әр түрлi тәсiлдерiнiң теориясын, пiсiрме қосылыстардың және пiсiрме жiктерiнiң түрлерiн оқып бiлу. Қосылыстардың жұмыс сызбаларындағы жiктердiң белгiленуiн оқуды үйрену.

СОӨЖ 14. Пiсiру доғасының қорек көздерiмен және пiсiру орнының жабдығымен танысу. Қолдық доғалы пiсiрудiң технологиясын оқып бiлу.

СОӨЖ 15. Пiсiру режимдерiмен және әр түрлi материалдардан жасалған тетiктердi пiсiру ерекшелiктерiмен танысу: болаттардың, шойындардың, түстi металлдардың және олардың қорытпаларының.

3.3 Студенттердің өзіндік жұмыстарының мазмұны (сөж)

СӨЖ 1. Қазiргi заманғы слесарлы-монтаждық құрал-сайман.

СӨЖ 2. Кесу процессiнiң физикалық мәнi.

СӨЖ 3. Металлкесетiн станоктардың классификациясы.

СӨЖ 4. Кесу аспабын өлшемге реттеу.

СӨЖ 5. Дайындамаларды тартып өндейтiн станоктарда өндеу.

СӨЖ 6. Дайындамаларды пластикалық деформациялау арқылы берiктендiрiп өндеу.

СӨЖ 7. Iшкi беттердi пластикалық деформациялау (мөлшерлеу, қыртысжазу).

СӨЖ 8. Бұрандаларды және тiстi дөңгелектердiң тiстерiн бүрлеу.

СӨЖ 9. Беттердi өндеудiң электржелiндiк әдiстерi.

СӨЖ 10. Дайындамаларды өндеудiң электрохимиялық әдiстерi.

СӨЖ 11. Машинажасау өнімінің сапасын басқару

СӨЖ 12. Доғалы пiсiрудiң негiзгi жабдығы.

СӨЖ 13. СББ станоктарының және басқару жүйелелерінің мәліметтері

СӨЖ 14. Пiсiру жұмыстары кезiндегi қауiпсiздiк техникасы.

СӨЖ 15. Кесу құралдарының жағдайын зерттеудің негізгі жүйелері.

Сабақтарды өткiзу графигi 5 Кесте

№

Мезгiлi

Уақыты

Тақырыптардың аты

Тәжірибелік сабақтар

1

Слесарлық шеберханаларда жұмыс iстеу.

2

Слесарлық шеберханаларда жұмыс iстеу.

3

Слесарлық шеберханаларда жұмыс iстеу.

4

Жону станоктарында жұмыс iстеу.

5

Жону станоктарында жұмыс iстеу.

6

Бұрғылау станоктарында жұмыс iстеу.

7

Бұрғылау станоктарында жұмыс iстеу.

8

Жоңғылау станоктарында жұмыс iстеу

9

Жоңғылау станоктарында жұмыс iстеу.

10

Ажарлау станоктарында жұмыс iстеу.

11

Ажарлау станоктарында жұмыс iстеу.

12

Пiсiру шеберханасында жұмыс iстеу.

13

Пiсiру шеберханасында жұмыс iстеу.

14

Пiсiру шеберханасында жұмыс iстеу.

15

Өндірістік шеберханаларда жұмыс iстеу.

4 Оқу-әдiстемелiк құралдар

ӘДЕБИЕТТЕР

Негiзгi:

1 Пятецкий Б.Г. Слесарные работы. – М.: Росиздат, 1973

2 Механическая обработка материалов / А.М.Дальский, В.С.Гаврилюк, Л.Н.Бухарин и др. – М.: Машиностроение, 1981

3 Сварка и резка материалов / Под ред. Ю.В.Казакова – М.: Академия, 2001

Қосымша:

4 Слесарно-монтажный инструмент и напильники: Каталог. – М.: Машиностроение, 1988

5 Лурье Г.Б. Наладка и подналадка режущего инструмента на размер. – М.: Машиностроение, 1981

6 Черпаков Б.И., Альперович Т.А. Металлорежущие станки. – М.: Издательский центр «Академия», 2004. – 368 с.

7 Сварка и сварочные материалы: Справочник. В 3-х т. – М.: Металлургия, 1991.

8 Оборудование для дуговой сварки: Справочное пособие / Под ред. В.В.Смирнова – Л.: Энергоатомиздат, 1986

9 Мельников В.П., Смоленцев В.П., Схиртладзе А.Г. Управление качеством.- М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 352 с.

10 Синапольников В.А., Григорьев С.Н. Надежность и диагностика технологических систем. – М.: ИЦ МГТУ «Станкин», Янус-К., 2003.- 331 с.

11 Шеберханада iстелетiн жұмыс. Iссаралық жұмысқа арналған әдiстемелiк нұсқау.

Құрастырушылар: О.Қ.Дүйсемалиев және басқалар. – Алматы: ҚазҰТУ, 1996