- •1.8 Байланыс ақпараты:
- •2. Бағдарлама:
- •2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
- •2.6 Пәнннің қысқаша мазмұны:
- •Тәжрибелік сабақтардың тақырыптарының жоспары: тақырыбы, оқыту түрі, ұзақтағы. Осөж-ның тақырыптарының жоспары: тақырыбы, оқыту түрі, ұзақтағы
- •2.8 Сөж тапсырмалары:тақырыптары, оқыту түрі, ұзақтығы
- •Әдебиеттер:
- •Инфекциялық қызметті реттейтін қр дм-ң бұйрықтары
- •4 Курс студенттеріне арналған жұқпалы аурулар пәні бойынша құзыреттілікті бағалау
- •Тәжірибелік сабақтар – максисмальді - 100 балл
- •«051301-Жалпы медицина» мамандығының
- •Аралық бақылау
- •Сөж (максисмальді 100 балл)
- •Білімді бағалау критерийлері және шкаласы
- •Пән бойынша әріптік- балдық- рейтинг бағасы
2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент білуі қажет:
жиі кездесетін жұқпалы ауруладың этиологиясы мен патогенезін;
жиі кездесетін жұқпалы аурулардың жіктелуін, клиникасын, ағымын, асқынуларын және болжамын;
өмірге қауіп тудыратын жағдайларды дер кезінде анықтап, жедел көмекті ұйымдастыруды;
жұқпалы ауруларға диагноз қою принциптерін, клиника-лабораторлық және аспаптық зерттеу әдістерін;
жиі кездесетін жұқпалы аурулады емдеуде соңғы кезде қолданылып жүрген принциптер мен әдістерді;
жиі кездесетін жұқпалы аурулардың эпидемиологиясын;
жұқпалы ауруларды курациялау ерекшеліктерін;
жиі кездесетін аурулардың алдын алу принциптері мен халық денсаулығын күшейтудің шараларын
жасай білуі қажет:
аурудан анамнез жинауды, науқасты қарап тексеруді,аурудың арнайы және жалпы белгілерін анықтауды;
науқастың ауырлық дәрежесін дұрыс бағалауды және дер кезінде шұғыл шараларды қолдануды;
оптималды клиника-лабораторлық және аспаптық зерттеу әдістерін тағайындап, олардың нәтижесін дұрыс оқуды;
науқасты емдеу және организмді қалпына келтіру жоспарын құруды;
науқастың және оның туған-туыстарының, бірге жұмыс істейтін әріптестерінің және басқа медицина мамандарының тілін тауып, коммуникативті дағдыларды игеруді;
командада жұмыс істеуді.
дағдылары:
қарап тексеру, пальпация, перкуссия және аускультация жасау;
асқазанды зондсыз жуу;
гиповолемиялық, инфекция-токсикалық шок, бас миының ісінуі, бауырдың жедел энцефалопатиясы кезінде жедел көмекті ұйымдастыру
мына сұрақтарды білуі қажет:
шұғыл жағдайды тез анықтап, бірінші көмекті ұймдастыруды;
ауруға тән белгілерді пропедевтикалық және лабораторлы-аспаптық тәсілдермен зерттеу нәтижесінде тез анықтауды;
жиі кездесетін жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары мен халықтың денсаулығын нығайту;
мәліметтердіөздігімен пайдалануды(оқулық, сөздік, нормативті, ғылыми құралдарын);
денсаулық сақтау бағытында жоспарлау мен ғылыми зерттеулерді жүргізуді;
2.5 Реквизитке дейінгі пәндер: патологиялық физиология, микробиология, фармакология, ішкі ауруллар пропедевтикасы, көзбен көріп диагноз қою (визуальді диагностика), коммуникативті дағдылар 1,2, эпидемиология, жалпы иммунология, дәләлді медицина негіздері.
Реквизиттен кейінгі пәндер: жалпы дәрігерлік тәжірибе, жедел медициналық жәрдем, психиатрия, наркология және неврология, ішкі аурулар бойынша интернатура, жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша интернатура
2.6 Пәнннің қысқаша мазмұны:
Пәнді игеру бағдарламасында Қазақстан Республикасында жұқпалы аурулармен күресуді ұйымдастырудың шарттары нақты көрсетілген. Бағдарлама қазіргі кездегі инфектологиядағы жетістіктерді көрсетеді және соңғы кезде маңызды болып жүрген жұқпалы аурулардың этиологиялық, патогенезді құрылымының, клиникалық ағымының және эпидемияға қарсы шаралардың ерекшеліктерін анықтайды. Сонымен қатар, дәстурлі жұқпалы аурулардың ағымынан басқа атипті өтетін түрлердің бар екеніне де тоқталады.
Жиі кездесетін ауруларға дианоз қоюға, аспаптық және лабораторлық зерттеу әдістерін жұқпалы ауруларға диагноз қою үшін қолдануға, ауруды ерте анықтауға, аурудың ауырлық дәрежесіне сай нәтижелі ем тағайындауға, асқынудың алдын алуға, эпидемияға қарсы шараларды ошақта жүргізуге пәнде алған тәжрибелік дағдыларын қолдануын көздейді.
Жұқпалы аурумен ауырған науқастарға көмекті ұйымдастыру. Лабораторлық зерттеу әдістерін: вирусологиялық, бактериологиялық, серологиялық, паразитологиялық, ПТР диагностикасын ұйымдастыру. Жұқпалы ауруларды ауруханаға жатқызу ережелері мен аурухананың күн тәртібі.Жұқпалы аурулардың алдын алу шарттары.Жұқпалы ауруларды қарап тексерудің ерекшеліктері. Жұқпалы аурулардың көзін, тасымалдаушыларын жоюға бағытталған және таралу жолдары мен организмнің сезімталдығына көңіл бөлінген жөн. Бактерия тасымалдаушылардың белсенділігін анықтап, оларды емдеу.
Сальмонеллез, дизентерия. Қоздырғыштары. Эпидемиологиясы. Инфекция көздері. Жіктелуі. Сальмонеллез бен дизентерияның клиникасы. Бактериятасымалдаушы. Асқынуы. Диагностикасы. Эпидемиологиялық анамнезі және клиникалық зерттеуге бағытталған. Бактериологиялық және серологиялық әдіс. Сальмонеллез бен дизентерияның жергілікті және жайылмалы түрлерінің емдеу принциптері. Бактериятасымалдаушыларды емдеу.
Вирусты гепатиттер. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Инфекция көзі. Инфекцияның жұғу жолдары мен таралу механизмдері оған әсер ететін факторлары. Қауіп-қатер тобы. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы. Биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер. Маркерлерді анықтау. ПТР диагностикасы. Алдын алу шаралары. Санитарлы –гигиеналық шаралар.
Вирусы инфекциялар (ұшық инфекцисы, энтеровирусты инфекция). Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Патанатомиясы. Аурудың кллиникалық түрлері. Асқынулары. Аурудың нәтижесі. Диагностикасы. Басқа аурулардан ажырату. Емі және алдын алу шаралары.
Тұмау және басқа да ЖРВИ. Заманауи қоздырғыш және оның қасиеттері туралы түсінік. Эпидемиологиясы. Инфекция көзі. Тұмаудың, паратұмаудың, аденовирусты инфекциялардың жұғу жолдары мен таралуы. Эпидемисы және пандемиясы. Тұмаудың жіктелуі. Клиникасы. Гипертоксикалық және геморрагиялық синдром. Тыныс алу мүшелері мен басқа жүйелержағынан асқынуы. Болжамасы. Алдын алу шаралары.
Гельминтоздар. Гельминтоздардың таралуы. Жалпы сипаттамасы, биологиялық және клиника- эпидемиологиялық жіктелуі. Гельминтоздар кезіндегі патологиялық процесстердің жалпыға бірдей сипаты. Гельминтттердің адам ағзасына әсері. Гельминттердің даму сатылары. Созылмалы сатыдағы гельминтоздардың клиникасы қоздырғыштың түріне, оның иесінде орналасқан жеріне, инвазия қарқындылығына және макроорганизмнің жауабына байланысты. Дегельминтизация. Клиникалық көріністері, диагноз қою әдістері, цестоздарды (тениоз, тениаринхоз), нематоздарды (аскаридоза, энтеробиоза, трихинеллеза), трематодоздарды (описторхоза) емдеу
.
2.7 Дәрістердің тақырыптарының жоспары: тақырыбы, оқыту түрі, ұзақтығы
№ р/с |
Тақырыбы |
Оқыту түрі |
Ұзақтығы (акад.сағ.) |
1. |
Инфекциялық патологияның актуалды мәселелері |
Мәселелік дәріс |
1 |
2. |
Сальмонеллезге диагноз қою және оны емдеу |
|
1 |
3. |
Дизентерияға диагноз қою және оны емдеу |
|
1 |
4 |
Энтералды жолмен жұғатын вирусты гепатиттер(А,Е). |
|
1 |
5. |
Парентералды жолмен жұғатын вирусты гепатиттер (В,С,Д). |
|
1 |
6 |
Тұмау және басқа ЖРВИ |
|
1 |
|
Барлық сағат саны: |
|
6 |
