7.Бақылау:
Сұрақтары:
Қай жолымен инфекциялық агент ортаңғы құлаққа түсіп жедел отитке әкеледі?
Жедел ортаңғы отит қандай нәтижеге әкеледі?
Ортаңғы құлақтың созылмалы отитінде қандай микроағзалар болады?
Созылмалы отит кезінде қандай есті бұзылыстары тән?
Ортаңғы құлақтың іріңді созылмалы қабынуы дабыл жарғағының тұрақты перфорациясына тән болама?
Ортаңғы құлақтың іріңді созылмалы қабынуына негізгі бағытталған консервативті емін атаңыз?
Науқаста отогенді менингит анықталған. Осы менингиттің емдеу ерекшеліктерін атаңыз?
Самай сүйегінің пирамидасының көлденең сынуы кезінде болатын симптомдар?
Самай сүйегінің пирамидасының қиғаш сынуы кезінде болатын симптомдар?
Созылмалы іріңді эпитимпанит үшін холестеатома тән болады ма?
Тесттер:
Есту түтігі (евстахиева труба) арқылы дабыл қуысы немен байланысады//
көмей //
+мұрын -жұтқыншақ //
ортаңғы бас сауыт ойығы //
тор асты кеңістігімен //
ауыз-жұтқыншақпен
Құлақ қалқанында дөңгелек, флюктуациялайтын, ауырсынбайтын, қызыл түсті түзіліс //
хондроперихондрит //
+отогематома //
құлақ қалқанының абсцессі //
құлақ қалқанының инфильтраты //
лимфаденит
Есту жолының зақымдалуының емінің негізгі принциптері //
+жараны өңдеу, есту жолын вазелинді маймен өңделген турундамен тампонадалау, кейіннен түтікті дилятатор қою, антибиотиктер, сіреспеге қарсы сарысу енгізу//
жара шетін кесіп, тазарту. тігіс салу, антибиотиктер, сіреспеге қарсы сарысу енгізу//
жараны тазалау, тері құрағын сыртқы есту жолындағы жаралы дефектке орналастыру, антибиотики, сіреспеге қарсы сарысу енгізу//
жараны тазалау, дабыл қуысын және есту жолын дренирлеу мақсатында резенке түтікті енгізу, антибиотиктер, сіреспеге қарсы сарысу енгізу//
жараны хирургиялық өңдеу, асептикалық таңу салу, антибиотиктер сіреспеге қарсы сарысу енгізу//
Құлақтың термиялық зақымдалуының немесе үсуінің 2 сатысы қалай сипатталады //
+көпіршік //
эритема //
беткей некроз //
тері гиперемиясы//
терең некроз
Гипоcмия мен аноcмияның қандай түрлерін білесіздер //
реcпираторлы, рефлекторлы, туа біткен, жүре пайда болған //
+реcпираторлы, эccенциальді, туа біткен, жүре пайда болған //
вазомоторлы //
секреторлы //
эссенциалді
Мұрын пердесінің шырыш асты резекциясының негізгі принциптері //
+шеміршекүсті (надхрящница) астынан қисайған аймақ резекцияланады, руетcя иcкривленная чаcть перегородки, мұрын арқасы (cпинке ноcа) аймағында қалдырылады //
шырышты қабат сылынып, қисайған аймақ шеміршекүстімен бірге алынады, мұрын арқасы (cпинке ноcа) аймағында шеміршек қалдырылады //
желбезек пен 4бұрышты шеміршек толығымен алынады //
қисайған аймақ шырышты қабатпен бірге алынады //
желбезек пен 4бұрышты шеміршекжәне перпендикулярлы пластинка шырышты қабатпен бірге толығымен алынады
Мұрын пердесінің гематомасы қалай емделеді //
пункция,артқы тампонада //
+пункция, алдыңғы тампонада //
пункция және антибиотик енгізу //
кесу және қуысты қырып алу //
алдыңғы және артқы тампонада
Мұрыннан қан кетудің жалпы белгілері //
қан тамыр мен қан аурулары, гипотония, мұрындағы сай көріністер //
+ қан тамыр мен қан аурулары, гипертониялық ауру, мұрында сай көрініс беретін ішкі аурулар //
қан тамыр мен қан аурулары , гипертониялық ауру, өкпе туберкулезі
қан аурулары,гипертониялық ауру, cифилиc //
гипертониялық ауру, туберкулез
Мұрын сынуы кезінде мұрын арқасының (спинка носа) тайқуының қандай түрлері бар//
бүйірінен, қиғаш //
+бүйірлік, артқа тайқу //
бүйірлік //
артқа тайқу //
алдыға тайқу
Егер жұмсақ тіндердің ісінуі болса, мұрын сындырудан қанша уақыт өткенннен соң репозиция жасаймыз //
1-2 күн //
2-3 күн //
+3-4 күн //
10 күн //
5 күн
Мұрын пердесінде шеміршек өсу аймағы қайда орналасқан //
желбезек (cошник) пен 4бұрышты шеміршек аралығында //
4бұрышты шеміршек пен торлы сүйектің перпендикулярлы пластинкасының арасында //
+4бұрышты шеміршек, желбезек және торлы сүйектің перпендикулярлы пластинкасының арасында //
перпендикулярлы плаcтинка мен желбезек арасында //
4бұрышты шеміршек пен мұрын сүйектерінің арасында
Құлақ шиқаны негізгі симптомдарға жатпайды //
Құлақтын қатты ауру сезімі//
Сипаған кезінде ауру сезімі//
Терінің ісінуі, қызаруы//
регионарлы лимфотүйіндерінің ылғаю//
+ есту қызметінің төмендеуі
Жедел ортаңғы отитте парацентез қандай жағдайда көрсетілмейді//
Дабыл жарғағының Выбухании //
Құлақ ауру кезінде//
Дене қызу кезінде.//
+ құлақтан ірінді боліністер кезінде //
Дабыл жарғағының көмпею, құлақтын бітелуі
Қандай жолдармен отогенді бас ми ішілік асқынулар таралады.
Контактты.//
Гематогенді.//
Ішкі есту жолымен//
+ Ауа-тамшы арқылы.//
Ұлудың су құбырлары арқылы.
Есту мүшелеріне қандай жиеліктегі дыбыстар зиянды болып есептеледі?
20-30 дб.//
60-70 дб.//
+120 және одан жоғары дб.//
50-60 дб.//
5-10 дб.
Емізікше тәрізді өсіндінің құрылымы қандай болғанда мастоидит жиі дамиды.?//
Склероздық.//
Аралас .//
+Пневматикалық.//
Спонгиозды.///
Борпылдақ.
Вульштейн бойынша тимпанопластиканың қанша түрі бар?//
+5.//
2.//
4.//
3.//
1.
Мирингит дегеніміз не?//
+ Дабыл жарғағының шектеулі қабынуы//
Ортаңғы құлақтың асептикалық қабынуы.//
Есту түтігіндегі сүйектік төмпешіктер//
Есту түтігінің окклюзиясы//
Есту жолының терісінің эпидермальді қабатының қабынуы
Бас миы мен мишықтың отогенді абсцессі кезінде пайда болатын гипертензиялық синдромға қандай жалпымилық симптомына кірмейді?//
Шыдатпайтын бас ауру.//
Брадикардия. Көру жүйкесінің емізікшелерінің іркілуі.//
Жүрек айну, құсу.//
Желке бұлшықеттерінің ригидтілігі//
+ Анамнестикалық афазия.
Ринне әдісі ортаңғы құлақтың жедел қабынуы кезінде қандай болады?
Оң//
Қысқарған оң.//
+Теріс.//
Нульдік.//
Өзгермеген
Ситуациялық есептер:
1 есеп
Науқаста термиялық күйіктің әсерінен сыртқы есту жолының атрезиясы пайда болды. Жарақатқа дейін сау болған.
Акуметрия мен аудиометриялық мелімет бойынша ұлу қызметі сақталған жағдайда осы құлақтың есту қызметі қандай?
2 есеп
Науқас 27 жаста сол құлағының естуінің төмендеуіне шағымданды. Құлақта құлық анықталды.
Акуметрия мен аудиометриялық мәлімет бойынша есту функциясы қандай?
3 есеп
Науқас оң құлағының ауру сезіміне, самайға берілуіне, құлағының бітелуіне, басының ауруына, температураның 38ге жоғарылауына шағымданады. Ауырғанына 2 күн болды. Мурынның бітелуімен байланыстырады.
Отоскопия: сыртқы есту жолы кең, терісі өзгермеген. Дабыл жарғағы гиперемияланған, инфильтрацияланған, танымал пунктілер жоқ. Есту өткірлігі сыбырлап сөйлеу – 2м, сөйлеу – 5м. Вебер сынамасы бойынша дыбыс латерализациясы оңға ауысты.
Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдейміз?
4 есеп
Науқас мұрынның бітелуі кезінде құлағының бітелуіне шағымданды.
Объективті: гиперемия, мұрынның сілемейлі қабатының инфильтрациясы, мұрын қуысынан шырышты бөлініс. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы гиперемияланған.
Отоскопияда: дабыл жарғағы сұр түсті, бұлыңғыр, аздап тартылған. Сыбырлап сөйлеу 4 м екі құлаққа.
Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдейміз?
5 есеп
Науқас оң құлағының ауру сезіміне, тартылу сезіміне, іріңді бөлініске, әлсіздікке, дене температурасының 380С-қа жоғарлауына шағымданады. Бала кезінен аурады. 10 күн ішінде суық тигеннен кейін құлағының ауруы күшейді. Объективті: емізікше тәрізді өсіндінің аймағы өзгермеген, перкуссия и пальпация ауру сезімісіз.
Отоскопиялық: оң құлақтың сыртқы есту жолынан жағымсыз иісті іріңді бөлініс. Дабыл жарғағының алдыңғы-жоғарғы квадрантында шеткі перфорация, ақшыл эпидермалды массалар. Дабыл жарғағының тартылған бөлігі әлсіз гиперемияланған, инъецирленген. Сыбырлап сөйлеу -3м, сөйлеу – 6 м.
Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдейміз?
6 есеп
Науқас оң құлағының ауру сезіміне, ірің ағуына, естуінің төмендеуіне, бас ауруына шағымданады. Ауырғанына 2 апта. Амбулаторлы емханада емделді - құлақ ауруы азайды, дене температурасы қалыпқа келді, бірақ ірің ағу тоқтамады. Оң құлақ арты аймақта жұмсақ тіндердің ісінуі және ауру сезімі пайда болды, дене температурасы 37,50 С-қа жоғарлады, құлақтан ірің ағу ұлғайды.
Объективті: емізікше тәрізді өсіндінің томпаюы, контурының тегістелуіне; жұмсақ тіндердің томпаюы, тартылуы, пальпация мен перкуссияда ауру сезіміне шағымданады. Отоскопиялық: есту жолында көп мөлшерде кілегейлі ірің. Құлақты тазалағаннан кейін есту жолы тарылған, сүйекті бөлімінің артқы-жоғарғы қабырғасының салбырауы байқалады. Сыбырлап сөйлеу – 2-2,5 м.
Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдейміз?
7 есеп
ЛОР бөлімшесіне 6 жастағы бала оң құлағының және құлақ арты маңының ауру сезіміне, температураның жоғарлауына, басының ауруына, естуінің төмендеуіне шағымданып түсті.Ауырғанына 10 күн болды. Емделген жоқ.
Объективті: Жалпы жағдаый орташа ауырлық дәрежелі. Дене температура 38,30 С. Пульс 98 рет минутта. Оң құлақ қалқаны қалқиған. Құлақ арты терісі аздап гиперемияланған, инфильтрирленген, ісінген, пальпацияда флюктуация бар. Сыртқы есту жолы суйек бөлігінде тар, артқы-жоғарғы қабырғасының салбырауының әсерінен. Дабыл жарғағы гиперемияланған, инфильтрирленген, танымал аймақтар дифференцирленген. Шюллер және Майер бойынша Самай сүйегінің рентгенограммасында – емізікше тәрізді өсіндінің клеткааралық пердесінің деструкциясы.
Қан анализі: гемоглобин 128 г/л, эритроциттер – 3,8х1012/л, лейкоциттер – 22х109 /л, эозинофилдер – 2%, таяқшаядролы – 6%, сегментядролы – 53%, лимфоциттер – 36%, моноциттер – 3%, ЭТЖ – 32 мм/ч.
Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдейміз?
8 есеп
Науқас кеше кешкі уақытты ванна қабылдағаннан кейін оң құлағының ауру сезіміне шағымданады. Бурынғы уақытта құлағы ауырмаған.
Объективті: құлақ қалқанының терісі және есту жолы өзгермеген. Сыртқы есту жолы қоңыр сұйық бөліндімен бітелген, дабыл жарғағы көрінбейді. Сыбырлап сөйлеу оң құлаққа- 3м, сол құлаққа – 5м.
Диагнозы қандай? Қандай шаралар жасау керек?
9 есеп
Науқас бокспен шұғылданаған кезде құлағын зақымданған соң, сол құлақ қалқанының томпаюына және ауру сезіміне шағымданады.
объективті: сол құлақ қалқанының беткі қабатының жоғарғы 1/3 бөлігінің сұр-қызыл түсті дөңгелек пішінді томпаю байқалады, аздап ауырады, пальпацияда флюктуация. Басқа ЛОР мүшелер қалыпты.
Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдейміз?
