- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
- •Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау № 10
- •Құрастырған: ассистент Тусупбекова а.К Семей қаласы, 2009ж
- •Іріңдік және сары сулық менингиттер, жіктелуі, клиникасы, емдеу жолы
- •Біріншілік іріңдік індеттік менингит
- •Екіншілік іріңдік менингит
- •Туберкулездік менигит
- •Жедел сары сулық менингиттер
- •Энтеровирустық сары сулық менингит
Энтеровирустық сары сулық менингит
Бұлар Коксаки және ЭСНО вирустары туғызатын менингиттер, жаз айларында жиі кездеседі. Негізгі тарау жолы ауа-тамшы жолы және фекальды-оральды жол кездеседі. Балалар жиі ауырады. Инкубациялық кезеңі 2-8 күн.
Клиникасы. Ауру жедел басталады, дене қызуы жоғары көтеріліп, қатты бас ауру, құсу пайда болады. Дене қызуы бір аптаға дейін сақталынады. Аурудың беті қызарып, мұрын-ерін маңы көкшіл тартады, коньнюнктивит, ангина, ерінде, мұрында герпестік бөртпелер байқалады. Петехиальді бөртпелер ауыз қуысында пайда болады. Қандағы лейкоциттердің саны көбейеді. СОЭ көтеріледі.
Негізгі клиникалық синдром гипертензиялық синдром, ол-бастың қатты ауруымен, құсумен байқалады. Менингеальдық синдром 2-3 күннен кейін дамиды. Бел пункциясын жасағаннан кейін аурудың басының ауырғаны азайып, жағдайы жақсарады.
Ликвордың қысымы өте жоғары, мөлдір, лимфоцитарлық плеоцитоз байқалады, клеткалар саны бірнеше жүздеп саналады (300-500).
Ағымы қатерсіз, екі аптадан соң аурудың жағдайы жақсарады. Көбіне энтеровирустық менингит толық сауығуымен аяқталады. Кейде рецидивтік ағымы байқалады. Бұл менингиттің этиологиясын анықтау көп жағдайда мүмкін емес.
Емдеу жолдары-дезинтоксикация, денсебилизация, дегидратация және симптоматикалық емдеу қолданамыз.
