Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№10 для студ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

Эпилепсия және құрыспалы ұстамалар

Эпилепсия — әр түрлі себептерден пайда болып, ара-тұра бәсеңдейтін, нейрондық қозулардың әсерінен қайталана беретін мидың құрыспалы ұстамалы созылмалы ауруы. Эпилепсия онша жиі кездеспесе де (1%-дан аз), оған бүкіл дүние жүзі невропатологтары, психиатрлары, нейрохирургтары, педиаторлары ғана емес, эндокрино-логгар мен нейропсихологтар да аса зор назар аударып отырғаны белгілі. Эпилепсияны бұдан 3000 жыл бұрын осы аурумен ауырған Эгипет перғауыны (фараоны) Эхнатон түңғыш рет суреттеген.

Этиологиясы

Қазіргі кезде қалыптасқан пікір бойынша, эпилепсия генетикалық және экзогендік факторлар әсерінен пайда болатын жеке ауру ретінде қарастырылады. Эпилепсия туралы ғылымның дамып-жетілуіне нейро-генетиканың негізін салушы С.Н. Давиденков зор үлес қосты. Ол аурудың пайда болуындағы генетикалық және экзогендік факторлардың арақатынасын дәлелдей келе, эпилепсияны мидың органикалық ауруларында байқалатын құрыспалы ұстамалардан айқын ажыратып, оған толық анықтама берді.

Эпилепсия, С.Н, Давиденков түсіндіргендей, "клиникалық бірегей" ауру, оның пайда болуында генетикалық және экзогендік факторлар маңызды роль атқарады. Басқа ауруларда (ісік, ірің, энцефалит, т.б.) кездесетін құрыспалы ұстамалардың ауру ретіңде эпилепсияға ешқандай қатынасы жоқ. Шұғыл уытты немесе уытты-инфекциялық зақым-дануларда (тұмау, респираторлық инфекция, алкогольдік, шұғыл улану, т.б.) білінетін құрыспалы ұстамалар эпилепсиялық реакцияларға жатады.

Экзогендік факторлар эпилепсияға бейімдейтін агент болуымен қатар, аурудың дамуына тікелей ықпал жасайды. Этиологиялық факторлар едәуір дәрежеде аурудың жас мөлшеріне байланысты. Мысалы, балалардағы перинаталдық зияндылықтар ("құрғақ" босанулар, жылдам босану, нәрестенің басы мен жамбас диаметрінің сәйкессіздігі, босану үрдісіндегі асфиксия, т.б.) эпилепсияның пайда болуында маңызды роль атқарады.

Ми мен оның қабықтарында қабыну үрдістері (энцефалиттер мен менингиттер) пайда болуына әсер ететін инфекциялар, сонымен қатар әр түрлі инфекциялы-уыттық әсерлерден мидың ісінуімен қосарланатын дисциркуляторлық бұзылулар эпилепсияның негізгі этиологиялық факторлары ретінде қарастырылады.

Бозбалалар мен ересектерде бас сүйек-ми жарақаттары, уыттанулар, ми қан тамырларының аурулары басым болады. Мұнда инфекциялар да (арахноидиттер) белгілі роль.

Патогенезі

Аурудың патогенезі мидың органикалық зақымдануларынан эпилепсиялық ошақ ("эпилепсия тудыратын ошақ") немесе белгілі параметрдегі афференттік ықпалдардың нейрондарды ұзақ соққыға ұшыратуына байланысты қосымша эпилепсиялық ошақ пайда болуына негізделген.

Эпилепсиялық ұстама аталмыш эпилепсиялық ошақтың бүкіл миға немесе оның белгілі жүйелеріне тарағанда ғана пайда болады. Ол эпилепсиялык ошақтың белсенділігімен қатар, мидың "ошақтан тысқары" кейбір жүйелерінің функционалдық жағдайына да байланысты.

Эпилепсиялық белсенділік — жоғары жиілікте оқшаулана біріккен белсенділікке ие болуға икемделген "эпилепсиялық неврон". Біріккен белсенділік мембрандық потенциалдың ұстамалы деполяризациялық жылжуы (ПДЖ) түріндегі невронның деполяризациялануга бейімділігі жоғарлануынан пайда болады. Эпилепсиялық ошақ көршілес эпилепсиялық неврондардың үйлесімді әрекеттері нәтижесінде қалыптасады.

Эпилепсиялық және олармен көршілес көптеген неврондардың бір мезгілде қозуы, яғни неврондар қызметінің гиперсинхронизациясы эпилепсияның негізгі патофизиологиялық механизмі болып саналады. Гиперсинхронизация көрінісін эпилепсияның электрографиялық феномені (біріккен белсенділік, шың, үшкір толқын, шың-толқын жиынтығы, ұстамалы ритмдер) ретінде қарастырған жөн.

Миға эпилепсиялық ошақ әсерінің таралуына ("эпилептогендік ошақтың жетілуіне") мидың функционалдық күйін анықтайтын ошақ сыртындағы факторлар ықпал етеді немесе бөгет жасауы мүмкін. Ол эпилепсияға өзірліктің күшеюі, мидың "құрыспалы реактивтілігі" ретінде қарастырылады. Мұндайда мидың эпилепсияға өзірлігі аса күшеюінен эпилепсиялық ошақтың әсері қыртыс асты құрылымдарына тарайды. П. М. Сараджишвиллидің (1978) пікірі бойынша, эпилепсиялық ошақ көру төмпешігінің арнаулы және арнаусыз ядроларын қамтиды. Алғашқы қыртыстық эпилепсиялық ошақтарға байланысты құрыспалы ұстамалардың дамуында ми қыртысы — көру төмпешігі-аралық ми жүйесінің маңызы зор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]