- •©Рмк «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті», 2014
- •1 Есептеп -жобалау жұмыстарын орындаудың негізгі талаптары
- •1.1 Тапсырманың берілген мәндерін таңдап алу тәртібі
- •1.2 Титул бетті безендіру
- •1.3 Есептеу түсініктемесін безендіру
- •Жұмыстың графикалық бөлімін орындау
- •Есептеп-жобалау жұмыстарын қорғау
- •2.1 Есеп шығаруға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Типтік есептерді шығару мысалдары
- •2. Бойлық деформацияға ұшыраған статиқалық анықталмаған стержендер жүйесі
- •2.2 Мысал
- •Талап етіледі:
- •3. Кернеулі және деформациялы күй
- •Талап етіледі:
- •3.1 Есеп шығаруға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •3.2 Мысал
- •Талап етіледі:
- •4. Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары
- •Талап етіледі:
- •4.1 Есеп шығаруға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •4.2 Мысал
- •Талап етіледі:
- •Тік брустардың иілуі
- •Талап етіледі:
- •5.1 Есеп шығаруға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •5.2 Мысал
- •Талап етіледі:
- •Қимасы дөңгелек стержендердің бұралуы
- •6.1 Есеп шығаруға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •6.2. Мысал
- •Талап етіледі:
- •Статикалық анықталмаған жазық жүйелерді есептеу
- •Талап етіледі:
- •7.1 Есеп шығаруға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •7. 2 Мысал
- •Талап етіледі:
- •8. Сығылған түзу стержендерді орнықтылыққа есептеу
- •Талап етіледі:
- •8.1 Есеп шығаруға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •25Сурет –Сығылған стержендердің есептеу сұлбасы Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Иілген арқалықты компьютерлік бағдарламалардың көмегімен зерттеу әдістемесі
- •Қарапайым фигуралардың ауданы мен ауырлық центрінің координаталары
- •Стерженнің көлденең қимасының өлшемдерін графо-аналитикалық әдістермен анықтауға арналған формулалар
- •Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің редакциялық баспалық бөлім
- •090009 Орал қ., Жәңгір хан көшесі 51
1 Есептеп -жобалау жұмыстарын орындаудың негізгі талаптары
1.1 Тапсырманың берілген мәндерін таңдап алу тәртібі
Әрбір студенттің барлық есептеп-жобалау жұмыстары жеке болуы тиіс.
Жеке тапсырмалардың реттік нөмірлері жорналдағы студенттердің тізіміне байланысты. Студент есептің негізгі сан мәндерін вариантқа сәйкес кестеден таңдап алады.
Мысалы:
Студент Асқаров Б тіркеу кітабындағы
тізім бойынша 45-ші. Ол схема нөмірі 45,
ал сан мәндері кестенің 41…60 жолына
сәйкес келетін есепті шығаруы керек.
Әрбір студент есептеу жұмысының
түсініктемесін өрнектеуде әуелі
есептеп-жобалау жұмысының атын, вариант
нөмірін және берілген сан мәндерін
жазады. Есептеу жұмысының барлық сан
мәндерінің дәлдігі нөлден кейін екі
санға дейін алынады. Мысалы:
= 0,5674 мм = 0,57 мм.
1.2 Титул бетті безендіру
Есептеп-жобалау жұмысы жөніндегі мәлеметтер өлшемі 210х297 мм жазба қағаздарында орындалады. Бірінші беті титул деп аталады, ГОСТ 2.105-68 бойынша өрнектеледі. Титул бетті толтыру үлгісі 1-ші суретте корсетілген.
Титул беттің барлық жазулары қатаң түрде қара сия және сызба шрифтісі арқылы жазылады.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ»- шрифт -№7 немесе № 5;
«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» - шрифт № 5 немесе №3;
«К және ТО» кафедрасы - шрифт № 3,5;
«Материалдар кедергісі» пәнінен - шрифт №7;
«Есептеп-жобалау жұмыстары №1…..6» - шрифт №14;
«Орындаған», «Тексерген» - шрифт № 5;
Жұмысты орындаған жылы - шрифт № 5.
Сурет 1 – Титул бетін безендіру
1.3 Есептеу түсініктемесін безендіру
Есептеу түсініктемесінің жазуы жеткілікті түрде қысқа болуы керек. Жазуда келтірілген формулалар біріншіден жалпы түрде алынып ықшамдау жұмысынан кейін оларға бастапқы сан мәндері бір өлшем жүйесінде қойылады.
Есептеу түсініктемесінің жазулары беттің бір жағында өте таза түрде бір түсті сиямен жазылады. Әр беттің сол жағынан 25 мм, үстінен, астынан 20 мм, ал оң жағынан 10 мм, қалдырады. Түсіктеме жазулары қысқартылмай бір түрде жазылуы керек, мысалы: «анықтаймыз», «есептейміз».
Жұмыстың графикалық бөлімін орындау
Жұмыстың графикалық бөлімі өлшемі 210x297 мм А4 форматы сызба қағазында карандашпен немесе сиямен орындалады.
Берілген есептің схемасы масштабпен сызылады. Оның астына ішкі күштер, деформациялар эпюралары тұрғызылады. Есептік схеманың ішкі күштері анықталған қималарын белгіленіп, есептелген ординаталардың мәндері көрсетіледі. Эпюрлер жіңішке сызықтармен конструкция элементерінің өсіне перпендикуляр бағытта штрихталады. Олардың ортасында оң «+» және теріс «-» таңбалары қойылады.
Есептеп-жобалау жұмыстарын қорғау
Студент орындаған есептеу жұмысын семестрде бекітілген кезек бойынша оқытушыға тапсырады. Уақытында тапсырылған жұмыс ең алғашқы инженерлік пәнінің табысының кепілі болып табылады.
Қатесі түзетілген жұмыстар жеке түрде қорғалады. Егер оқытушыдан қосымша ескертулер болмаса, студент жұмысы тапсырылды деп есептеледі. Қорғалған жұмыстар оқытушыда қалдырылады.
Есептеп-жобалау жұмыстарын орындамаған немесе қорғамаған студент емтиханға жіберілмейді.
