Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 тарау. Туа біт.имм.гум факт..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119 Кб
Скачать
☆

Қабыну медиаторлары

Қорғау қабыну үрдістер механизмін туа біткен иммунитеттің жасушаларымен: лейкоциттердің түрлі субпопуляцияларымен (нейтрофил, моноцит/макрофаг, эозинофил, базофил және лимфоциттер) және тіндердегі мес жасушалармен, қандағы тромбоциттермен бөлінетін бірнеше қатар ерітінді медиаторлар қалыптастырады не күшейтеді. Бұл жасушалардың Толл-тәрізді және NOD-рецепторлар арқылы белсенуі олардың қабыну цитокиндер бөлуін шақырады, олардың ішінде хемокиндер мен липидтық медиаторлар. Бұл медиаторлардың бірге әсері координациялы қабыну жауабына соғады.

Қабыну медиаторлары инфекциялы және бұзылған тіндерде қан тамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауын шақырады, бұл туа біткен иммунитеттің ерітінді компоненттерінің қаннан серпіліс ошағына жылжуын қамтамасыз етеді. Одан басқа, олар тамырлардың эндотелийінің адгезивті қасиеттерін өзгертіп, қаннан серпіліс ошағына фагоциттер тобының жылжуына ықпал жасайды. Соңында, қабыну медиаторлары қаннан серпіліс ошағына жиналған жасушалардың белсенуін шақырады, олар макрофагтар мен нейтрофилдердің микробицидтік әсерін күшейтеді.

Маңызды қабыну медиаторлар қатарына липидті медиаторлар, біріншіден, простагландиндер, лейкотриендер және тромбоцит-активтеуші фактор жатады. Бұл медиаторлар жасуша қабырғасының фосфолипидтерінен шығатын арахидон қышқылынан пайда болады және ол қөпқанықпаған майлы қышқыл болып табылады.

Простагландиндер және тромбоксандар арахидон қышқылының метаболизмындегі циклооксигеназды жолымен, ал лейкотриендер – липооксигеназды жолымен пайда болады.

TLR мен NOD-рецепторлар арқылы белсену және кейбір басқа қабыну үрдісі бірнеше аралық кезеңдер арқылы макрофагтар мен мес жасушаларда 2-циклооксигеназаның өнуін шақырады. Туа біткен иммунитеттің басқа көпшілікті жасушалар тобы простагландиндерді 1-циклооксигеназа арқылы өндіреді.

Простагландиндер жылдам әсерлі қабыну медиаторлары болып табылады. Моноцит/макрофагтар ПГЕ2 және ПГF2, нейтрофилдер – ПГЕ2, мес жасушалар – ПГД2 өндіреді. Простагландиндер айналымдағы тіндерде көп түрлі физиологиялық эффекттер, соның ішінде қан тамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауы мен дилатациясын және нейтрофилдер хемотаксисін тудырады.

Тромбоксандар, керісінше, қан тамырлардың тарылуын шақырады және тромбоциттер агрегациясын белсендіреді.

Лейкотриендер. Арахидон қышқылының метаболизмы липооксигеназа арқылы төрт лейкотриендер өнуін шақырады: LTB4, LTC4, LTD4 және LTE4. Лейкотриендер баяу әсерлі қабыну медиатолары болып табылады. Олар моноциттер/макрофагтармен, мес жасушалармен, эозинофилдермен және базофилдермен өндіріледі. Олардың үшеуін қоса (LTC4, LTD4 және LTE4), бұрын анафилаксияның баяу әсерлі субстанциясы деп атаған, олар бұлшық еттердің құрысуын (спазм) шақырады, сондықтан бронх демікпесінің созылмалы қабыну патогегнезінде маңызды рөл атқарады. LTB4 нейтрофилдерге ең күшті хемоаттрактант болып табылады.

Қабыну цитокиндер

Туа біткен иммунитеттің жасушаларымен бөлінетін қабыну цитокиндерге TLR мен NOD-рецепторлары арқылы стимулданған ИЛ-1, ИЛ-6, TNF-α, ИЛ-12, IFN-γ және хемокиндер жатады. ИЛ-1, ИЛ-6 мен TNF-α қабыну цитокиндердің негізгі сипаттамалары 9-шы кестеде көрсетілген.

9-шы кестеде көрсетілгендей, барлық үш цитокиндер туа біткен иммунды жүйе қалыптастыратын қабыну жауабының жергілікті және жүйелі көріністерінде қатысады. Одан басқа, олар Т- және В-лимфоциттер белсенуін шақырып, адаптивті иммунды жауап дамуына қатысады, Ең алғашында, интерлейкиндердің универсалды жіктеуі ашылғанның алдында, ИЛ-1 мен ИЛ-6 «лимфоцит-белсендіруші факторлар» деп аталатын (1 и 2). Тағы басқа, кестеде адаптивті иммунды жауапта өзгеше маңызды рөлді В-лимфоциттермен антидене синтезін стимулдайтын ИЛ-6 атқаратыны көрініп тұр.

Қабыну цитокиндер тобына тағы негізі МФ-тармен бөлінетін ИЛ-12 және туа біткен иммунды жүйеге жататын NK-жасушалармен және Т-лимфоциттердің кейбір субпопуляцияларымен, біріншіден, Тх1-мен бөлінетін Тх1 тағы Т-қабыну жасушалары деп аталады, олар тіндерде МФ-мен бөлінетін цитокиндер арқылы, біріншіден, IFN-γ, пролиферативті қабыну шақырады. IFN-γ-мен белсенген МФ қабыну цитокиндерді (ИЛ-1,6,8, TNF-α) бөледі. ИЛ-12 NK-жасушалардың IFN-γ өндіруін және олардың цитотоксикалығын жоғарылатады.

Сонымен, IFN-γ туа біткен иммунитеттің жасушаларымен қалыптасқан қабынудың соңғы кезеңдерінде және Тх1 қатысуымен өтетін иммунды жауаптың адаптивті фазасында әсер көрсетеді. Бұл интерферон, созылмалы пролиферативті қабыну дамуына МФ белсенуі және жиналуы арқылы маңызды ықпал көрсетеді.

9-шы кесте. Негізгі қабыну цитокиндердің кейбір сипаттамалары

Белсенділік түрі

ИЛ-1

ИЛ-6

TNF-α

Қан тамырлардың өткізгіштігін жоғарылату

+

+

+

Қан тамырлардың эндотелийінің жа-сушаларында жасушалық адгезия молекулаларының экспрессиясын жоғарылату

+

-

+

Фагоциттерді белсендіру

+

+

+

Пирогенді эффект

+

+

+

Бауырдағы жедел фазасының нәруыздарының бөлінуін шақыру

+

+

+

NK-жасушалардың цитотоксикалығын жоғарылату

-

-

+

Фибробласттар бөлінуін стимулдау

+

-

+

Тромбоциттер көбеюін стимулдау

+

+

-

Хемокиндер синтезін шақыру

+

+

+

Т-лимфоциттерді белсендіру

+

+

+

В-лимфоциттерді белсендіру

+

+

+

Иммуноглобулиндер синтезін жоғарылату

-

+

-

Негізгі өндіруші-жасушалар

МФ, мес жасушалар, кератиноциттер, эндотелий жасушалары

МФ, мес жасушалар, фибробласт-тар

МФ, мес жасу-шалар

Қабыну үрдісін қалыптастыратын стимулдаушы қабыну цитокиндермен бірге, МФ пен Т-лимфоциттер қабыну цитокиндерін өндіреді, біріншіден ИЛ-10 мен өсуді трансформациялаушы фактор TGF-β. Бұл цитокиндер қабыну реттелуінде маңызды рөл атқарады, өйткені олар тіндердің аса бұзылуын азайтып, қабынудың интенсивтілігін шектейді.

ИЛ-10 МФ-дың TNF-α мен ИЛ-12 өндіруін азайтады және олардың МНС молекулалары мен В7 костимулдаушы молекулаларының экспрессиясын азайтады («Антигендер таныстыруы» және «Адаптивті иммунитеттің жасушалық механизмдері» тараулардың III бөлімінде қараңыз).

TGF-β қабыну дамуында маңызды рөл атқаратын туа біткен имммунитет жасушаларының, ең бірінші, нейтрофилдердің және эндотелий жасушаларының белсенуін тежейді. Сонымен қатар, ол Тх1-дің адаптивті иммунитеттің қабыну жасушасының белсенуін тежейді.