27 Сурет. Моноклонды антиденелер алуының гибридомды технологиясы
Қазіргі
кезде гендік инженерияның дамуына
байланысты моноклонды антиделердің
жаңа түрлерін алып жатыр. Олар жаңа
арнайы дәрілік заттарды жасауда
қолданылатын перспективті гуманизацияланған
моноклонды антиденелер. Оларды адамның
әр түрлі патологиялық жағдайында
иммунотерапия ретінде қолдануға болады.
Гуманизацияланған моноклонды антиденелерді
генетикалық құрылымдық негізде
дайындайды, оның құрамында тышқанның
моноклонды антиденесінің V-гені мен
қажетті изотиптегі адам иммуноглобулинінің
С-гені бар. Түзілген гибридті антиденелердің
арнайылығы тышқан генімен, ал антигендік
қасиеті адам генімен анықталады. Өте
күрделі жағдай болып тышқанның V-генінің
гипервариабельді бөлігінің адамның
С-генінің және V-геннің каркасты
кезектілікті кодталуы іске асады.
Қорыта
келе, моноклонды антиденелер қазіргі
кездегі зерттеулерде, диагностикада
және емдеуде кең спектр алып жатыр, және
олардың клиникалық және эксперименталды
медицинада қолданылуы одан әрі дамуда.
188