- •(В.Г. Галактионов бойынша, Москва, 1986)
- •Макрофагтардың негізгі қызметтері
- •Фагоцитоз және пиноцитоз
- •Макрофагтардың секреторлық қызметі
- •Макрофагтардың туа біткен иммунды жауапқа қатысуы
- •Макрофагтардың адаптивті иммунды жауаптағы эффекторлық қызметі
- •Иммунды жауапты реттеу
- •Репарация үрдістеріне қатысу
- •Дендритті жасушалар
- •Дендритті жасушалардың субпопуляциялары
Макрофагтардың негізгі қызметтері
Фагоцитоз және пиноцитоз
Секреторлық қызмет
Туа біткен иммунды жауапқа қатысуы
Макрофагтардың адаптивті иммунды жауаптағы эффекторлық қызметі
Туа біткен және адаптивті иммунды жауапты реттеуі
Репарация үрдістеріне қатысуы
Антигендерді өңдеу және таныстыру
Фагоцитоз және пиноцитоз
Қан моноциттері мен тіндік макрофагтардың негізгі қызметтерінің бірі - организмнің туа біткен иммунды қорғанысының негізгі жасушалық механизмінің негізін қалайтын фагоцитоз бен пиноцитоз үрдістеріне қатысу. Нейтрофилдер мен дендритті жасушалармен қатар МФ да кәсіби фагоциттерге жатады.
Организмнің бөгде агенттерден, әсіресе парентералды жолмен түсетін микроорганизмдерден қорғану қызметін И.И. Мечников XIX ғасырдың аяғында – XX ғасырдың басында бірінші болып зерттеді. Ол иммунитеттің фагоцитарлық теориясын ұсынды. Макрофагтардың фагоцитарлық және бактерицидтік белсенділігі жергілікті қабыну ошақтарының және ағзаның қоздырғыштардан тазаруын қамтамасыз етеді. Фагоцитоз көмегімен макрофагтар патогенді микроорганизмдер диссиминациясының алдын алады, эндотоксиндерді жұтады және ыдыратады.
Фагоцитоз арқасында олар жұқпалы агенттерден туа біткен қорғанысты ғана жүзеге асырып қоймай, басқа да бірқатар қызметтерді атқарады.
Макрофагтардың қабыну мен әртүрлі себептегі некроз ошақтарындағы аутолиз бен тіндердің резорбциясына, сонымен қатар организмнің өлген және қартайған меншікті жасушаларын, соның ішінде, эритроциттер мен лимфоциттердің утилизациясына қатысатыны көрсетілген.
Фагоцитоз бен пиноцитоз арқылы макрофагтар темірдің алмасуына (жұтылған эритроциттердің гемоглобинінен билирубин мен ферритинді түзу), липидтердің, стероидтардың, мочевинаның, инсулиннің алмасуына және тіндердегі су-тұз балансын сақтап тұруға қатысады
Антигендердің фагоцитозы антигендердің жасушаішілік өңделуінің (процессинг) алғашқы кезеңі және ол адаптивті иммунды жауаптың іске қосулуы үшін маңызды.
Макрофагтардың фагоцитозы арқасында организмнен иммундық кешендер мен апоптозға ұшыраған жасушалар шығады.
Сонымен қатар, макрофагтар цитотоксикалық Т-лимфоциттердің, антиденелердің және комплементтің қатысуымен организм үшін бөгде жасушалардың ыдыраған фрагменттерін фагоцитозға ұшырату арқылы адаптивті иммунды жауаптың эффекторлық кезеңін аяқтайды.
Хемотаксис, трансэндотелиалды миграция және фагоцитоз үрдістері нейтрофилдер мен басқа да лейкоциттерде жүретін үрдістерге ұқсас және олар жоғарыда толық сипатталған (II-ші бөлім 5-ші тарау «Лейкоциттердің экстравазациясы», «Фагоцитоз», «Жасушаішілік бактерицидтік механизмдер»).
Нейтрофилдерде сияқты фагоцитоз объектісін жұтқаннан кейін фагосома мен лизосома бірігеді. Түзілген фаголизосомада жұтылған материал көптеген гидролитикалық ферменттердің қатысуымен гидролизге ұшырайды.
Одан басқа, патогендер мен басқа бөгде объектілердің гидролиз өнімдері құрамындағы ПАМҚ МН/МФ-дағы жасушаішілік Толл-тәріздес және NOD-рецепторлармен танылады, нәтижесінде туа біткен иммунитеттің бірқатар қорғаныс механизмдері белсенеді. Атап айтсақ, қабыну медиаторларының, реттегіш цитокиндерінің (ИЛ-12, ИЛ-10, TGF-β және т.б.) түзілуі ынталанады және бірқатар ферменттер белсенеді.
ПАМҚ бар патогендердің фагоцитозы кезінде шеткері қандағы моноциттер мен тіндік МФ-да тыныстық жарылыс болады. Ол бактерицидтік әсер бар оттегінің белсенді түрлерінің түзілуімен жүреді. Бактерицидтік әсер бактериалды жасушалардың мембрана пептидтерінің құрамына кіретін аминқышқылдарының тотығуы декарбоксилденуі арқасында жүзеге асыды.
Көптеген патогендер үшін TLR, фагоцитарлық және қабыну алды цитокиндерге арналған рецепторлар арқылы жасушалардың белсенуі нәтижесінде түзілетін азот тотығы (NO) мен оның туындыларының да токсинділігі жоғары.
МН/МФ оксидативті емес бактерицидтік механизмдері негізінен лизосома құрамы арқасында жүзеге асады. Ол - фагоцитарлық вакуольге ауысқан кезде антигенге әсер ететін бітқатар әртүрлі қосындылар жиынтығы. Сонымен қатар, лизосомада гидролитикалық ферменттерден басқа микробты жасушалардың мембранасын зақымдайтын лизоцим, лактоферрин, антимикробты пептидтер (дефенсиндер мен кателицидиндер) сияқты табиғаты ферментті емес заттар да кездеседі.
Фагоцитоз кезінде жасуша мембранасының зақымдалу салдарынан лизосомды ферменттер марофагтардан сыртқы ортаға шығады. Макрофагтардың мембранасы зақымдалмаса да лизосомды ферменттердің жасушадан таңдамалы түрде бөлінуі мүмкін. Мысалы, қышқыл фосфатаза мен катепсин сияқты ферменттер жасуша сыртына жеңіл шыға алады, нәтижесінде микроорганизмдердің жасушасыртылық жойылуы жүзеге асады.
