- •8 Тарау. Трансплантациялық иммунитеттің негiздерi
- •Сұрақтың тарихы. Тұрақтамаудың иммунологиялық табиғатының эксперименталды дәлелдерi
- •Трансплантат тұрақтамауындағы механизмдерi туралы қазiргi көзқарастар
- •Трансплантациялық антигендер
- •Тұрақтамау серпiлiсiнiң арнайылығы мен есте сақталуы
- •Тұрақталған трансплантаттын %
- •Қайта трансплантациялау
- •Адаптивті иммунитеттiң тұрақтамаудағы қызметi
- •Тұрақтамаудың уақыт мерзiмi
- •Қалыпты иммунды супрессиялаушы емдеу
- •Дәстүрлі жалпы иммунды супрессиялаушы терапия
- •Арнайы иммунды супрессиялаушы емдеудiң жаңа тәсiлдерi
- •«Трансплантат иесiне қарсы» реакция
- •Клиникада ағзалар мен тiндердi трансплантациялау
- •Сүйек кемігiнiң трансплантациясы
- •Ағзаның айрықша орындарындағы трансплантациясы
- •Ағзалар трансплантациясының негiзгi жетiстiктерi
Трансплантат тұрақтамауындағы механизмдерi туралы қазiргi көзқарастар
Трансплантат тұрақтамауы донор мен реципиенттiң арасындағы генетикалық айырмашылықтарымен себептеледi, бұл жағдайда реципиент ағзасынан трансплантатқа қарсы иммунологиялық серпіліс дамиды. Бұл серпіліс донор мен реципиенттің генетикалық туыстығы қанша аз болса, сонша айқын дамиды. Әр-түрлi салынған трансплантатқа қарсы иммундық жауаптың дәрежесi де әртүрлi болады. Әрбiр трансплантат түрiн белгiлеу үшiн бірнеше терминдерді қолданады:
Аутотрансплантат деп бiр индивидуумда өз денесiнiң бiр жерiнен басқа жерiне салынған тiндерiн айтады. Бұл алмастыру түрiн жиi күйген адамдарда өткiзедi, ол кезде денесiнiң таза терiсiн күйген жерiне жамайды.
Изотрансплантат (синтрансплантат) – ол генетикалық ұқсас индивидуумдар арасындағы салынған тiндер мен ағзалар. Изотрансплантациялау таза линияға жататын (инбредтi) тышқандардың арасында орындалады. Адамдарда изотрансплантация генетикалық ұқсас (монозиготалық) егiздер арасында өткiзiледi.
Аутотрансплантат пен изотрансплантат донор мен реципиенттің генетикалық ұқсастығы болғандықта, негізі, тұрақтайды.
Аллотрансплантат – ол бiр биологиялық түрге жататын генетикалық түрлi организмдердiң арасындағы салынған тiндер мен ағзалар. Тышқандарда аллотрансплантациялау бiр таза линиялы тышқандардан екiншi таза линиялы тышқандарына тiндерiн немесе ағзасын салғанда орындалады. Адамдарда аллотрансплантациялау көп кездерде, бiр индивидуумнан екiншi индивидуумге ағзасын алмастырғанда өтедi, мысалы, донор орнында реципиентке ұқсас емес (гетерозиготалы) егiзi болса. Аллотрансплантат иесiне генетикалық ұқсас болмағандықтан, оны жиi иммундық жүйе айырып танып, iстен шығарады.
Ксенотрансплантат деп әр биологиялық түрге жататын организмдердiң арасындағы салынған тiндер немесе ағзасын атайды. Мысалы, адамға маймылдан алып салынған жүректi, ксенотрансплантат деп атайды. Шамасы, ксенотрансплантат өте жоғары генетикалық сәйкессiздiк бiлдiретiндiктен, оның тұрақтамауы тез жүреді.
Аллогенді және ксеногенді трансплантаттар әрқашан тұрақтамайды.
Медициналық практикада жиi аллотрансплантатты пайдаланады. Бұл кезде реципиент пен донор екеуiнде кейбiр гендердiң түрлi аллельдi варианттары болады. Реципиенттiң иммунитет жүйесi аллотрансплантат жасушаларының бетiнде экспрессияланған антигендердi бөгде зат ретінде танып, оған қарсы иммунологиялық тұрақтамау серпілісін шақырады.
Трансплантациялық антигендер
Тұрақтамаудың негізгі проблемасы, трансплантациялық иммунитеттің негізгі механизмы ол генетикалық бөгде жасушалардың қарым-қатынасы. Барлық басқа үрдістер: антидене синтезі, баяу жоғары сезімталдық серпілістерінің дамуы, соңында трансплантат тұрақтамауы – алғашқы жағдайға байланысты болады.
Генетикалық бөгде тiндердiң тұрақтамауына жауапты негiзгi антигендерге – гистосәйкестiк антигендерi (немесе тiнсәйкестi антигендерi) жатады, оларды кодтаушы гендерiн – гистосәйкестiк гендерi деп атайды.
Гистосәйкестiк гендердiң өнiмдерi антигендер деп аталса да, олар өздерiнiң антигендiгiн өзiнiң емес генетикалық бөгде организмнiң иммундық жүйесiмен анықталғанда ғана көрсетедi, мысалы, ағзаларды аллотрансплантациялау кезiнде. Гистосәйкестiктiң негізгі гендерi деген түсiнiктi алғашқы рет 1956 жылы Д.Снелл енгiзген. Ол қызметкерлерiмен бiрге аллогендi тiндердi трансплантациялау кезiнде жедел және созылмалы тұрақтамау серпілісін бақылайтын гендердi анықтап, сол генетикалық аймағын гендердiң бас комплексi гистосәйкестiк жүйесi деп атаған (MHC - Major Histocompatibility Complex - Негізгі Гистосәйкестiк Комплекс).
Ұқсас антигендерi бар тiндердi гистосәйкестi тiндер деп айтады, бұл тiндер тұрақтамау серпілісі дамитын иммундық жауапты шақырмайды. Маңызды антигендiк айырмашылықтары бар тiндер – гистосәйкессiз болып келедi, олар тұрақтамау серпілісін шақыратын иммундық жауапқа соғады. Гистосәйкестiктi орнатушы антигендер, әртүрлi 40-тан аса локустарда шифрланған, бiрақ айқын тұрақтамау серпілісіне жауапты локустар гистосәйкестiктiң негізгі МНС-комплексiнде орналасады.
HLA-жүйенiң гендерi трансплантациялық (тiнсәйкестi) антигендердiң жасалуын бақылайды. Трансплантациялық антигендер ең көп мөлшерде лимфоциттерде, терiде; аздау - өкпе, бауыр, iшек, жүректе; ең азы – мийда экспрессияланған. Жалпы, олар барлық ядролы жасушалар бетiнде және тромбоциттарда табылады; эритроциттер мен плацента трофобласттарында жоқ.
Бiр адамның барлық жасушаларында HLA-жүйесiнiң антигендерi бiрдей, бiрыңғай болады және басқа адамда қайталанбайды. Донор мен реципиенттiң осы антигендер бойынша толық сәйкестiлiгi тек монозиготалы егiздерде ықтималды болады. Ата-анасы мен балаларының арасында мүше сәйкестігі 50% құрады, ал інілер мен сіңілілердің арасында сәйкестік 25% құрады. Ата- HLA-сәйкесті ата-аналар мен балаларының және інілер мен сіңілілерінің арасында трансплантация монозиготалы егіздерде өткізген сияқты жақсы нәтиже беруі мүмкін. Кез-келген басқа жағдайларда донор мен реципиенттің арасында иммунологиялық конфликт, яғни тұрақтамау серпілісі дамиды. Оның интенсивтiгiн, ұзақтығын және нәтижесiн көрсетеді:
донор мен реципиент арасындағы антигендiк айырмашылықтар дәрежесi;
реципиенттiң иммунды реактивтiлiк дәрежесi;
трансплантаттың түрi;
трансплантатта лимфоидтық тіннің болуы;
гистосәйкестiк антигендердің мөлшерi.
HLA-А және В локустарының антигендерi күштi трансплантациялық антигендер қатарына жатады, соның арасында гистосәйкестiктi негiзi, В-локусының антигендерi көп анықтайды. Практика жүзiнде күштi трансплантат антиген бойынша бiреуi ғана сай келмесе, донор мен реципиент оптималды болып саналады. Донор мен реципиенттi MHC бойынша iрiктеуi, салынған тiндердiң тұрақтауына себептi болғандықтан, гистосәйкестiк комплексi адамдардың арасындағы тiндi немесе ағзаны алмастыру кезiнде, бiраз дәрежелi иммунды супрессияны талап етедi.
Сонымен, аллогенді трансплантаттың тұрақтамауы, сол тіндерде реципиентте жоқ антигендері болғанына байланысты жүреді. Тұрақтамау серпілісі трансплантат аллоантигендеріне қарсы жасушалық адаптивті иммунды жауап арқылы жүреді. Бұл серпілісті «иесі трансплантаттқа қарсы» серпілісі деп атаса болады.
