- •Пән мазмұны
- •3 Әдебиеттер тізімі
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •0,4 Және 0,6 – емтихан және аралық бақылау қорытынды бағасын шығару мақсатында көбейтіледі.
- •0,4 Және 0,6 – емтихан және аралық бақылау қорытынды бағасын шығару коэффициенті.
- •Студенттердің білімін тексеру өлшемдері
- •Студенттер тарапынан түскен шағымның рәсімделуі.
3 Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Құран
Библия
Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. А., 1996.
В.Иванов, Я.Трофимов. Религии Казахстана. Алматы, 1999 г.
Затов Қ. Байтенова Н.Ж. Дінтану негіздері. Алматы, 2008
Религиоведение. – М.: ЭКСМО, 2007.
История религий в двух томах. Учебник. – М., 2007.
Всеобщая история религий мира. – М., Наука, 2009.
Васильев Л.С. История религий Востока. – М.: Высшая школа 1998.
Гараджа В.И. Религиоведение. – М., 1995.
Гараджа В.И. Социология религии. Учебное пособие. – М., 1996.
Дик П.Ф. Основы религиоведения. – Астана-Костанай, 2000.
Артемьев А.И. Религиоведение. – Алматы, 2002.
Мистика. Религия. Вера. – М., 1996.
Косидовский З. Библейские сказания. Сказания евангелистов. – М., 1990.
Қосымша:
Ислам. Энциклопедический словарь. М., 1989.
Султангалиева А.К. Ислам в казахстане: история, этничность, общество. Алматы, 1998.
Орынбеков М.С. Қазақсенімдерінің бастаулары.А.,2002.
Я.Ф. Трофимов. Религия в казахстане. Учеб. Пос. Алматы,1996 г
Беленький М.С. Иудаизм. – М., 1974.
Васильев Г.А. Неопротестантизм. – М., 1990.
Христианство. Словарь. – М., 1994.
Всеобщая история религий мира. – М., Наука, 2009.
Таевский Д. Секты мира. – Ростов н/Д, 2007.
Басилов В.Н. Культ святых в исламе. – М., 1970.
Бартольд В.В. Ислам и культура мусульманства. – М., 1992.
Климович Л.И. Ислам. – М., 1963.
Коран. / пер. И.Ю. Крачковского. – М., 1990.
Корев В.И. Буддизм – религия Востока. – М., 1990.
Введение в буддизм. – СПб, 1999.
Кинцевич И.М. Православие и буддизм. – М., 1994.
Чанышев А. Курс лекций по древней философии. – М., 1981.
Панфилова Т.В. Человек в мировоззрении Востока. – М.: Знание, 1991.
Замалеев А.Ф., Овчинникова Е.А. Еретики и ортодоксы. – Л., 1991.
История евангелических христиан-баптистов в СССР. – М., 1989.
Беляев Е.А. Мусульманское сектантство. – М., 1957.
Католицизм: Словарь атеиста. – М.: Политиздат, 1991.
Ковальский Я.В. Папы и папство. – М.: Политиздат, 1991.
Максуд Р. Ислам. – М.: ГРАНД: Фаир-пресс, 1999.
Протестантизм: Словарь атеиста. – М.: Политиздат, 1990.
Токарев С.А. Религия в истории народов мира. – М., 1976.
Токарев С. А. Ранние формы религии. – М., 1990.
Эррикер К. Буддизм /Пер. с англ. Л. Бесковой. – М.: ГРАНД: Фаир-пресс, 1999.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің
директоры
Сабыров А.С.
«___» _________________2013 ж.
Пәннің оқу бағдарламасы
(syllabus)
Пән атауы «Дінтану»
5В030200 – Халықаралық құқық, 5В030300 – Құқық қорғау қызметі, 5В030100 - Заңтану, 5В050900 - Қаржы, 5В050800 – Есеп және аудит, 5В050600 - Экономика, 5В050300 - Психология, 5В020700 – Аударма ісі, 5В050200-Туризм
Оқыту нысаны – күндізгі
Барлығы: – 2 кредит
Курс – 1 Семестр 2
Дәрістер – 20 сағат
Практикалық, семинар – 10 сағат
СОӨЖ – 15 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Емтихан – 2 семестр
Жалпы сағат саны – 90 сағат
АСТАНА 2013
1. Курс оқытушылары: ф.ғ.д., профессор Қабылова Айна Сағатбекқызы, тарих магистрі, аға оқытушы Тлебалдиева Меруерт Доқтырханқызы.
2. Курс пререквизиттері: Аталған пәнді меңгеру үшін аударма дағдыларын білу және мектеп бағдарламасында Қазақстан тарихы және әлем тарихы пәндерінен алған білімдеріне анализ, қорытынды жасауға баулу.
3. Курс постреквизиттері: «Дінтану» курсын игеру арқылы студент бұдан әрі философия, әлеуметтану, мәдениеттану және саясаттану пәндерін де тереңінен меңгереді.
4. Пәннің сипаттамасы: «Дінтану» пәні элективті курс болып табылады.
“Дінтану”курсы білікті мамандарды даярлауда және олардың рухани көзқарасын қалыптастыруда маңызды курс болып табылады және алғашқы қауымдық діндер, ұлттық діндер, әлемдік діндердің тарихы мен түптамыры туралы мәліметтерді меңгереді. Сонымен қатар, олардың жеке тұлға мен қоғамның қалыптасуына, әлеуметтік қатынастардың реттелуіне, мемлекет саясатының жағдайына əсерін зерттеу болып табылады.
Адамзат пен қоғамның қазіргі кездегі дамуы бұл ғылымның қажеттілігі мен өзектілігін анықтайды.
Қазіргі кезде әртүрлі діндердің, секталардың, сектант фанатизмінің қалыптасуы мен дамуы бұл пәнді оқуды талап етеді.
Пән мақсаты: Пәнді студенттерге дін туралы қазіргі қоғамдық қажеттілік тұрғысынан түсіндіре отырып, ежелгі діндер, ұлттық діндер, әлемдік діндердің тарихымен шығу тегі туралы ғылыми-зерттеушілік еңбектер және ежелгі дін формаларын жан-жақты зерделеуге барынша көмектесу, сонымен бірге дістану пәнін оқытуды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету. Сонымен бірге, қазіргі Қазақстандағы Діни ахуал бойынша кеңінен хабар беру және рухани дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеті: студенттерге діннің маңызы мен рөлін және құрылымдық негіздерін түсіндіру;
- діни мәселелерді талдауға үйрету;
- әрбір діннің ерекшелігін көрсету;
- студенттердің дінтану білімдерінің негізін қалыптастыру;
- студенттердің өз дүниетанымдық позициясын тұрақтандыру
Оқу барысында студенттер мынаны білуі қажет:
Дінтанудың пәні мен мазмұнын, ежелгі діндердің, ұлттық діндер, әлемдік діндердің тарихы мен шығу тегі пайда болуы мен даму кезеңдерін және ежелгі, ұлттық, әлемдік діндердің ерекшеліктерін: Студент танып-парқылауы тиіс: Ежелгі діндердің, ұлттық діндер, әлемдік діндер туралы теориялардың мән-мағынысы туралы өзіндік ой-пікірін айқын жеткізе білуі керек. Сонымен қатар, әлемдік діндер жайлы дүниетанымдық және ғылыми тұрғыдан талдап, қазіргі қоғамдағы дін мәселесінің мәні мен маңызын бағамдай білуі керек.
Пәнді оқытудан кейін студент билу тиісті
-Діндердін әлеуметтік құбылыс ретінлегі мәнін;
-Діндердің негізгі классификацияларын;
-Діндердін құрылымын;
-Әлемдік діндерді және олардың ерекшеліктерін.
Пәнді оқып-үйрену үдерісінде біле алу тиісті
-Зерттеп оқыған мәселелерді объективті тұрғыдан қарастыру;
-Қазақстандағы діндердің ерекшеліктерін түсіну.
Істей алу тиісті
Діндер догматикаларына талдау жасау;
-діни құбылыстарын қлассификациялау.
құзыретті болу
-дәстүрлі емес ағымдарында және негізгі әлемдік діндерінің сферасында;
-діни феномендер және діни философия саласында.
Дәріс, семинар, практикалық (зертханалық) сабақтарының тақырыптық жоспары
Модул атауы: Дінтану
Пән модулінің атауы: Дінтану |
||||
№ тақырыбы |
Дәріс сабақтары |
Семинар, практикалық сабақтары |
||
Пән модулінің тақырыптарымен сұрақтарының мазмұны |
Сағат көлемі |
Пән модулінің тақырыптарымен сұрақтарының мазмұны |
Сағат көлемі |
|
1 |
Дінтану: пәні, мазмұны, дінтану курсын игерудегі негізгі әдістер
|
2 сағат |
Дін және дінтану ұғымдарына анықтама беру
|
1 сағат |
2 |
Дін құрылымы, элементтері және қызметі
|
2 сағат |
Дін қоғамдық феномен ретінде 1. Діннің ішкі мазмұндық сипаттамасы. 2. Дін негізі және түсініктері. 2. Қауымдық, антроптық, әлеуметтікмәдени негіздері. 2.2 Психологиялық түсініктері. 2.3 Гносеологиялық түсініктері. 3. Мәдениет жүйесіндегі дін. 4. Әлеуметтік қызметтері және діннің орны. |
1 сағат |
3 |
Дін типологиясы 1. М. Мюллердің дінтанулық және лингвистикалық діни типологиясына салыстырмалы әдіс жасау. 2. Діннің морфологиялық классификациясы. Дін типологиясы К.П. Тиле. 3. Дін типологиясының әртүрлі қағидаттары: географиялық, философиялық, феноменологиялық және әлеуметтанулық. 4. П. Тиллихтың серпінді-типологиялық қозғалысы. |
2 сағат |
Дін құрылымы және типологиясы
|
1 сағат |
4 |
Ежелгі кезеңдегі дін формалары. Пұтқа табынушылық емес феномені. 1.Тотемизм алғашқы діни түсініктердің түрі ретінде. Тотем және табу. З. Фрейд концепциясы. 2.Анимистикалық сенімдері: ерекшеліктері мен қазіргі заман. Э. Тайлор анимизм жайында. 3.Магия және дін. 4. Фетишизм. |
2 сағат |
Алғашқы кезеңдегі дін формалары. Пұтқа табынушылық емес бағыттың феномені 1.Алғашқы қауымдық дін: негізгі белгілері. Э.Тайлордың концепциясы. 2. З. Фрейд тотемизм жайында. 3. Магия және религия. 4. Діндегі ата баба наным сенімдері. Шаманизм. 5. Қазіргі заманғы басылымдардағы пұтқа табынушылықтың қайта жаңғыруы.
|
1 сағат |
5 |
Ұлттық діндер 1. Үндістан діні. Қасиетті индуизмнің жазылу тарихы. Индуизмнің кілтті концепциясы. Джайнизм діни ілімі және этикалық концепциясы. 2. Дуализм ежелгі Иран дінінің ерекшелігі ретінде. Зороастризм, митраизм, манихейлік. 3.Қытай діні. Қытай еліндегі Даосизм. Даосизмнің негізгі түсініктері. Конфуцишілдік: дін немесе әдептік-саяси доктрина. 4. Жапония діні. Синто наным сенімінің ерекшеліктері. Буддизм және синтоизм. |
2 сағат |
Ежелгі және ортағасырлық әлемінің діндері
|
1 сағат |
6 |
Буддизм: тарихы және қазіргі әлемдегі орны
|
2 сағат |
Ұлттық діндер
|
1 сағат |
7 |
Христиандық: тарихы және наным сенімдері 1. Христиан дінінің шығу тарихы және теориясы: негізгі мектептері. Христиан дінінің тарихы бойынша деректер. Қасиетті Кітаптың жазылуы және христиандарға тарту етілуі. 2. Христиандық қағида. Әлемдік алқалы жиылыс. Христиандық күпір етушілер. 3. Христиандық әдеп және аксиология. 4. Христиан дінінің таралуы. |
2 сағат |
Буддизм
|
1 сағат |
8 |
Христианшылдықтың бағыттары: православие, католиктік, протестантизм 1. Батыс және Шығыс шіркеулерінің бөлінуі: әртүрлі діни ұстанымдар. 2. Православие және католиктік: догматикалық, наным сенімдік, экклезиологиялық айырмашылықтары. 3. Протестантизмнің пайда болуы және реформациясы. |
2 сағат |
Христиан діні. Шығу тегі мен қалыптасуы
|
1 сағат |
9 |
Ислам
|
2 сағат |
Ислам. Діннің шығу тегі мен қалыптасуы. Діни ілімінің негізі 1. Мұхаммед пайғамбар және исламның шығу тегі. 2. Құран және аяттар. Шариат және адат. 3. Шиизм және суннизм бағыттарына салыстырмалы сараптама жасау. 4. Ислам дінінің діни-құқықтық мектептері (масхаптары). Ханафи масхабының ерекшеліктері. 5. Исламның тылсым бір бағыты – сопылық. |
1 сағат |
10 |
Қазақстандағы діндердің таралу тарихы
|
2 сағат |
Қазақстан Республикасындағы діни ахуал.
|
1 сағат |
|
Барлығы |
20 |
|
10 |
СӨОЖ және СӨЖ сабақтарының тақырыптық жоспары
Пән модулінің атауы: Дінтану |
||||||
№ тақырып
|
СОӨЖ |
СӨЖ |
||||
Пән модулінің тақырыптары мен сұрақтарының мазмұны |
Тапсыру уақыты (аптасы сағат саны) |
Өткізу үлгісі |
Пән модулінің тақырыптары мен сұрақтарының мазмұны |
Тапсыру уақыты (аптасы сағат саны) |
Өткізу үлгісі |
|
1 |
Дінтану ғылым ретінде
|
1 сағ. 1-ші апта
|
Ауызша сұрау, глоссарии құрастыру |
Дінтану және теология ілімдерінің келесідей бөлімдері бойынша салыстырмалы кесте құру: зерттеу пәні, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері, білім өлшемдері. |
4 сағ. 1- апта
|
Конспект, Ауызша сұрау |
2 |
Діни философияның негізгі бағыттары
|
2 сағ. 2-3-ші апта |
Ауызша сұрау, эссе |
Дінтану терминдерінен сөздік құру. |
4 сағ. 2- апта
|
Конспкт, презентация |
3 |
Дінтану құрылымы
|
2 сағ. 4-5 апта |
Дискуссия, Ауызша сұрау |
Р. Хаббард және Сайентология шіркеуі. |
4 сағ.3- апта
|
Ғылыми жоба |
4 |
Әлем халықтарының пұтқа табынушылығы 1. Ежелгі түрктермен славяндардың пұтқа табынушылығы. 2. Антикалық пұтқа табынушылық. Құдайлары және сенушілері. 3. Африкадағы пұтқа табынушылық. 4. Америкадағы пұтқа табынушылық наным сенімдері. |
1 сағ. 6- апта |
Ауызша сұрау, презентациия |
Аум Сенрикё. |
4 сағ. 4- апта
|
Реферировалау |
5 |
Католицизм 1. Католицизмнің шығу тегі мен тарихы. 2. Католицизнің негізгі догмалары және теософия. 3. Қазіргі католицизм. 4. Шіркеу ұйымдары. Папалар және папалық 5. Наным сенімдері мен салттарының ерекшеліктері. |
2 сағ. 7-8- апта |
Ауызша сұрау, презентациия |
Демонология және сатанизм. |
5 сағ. 5-6 апта
|
Ғылыми жоба |
6 |
Православие 1. Православие шығу тегі мен тарихы. 2. Православиенің негізгі догмалары және теософия. 3. Қазіргі заманғы православие. 4. Шіркеу ұйымдары. Ресейдегі Патриархтық. Ескі дәстүрлі. 5. Наным сенімдері мен салттарының ерекшеліктері. |
1 сағ. 9- апта |
Ауызша сұрау, дөңгелек үстел |
Вуду наным сенімдері, Пале наным сенімдері. |
4 сағ. 7 апта |
презентация |
7 |
Протестантизм
|
1 сағ. 10- апта |
Ауызша сұрау, презентациия |
Муна шіркеуі. |
5 сағ. 8-9 апта |
Ғылыми жоба |
8 |
Дәстүрлі емес христиан дінінің ағымдары 1. Иегова куәгерлері. 2. Мормондар. 3. Баптисттер, анабаптисттер. 4. Квакерлер. 5. Ресейдегі туыстас діндер. |
2 сағ. 11-12- апта |
Ауызша сұрау, диспут |
Телема, Бахаи. |
5 сағ.10-11 апта |
Аннотация |
9 |
Дәстүрлі емес мұсылман дінінің ағымдары 1. Салафиттер. Араб әмірлігі. 2. Нұрджулар. Ф. Гюллен. Түркия. 3. Ата-жолы тағы басқа іріткі салушы ағымдар мен секталар. 4. Радикалды ислам және шииттер. 5. Қара мұсылмандар. Мұхаммед Әли.
|
1 сағ. 13- апта |
Ауызша сұрау, дискуссия |
МОСК (Кришнаны таныту халықаралық қауымдастығы). |
5 сағ.12-13 апта |
Конспект Ауызша сұрау |
10 |
Қазақстандағы дін
|
2 сағ. 14-15-апта |
Диспут, презентациия, реферат, рөлдік ойын |
Растафарианство. |
5 сағ. 14-15 апта |
аннотация, эссе |
|
Барлығы |
15 |
|
|
45 |
|
ГЛОССАРИЙ
Дiн- терминi religio деген латын сөзiнен шыққан. Бұл терминнiң неғұрлым мойындалатын нұсқалары Цицерон (б.э.д. 106-43) мен Лактанцийдiң (шамамен 250-325 жылдан кейiн қ.б.) нұсқалары болып табылады. Цицерон бұл терминдi relegere – артқа жүру, оралу, қайта оқу, ойластыру, жинау, аңдау, қорқу деген латын сөзiнен жасаған және дiндi құдайдан қорқу, қорқыныш және құдайларды құрметтеу, осы құрметтеуге қатысы бар барлық нәрсенi мұқият ойлап байқау ретiнде сипаттады. Лактанций religio сөзi латынның religare – алу, буу, байлау, шырмау сөзiнен шыққан – және байланыс, адамды Құдайға қызмет еткенде және оған тақуалық арқылы бағынғанда бiрiктiретiн дәнекер дегендi бiлдiредi деп санаған. Танымал француз лингвистi Э. Бенвенист (1902-1976) бастапқыда religio – бұл әрекетке түрткi болатын немесе салтты орындауға мәжбүрлейтiн сезiм емес, бұл адамды ұстап тұратын күдiк, қайсыбiр әрекетке деген iшкi кедергi деген. «Қайта жинау», «жинау, бастапқы түрге келтiру», «бұрын жасалған таңдауды қайта бастау» - religio сөзiнiң нақты мағынасы осындай. “Ол әр түрлi заттардың объективтiк қасиеттерiн немесе культтiк практиканы емес, iшкi бейiмдiлiктi көрсетедi”, - деп жазады Э. Бенвенист /1/. Тек христиан жазушыларында алғаш рет religio сөзiн religare сөзiмен түсiндiру орын алады, religio сөзi тақуалық мағынасынан шығарылады, себебi Құдай адамды өзiне бiрiктiредi және өзiне тақуалық арқылы байлайды. Христиандықта religio сөзi адамның Құдайға тәуелдiлiгi, адамның Құдай алдындағы мiндеттерi мағынасында түсiндiрiлген. Сөз семантикасының эволюциясы сөздiк аудармаларда көрiнiсiн табады. Religio терминi сөздiктерде былайша аударылады: бiрдемеге ар-ұят тұрғысынан қарау - iшкi сезiмде орныққан ұяттың болуы; әсiресе, қасиеттi бiр нәрсеге ар-ұят тұрғысынан қарау; дiни сезiм, сенiм; дiни құрмет, құдайды құрметтеу; культ, дiн.
Дiни тұлға – бұл дербес қасиеттерiн, соның iшiнде дiни қасиеттерiн жинақтаған, дiни әрекеттiң субъектiсi болуға қабiлеттi адам.
Дiни сана - сезiмдiк (аңдау, елестету образдары) және ойлау (ұғым, пайымдау, ой қорытынды) формаларында көрiнедi. Соңғыларының маңыздылығы концептуалды деңгейде анағұрлым өсе түседi, жалпы алғанда, сенсорлық құрылымдар басым болады, елестету ерекше үлкен рөлдi ойнайды. Образды материалдың дереккөзi ретiнде табиғат, қоғам, адам қызмет атқарады; сәйкесiнше, дiни жаратылыстар, қасиеттер, байланыстар табиғат, қоғам, адамға ұқсас жасалады.
Культ -дiни әрекеттiң маңызды түрi культ болып табылады (лат. cultus – күтiм, құрметтеу). Оның мазмұны сәйкес дiни түсiнiктермен, идеялармен, қасаң қағидалармен анықталады.
Даосизм – адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат қоятын ілім.
Синтоизм – бұл Жапонияның VI-VII ғғ. қалыптасқан дәстүрлі діні. «Синто» («құдайлар жолы») ежелден жапондықтар дәріптейтін құдайлар мен рухтар әлемін («ками») білдіреді. Синтоистер өздерінің діндерін күн құдай-анасы және жапон императорларының ілкі анасы саналатын Аматэрасудан бастау алады деп есептейді. Аматэрасу – синтоистік құдайлар пантеонының басты құдайы.
Тэнноизмнің теориялық негізі – ұғымдардың күрделі жүйесі «кокутай» (мағыналық аудармасы «ұлттық мән», сөзбе-сөз «мемлекет тәні») болды.
Иудаизм - (Ивритте «Яаадут») Иуда еврей тайпа бірлестігінің атынан шыққан. Иуда ең ірі Израиль тайпасы болатын. Иврит тілінде «Иудаизм» термині XIX ғасырдың соңында кең тарала бастады.
Будда - санскрит сөзі “будх” (ояну, көзі ашылу) ұйқыдағы сананың оянып, сергек санаға өтуін білдіреді. Бір сөзбен айтқанда “будда” кез-келген белсенді сананың иесі, ал ақыл-ойдың белсенді күйінің не екенін Будда ілімі түсіндіреді
Христиандық махаббат – бұл, адамды Құдайға жақындататын сезім.
Ислам - араб тілінде берілу, мойынсұну, бейбітшілік, деген мағыналарды білдіреді. Ислам ұсынып көңіл бергендерді мұсылман, муслим деп атайды
Сунна - (ғұрып, үлгі) Мұхаммед (с.а.у) өмірінен алынған мысалдар.
Құран - Шариғаттың тірегі, ислам заңдарының өзегі. Құран - барлық діни үкімдердің бастау алар қайнар көзі және барлығы одан шығарылады.
Сүннет - араб тілінде “тура, дұрыс жол, үлгі алатын іс-әрекет” деген мағыналарды білдіреді Алланың кітабын (Құранды) түсіндіруші.
Сахаба сөздері - Сахабалар пайғамбармен бірге болғандар және оның айтқандарын бізге жеткізушілер. Сондай-ақ құран аяттары мен пайғамбардың хадистерінің мән-мағынасын жетік білетін тұлғалар болып табылады.
Қияс - (Салыстырмалы әдіс): Әбу Ханифа белгілі бір мәселенің шешімін Құран мен сүннеттен немесе сахабалардың сөздерінен таппаған жағдайда осы әдісті пайдаланған. Қияс дегеніміз құран мен сүннет бойынша үкімі жоқ, бірақ араларындағы себеп-салдар ұқсастығына қарай салыстыра отырып үкім шығару болып табылады. Әбу Ханифа осы әдіс арқылы үкім шығаруда үлкен жетістіктерге қол жеткізген.
Истихсан - белгілі бір құқықтық мәселелерді шешу барысында қиястың үкімінен бас тартып соған жақын бір үкім шығару дегенді білдіреді. Бұл әдіс негізінен жаңадан туындаған мәселенің кейбір ерекшеліктеріне қияс үкімінің сәйкеспеуі барысында қолданылады.
Ижма (Келісім) - белгілі бір ғасырда өмір сүрген ислам ғұламаларының бір мәселе бойынша ортақ көзқараста болуларын білдіреді. Бұл дегеніміз белгілі бір мәселеде ғалымдардың ортақ келісімдерін де үкім ретінде жүретіндігін білдіреді.
Салт-дәстүр - өзінше бір дәлел және үкім ретінде қолданылады және “дұрыс”, “бұрыс” болып екіге бөлінеді. Дұрыс салт дәстүрге діни үкімдер мен ұстанымдарға қайшы келмегендері жатқызылады. Бұрыс салт-дәстүрлерге қандайда бір діни негізге қайшы келгендері жатады және олар дінде дәлел ретінде қолданылмайды.
Шииттік (шиа) - Ислам дініндегі екі үлкен бағыттың бірінің аты.
Тантризм - бұл буддизм мен индуизмнің әр түрлі мектептері мен бағыттарының ортақ атауы
Махаяна - буддизміндегі маңызды ілім.
