- •Дәрістер кешені
- •Е. Баянов. Мемлекет және құқық негіздері. – Алматы, 2002.
- •Табанов с.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы. 2003.
- •Өзбекұлы с., Қопабаев ө. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы, 2006.
- •Мемлекеттің пайда болуы.
- •Е. Баянов. Мемлекет және құқық негіздері. – Алматы, 2002.
- •Табанов с.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы. 2003.
- •Өзбекұлы с., Қопабаев ө. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы, 2006.
- •1. Жер құқығының қайнар көздерiнiң түсінігі және белгілері
Мемлекеттің пайда болуы.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір- бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі объективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.
Қазіргі заманғы мемлекет – қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін, өзінде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың құқықтарын, бостандықтарын әрі заңды мүдделерін қорғайтын, мемлекеттің өз ішіндегі және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетін институт.
Мемлекет – белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп отыратын, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.
Мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:
Мемлекеттік билік – ерекше көпшілік билігі, яғни халық билігі.
Мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді, Азаматтары шекарасы белгіленген әкімшілік-территориялық аумағында тұрады.
Ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде тәуелсіз.
Билік жүргізетін органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады.
Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттің аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы.
Мемлекеттің басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинайды.
Мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері қалыптасады. Мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіріледі: формациялық, өркениеттік.
Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне қызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылады. Марксистік ілім бойынша қоғамдағы өндіргіш қарама-қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық экономикалық формация пайда болады. Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттің типін қалыптастырады (алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық, социалистік).
А.Тоинби қоғам мен мемлекеттердің типологиясының негіздерін анықтауда тек экономикалық қатынастарды ескеріп қана қоймай, сонымен қатар мәдени, діни факторларды ескеру қажет екендігін дәлелдеді. Ол дүниежүзінде 21 астам өркениет қалыптасқанын атап көрсетті. Мысалы, египет, қытай, араб, мексика, православия, иран, сирия, мая, инкілер, ацтектер т.б. Сонымен қатар, өркениеттік типологияда технологиялық бағыт дамып келеді. Бұл тұжырымдама бойынша, мемлекеттердің типтерінің деңгейі қоғамдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен сипатталады.
Кез келген мемлекет оның мәні мен әлеуметтік бағыттарынан басқа сыртқы белгілерімен де сипатталады, оның жиынтығын нысандар (формалары) құрайды.
Мемлекеттің нысаны үшке бөлінеді: басқару нысандары, мемлекеттік құрылыс, саяси режим.
1. Басқару нысанына байланысты монархия мен республика танылады. Ең көнесі – монархия (монос-бір, архе-билік) «бір адамның билігі» деген ұғымда айтылады. Монархия: шектеусіз (абсолютт), шектеулі конституциялық (парламенттік) монархия.
Абсолюттік монархияның белгілері:
монархтың жеке басының мемлекеттік билікке ие болуы;
әдетте, монарх өз билігін өмірбақи пайдаланады, жоғарғы билікті мұрагерлік тәртіппен иеленудің қалыптасуы;
монарх мемлекетті өздігінше халық билігінен туындамайтын құқықпен басқару;
мемлекеттің басшысы ретінде монархтың заң жауапкершілігінің болмауы.
Шектеулі монархияның белгілері:
үкімет парламент сайлауында көп дауысқа ие болған белгілі бір партия немесе өкілдерінен құралады;
көп депутаттық орынды алған партияның жетекшісі үкімет басшысы бола алады;
заң шығару, атқару, сот сфераларында шын мәнінде, монархтың билігі жоқ болады, бейнелі түрде көрініс табады;
заң актілерін парламент қабылдайды, оған монарх тек формальді түрде қол қояды;
үкімет конституцияға сәйкес, монархтың алдында емес, парламенттің алдында жауапты.
Республика (лат. Қоғамдық іс) – мемлекет биліктің жоғарғы органдары белгілі бір мерзімге халық сайлаған, немесе айрықша өкілді мекемелердің қалыптастыратын органды айтамыз. Республиканың екі негізгі түрі бар: президенттік, парламенттік. Президенттік республикаға тән қасиет президентті халық тікелей сайлайды, ол белгілі мерзімге сайланады, әрі мемлекет басшысы, әрі үкімет басшысы болып саналады, парламенттік республикаға қарағанда өте кең өкілеттіке ие. Парламенттік республика (Германия, Италия) – президентті әдеттегідей, халық емес, парламент сайлайды, сондықтан ол тек мемлекеттің басшысы болып табылады, үлкен билік өкілеттіктеріне ие емес.
2. Мемлекет құрылысының нысаны – бұл мемлекеттің аумақтық құрылымын, оның аумақтық бөліктерімен ара-қатынасын анықтаушы күш. М.қ.н. қарай біртұтас (унитарлық) және федеративтік (күрделі). Унитарлық (лат. біріккен) яғни оның аумағы тек мемлекеттік белгілеріне ие емес әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге бөлінеді. Унитарлық мемлекетте біріңғай орталықтандырылған мемлекеттік аппарат бар: бір парламент, бір президент, бір үкімет. Федеративтік мемлекет – (лат. Одақ, күрделі мемлекет) – оның құрамына бірнеше мемлекеттер немесе мемлекеттік құрылымдар – федерация субъектілері кіреді, олардың әрқайсысы әр түрлі аталуы мүмкін: штаттар, республикалар, автономиялық республикалар т.б. Федерациядан конфедерацияны ажырата білуіміз қажет. Конфедерацияның белгілері: одаққа кірудегі мақсаты - белгілі бір мәселелер бойынша, айталық экономикалық проблемаларды, қорғаныс және т.с.с. бірігіп шешім қабылдау.
3. Саяси режимнің түрлері: демократиялық және демократиялық емес. Демократиялық емес режим: тоталитарлық және авторитарлық.
Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі.
Мемлекеттің тетіктері (аппараты) дегеніміз билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі.
Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекет механизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдаусы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
құқықтық нысандар - құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік-міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
ә) құқыққолданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
б) құқыққорғаушы қызмет-бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б. байланысты қызмет.
Құқық та мемлекет сияқты қоғамдық дамудың туындысы. Заңи тұрғыда ол мемлекеттік-ұйымдастырушылық қоғамда қоғамдық қатынастардың негізгі нормативтік реттеуіш ретінде анықталады. Алғашқы қауымдық қоғамның әдет-ғұрып, мораль, діни нормалары енді екінші орында болды, оның орнын қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу басты. Құқықсыз өркениетті қоғамның болуы мүмкін емес. Ол нормативтік нысанда жалпы адамдардың әділдігін талап ету қажет, қоғам мүддесіне қызмет ету керек. Құқық мемлекетпен орнатылған және қорғалатын мінез-құлықтың өлшемі. Құқық бір жағынан мүмкіндік беруші, ал екінші жағынан қарым-қатынаста сыртқы бостандықты шектеуші нормалардың жиынтығы.
Қоғам өзіндегі тәртіпті әр түрлі құралдармен қорғайтыны белгілі. Мемлекет пайда болғанға дейінгі аралықта тәртіпті рулық, тайпалық әдет-ғұрып нормалары арқылы реттеп отырған. Бертін келе өндіргіш күштердің күрделенуіне байланысты қоғамның әлеуметтік күштерінің де күрт өзгеруіне де душар болды. Сөйтіп қоғамның объективтік қажеттілігінен, яғни, жеке адамның сана-сезіміне байланысты емес туындайтын қатынастарды реттеу – құқық ережелері болып табылады. Мұндай объектвтік қажеттіліктің жаңа түрін құқық нормалары немесе құқықтық нормалар деп атаймыз.
Құқықтың қағидалары құқықтық мазмұнын, мәнін және ерекшеліктерін айқындайды. Халық құқық қағидаларын тану және оған сену арқылы әділеттілікті, әділ сотты бағалайды. Заң ғылымында құқықтың қағидалары мынадай түрлерге бөлінеді: халық билігінің баяндылығы (ҚР Конституциясының 3-бабына негізделген), демократизм (), барлық адам және адамзаттардың заң алдындағы тең құқылығы (ешкім ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік тегіне, дініне, тіліне, жынысына қарамастан құқық нормалары талабы шеңберінде артық деп танымайды.), гуманизм (гуманизм негізінде адам құқықтарын ең қастерлі құндылықтар санатына жатқызады және оның іс жүзіне асырылуы 3 мәселені қамтиды. 1. адамгершілік идеяның құқықтың барлық саласына енуі; 2) мемлекеттің күш қолдануы ереже кек алу емес, керісінше, тек қана қажеттіліктен туындайды, келтірілген зиянды орнын толтыру, болашақта алдын алу үшін пайдаланады. Осы бағытта жасалған қадамдардың ең бастысы ретінде өлім жазасын қолдануға мораторий жариялау болып табылады. 3) құқық бұзушылық жасаған субъектілерге кінәләрінің ауырлығына байланысты қажетті жазаны тағайындау), әділеттілік, адам құқықтары мен міндеттерінің біртұтастығы, сендіру және мәжбүр етуді үйлестіру.
Құқыктық мемлекет - бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандық- тарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.
Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін кұқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен бай- ланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да жатады:
билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;
заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сактай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертіліуі және тоқтатылуы мүмкін емес;
мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.
«Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық коғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам – жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы институттары мен қатынастарының жиынтығы.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
1) мемлекеттік емес, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);
қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
саяси партиялар мен қозғалыстар;
тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі; 7) отбасы;
8) шіркеу және т.б.
Азаматтық қоғамның белгілері:
адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;
өзін-өзі басқару;
оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;
еркін
түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас
пен плюрализм
жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;
экономиканың көпжақтылығы;
биліктің заңды және демократиялық сипаты;
құқықтық мемлекет;
адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.
Құқық негізінде үш жолмен пайда болған: әдет-ғұрып нормалары, нормативтік-құқықтық кесімдер, сот прецеденті.
Құқық функциялары: жалпы әлеуметтік (мәдени-тарихи, тәрбиелік, әлеуметтік бақылау, информациялық бағыттық), жеке заңдық (реттейтін, қорғайтын, динамикалық, статикалық).
Құқықтың қайнар көздері: негізгі және туынды болып бөлінеді.
Құқық нормасы - бұл мемлекет таныған және қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Құқық нормасынан коғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері туындайды және осы ереже аталған субъектілердің әрекеттерін реттеуге бағытталған.
Заң нормасы - құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше әлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тән болуы заңды да. Алайда, бұл «құқық» және «құқық нормасы» түсініктерінің бірі екенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның бөлігі ретінде байланысқа түседі.
Құқық нормасының белгілері:
жалпыға міндеттілігі - ол адамдардың мүмкін және міндетті әрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;
формальды анықталғандыгы - ол жазбаша түрде ресми құжаттарда көрініс табады;
мемлекетпен байланысы - оны мемлекеттік органдар орнықтырады және мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;
ұсынушылық-міндеттемелік сипат - ол бір субъектілерге құқықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүм-кін емес.
3. Құқық нормаларыньщ түрлері. Заң нормаларының түрлері:1) реттеуші және құқыққорғаушы; 2) құқық беруші, тыйым
салушы және міндеттеуші; 3) императивтік және диспозитивтік.
Реттеуші норма - бұл субъектінің субъективтік қүқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.
Құқыққорғаушы норма-бұл субъектіге мемлекеггік мәжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.
Құқық беруші норма - бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.
Тыйым салушы норма - бүл субъектіге белгілі бір әрекеттердіі жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.
Міндеттеуші норма - бүл субъектііе белгілі бір мазмұндағы, әрекеттерді жасау ішндетін жүктейтін норма йді. Императивтік норма - бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын және құқық субъектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде әрекетететін норма.
Диспозитивтік норма - бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.
4. Құқық нормаларының қүрылымы. Құқыктық норманыңқұрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция және санкция.
Гипотеза - бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету; диспозиция - бұл кұқықтар мен міндеттердін өзін көрсету; санкция — бұл норманы бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды керсету.
Бұл үлгінің создік кестесі мынадай: «егер... , онда... , бұлай болмаған жағдайда...». Мысалы, займ шарты жазбаша нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Логикалық түрде бұл норманы былай құруга болады: егер займ шарты бекітілетін болса, онда ол жазбаша түрде жасалуы тиіс, бүлай болмаған жағдайда, шарттың күші болмайды.
5. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақаты-насы. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабы бір ұғымдаремес, көп жагдайларда олар сәйкес келмеуі де мүмкін. Құқық нормасы - бұл гипотезадан, диспозициядан жэне санкциядан құралғанжүріс-тұрыс ережесі, ал заңшығармашылық актісінің бабы-бұлқүқық нормасының жүзеге асырылу құралы, мемлекетгің ерікбілдіру нысаны. Құқық нормасы нормативтік акті бабының мазмұны болып табылса, бап құқықтық норманың нысаны болыптабылады. Олардың арасындағы байланыс әртүрлі сипатқа ие. Жүріс-тұрыс ережесін бекіте отырып, заңнама кұқық нормасыныңлогикалық қүрылымының үш элементін де нормативтік актінің бірбабына енгізуі мүмкін.бір бапқа бірнеше құқық нормасын енгізуі мүмкін, кейбір жағдайда құқық нормасы элементтерін әр түрлі нормативтік актілердің бірнеше баптарында немесе бір нормативтік актінің бірнеше баптарында көрсетуі мүмкін.
Керсету тәсілдері бойынша куқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасының үш түрі болады:
а) тікелей тәсіл - құқық нормасы нормативтік акт бабының өзінде тікелей көрсетіледі;
ә) сілтемелі тәсіл - нормативтік акт бабы норманы толығымен ашпастан, осы актінің басқа бабына сілтеме жасайды;
б) бланкеттік тәсіл - нормативтік акт бабы нақты бір бапқа емес, белгілі бір нормативтік акті түріне сілтеме жасайды
Құқықтық қатынастардың теориялық негіздері.
Құқықтық қатынастардың ұғымы.
Құқықтық қатынастардың пайда болу шарттары.
Заң маңызы бар фактілер, белгілері, топтастырылуы.
Құқықтық қатынастардың субъектілері.
Құқықтық қатынастар субъектілерінің субъективтік құқықтары мен міндеттері.
Құқықтық қатынастың объектілері.
Әдебиеттер:
