Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдістемелік н ОЗХФ.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
586 Кб
Скачать
☆

1 Жалпы талаптар

1.1 Курстық жұмыс – бұл ғылыми-зерттеу жұмысында білік пен дағды алатын, өз бетімен жеке орындайтын оқу ғылыми – әдістемелік жұмыс.

1.2 Курстық жұмысты бастамас бұрын, студент оқытушының жетекшілігімен жұмыстың бар периодына күнтізбелік жоспар құрылады.

1.3 Жұмыстағы орындалған барлық мәліметтердің дәйектілігіне, орындалуына, ондағы алынған мәліметтерге, шешімдер мен қорытындыға студент те, оның жетекшісі де жауапты.

Ғылыми жетекші курстық жұмыстың тапсырмасын құрып, сол арқылы ағымдағы жетекшілігін жүргізеді.

Оқытушы студенттің жұмысын бағыттап, жүйелі түрде ғылыми –әдістемелік көмек көрсету мақсатында кеңестермен қамтамасыз етіп, жұмыс орындалуының жүзеге асыруын бақылау арқылы аяқталған жұмыстың рәсімделуін және мазмұнын тексереді.

1.4 Курстық жұмыс оқу жоспарының талаптарына сай орындалады. Курстық жұмыс тақырыптары, негізінен студент оқытушымен ұсынылған және бекітілген тізімнен таңдалады. Жеке жағдайларда курстық жұмыс тақырыптары студенттің өзімен ұсынылады және жұмыс жетекшсімен келісіледі.

Курстық жұмыс тақырыбы баяндамалық сипаттамада емес, тақырыптың атауында зерттеу мәселесі болуы қажет.

Курстық жұмыс тақырыптары нұсқаулықтың 6 бөлімінде берілген.

1.5 Курстық жұмысты орындау тапсырмасы студентпен және ғылыми жетекшісімен қол қойылады, кафедра отырысында бекітіледі.

Бір данасы студентке беріліп, екіншісі кафедрада қалдырылады.

Тапсырмада келесі көрсетіледі:

  • курстық жұмыс тақырыбы;

  • тапсырманың қысқаша аннотациясы;

  • кафедраға курстық жұмысты тапсыру мерзімі.

Тапсырманың үлгісі А қосымшасында берілген..

2 Курстық жұмыс құрылымы

2.1 «Органикалық заттардың химиясы мен физикасы» пәнінен курстық жұмыс студенттің алғашқы жұмысы болғандықтан, одан ғылыми-зерттеу жұмысының элементтерін игеру талап етіледі.

Тақырыбына тәуелсіз, жұмыс мазмұны келесідей болуы тиіс:

  • бас беті;

  • мазмұны;

  • шартты белгілер тізбесі, символдар, қысқартылған сөздер түсініктемесі (қажет болған жағдайда);

  • кіріспе;

  • әдеби шолуы бар негізгі бөлім;

- тәжірибелік бөлім;

  • қорытынды;

  • пайдаланған әдебиеттер тізімі;

  • қосымша (қажет болған жағдайда), көмекші материалдар: спектр суреттері, хроматограммалар, графиктер, кестелер, қондырғылардың сызба нұсқасы.

Ескерту – бөлімдер, мазмұны, шартты белгілер, символдар, қысқартылған сөздер түсініктемесі; кіріспе; қорытынды; пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтіннің құрылымдық элементі болғандықтан нөмірленбейді.

Ал негізгі және тәжірибелік бөлімдер негізгі жұмыстың тараулары болғандықтан араб цифрларымен нөмірленеді.

2.2 Курстық жұмыс тапсырмасы (Қосымша А) бас беттен кейін қойылады, жұмысқа тігіледі, мазмұнында көрсетілмейді және нөмірленбейді.

3 Курстық жұмыс мазмұны

3.1.Кіріспе. Бұл бөлімде шешілетін мәселенің қазіргі күйіне баға, игерілетін тақырып үшін негіз бен бастапқы мәліметтер, жұмысты орындау қажеттілігінің негізделуі, тақырыптың өзектілігі мен жаңашылдығы, жұмыс мақсаты мен міндеттері, қажетінше туындаған мәселенің тарихы қарастырылады.

Негізгі назарды зерттеудің өзектілігі аударады. Жұмыстың өзектілігі тақырыптың маңыздылығы мен нақты құбылысына тең деп есептеледі.

Мысалы: «Берілген жұмыстың (өз жұмыс тақырыбы жазылады) өзектілігі тәжірибе жүзінде берілген тақырыптың аз зерттелуінде». Немесе: «(өз жұмыс тақырыбы жазылады) өзектілігі қазіргі заманғы Қазақстан жағдайындағы практикалық жаңа бағыттың жасауында негізделген»

Егер шешім әлі де табылмаған болса, яғни игерілетін сұраққа сәйкес жауап болмаса, онда курстық жұмыстың мәселелігі сонда болып табылады. Оның мәселелігі тез арада берілген жағдайдан шығу жолын іздестіру болып табылады.

Зерттеу мақсаты – тақырыппен байланысты зерттелген сұраққа жауап іздеу, яғни жұмыстың шығысында алынатын нәтижеге әкелуі тиіс.

Міндеттер – жоспарланған шаралар тізімі. Олар қойылған мақсат пен саналатын әрекеттердің тізімін береді. Және ол оған жетудің жолдарын қарастырады: талдау, табу, синтез, игеру, тәжірибе жүзінде пайдалану және тиімділікті бағалау. Бұндай міндеттер зерттелетін тақырып пен пәніне тәуелді бірнешеуден (тарау саны бойынша), кемінде үш және одан көп болады.

Кіріспедегі нысан жаңа және пәнді зерттеу міндетті болып табылады.

Нысан – бұл зерттелетін мәселенің пайда болуы және шешу жолдарының ізденісін айқындайтын процесс немесе құбылыс болып табылады.

Пән – нысанның шекарасында болады.

Зерттеу пәні мен нысаны ғылыми процестің бөлек категориясы ретінде өзара жалпы және бөлек қаралады. Нысан зерттеуді қарастырса, ал пән зерттеу тақырыбына қояды. Зерттеуші назарын осыған аударады.

3.2 Негізгі бөлім. Бұл бөлімнің мақсаты процестің маңызы мен бағыты көрсетіледі. Ол әдеби шолудан (әдеби көздерін бағалау), зерттеу мақсатынан және нәтижелердің талқылануынан тұрады. Тақырып бойынша әдеби шолуда зерттеушінің арнайы әдебиеттермен негізді танысқаны жайында көрсетуі тиіс, әдебиет көздерін жүйелеп, сыни тұрғыдан қарастырып, маңыздысын бөліп, өзге зерттеушілермен жасалған еңбектерді бағалау және игерілетін тақырып аясында қазіргі күйінің маңыздысын анықтау. Әдеби шолудың материалдарын логикалық байланыспен және кезектестілікпен жүйелеу қажет.

Курстық жұмыс тақырыбы салыстырмалы түрде жіңішке болғандықтан, онда шолуды зерттеушілердің сол тақырып аясынан ауытқымай, тек негізгі сұрақтары бойынша саралануы тиіс. Бұндай шолуда жұмысқа тек жанама байланысты мазмұндау қажет емес. Дегенмен жұмысқа тікелей немесе жанама байланысы бар құнды басылымдар аталып, сыни тұрғыдан бағалануы тиіс.

Жұмыстың басы тақырыпқа сай жоспар құрудан басталады. Бөлімдер кіріспеде аталған тақырыпқа, мақсаты мен міндеттеріне сай жазылады. Әдістемелік ұсыныстарға сүйенсек, бірінші бөлім теориялық мазмұнды сипаттағанымен, тақырып атауын сөзбе сөз қайталамағаны дұрыс. Алайда тақырып пен негізгі бөлім атауларының мағыналас болғаны жөн.

Жалпы зерттеу жұмыстарындағыдай бөлімдер бөліктерге және бөліктер тақырыпшаларға бөлінеді. Бөліктердің болуы материалды мағына жағынан жүктемені азайтып, материалды құрылымдап, теорияны мағыналық шығынсыз нақты етуге көмектеседі.

Бөлім атауларын оқытушымен ұсынған тақырыпқа сәйкес әдебиет көздерінен алуға болады. Осы жерде этикалық сипаттағы оқулықтың тарауларымен аттас бөлім атауларын алған плагиат болып есептеле ме? – деген сұрақ туындайды. Жоқ, егер пайдаланылған әдебиет көзіне сілтеме жасалған жағадайда саналмайды. Кез келген курстық жұмыс оқу әдебиетіне және сол көздерден алынған оқытушының дәрісі мен конспектіге сүйене отырып жасалады.

Теорияны кітаптан жазуға болмайды, жазылған жағдайда ол плагиат болып саналады. Теорияны кітаптан талдап жазу қажет, яғни оқып өзіңнің түйініңді мазмұндау қажет. Алайда қайта мазмұндалған мәтінге де алынған көзге сілтеме жасағаны дұрыс.

3.3Тәжірибелік бөлім. Бұл бөлімде зерттеуге алынған бастапқы шикізат (зерттеу нысаны), пайдаланылған реактивтер, материалдар, катализаторлар және т.б. және олардың сипаттамалары, аталған элементтердің талдау және тәжірибе жүргізу әдістемелері, материалдық баланс құру, зерттеу нәтижелері және олардың тарау бойынша талқылануы. Тәжірибелік бөлімде кіріспеде көрсетілген мақсат пен міндеттердің шешімін нақты аша алатын әдістер мен тәсілдерге сүйенген жөн.

Әдістемені таңдағанда авторға қол жетімді және түсінікті болуы керек. Әдістемелік тапсырмаларды шешуде нақты білік пен дағды қалыптасады.

Жұмысты толықтай ашу үшін кемінде үш әдістемені қарастырған дұрыс. Бір, екі әдістеме мәселені толығымен ашпайды, бұндай жағдайда ауытқу мен қателіктері болуы мүмкін. Ал үшеуден көп болса,, төрт әдістеме зерттеу көлемін ұлғайтып, қосымша зерттеу мен еңбек шығынына әкеледі. Бұндай жағдайда жұмыстың нақтылығы мен көлемі зардап шегеді. Сондықтан таңдағанда, үш әдістемені қарастыру қажет.

Курстық жұмыста, дипломдық жұмыстағыдай, әдістемені таңдауда келесілерді ескерген жөн:

- ғылыми әдебиеттердегі қол жетімді сипаттама;

- жұмыстың тақырыбына сай, ғылымның бір бөлігінің аясында экспеттік талқылау; Мысалы: интернеттегі форумдар, ғылыми дискуссиялар, практикалық конференциялар;

- студенттің өзіндік тәжірибесі ауқымды практикалық мағынаны береді,

- тәсілдерді рационалдылық дәрежесіне байланысты, оң және теріс аспектілерімен жүйелеу;

- пайдаланудың, есептеу формуласы мен шешу жолдарының және жазып алудың жеңілдігі, сонымен қатар оптималды және рационалды жауап алу.

3.4 Қорытынды. Орындалған жұмыс нәтижелері жайында қысқа түйіндерден құралады. Онда бұл нәтижелерді пайдалану бойынша ұсыныстар, соның ішінде енгізулер, ғылыми, халық-шаруашылығына, әлеуметтік құндылығына баға беріледі.

Егер кіріспеде мақсат пен міндеттері, нысан, пән, әдістемесі, мәселелігі жазылған болса, онда қорытындыда жұмыстың мақсатқа жеткені, міндеттерінің шешілгені жайында нәтижелер беріледі.

Содан кейін әр жұмыс бөлігі бойынша қорытынды түйін беріліп, автордың мәселеге байланыстылығы көрсетіледі. Қойылған міндеттерге жетудегі қиындықтар көрсетіледі. Соңында орындалған жұмыстың қажеттілігі жайында айтып, сол арқылы практикалық маңызын көтереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]