- •05В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы cтуденттеріне арналған оқу әдістемелік құрал
- •05В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы cтуденттеріне арналған оқу әдістемелік құрал
- •Мазмұны
- •Химиялық зертханада жұмыс жасау ережелері
- •1 Шикі мұнай анализінің әдістері
- •1.1 Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамындағы суды анықтау әдістері
- •Зертханалық жұмыс № 1 Жарықшақтануға сынама
- •Зертханалық жұмыс № 2 Дин және Старк әдісімен мұнай құрамындағы суды анықтау
- •Жұмыс барысы
- •Зертханалық жұмыс № 3 Мұнай құрамындағы суды Фишер тәсілімен анықтау
- •Зертханалық жұмыс № 4 Мұнай немесе мұнай өнімдерінің құрамындағы суды хроматогрфиялық әдіспен анықтау
- •Жұмыстың барысы
- •Мұнай мен мұнай өнімдеріндегі механикалық қоспалар
- •Зертханалық жұмыс №5 Механикалық қоспаларды таразылық әдісімен анықтау
- •Жұмыс барысы
- •1.3 Мұнай құрамындағы тұздар
- •Зертханалық жұмыс №6 Хлоридтердің құрамын анықтау
- •Жұмыс барысы:
- •2 Мұнай фракцияларының негізгі физикалық қасиеттерін анықтау
- •2.1 Тығыздық
- •Зертханалық жұмыс №7 Ареометрлік әдіспен тығыздықты анықтау (нефтеденсиметрмен)
- •Тұтқырлық
- •Зертханалық жұмыс № 8 Кинематикалық тұтқырлықты анықтау
- •Жұмыс барысы
- •Зертханалық жұмыс № 9 Шартты тұтқырлықты анықтау
- •Сыну көрсеткіші
- •Зертханалық жұмыс № 10 Сыну көрсеткішін ирф -454 рефрактометрімен анықтау
- •Анықтау барысы
- •3 Бензин фракцияларының құрамын зерттеу әдістері
- •3.1 Қанықпаған көмірсутектерді анықтау
- •Зертханалық жұмыс № 11 Йод санын (ис) және қанықпаған көмірсутек құрамын анықтау
- •Жұмыс барысы
- •3.2 Ароматты көмірсутектердің бөлінуі мен анықталуы
- •Зертханалық жұмыс № 12 Бензин фракциясынан ароматтық көмірсутектерді бөліп алу
- •Жұмыс барысы
- •Зертханалық жұмыс № 13 Таразылық әдіспен ароматтық көмірсутектердің құрамын анықтау
- •Жұмыс барысы
- •3.3 Тікелей айдалған бензиндердің топтық құрамын анықтау
- •Зертханалық жұмыс № 14 Бірдей көлемдер әдісімен анилиндік нүктелерді анықтау
- •Жұмыс барысы
- •Зертханалық жұмыс № 15 Ароматтық көмірсутектерді жою
- •4 Мұнай фракцияларының құрамын анықтау
- •4.1 Күкірт қосылыстарын анықтау
- •Зертханалық жұмыс №16 Белсенді күкіртті қосылыстардың сапасын анықтау
- •Жұмыс барысы
- •Жүру барысы
- •Жұмыс барысы
- •Зертханалық жұмыс №17 Тиофен және оның гомологтарын сандық анықтау
- •Анықтау барысы
- •4.2. Мұнай өнімдерінің қышқылдық саны
- •Зертханалық жұмыс № 18 Мұнайөнімдерінің қышқылдық санын анықтау
- •Жұмыс барысы
- •4.3 Мұнайдың шайырлы және асфальтты-шайырлы заттары
- •Зертханалық жұмыс № 19 Мұнайөнімдеріндегі асфальтты-шайырлы заттарды анықтау
- •5 Полимерлердің молекулалық-массалық сипаттамасы және оларды анықтау әдістері
- •Зертханалық жұмыс № 20 Полимерлердің молекулалық массасын вискозиметр әдісімен анықтау
- •Жұмыс барысы
- •6 Полимер синтезі
- •6.1 Полимерлену
- •Зертханалық жұмыс № 21 Метилметакрилаттың полимерленуі
- •Жұмыс барысы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зертханалық жұмыс № 4 Мұнай немесе мұнай өнімдерінің құрамындағы суды хроматогрфиялық әдіспен анықтау
Жұмыстың мақсаты: мұнай немесе мұнай өнімдерінің құрамындағы суды насадкалы бағанада газдыадсорбциялық хроматографиялық сандық әдіспен анықтау. Сорбенттер ретінде кеуекті полисорб-1 типті полимерлерді қолданады. Детектирлеуді гелийдің жылуөткізгіштігі арқылы жүргізеді. Судың шыңы шыққан соң хромотографиялық бағананың қайта үрлеуін жүргізеді.
Құрал – жабдықтар мен реактивтер:
Детекторлық жылуөткізгіштігі бар хроматограф;
Микрошприц;
Ректификат түріндегі этил спирті;
Гелий;
Полисорб – 1;
Резина тығын.
Жұмыстың барысы
Тәжірибеге дайындық: хроматографты ток көзіне қосып,аспаптың эксплуатация нұсқаулығы бойынша гермитикалық қасиетін тексереді. Егер хроматографиялық баған жаңа дайындалған адсорбентпен толтырылса, онда оны 2000С температураға жуық 3 л/сағ жылдамдықпен 10-12 сағат бойы гелиймен айдайды. Биіктігі 4 м, ал ішкі диаметрі 4 мм болатын бағананы қолданады.
Мұнай сараптамасы кезінде шарттарды сақтау керек (кесте 2).
Кесте 2– Мұнаймен жұмыс жасаған кезде келесі жағдайлар
Колонка температурасы, °С |
70 |
Детектор температурасы, °С |
125– 150 |
Қайнау температурасы, °С |
280 |
Детектирлеудің сезімталдығы, мВ |
2 |
Гелий жылдамдығы, л/сағ |
6 |
Диаграмма лентасының қозғалыс жылдамдығы, |
360 м/с |
Зерттелетін сынама көлемі, мл |
0,05—,2 |
Тәжірибенің орындалу барысы: Мұнайдағы суды анықтау көбіне абсолютті калибровка әдісімен жүргізеді.
Берілген жағдайлардан кейін микрошрицпен калибирленген қоспаның нақты мөлшерін (1 мкл) енгізеді. Калибирленген қоспа ретінде 0,1-6% суы бар ретификат түріндегі этил спиртін пайдаланады. Хроматограмды есептеу кезінде судың және этил спиртінің сезімталдық коэффициентін сәйкесінше 1/Kв және 1/Kэт деп алады:
1/Кв = 1,256; 1/Кэт = 0,936
Судағы калибралы қоспаның мөлшерін орташа 3-4 паралель анықтама ретінде есептейді. Бұдан соң мұнайдың сынамасын мұқият араластырып және анализге жақсы кептірілген таза 0,05– 0,2 мл-лі шприцті таңдап алады. Гермитизация үшін иненің ұшына резиналы тығынның бөлігін кигізіп анлитикалық таразыға өлшейді. Жұмыс дәптеріне өлшенген қорытындының мәнін жазады. Сосын инеден резиналы бөлікті алып, сынаманы буландырғышқа салады, қайтадан иненің ұшына резинаны кигізіп, шприцпен өлшейді. Өлшеудің әр түрлілігіне байланысты берілген сынаманың бағанасының массасы анықталады. Хроматограммада судың биік нүктесі көрінсе, бағананың үрлеуін кері іске асырады.
Судың массалық үлесін А, % абсолютті калибровка үшін мына формуланы қолданады:
А = S Vk g ρ
M Sk 1000
Бұндағы S – анықталған сынамада су биік нүктесінің беті, мм2; VK – анализ үшін қолданған калибралы қоспаның көлемі, см3; g – калибралы қоспадағы судың массалық үлесі %; p –калибралы қоспаның тығыздығы г/см3; SK – калибралы қоспадағы судың биік беті, мм2; М - анықталған сынауықның өлшендісінің массасы., г.
Бақылау сұрақтары:
Мұнайда су неше пішінде мұнайда болады?
Су- мұнай эмульсиясының маңызды көрсеткіштері?
Сулы мұнай эмульсиясының тұрақтылығы неге байланысты?
Мұнай мен мұнай өнімдеріндегі судың құрамы неге алып келуі мүмкін?
Мұнай мен мұнай өнімдеріндегі суды анықтаудың әдістерінің классификациясы?
Шайқау сынамасын не үшін қолданады?
Дина мен Старк әдісі бойынша суды анықтауы қандай әдіске негізделген. Мұнай және мұнайөнімдеріндегі суды анықтау әдістерінен ерекшелігі?
Мұнай мен мұнай өнімдеріндегі суды анықтаудың басқа әдістерден айырмашылығы?
Мұнай мен мұнай өнімдерінде Фишер әдісімен суды анықтаудың артықшылықтары мен кемшіліктері?
