- •Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
- •2. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары
- •Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •1. Миссиясы мен пайымдауы
- •2. Ағымдағы ахуалды талдау
- •Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласындағы және тұрғын үй-коммуналдық саладағы проблемалар
- •Ресми сайты: uko-kazigurt.Kz
Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласындағы және тұрғын үй-коммуналдық саладағы проблемалар
Мемлекет басшысының қатысуымен еткен жыл сайынғы VIII Қала құрылысы форумында дағдарыстан кейінгі кезеңде саланы дамытудағы негізгі басымдықтар мыналар болуға тиіс деп атап көрсетілді: - энергия үнемдейтін технологияларды қолдану; - нормативтік базаны жетілдіру; - жоғары эстетикалық талаптарға сәйкес келетін ғана емес, сондай-ақ еліміздегі азаматтардың тіршілік жағдайларын жақсартатын жобалар әзірлеу. Президент қойған міндеттерге қол жеткізу үшін мынадай проблемаларды шешу қажет: 1) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы және тұрғын үй-коммуналдық саладағы мемлекеттік реттеу жүйесінің жетілмегендігі; 2) өңірлерді аумақтық жоспарлаудың және елді мекендерді қала құрылысына дамытудың жеткіліксіз ұйымдастырылуы; 3) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру саласындағы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесінің жетілмегендігі; 4) жобалау сапасының төмендігі; 5) құрылыс саласындағы баға жасау жүйесінің жетілмегендігі; 6) қолжетімді тұрғын үймен жеткілікті қамтамасыз етілмеу; 7) халықаралық нормативтермен нормативтік-техникалық базаны үйлестіру жөніндегі жұмыстардың жеткілікті қаржыландырылмау; 8) республикалық, облыстық және базалық деңгейлерде Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесінің болмауы.
Қолданылған әдебиеттер:
http://adilet.zan.kz/
http://www.ontustik.gov.kz/
Ресми сайты: uko-kazigurt.Kz
