- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені
- •Мазмұны
- •Пәндерді оқу-әдістемемен қамтамасыз ету
- •«5В070200 – «Ақпараттық жүйе», мамандығы бойынша «Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәнінен силлабус
- •4. Оқу пәндерінің деректемелері
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.5 Оқу пәндерін оқытудың жоспары.
- •6.1 Негізгі әдебиет
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •3. Пән бойынша глоссарий
- •6 Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •4. Лекциялық сабақтардың тезистері
- •Дәріс 3. Тақырыбы: Өндірісті қоғамдық ұйымдастыру формалары (проблемалық лекция)
- •2. Өндірісті ұйымдастыру әдісі және қағидалары
- •Дәріс 9. Тақырыбы: Кәсіпорынның жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі
- •2. Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
- •Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру
- •5. Ұсынылатын әдебиет:
- •7. Сөж, соөж өткізу жоспары
- •8. Практикалық сабақтар жоспары
- •9. Бақылау сұрақтары (аралық бақылау) Семестрлік тапсырма сұрақтары.
- •Емтихан сұрақтары:
- •10. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға арналған оқу пәні бойынша иллюстрациялық материал және олармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқау
- •11.Пәнді оқуға қажетті қосымша материалдар жинағын көрсететін хрестоматия немесе қосымша
- •12.Оқу пәндерінің бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
2. Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
Кәсіпорындарда еңбек процесін дұрыс ұйымдастыру үшін, қандай да бір жұмысты орындау үшін, қанша еңбек көлемі керек екендігін білу үшін еңбек нормасын анықтап алу қажет.
Еңбекті нормалау – белгілі бір кәсіпорында, өндіріс саласында белгілі бір жұмысты немесе операцияны орындауға кеткен ең жоғары уақыт мөлшерін анықтау.
Еңбекті нормалаудың екі әдісі бар: тәжірибелік-статистикалық және талдау.
Тәжірибелік-статистикалық әдіс бойынша кәсіпорын іс-жағдайы еткен уақыттың жағдайымен салыстырылады.
Талдау әдісі көбірек қолданылады және оған мынадай операциялар жатады:
еңбек процесін зерттеп, оларды элементтерге бөлу;
еңбек шығындарына әсер ететін факторларды анықтау;
жұмыс орнын жақсартатын шаралар жүргізі;
жұмысты орындауға кеткен уақытты есептеу;
нормаларды өндіріске еңгізу.
Талдау әдісі – хронометраждан, жұмыс күнін суретке түсіруден тұрады.
Хронометраж – өндіріс процесіндегі және операциялардың ұзақтығын айқындау және бақылау, өлшеу арқылы уақыт шығындарын есептеу әдісі. Негізгі кезеңдері:
бақылауға дайындау
бақылау
бақылаудың нәтижелерін талдау, әрбір операцияның ұзақтығын тексеру, оларды нормативтермен салыстыру
қорытынды шығару
Жұмыс күнін суретке түсіру – белгілі бір уақыт аралығында жұмыс уақытын бақылап, ұзақтығын өлшеу арқылы еңбек уақытын анықтау, яғни жұмыс орнын дайындау уақыты, жұмысты бастау және аяқтау уақыты, үзіліс уақытын өлшеу. Жұмыс күнін суретке тусірудің қорытындылары уақыт шығынын азайтуға, өндіріс озаттарының жұмысын зерттеуге, құрал-жабдықтардың қызмет ету нормасын анықтауға, жұмыс орнына қызмет ету және дайындау, аяқтау уақытын, демалыс уақытын нормалауға жағдай жасайды.
Кезеңдері:
бақылауға дайындау – жұмысшымен және оның жұмыс орнымен таныстыру, жұмыс орындау жағдайымен, және элементтерімен таныстыру;
бақылау – барлық уақыт шығындарын бақылап, жазып отыру;
бақылау қорытындыларын талдау – уақыт шығындарын топтау, еңбек уақытының балансын құру, жұмысшылардың категориясына байланысты уақыт шығынын талдау;
қорытынды шаралар – жұмыс уақытын дұрыс пайдалануды жақсартудың шараларын жасау, жұмыс уақытының нормативтік балансын жобалау, еңбек өнімділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Хронометраж – бұл жұмыс күнін суретке түсіру арқылы уақыт нормасын анықтаймыз.
Уақыт нормасы – белгілі бір ұыймдық техникалық жағдайда шығаралатын өнімнің бір өлшемін дайындауға жұмсалатын уақыт шығыны.
Уақыт нормасының құрамына келесі элементтер кіреді:
Т=
+
+
+
Мұндағы
-
негізгі уақыт
-
көмекші уақыт
- жұмыс орнына қызмет ету уақыты
-
дайындау және аяқтау уақыты
- демалыс уақыты
-
технологияларға және өндіріс процесін
ұйымдастыруға байланысты болатын
үзілістер уақыты.
Кәсіпорындарда еңбек ресурстарының тиімді қолданылуы еңбек өнімділігінің өзгеруіне байланысты болады.
Еңбек өнімділігі – өндіріс процесінде еңбектің тиімділігі, өнімнің бір өлшерін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшеріне немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді.
Еңбек өнімділігінің деңгейі екі көрсеткіш арқылы анықталады:
Белгілі еңбек бірлігінде өнім шығарумен (тура көрсеткіш)
Еңбек сыйымдылығымен (кері көрсеткіш)
Мұндағы в – белгілі еңбек бірлігінде шығарылған өнім
- еңбек
сыйымдылығы
В – шығарылған өнім көлемі
Т –өнім шығаруға кеткен нақты еңбек шығындары.
Еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші – өнім шығару көрсеткіші. Өнім шығаруды белгілеуге әртүрлі өлшем бірлікте қолданылады. Табиғи өлшем бірліктері – тонна, метр, дана, дара, және т.б.
Нормаланған жұмыс уақыты қолданылған кезде өнім шығару норма/сағат бойынша алынады.
Кәсіпорындарда әрқашан да еңбек өнімділігін арттырудың ұйымдық–техникалық шаралары қарастырылып отырылады.
Еңбек өнімділігін арттырудың резерветеріне мыналар жатады:
Өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату:
өндірісті механикаландыру және автоматтандыру
құрал–жабдықтардың жаңа түрін қолдану
жаңа технологиялық процестерді қолдану
өнімнің конструкциялық қасиеттерін жақсарту
шикізаттың және жаңа конструкциялық материалдың сапасын арттыру.
Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жаұсарту:
қызмет ету көлемін және нормаларын ұлғайту
нормаларды орындамайтын жұмысшылардың санын азайту
есеп және есептеу жұмыстарын толық механикаландыру
өндірісті мамандандырудың деңгейін арттыру
басқару құрылымын жақсарту.
Өндірістегі құрылымдық өзгерістер:
өнімнің жеке түрлерінің көлемі деңгейін өзгерту
өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығын өзгерту
жартылай дайын өнімдер мен қосалқы бөлшектердің көлемін өзгерту.
Өндірістің ішкі резерветеріне – техника мен жұмыс күшін аса тиімді қолдану және дамыту, жұмыс уақытын азайту, шикізат пен материалдарды үнемдеу құрал-жабдықтарды дұрыс қолдану жатады.
Әдебиет тізім
1. Экономика и организация промышленного производства/под ред. Лисичкина А.В.-Минск, 1991
2. Парамонов В.В.Экономика Казахстана: Алматы, Гылым, 2000
Мухамбеков М.М. Экономика и организация предприятия. Астана издательство «Фолиант» 2005.
Дубровский В.Ж., Чайкин В.И. «Экономика и управление предприятием (фирмой)» -Екатеринбург, 1995.
Окаев Н.К., Дюкова Е.Л. «Экономика промышленного предприятия в условиях рынка» -Алматы, 1994.
Тұжырымдар. Кәсіпорындарда әрқашан еңбек өнімділігін арттырудың ұйымдық–техникалық шараларының бірі ретінде өндіріс процессіндегі маңызды орын алатын еңбек күштеріне неғұрлып үлкен мән беру қажет.
ДӘРІС 10. ТАҚЫРЫБЫ: Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны
Мақсат: Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құнының мәнін, құрылымын, құрамын біліп түсіну
Жоспар:
1. Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері
2. Өндірілетін өнімнің өзіндік құны
3. Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өнімдердің өзіндік құнның калькуляциясы
4. Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары
Негізгі ұғымдар тізбесі: шығын, өндіріс шығындары, сыныптау белгілері, шығындар бөлшегі, экономикалық мазмұн, калькуляция, калькуляция баптары, негізгі Үстеме Жоспарланған – бұл нормаларға, нормативтерге, шектеулерге сәйкес белгіленген өндіріс көлеміне есептеліп өнімнің жоспарланған өзіндік құнына енетін шығындар, өндірістік өзіндік құн, басқару шешімі, өнімнің өзіндік құны
1. Шығын деген ұғымды түсіну үшін, алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор.
Отандық тәжірибеде «шығындар», «шығыстар», «жұмсалған қаражат» ұғымдары бірдей деп теңестіріліп қаралып, сонымен қатар «өндіріс шығындары», «өндіріске жұмсалған шығындар» терминдері де қолданылады.
«Өндіріске жұмсалған шығындар» (Затраты на производства) өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса «Өндіріс шығындары» (Издержки производства) сату шығындарын қоса қамтиды.
Бұдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар материалдандырып актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады.
Оқулықтарында нормативтік құжаттар және бухгалтерлік есепте өнімдердің өзіндік құнын есептеу үшін өндіріс шығындарын мына төмендегідей топтау қаралған:
Келтірілген топтауларға қысқаша тоқтала кетуді талап етеді: Экономикалық мазмұны бойынша шығындарды экономикалық біртекті элементтерге және калькуляциялық баптарға жіктейді.
Өндірістік шығындардың жіктелуі
Сыныптау белгілері |
Шығындардың бөлшектенуі |
|
Экономикалық біртекті элементтері және калькуляциялық баптары |
|
Тікелей және жанама |
|
Негізгі және үстеме |
|
Өндірістік және өндірістік емес |
|
Бір элементті және кешенді |
|
Тұрақты және айнымалы |
|
Жоспарланатын және жоспарланбайтын |
|
Ағымдағы және бір жолғы |
Экономикалық біртекті элементтеріне, шаруашылықтың денгейінде құрамдас бөліктерге жатқызу мүмкін емес, өнім өндіруге және сатуға байланысты бастапқы біртекті шығындар түрі жатады. Мысалы сатып алынған электр қуатының құнын жұмысшылардың және затқа айналдырылған еңбек шығындары сияқты құрамдас бөліктерге жатқызуға келмейді.
Калькуляциялық баптарына және өнім түрлерінің, сондай–ақ ұйымның бүкіл өнімінің өзіндік құнын құрайтын белгілі бір шығындар түрлері жатады.
Шығындарды - өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты - шығындар тікелей және жанамаға бөлінеді. Тікелей деп өнімнің нақты түрлерін өндіру мен байланысты шығындарды және оларды өнімнің өзіндік құнына ешқандай тарату әдістерін қолданбай-ақ тікелей енгізуге (бастапқы құжаттарының, жиынтық ведомостерінің мәліметтері бойынша) болатын шығындарды айтамыз.
Жанама шығындарға бірнеше өнім түрлерін өндіру үшін жалпы сипатта болатын және олар өнімнің өзіндік құнына тарту әдістерінің көмегімен таратылатын шығындар (үстеме шығындар, құрал жабдықтарды пайдалану және ұстап күту шығындары) жатады. Шығындарды тікелей және жанама шығындарға сыныптау өндіріс шығындарының толық және ішінара (толық емес) есеп жүйесін ұйымдастыруда маңызы зор. Жанама шығындардың басты ерекшелігі, олардың кейбір элементтерінің белгіленген базаның шеңберіне өзгермейтіндігі мен тұрақтылығы болып табылады.
Тікелей және жанама шығындарының жиынтығы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының көрнісі десек, оның ішінде негізгі және үстеме шығындарының үлесін және олардың сипатын анықтаудың қажеттілігі туындайды. Негізгі дегеніміз өнім өндіру мен тікелей байланысты шығындар.
Үстеме шығындарының табиғаты жанама шығындармен тамырлас. Осы тұрғыдан алып қарағанда үстеме шығындарына, жалпы өндірістік шығындары мен кезендік шығындарын жат-қызуға болады. Жалпы өндірістік шығындарға, негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы, негізгі құралдарды жөндеу, сақтандыру шығындарын, кезендік шығындарына жалпы және әкімшілік өнім сатуға байланысты, сыйақы бойынша төлеуге тиісті шығыстар жатады.
Шығындар өнімнің өзіндік құнына енетін (өндірістік) және өндірістік емес деп топталады.
Өндірістік шығындар - бұл түгендеу объектісі болып саналатын өнімнің өзіндік құнына енетін материалданған шығындар. Олар үш элементтен тұрады:
- тікелей материалдық шығындар;
- тікелей еңбек ақы шығындары, аударымдарымен;
- жалпы өндірістік шығындар (жанама шығындар).
Бұл аталған элементтердің жиынтығы, өнім өндіру мақсатында өндіріске жұмсалған шығындардың, дайын өнім аяқталмаған өндіріс шығындары түріндегі таратылған көрінісі.
Өндірістік емес шығындарға, қорларды бағалауға қатыспайтын, өнім сатуға байланысты және әкімшілік шығыстары жатады. Өндірістік емес шығыстар негізінен өнімнің көлеміне емес, кезеңнің ұзақтығына байланысты.
Өндіріске жұмсалған шығындарды біртекті (бір элементі) және кешенді (бірнеше элементі) деп топтау қабылданған. Бір элементі (бір текті ) дегеніміз - өндіріске жұмсалған бір текті шығындар. Өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын шығындарды осы белгісі бойынша мынандай элементтерге топтайды:
- материалдық шығындар;
- еңбек ақы төлеу шығындары;
- әлеуметтік салыққа аударым;
- амортизациялық аударым;
- энергия
- басқа да шығындар.
Жоғарыда айтылғандай кешенді шығындар бірнеше экономикалық элементтерден тұра-ды. Бұндай шығындарға үстеме шығындар мен жалпы өндірістік шығындар мысал бола алады.
Айнымалы шығындарына, сомасы өндіріс көлеміне тікелей байланыста өзгеретін , яғни олар ұйымның іскерлік деңгейіне де байланысты шығындар жатады. Тұрақты деп өндірістің көлемінің өзгеруіне де, яғни ұйымның іскерлік белсенділік деңгейіне де тәуелді емес шығындарды айтамыз.
Тәжірибеде тұрақты шығындар мен айнымалы шығындардың шекарасын дәл анықтау мүмкін емес, өйткені олардың кейбіреуі жартылай тұрақты немесе жартылай айнымалы болып табылады. Сондықтан оларды шартты-тұрақты немесе шартты-айнымалы деп жиі атайды.
Шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлу өндіріс көлемінің қауіпті нүктесін есптеудің, рентабельдік пен бәсекелстікке қабілеттілік табылдырығын, шығарылатын өнімнің түр-түрін талдаудың негізінде жатыр.
Жоспарланған – бұл нормаларға, нормативтерге, шектеулерге сәйкес белгіленген өндіріс көлеміне есептеліп өнімнің жоспарланған өзіндік құнына енетін шығындар. Жоспарланбайтын – тек қана өнімнің нақты өзіндік құнында көрсетілетін шығындар.
Ағымдағы – бұл күнделікті өндіріс үрдісінің барысын қамтамасыз ету шығындары. Яғни ағымдағы шығындарға, есепті кезеңдегі өнім өндіру мен өнім сатуға байланысты шығындар жатады. Бір жолғы – өндіріс барысын ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ететін бір мезгілдік шығындар.
Қабылданған, өндіріс шығындарын сыныптау өнімді калькуляциялау жүйесінде белгілі бір қызмет атқарғанымен басқару есебінің талаптарына жауап бермейді.
Басқару есебінің негізгі міндеттеріне жататындар:
- өндірістік өзіндік құнды есептеп шығару және алынған табыстың көлемін анықтау;
- басқару шешімін қабылдау және жоспарлау;
- өндірістік қызметті жауапкершілік орталықтары бойынша бақылау және реттеу.
2. Өнімнің өзіндік құны - бүл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған ағымдағы шығындары. Ол ақшалай және натуральды заттай есептеледі.
Өнімнің өзіндік құнына, өндіріс процесінде өнім өндіруге жұмсалған еңбек құралдары, еңбек заттары және күшінің құндары кіреді. Барлық шығындарды бір өлшемге келтіру үшін оны ақшалай есептейді. Өнімнің өзіндік құнына шаруашылықтың әлеуметтік шығындары (балалар бақшасы, емхана, жатакхана, мектеп, клуб) кірмейді. Өнімнің өзіндік құнына қосымша қосылатын шығындар:
әлеуметтік сақтандыруға;
банк кредитінің пайызы;
негізгі капиталды жұмысқа жарамды қалпында ұстауға кететін шығын;
айыптар т.б. ескерілмеген өндірістік шығындар;
тәуекелділікке, мамандар ұстауға қосымша шығындар.
Нарықтық қатынастарға толық енгенде, өзіндік құнға арендалық төлем, капиталға пайыз, кәсіпкерлік пайданың минималды мөлшері кіруі керек. Ол жағдайда өзіндік құн экономикалық шығындар деп аталады, немесе маркетингтік теория бойынша құн деуге болады. Жалпы алғанда кәсіпкер кепілді табыс табу үшін өзіндік құнды емес, экономикалық шығынды есептеуі керек.
Өнімнің өзіндік құны, тауарға баға тағайындаудың базасы және пайданың болашақ мөлшерін айқындайтын инструмент.
Өнімнің өзіндік құны өндіру сатыларына байланысты: цехтық, фабрика, зауыттық, немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді.
Өнімнің цехтық өзіндік құны - бұған өндірілетін өнімге цехта, учаскелерде, бригадаларда шыққан шығындар кіреді. Зауыттық немесе өндірістік өзіндік құн - бұл цехтық шығындар + жалпы зауыттық, өндірістік шығындар.
Өндірістік өзіндік құн - цехтық өзіндік құнмен жалпы өндірістік шығындардың қосындысына тең. Өнімнің толық өзіндік құны өндірістік өзіндік құнмен өнімді өткізуге кеткен шығындар кіреді.
Өнімнің өзіндік құнын қолдану мақсатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: өнімнің жалпы тауарлы немесе сатылған өнімдердің өзіндік құны, салыстырылатын өнімнің өзіндік құны, өнім бірлігінің өзіндік құны болып және тағы басқалай бөлінеді. Сонымен бірге өнімнің өзіндік құны жоспарлы, болжамды, нақтылы деп бөлінеді.
Жоспарлы өзіндік құн - бұл қажетті шығындар ғылым мен техника жетістігіне және ұйымдастыру жағдайымен байланысты.
Болжамды өзіндік құн - бұл техникалық-экономикалық есептер ескерілуі, қандай жаңалықтар енгізілгенін тағы басқалай ғылыми жетістіктерді ескереді.
Нақтылы өзіндік құн - бұл барлық өнімге шаққан нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн.
Өндірістік шығындарды есептеу үшін өндірістік шығындар сметасын жасайды, онда шығындар элементтеріне бөлінеді:
шикізаттар мен материалдар элементі; жалақы қоры; әлеуметтік сақтандыруға бөлу;
негізгі капитал амортизациясы; басқа да шығындар.
Шығындарды экономикалық мазмұнына қарай калькуляциялық статьялары бойынша «негізгі» шығындар және «қосымша» шығындар деп бөлінеді.
Негізгі шығындар өнім өндірумен тікелей байланысты шығындар, ал қосымша шығындар - бұл өндірістік техникалық даярлау, басқару ұйымдастыру шығындары жатады. Жоспарлы жұмыс істеуде өнімнің өзіндік құнын есептеудің үш әдісінің бірі қолданылады: нормативтік, параметрлік және факторлық.
Нормативтік әдіс қолданылғанда өндірілген өнімнің барлық номенклатурасы, барлық өндірістік және өндірістік емес бөлімшелер бойынша бағалық және натуралды нормалар мен нормативтердің толық кешені болуы тиіс.
3. Бұл мөлшерлер және бағаланымдар кәсіпорын экономикасының барлық жақтарын қамтып қана қоймай, ілгеріге бағытталған болуы керек. Ал оны тек техника, технология және өндіріс құрылысының дамуы есепке алыңғандығы ғылыми тұрғыдан негізделген нормативтік базалар мен нормаларды кеңейту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізу негізінде қамтамасыз етуге болады.
Параметрлік әдіс өндірістік (техникалық және тағы басқа) параметрлермен өндіріс шығындары арасында тікелей байланыс орнату мүмкін болған жағдайда ғана қолданылады. Сондықтан параметрлік әдіс нормативтік әдіс сияқты кеңінен қолданылмайды.
Факторлар бойынша өндіріске кеткен шығындарды есептеу әдісі едәуір аз мәлімет-терді қажет етсе де қанағаттарлық нақты нәтиже береді. Сондай-ақ шығын деңгейіне әсер ететін әр түрлі бағыттар мен факторлардың ролі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Мұнай өндірудің өзіндік құнын түпкілікті жоспарлап есептеу үшін шығындарды азайтудың факторлық қорытындыларынан басқа мұнай өндірудің болашақтағы көлемі, еңбек шығындылығы мен материалдық техникалық құралдардың ғылымға негізделген нормалары, еңбек және кадрлар бойынша жоспар көрсеткіштері, өндірістің тиімділігін арттыру жоспары, материалдық техникалық тұрғыдан жабдықталу жоспары, алдыңғы жылдардағы шығындардың талдау қорытындылары пайдаланылады.
Мұнай өндірудің өзіндік құнын жоспарлауда кәсіпорын бойынша өндіріске жұмсалған шығындардың жиынтығы және сметасы есептеледі. Ол үшін алдын-ала барлық цехтар
бойынша шығындар анықталады, яғни цехтардың шығын сметалары сондай-ақ цех және жалпы шаруашылық шығындарының сметалары жасалады.
Шығын жиынтығында цех бойынша шығындар және жалпы шаруашылық шығындарының сметалары қосылып, одан ішкі шаруашылық айналымы тасталады.
Экономикалық тұрғыдан біркелкі элементтер бойынша есептелінген шығындар қатары төмендегі негізде жүргізіледі:
негізгі және қосалқы материалдар;
басқа жақтан әкелінген жаңар-жағар май және энергиялар;
амортизация;ренда
еңбек ақы;
аренда
әлеуметтік сақтандыруға аударылатын төлемдер;
процнттер
басқа да қаржылық шығындар.
Басқа да қаржылық шығындарға көлік қызметіне төленетін, геофизикалық және жаб-дықтау мекемелерінің қызметіне төленетін ақшалар, бұрғылау мен айналысатын кәсіпорын-дардан алынған мұнай төлемдері, геологиялық іздеу және зерттеу жұмыстарына жұмсалған шығындардың орнын толтыруға (шикізат ж/е материалдар) кеткен төлемдер жатқы-зылады. Элементтер бойынша жасалған шығындар шығын статьяларымен байланыстырылады.
Жеке-жеке статьяларға калькуляция жасаудың мазмұны мен есептеу әдісі төмендегідей: - энергетикалық шығындарға басқа жақтан алынған энергия түрлеріне электр қуаты, ыстық су, бу, сығыстырылған ауа және газға жұмсалған шығындар жатады. Шығындарды сандық тұрғыдан нормаларға қарап анықтайды, ал шығындарды есептеу үшін энергия бірлігінің бағасы ескеріледі. Басқа жақтан алынған электр қуатының шығындары тұтынылған энергия құнынан артып кетпеуі тиіс.
Өнімнің өзіндік құнын өзгерту - бұл мақсат емес. Оның мәнін білу - көптеген экономикалық сұрақтарды дұрыс шешу үшін қажет, атап айтқанда, өнімбірлігіне келетін шығындарды төмендету резервтерін ашу үшін және өндіріс рентабельділігін жоғарылату жолдарын іздестіру үшін қажет.
Өнімнің өзіндік құнының құрылымы әр түрлі. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы деп жекелеген шығындардың өнім өндірісі мен өткізілуіне жұмсалған өндірістік шығындардың жалпы сомасындағы проценттік қатынасын түсінеміз. Ол үнемі қозғалыста болады, және оған келесі факторлар ықпал етеді:
1. кәсіпорын спецификасы (ерекшеліктері). Бұдан келесіні бөлеміз: еңбек сыйымдылықты кәсіпорындар (өнімнің өзіндік құнында еңбек ақының үлесі үлкен); материалдық сыйымдылықты (өнімнің өзіндік құнында материалдық шығындардың үлкен салмағы);
қор сыйымдылықты (өнімнің өзіндік құнында амортизацияның үлесінің үлкен болуы); энергия сыйымдылықты (өнімнің өзіндік құнында отын мен энергияның үлкен үлес салмағы болуы);
ғылыми-техникалық прогресс жеделдетілуі. Бұл фактор өнімнің өзіндік құнының құрылымына көпжоспарлы ықпал етеді. Бірақ, негізгі ықпалдың маңыздылығы - осы фактордың әсерінен жанды еңбек үлесінің төмендеуінде, ал өнімнің өзіндік құнындағы затталған еңбектің үлесінің жоғарылауында болып табылады;
өндірістің шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау, құрамдасу мен диверсификациялау деңгейі;
кәсіпорынның географиялық орналасуы;
банк несиесінің проценттік ставкасының өзгерісі мен инфляция.
Өнімнің өзіндік құнының құрылымын келесі көрсеткіштер сипаттайды:
жанды және затталған еңбек арасындағы қатынас;
жеке элементтердің үлесі немесе толық шығындардағы баптар;
тұрақты және ауыспалы шығындар арасындағы, негізгі және үстеме шығындар арасындағы, өндірістік және коммерциялық шығындар арасындағы, тікелей және жанама шығындар арасындағы және т.б. қатынасы.
Кәсіпорында шығындар құрылымын жүйелі анықтап, талдау ең алдымен кәсіпорын-дағы шығындарды төмендету мақсатымен оларды басқару үшін өте маңызды болып табылады. Шығындар құрылымы оларды төмендету бойынша негізгі резервтерді анықтауға және кәсіпорында оларды жүзеге асыру үшін нақты шараларды өндеуге мүмкіндік береді.
Аталған шығындарды төмендету бойынша резервтерді іздестіру қажет. Шығынға қарсы рыноктық механизмді іске қосу - бұл меншіктің түрлі формаларын дамыту үшін тең жағдайлар құру, салаішілік және салааралық бәсекенің әсер ету зонасын кеңінен қамту, саланың экстенсивті өндіріс жүргізу түрінен интенсивті түрге көшіру, материалдық сыйымдылықты тәсілінен анағұрлым төмен материалдық сыйымдылықты тәсіліне көшу, өндірістің жаңа технологиясын енгізу, жұмыс күші мен өндірістік қорлар арасындағы оптимальді қатынасын бекіту, қосымша шығындарсыз өнімнің өсіңкілігін алуға бағытталған басқа шараларды жүргізу болып табылады.
Егер бұрын өндірістік шығындар жылдан жылға бірте-бірте өндірілген өнім көлемінен бұрын артып отырса, яғни шығынға қарсы рыноктық шаруашылық жүргізу механизмі қызмет етсе, онда рыноктық экономика барысында және өнімнің шығысын арттыру қарқындары ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін кеңінен енгізу өндірістік шығындарының артуынан ілгері болуы тиіс.
Тек осы жағдайда ғана кәсіпорынның өзін-өзі қайтарымдылығы мен өзін-өзі қаржыландыру принциптері, рыноктық шаруашылық жүргізу механизмі толық құқықта қызмет етеді.
Шығынға қарсы рыноктық шаруашылық жүргізу механизмі - бұл кең сыйымдылықты ұғым және ол өнім өндірісін арттырумен және өндіріс шығындарын қысқартумен байланысты сұрақтарды қамтиды. Бұл механизмнің қалыптасуы мен дамуының маңызды бағыты ретінде өнім шығындарын болдырмау есептеледі.
Рыноктық экономикаға көшу кезеңінде кәсіпорындар алдында нақты міндет қойылады - өндірісті интенсификациялау, өндіріс шығындарын қысқарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету мен өндіріс рентабельділігін жоғарылату үшін салынған қаржылармен салыстырғанда өнімнің арту қарқындарының ілгері болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету бұл маңызды халықшаруашылық мәселесі болып табылады, өндірістің экономикалық тиімділігін көтерудің маңызды шарты болып есептеледі.
Өнімнің өзіндік құны сонымен қатар оның сапасымен де байланыста. Себебі өнім сапасын жақсарту қосымша шығындарды талап етеді. Өнімнің өзіндік құнын оның сапасын ескере отырып есептеу өнімнің тұтынушылық тиімділігі бірлігіне келетін шығындар шамасын анықтауға мүмкіндік береді.
Рентабельділік негізгі капиталды пайдалануды сипаттаушы көрсеткіш болғандықтан, оның деңгейіне кәсіпорындағы негізгі капитал размері мен оны пайдалану деңгейі ықпал етеді. Негізгі капиталдың орташа жылдық құнының төмендеуі негізгі капиталдың 1 теңгесіне келетін табыстың үлес салмағын жоғарылату есебінен, өнімнің бірлігіне келетін амортиза-циялық бөлулерді төмендету есебінен рентабельділік өсіңкілігін қамтамасыз етуге болады.
Өндіріс тиімділігін жоғарылату материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пай-далану деңгейінің қаншалықты жоғары екендігіне байланысты. Соңғы жылдары ол өнім өндірісіндегі материалдық шығындардың үлес салмағының артуымен сипатталады. Мате-риалдық шығындардың құрылымын талдау - өнімнің материалдық сыйымдылығының төмен-деуі өзіндік құнның төмендеуіне қор сыйымдылығының осы көрсеткішке әсерімен салыстыр-ғанда қатты ықпал ететіндігін сипаттайды. Өнімнің материалдық сыйымдылығы шикізат пен материалдарды пайдалану деңгейінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Материалдық сыйымдылық - бұл өткен еңбек шығындарын бейнелейтін және материалдық ресурстардың өндіріс процесінде тиімді пайдалануын сипаттаушы экономикалық категория.
Шикізат пен материалдарды үнемдеу - бұл өндіріс көлемін арттыру факторларының бірі болып табылады.
Тұтынылатын материалдардың өзіндік құны өнім бірлігіне келетін материалдардың үлестік шығындарының қысқаруы нәтижесінде төмендейді. Бұл айналым құралдарының нормативінің төмендеуімен тікелей байланысты. Өнімнің материалдық сыйымдылығы шамасы өндірістік запастар размеріне және нормаланатын айналым құралдарының құнына тікелей ықпал етеді. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы үшін маңызды болып табылады.
Материалдық ресурстарды пайдалануды жақсартуға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық шаралар технология, негізгі жабдықтың паркіне талаптарды күшейтуді, біліктілік деңгейіне, сапа, маркетинг қызметіне талаптарды жоғарылатуды көздейді.
Сонымен, өнім өндірісі мен өткізу шығындарын төмендету проблемаларын шешу үшін жалпы концепция өңдеу қажет, яғни кәсіпорын міндеттемелерімен байланысты өзгерістерді ескере отырып түзетулер жыл сайын енгізіліп отыратын бағдарлама. Бұл бағдарлама кешенді
сипатқа ие болуы тиіс, яғни өнім өндірісі мен өткізу шығындарына ықпал етуші барлық факторларды ескеруі қажет. Атап айтқанда, онда төмендегі бейнеленуі тиіс:
Материалдық ресурстарды рационалды пайдалану бойынша шаралар (шикізат, материалдар, отын, энергия ресурстарын үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа техника мен қалдықсыз технология енгізу және пайдалану; шикізат пен материалдарды кешенді пайдалану; өнім сапасын жақсарту және ақау процентін төмендету және т.б.); Өндіріс көлеміне байланысты шығындарды минимизациялауға мүмкіндік беретін кәсіпорынның оптималды размерін анықтап ұстап тұрумен байланысты шаралар;
Негізгі қорларды пайдалануды жақсартумен байланысты шаралар (кәсіпорынның басы артық машиналар мен жабдықтардан арылуы; кәсіпорынның мүлкін арендаға беру; негіз-гі құралдарды жөндеу мен оларға қызмет көрсету сапасын жақсарту; машиналар мен жабдықтардың толық жүктелуін қамтамасыз ету; машиналар мен жабдықтарға қызмет көрсетуші персоналдың біліктілігі деңгейін арттыру; анағұрлым прогрессивті машиналар мен жабдықтарды енгізу және т.б.);
Жұмыс күшін пайдалануды жақсартумен байланысты шаралар (персоналдың оптималды санын анықтау және ұстап тұру; еңбек ақымен салыстырғанда еңбек өнімділігінің арту қарқынының ілгері болуын қамтамасыз ету; жоғарғы өнімді еңбектің мотивациялануын қамтамасыз ету және т.б.);
Еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты шаралар (өндірісті шоғырландыру, мамандану, құрамдастыруды тереңдету; кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын жетілдіру және т.б.)
Сондай-ақ, өндіріс шығындарын төмендету бойынша кешенді бағдарламаның оны жүзеге асырудың нақты механизмі болуы тиіс.
Әдебиет тізім
Экономика и организация промышленного производства/под ред. Лисичкина А.В.-Минск, 1991
Парамонов В.В.Экономика Казахстана: Алматы, Гылым, 2000
Мухамбеков М.М. Экономика и организация предприятия. Астана издательство «Фолиант» 2005.
Дубровский В.Ж., Чайкин В.И. «Экономика и управление предприятием (фирмой)» -Екатеринбург, 1995.
Окаев Н.К., Дюкова Е.Л. «Экономика промышленного предприятия в условиях рынка» -Алматы, 1994.
Тұжырымдар. Нарықтық жағдайда өндіріс шығындары, яғни өнімнің өзіндік құнының қалыптасу негіздерін білу қажет.
ДӘРІС 11. ТАҚЫРЫБЫ: Кәсіпорын өнімдерінің бағаларын қалыптастыру
Мақсат: Кәсіпорын өнімдерінің бағаларын қалыптастыру негіздерін және оның нарықпен байланысын бәләп түсіну
Жоспар:
Экономикалық санаты ретіндегі бағаның мәні мен функциясы
Кәсіпорынның баға саясаты
Бағаның құрылуының нарық үлгісіндегі ерекшелігі
Негізгі ұғымдар тізбесі: баға, функция, есептік функция, үлестіргіш функция, сұраныс және ұсыныс функциясы, еркін бәсе, нарық бағалары, монополистік бәсеке, баға құрылымы, олигополия, таза монополия.
Көптеген сөздіктерде баға – бұл тауар өлшемінің ақшалай түріндегі құны деп түсіндіріледі. «Баға – бұл ақша сомасы, осы үшін сатып алушы тауарды сатып алуға, ал өндіруші – сатуға дайын» деген ұғымды да кездестіруге болады.
Баға экономикалық санаты ретінде бірнеше маңызды функцияларды атқарады:
Бағаның есептік функциясы – небір өнімді өндіру мен сатуға кететін қоғамның қажетті еңбек шығындарын қамтып көрсетеді. Баға еңбек шығындарын қанша шикізат, материалдар, тауарларды дайындаудағы бұйым жиынтығын анықтайды. Ең ақырында, баға тек өндіріс шығындарының жиынтық мөлшерін және тауар айналымын қамтып қана қоймайды, сонымен қатар пайда мөлшерін де қамтиды.
Бағаның үлестіргіш функциясы – баға құрылымы арқылы мемлекеттік ұлттық табысты экономика салалары, мемлекеттік және басқа да секторлар, аймақтар, қорлану және тұтыну қорлары, халықтың әлеуметтік топтары арасында үлестіруді қамтамасыз етеді.
Сұраныс және ұсыныс функциясын теңгеру – баға арқылы өндіру және тұтыну, сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланысты жүзеге асыруды білдіреді. Баға өндіріс арасындағы үйлесімсіздікті және айналысты айқындайды және олардың ұсыныстары жөнінде нақты шешімдер қабылдауды қажет етеді.
Бағаның өндірісті ұтымды орналастырудағы функциясы – нарықтық экономика жағ-дайында барынша толық көрінеді. Баға тетігі көмегімен капиталдың экономика секторла-рына және өндіріске пайданың ең жоғары мөлшерінің қайта құрылымы пайда болады.
Бағаның ынталандыру функциясы – кейбір жағдайларда ғылыми-техникалық прогрес-ті жеделдету, өнімді шығару және оған деген сұранысты арттыруда ынталандырудың қажет екендігі белгілі. Мұнда техникалық деңгейіне және өнімнің сомасына байланысты баға сара-ланады. Осы себептерге байланысты бағалар өндірісті ынталандыруға ықпал етпеуі де мүмкін.
2. Кәсіпорын шығарған өнімнің бағасы, оны анықтайтын пайдасының маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар тауарларды ойдағыдай өткізудің жағдайына да байланысты болады. Баға бұл жағдайына тактикалық құрал ретінде кәсіпорынға бірқатар артықшылықтар әкеледі:
біріншіден, сұранысты ынталандырудағы көптеген әдістерден өзгешелігі, бағаны пайдалану қосымша қаражатты қажет етпейді, жарнама шараларын жүргізуде орын алатын, өнімді дараландыру, жылжыту және т.б.;
екіншіден, тұтынушылар белгіленген бағаны, жарнама негізінде қарағанда оңай, өнімді дараландыру сияқты өздеріне тауарлардың тартымдылығын табады;
үшіншіден, соңында тіпті, басқа да ынталандыру әдісі, атап айтқанда, дербес сату және жарнаманы ұйымдастыру ең бастысы болады, баға оларды қолдауда ең қуатты құралы болып табылады.
Практикада баға стратегиясының тұтас сериясы болады:
жоғары баға стратегиясы әуелі өндіріс шығындарынан әлдеқайда жоғары сатады, ал содан соң бағаны төмендетеді;
төменгі баға стратегиясы. Бұл сұраныс ынталандыру мақсатында жасалады, не өткізудің көп мөлшерінің рыноктағы тиімділігі және сұраныстың жоғары икемділігі, сатып алушылар бағаның төмендеуін қашан шұғыл сезінеді және сұраныс та сол уақытта көбейеді. Кәсіпорын жаппай өндірудің есебінен бағаның төмен деңгейін ұстап тұрады;
сараланған баға стратегиясы бағаны белгілеуде түрлі рыноктар, олардың саралымдары және сатып алушылар үшін түрлі-түрлі шегерім және үстемелерді бағаның орташа деңгейіне ұштастыруды көрсетеді;
жеңілдікті баға стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеуге бағытталады. Мұнда оларға тауарларды жеңілдетілген баға ретінде ұсынуға құштар;
икемді, икемділік баға стратегиясы. Баға сатып алушылардың мүмкіншілігіне, олардың сатып алу күштеріне байланысты белгіленеді;
тұрақты, стандартты, өзгермес баға стратегиясы;
жинақталмаған баға стратегиясы;
жаппай сатып алу баға стратегиясы;
баға деңгейінің тауар сапасына тығыз үйлестіру баға стратегиясы.
3. Кәсіпорынның баға саясаты нарықтық бағаның бет алысы көптеген жағдайда нарық құрылымының бәсекеге жарамдылығына байланысты. Әдетте, нарық төрт тұрпатқа бөлінеді (еркін бәсеке, монополистік бәсеке, олигополистік бәсеке және таза бәсеке), олардың әрқайсысы салалық және кәсіпорындар шығарған өнімдердің бағаларын қалыптастырудың ерекше жағдайларын сипаттайды.
Еркін бәсекедегі нарық бағалары
Еркін бәсеке нарығы былай сипатталады:
фирмалардың көптеп болуы, әрі әрбір фирманың өнімге нарықтық ұсыныс көлеміндегі деңгейі соншалықты аз, не бағаның артуы немесе кемуі оның кез келген қимылы бағаның нарықтық тепе-теңдігін көрсете алмайды;
өндірілген бәсекелі тауарлардың бір тектілігі және өзара алмасушылығы;
бағаның шектілігінің болмауы;
Еркін бәсеке жағдайында бірде бір кәсіпорын баға құрылымына елеулі ықпал ете алмайды, тауардың бағасы тек қана сұраныс пен ұсыныс жиынтығының ықпал жасауынан қалыптасады. Жеке кәсіпорындарда баға саясаты реттеу қабілеттілігі болмайды. Ол тек қана нарықтық бағаға бейімделеді.
Монополистік бәсеке жағдайындағы баға құрылымы. Монополистік бәсеке нарығы нарықтық бағаға бірыңғай емес мәмілеме, сонымен қатар кең түрдегі ауқымды баға жасай-тын көптеген сатып алушылар мен сатушылардан тұрады. Баға мәмілемесінің бар болуы сатушылардың сатып алушыларға тауарлардың түрлі нұсқаларын ұсыну қабілетінің болуын түсіндіреді. Нақты бұйымдар бір-бірінен сапасы, ерекшелігі және сыртқы ресімдеуімен көзге көрінеді.
Бәсекелестердің көп болуы олардың әрқайсысы бағаны бақылауға шек қояды. Өндіріл-ген тауарларды елеулі саралау кәсіпорынның баға саясаты арасындағы өзара тығыз тәуелді-лігінің жоқтығын түсіндіреді және бағаның жеке деңгейі жөніндегі келісімге шек қойылады.
Олигополия жағдайындағы баға құрылымы
Олигополия түрлі нарықтық жағдайларды қосады, аз санды сатушылар, жалпыға бірдей өндірушілердің өзара тәуелділігі, сол сияқты кейбір кәсіпорындардың бағаларының өзгеруіне немесе өндіріс көлеміне бәсекелестердің жауапты әрекет жасауларын алдын алу болжау болып табылады.
Әдетінше, олигополиялық баға құрылымының бірнеше жалпы шегі бөлінеді:
олигополиялық бағалар толымды бәсеке жағдайындағы бағаларға монополиялық бәсеке немесе тіпті кейбір жағдайда таза монополияға қарағанда аз өзгереді;
олигополиялық жағдайда баға «қатал» немесе икемділік тенденциясында болады;
егер де баға бір өндірушіде өзгеруі ықтимал болған жағдайда, сонымен қатар одан басқа өндірушілер де бағаларын өзгертеді;
олигополия бағаларды ынталандырудағы және бағаны бекіту немесе өзгерту кезіндегі әрекетін құптайды.
Таза монополия жағдайындағы бағалар. Нарықтағы таза монополия кезінде бір-ақ сатушы болады. Монополист ретінде мемлекеттік мекемелер, меншіктің реттейтін монополиясы немесе меншіктің реттелмейтін монополиясы болады. Келтірілген жағдайлардың әрқайсысында баға құрылымы түрліше құрылады.
Егер де тауар сатып алушылар үшін маңызды болып, оны толық құнына сатып алуға мүмкіншілігі болмаған жағдайда, мемлекеттік монополиядағы баға өзіндік құнға қарағанда төмен белгіленуі мүмкін. Баға шығынды өтеуге немесе орта табыс алу есебінен бекітілуі мүмкін.
Реттелетін монополия жағдайында мемлекет кәсіпорынға бағалау және тарифтерді белгілеуге рұқсат етеді. «Пайданың әділ нормасын» алуды қамтамасыз етеді. Бұл өндірісті қолдауға, ал қажет болған жағдайда оны кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Реттелмейтін монополия бағаға елеулі бақылауды жүзеге асырады және нарықтық баға-ны ұсынуы мүмкін. Алайда кәсіпорын-монополист еш уақытта ең жоғары баға белгілей алмайды.
Сонымен, қорыта айтқанда, нақты экономикалық жағдайда көрсетілген баға үлгілерінің қайсысы болмасын таза түрінде анықтау едәуір қиын. Кәсіпорын өзінің бір тауарымен нарыққа таза монополиямен шығуы мүмкін, ал басқасымен – бәсекелестік нарықта. Қиындау болатын жай – ол олигополиямен, өйткені, жер қойнауында қалай монополия, солай еркін бәсекенің шығуы мүмкін.
Бағаның бәсекелестік құрылымын талдау өзінен-өзі бағаны белгілеуде дайын рецептер бере алмайды, ол ең алдымен сұраныс пен ұсыныстың арақатынастарына байланыстылығы баға құрылымының заңдылықтарын анықтауда қажет.
Әдебиет тізім
Экономика и организация промышленного производства/под ред. Лисичкина А.В.-Минск, 1991
Парамонов В.В.Экономика Казахстана: Алматы, Гылым, 2000
Мухамбеков М.М. Экономика и организация предприятия. Астана издательство «Фолиант» 2005.
Дубровский В.Ж., Чайкин В.И. «Экономика и управление предприятием (фирмой)» -Екатеринбург, 1995.
Окаев Н.К., Дюкова Е.Л. «Экономика промышленного предприятия в условиях рынка» -Алматы, 1994.
Тұжырымдар. Кәсіпорын шығарған өнімдері бағаларының қалыптастру негіздерін қарастырылғанда, экономиканың нарықтық негіздерімен байланыстыру қажет.
ДӘРІС 12. ТАҚЫРЫБЫ: КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мақсат: Кәсіпорында еңбек ақы негіздерін ұйымдастырудың басты аспектілерін біліп түсіну.
Жоспар:
1 Жұмыс күші факторының маңызы мен мәні.
2 Қазақстандағы еңбек нарығы.
3 Жұмыс атқаруының бағалылығы
Негізгі ұғымдар тізбесі: қызметкерлер, жұмыс беруші, нeгізгі еңбекы, төлемдер, мерзімдік, удемелі, кесімді, еңбекақы төлеу, сапа, мөлшер, сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер, қосымша еңбекақы, ұжымдық келісім-шарт, еңбек заңдары, демалыс уақытына ақы төлеу, тарифтік жүйе.
1. Еңбекақы (жұмысақы) төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілген сыйақы деп түсінеміз.
Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.
Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақыныңмаңзын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.
Қызметкерлер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әлауқат деңгейін жоғарылататыны құрал болып саналады.
Осыдан екбекақының ынталанды-рушыролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылатындықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай (натуральный нышандары бар. Қызметкерлерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбекақы төлеудегі ең басты нышандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекқы төлеудің заттай нышаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлеудің мұндай нышанын ақша айналымының бұзыоуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляңия және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастырудың механизмі (тетігі) жұмыс күшінің еңбекақыға езгеруінің проңесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық реалияға (жағдайларға) қаншалықты сәйкес келетіндігі, еңбекақының негізгі қызметті орындауына байланысты. Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады.
Еңбекақының көлеміне қызметкердің иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның ол ақшаға нені сатып ала алатындығы да себепші болады. Сонда ақшаның сатып алу қабілеттілігі нақты еңбекақы мен номинальдық еңбекақының арақатынасы арқылы анықталады. Кәсіпорын қызметкерге еңбек ақыны мемлекеттің бекіткен ең төменгі деңгейінен жоғары төлеуге міндетті.
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Heгізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:
- мерзімдік, удемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалган жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
- еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;
- қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;
- сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.
Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім-шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:
- демалыс уақыттарына ақы төлеу;
- мемлекеттік және қоғамдык міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;
- кішкентай балалары бар aналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
- жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану. Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбер саласын құрастырылған тарифтік-біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолданылу тәрібін ҚРың Үкіметі бекітеді.
Тарифтік мөлшерлеме (жалақы) - бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін , (сағат, күн, ай) біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкерлердің еңбекақысының белгіленген мөлшері.
Тарифтік тор - бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффиңиенттердің арақатынас мәкілі. Тарифтиік тордағы разрядтардың саны және тарифтік коэффициенттер арасындағы алшақтықтар әртүрлі және олар өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.
Өнеркәсіптің көпшілік салаларында жұмысшының біліктілігіне тәуелді саналатын, алты разрядты тарнфтік торды қолдану ұсынылған.
Мамандарға қызметшілерге және басшыларға еңбекақы төлеу кезінде лауазымды жалақының жүйесі қолданылады. Лауазымды жалақы қызметкерлердің (ереже бойынша ұйым қызметкерлерінің орташа еңбекақысының пропорциясындағы) атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының абсолюттік мөлшері.
- қызметкерді босату кезінде жұмыстан шығардағы жәрдемақыны төлеу.
Кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру 3 өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады:
- тарифтік жүйе;
- еңбекті нормалау;
- еңбекақы төлеудің нышаны.
Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді, олардың еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативтердің жиынтығын көрсетеді.
Тарифтік жүйеге:
- сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе;
- еңбекақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың (біліктілік) әр түрлі разряд арасындағы арақатынастарын көрсететін тарифтік тор;
- тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік-біліктілік анықтамалар кіреді.
Жұмысты тарифтеу - бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.
Тарифтік разряд - қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама жеке тарифтік разряд әр өндірістік операцияда, әр жұмыста қолданылады; біліктілік разряд - қызметкердің кәсіптілігін дайындаудағы деңгейін қамтып көрсететін шама.
Еңбекті тарифтеу және тарифтелу разрядының қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілгіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.
2. ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ НЫШАНДАРЫ
Еңбекақының жүйелері және нышандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсететін, сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбекақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.
Мақсаттың ішінен басты нәрсе болып еңбек өлшемі мен еңбекақы өлшемі арасыңдағы дұрыс арақатынасты қамтамасыз ету, сонымен қатар тиімді еңбекте жұмысшылардың мүдделерін көтеру болып табылады.
Мерзімдік ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі – пайдаланылған уақыт болып табылады, ал табыс болса, нақты пайдаланылған уақыттың жалақысына немесе қызметкердің тарифтік мөлшерлемесіне байланысты есептелінеді.
Еңбекақы
мына формула бойынша есептелінеді:
мұндағы: ЕА - еңбекақы;
ТС – біліктілік разрядындағы жұмысшының меншіктенген тарифтік мөлшерлемесі;
ПУ – нақты пайдаланылған уақыт.
Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі жұмысшының өндірген өнемі болып табыладын және белгіленген (тиімді) кесімді бағалауды қоспағанда, тап осы кездегі жүйеде еңбекақы өнімнің әрбір бірлігіне есептелінеді, - сондықтан табыс өндірілген өнімнің санына және сапасына тәуелді. Табыс мына формула бойынша есептелінеді:
мұндағы: ЕА - еңбекақы;
КБ - өнім бірлігінің кесімді бағаламасы;
ОМ - дайындалған өнімнің мөлшері.
Еңбекақы төлеудің кесімді немесе мерзімді нышанын талдау бірнеше факторларға тәуелді:
- қолданылатын жабдықтың сипатына;
- технологиялық процестің ерекшелігіне;
- еңбекті жәке өндірісті ұйымдастыруға;
- материалдық және еңбек ресурстарын пайдалануға;
- өнім сапасына қойылатын талаптарға байланысты.
Еңбекақының мерзімдік және кесімді нышаналары тәжірибеде әр түрлі жүйелер түрінде қолданылады.
Қазіргі кезде еңбекақының мерзімдік-сыйлық және жай мерзімдік жүйелері кең тараған.
- Еңбекақы төлеудің жай мерзімдік жүйесінде жұмысшының табысы белгілі разрядтағы жұмысшының сағаттык (күндік) тарифтік ставкасының сағаттағы (күндегі) пайдаланылған уақыт мөлшеріне көбейтілуі арқылы есептелінеді.
- Мерзімдік-сыйлық жүйесі кезінде белгіленген көрсеткіштерді асыра орындағаны үшін сыйлықтың мөлшері тарифтік ставкаға пайыз түрінде тағайындалады (қосылады). Сыйлық берудің шарты ретінде өнім ақаусыз дайындалуы керек, материалдардың, аспаптардың үнемділігі болуы қажет.
Соңғы уақытта, нормаланған тапсырмасы бар мерзімдік еңбекақы төлеу немесе кесімді мерзімдік еңбекақы төлеу кең қолданыла бастады. Жұмысшыға немесе бригадаға өнім сапасының талаптарын сақтаумен қатар, белгілі уақыт кезінде мерзімдік еңбекақысымен төленетін жұмысты орындауға тиісті, жұмыстың көлемі мен құрамы тағайындалады (көрсетіледі). Мысалы, егер де жұмысшы немесе бригада 7 сағат нормаланған тапсырмаға сәйкес келетін жұмыс көлемін 6 сағат ішінде орындап шықса, онда ақы оған 7 сағатқа төленеді.
Нормаланған тапсырмасы бар мерзімдік еңбекақы төлеу өндіріске қызмет көрсетумен байланысты (әсіресе жабдықтарды реттеу және жөндеу жұмыстарында жиі қолданылады).
Еңбекақы төлеудің кесімді нышаны бірнеше жүйелерге бөлінеді:
- тікелей кесімді; - кесімді-сыйлыкақы;
- үдемелі кесімді;
- жанама кесімді;
- аккордтық.
Тікелей кесімді жүйе кезінде еңбекке ақы ендірлген өнімнің бірлігіне қарай төленеді. Жұмыстың немесе өнімнің бірлігі үшін көрсетілген жеке кесімді бағаламаны, уақыттың нормасында орындалатын жұмыстың разрядына байланысты бекітілген сағаттық тарифтік ставканы өнім бірлігіне көбейту арқылы немесе сағаттық тарифтік ставканы өндірім мөлшеріне бөлу арқылы табамыз. Жұмысшының жалпы табысын уақыттың есептелінген кезеңінде өндірілген өнімнің мөлшерін кесімді бағаламаға көбейту арқылы табамыз;
Кесімді сыйлыкақы төлеу жүйесі кезінде жұмысшыға тікелей кесімді бағалама бойынша табыстан тыс, жұмыстың алдын ала белгіленген, нақты сапалық және сандық көрсеткіштерін орындағаны және асыра орындағаны үшін сыйлықтар төленеді;
Үдемелі кесімді еңбекақы төлеу жүйесі норманы орындағаны үшін, тікелей кесімді бағаламалар бойынша төлемдерді қамтиды, ал нормадан тыс өндірулер кезінде жоғарғы бағалама бойынша төлемдерді қамтиды. Бұл еңбекақы төлеудің жүйесі, әдетте, жаңа техниканы меңгеріп алумен байланысты жұмыстарда уақытша қолданылады.
Еңбекақы төлеудің кесімді түрін ұжымдық түрде немесе әр6ір нақты қызметкерге жеке қолдануға болады. Бірақ еңбекақы төлеудің мердігерлік нышаны кең таралған. Бұл еңбекақы төлеудің нышанының маңызы мынада, яғни келісім бойынша бір жақ қызметкерлері нақты бip жұмысты орындап, мердігерлік алады, ал екінші жақ қызметкерлері жұмыстың қорытындысын күтеді.
Жанама кесімді еңбекақы төлеу көбінесе қосалқы және қызмет көрсететін өндірістерді (көлік құралдарының жүргізушілері, реттеушілері, жөндеушілері және т.б.) жұмыс жасайтын жұмысшыларға қолданылады. Олардың табысының мөлшері негізгі қызмет көрсетуші, жұмысшы-істеушілер қызметінің нәтижесіне тікелей тәуелді.
Аккордтық кесімді жүйе жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған нормалар мен бағаламаларды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтаймыз. Еңбекақы төлеудің осы жүйесі ең алдымен жұмысшылардың аз санымен және қысқа уақытта жұмыстың барлық көлемінің орындалуына жағдай жасайды.
Ғылыми-техникалық прогресс және мұнымен байланысты өндірісті автоматтандыру кесімді еңбекақының мерзімдік еңбекақыға ауысуындағы беталыстардың пайда болуына мүмкіншілік туғызады. Мұндай еңбекақы төлеудің нышанын пайдаланған кезде, кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін төмендетпейтін барлық мүмкіншілік шаралар қолданылуы керек. Мұндай шаралардың қатарына, еңбекақы төлеудің мерзімдік нышаны кезіндегі еңбекті нормалаудың жоғарғы деңгейін қолдайтын және сақтайтын шаралар жатады.
Еңбекақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және кесімді енбекақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбекақы мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын қызметінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.
Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесінде қызметкерлердің табыстары ұжым жұмысының соңғы нәтижелеріне толықтай тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбекақы қорындағы барлық ұжымның тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Мұндай жүйеде тарифтік ставка немесе тұрақты жалақы белгіленбейді, ол ереже бойынша мұндай үлесті еңбекке қатысу деңгейін, жұмысшыға белгіленген тұрақты коэффициент арқылы анықтаймыз. Мұндай жүйені ұжымның әрбір мүшесінің жалпы жауапкершілік және мүддесі кезіндегі қызметкердің еңбек нәтижесін бағалауға мүмкіншілік бар кезде қолданған орынды.
Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесін қолданушы ұйымның тәжірибелік қызметінде жиі жауабы табылмайтын сұрақтар пайда болады (мысалы, тоқтапқалу уақытының ақысы, қызметкерлердің кесірінен болмаған ақаулар және т.б.). Осыған қарай еңбекақы төлеудің тарифтік және тарифсіз жүйесінін элементтерінен құралған аралас жүйелер қолданылады.
3. ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ
Нарық жағдайында тауар ретінде еңбек өнімінің нарығы мойындаған еңбекақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің нәтижесіне төленеді. Тауарларды өткізуден түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны мен сапасын бағалаудағы және олардың жеке табыстарының негізгі кезін бағалаудағы жоғарғы белгі болып табылады.
Қазіргі уақытта, Қазақстанда еңбекақыны реформалау (өзгерту), мемлекеттік көпілделген ең қысқа күнелту деңгейін қамтамасыз етумен және ақы төлеудің жоғарғы деңгейінен шектеулерді жүйелі түрде алып тастаумен байланысты.
Еңбек қатынастарын реттеудің нормасы болып тарифтік келісімнің, және ұжымдық келісім-шаpттың негізінде жасалған жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасындағы, жұмысшылар мен қызметшілердің арасындағы еңбекақы төлеу бойынша келісім-шарттың қағидасы табылуы керек. Реформада міндетті төлемге жататын мемлекеттік әлеуметтік норматив тәрізді еңбекақының ең аз мөлшері бекітілген
. Ең төменгі еңбекақы ең төменгі тұтыну бюджетінің негізінде тағайындалады және әлеуметтік факторларға байланысты сараланады.
Ең төменгі еңбекақының экономикалык мағынасы өнімді еңбектегі және жұмыс күшін ұдайы өндірудегі жұмысшының қабілеттілігін қолдауды білдіреді.
Сонымен 1994 жылы ең төменгі еңбекақы күнелту минимумының 22% құрайды. 1995 жылы - 45%, 1996 жылы - 55%, 1997 жылы - 70%, 1998 жылы - 75%, болжанады, ал бірте-бірте 2006 жылға дейін осы көрсеткішті күнелту минимумының деңгейіне дейін жеткізу болжанады. Еңбектің бүгінгі бағасы экономикалық дәлелденген деңгейінен тым алыс. Статистикалық мәліметтер бойынша ағымдық жылдың қыркүйек айында өнеркәсіпте жұмыс жасайтын қызметкерлердің орташа номиналдық (көрсетілген) еңбекақысы 12724 теңгені құрады немесе ҚР ың Ұлттық Банкідегі AҚIII долларының орташа өлшенген курсы бойынша 85 $ құрады, сонымен бipгe қызметкерлердің еңбекақысының абсолюттік деңгейі өз-өзінен төмен емес, оған еңбек өнімділігі әсер етеді, яғни өнімділік деңгейі бойынша қазақстандық өнеркәсіптер дамыған елдерден 3-5 есе төмен, ал еңбекақының деңгейіндегі қарама-қайшылық 10-15 есеге тең.
Төмендегі соңғы 4 жылдағы республика бойынша орташа еңбекақының серпінінде халықтарға қызмет көрсету және материалдық өндіріс салаларында жұмыс жасайтын қыз-меткерлердің орташа көрсетілген еңбекақысының деңгейіндегі жақындасулар көрсетілген.
Салалар |
Орташа номиналдық еңбекақы |
|||||||
1994 |
1995 |
1996 |
1997 |
|||||
теңге |
|
теңге |
|
теңге |
|
теңге |
|
|
Экономиканың салалры бойынша барлығы |
1726 |
13,5 |
4766 |
2,8 |
6852 |
1,4 |
7961 |
1,16 |
Материалдық өндірістің салалары |
1960 |
13,8 |
5383 |
2,7 |
7427 |
1,4 |
8821 |
1,18 |
Өндірістік емес салалары |
1158 |
12,6 |
3479 |
3 |
5571 |
1,6 |
6687 |
1,2 |
Материалдық өндірістегі орташа еңбекақының арақатынас коэффициенті |
1,69 |
|
1,54 |
|
1,33 |
|
1,31 |
|
Осындай процестерге қарамастан, экономика саласында еңбекақыны едәуір саралау баяғыша сақталынады. Салыстырмалы есептеулерден, көптеген жылдар бойы еңбекақы саласының және аймақтық саралануының артын жатқанын көруге болады.
Өнеркәсіп саласында еңбекақының максималдық және минималдық деңгейі 1996 жылы 3,3 есе шамасын көрсеткен, аймақтық аспектідегі еңбекақы деңгейінің арақатынасы 1992 жылдаға 2,5 есеге қарағанда, осы жылы 3,47 есені құраған, егер де еңбекақының мөлшері 1997 жылы жанар май өнеркәсібінде – 25461 тг, қара металлургияда – 16752 тг құраған болса, онда машина жасау және металл өңдеу өнеркәсіптерінде оның мөлшері – 7840 тг, орман, ағаш өңдеу өнеркәсіптерінде –5313 тг, жеңіл өнеркәсіпте – 5287 тг құраған.
Еңбекақының деңгейіндегі ұқсас қиғаштықтар жеке кәсіпорындарда байқалған 1992 жылдан бастап экономиканың барлық салаларына біріңғай тарифтік тор енгізу керек туралы еңбекақытөлеудің сұрақтарымен Үкімет қанша айналысса да, еңбекақы ұйымдастырудағы кемшіліктердің пайда болуы заң және нормативтік актілердің жоқ болуына байланысты. Әрине, мұнымен барлық мәселе шешіле қоймайды, сондықтан еңбектің мәртебесін көтеретін, мамандардың және ғалымдардың бірлескен күштерінің көмегімен еңбекақының жолдарын дұрыс анықтпй аламыз. Еңбекшілер табысын кепілденген деңгейін қорғауды жүзеге асыратын бірыңғай тарифтік тор еңбекақы төлеу реформасының негізі болып табылады.
Осының нәтижесінде, оның базалық бөлігіболып, халық шаруашылығының саласын-дағы әрбір жұмысшыға кепілденген минималдық еңбекақы табылады. Еңбекақының екінші бөлігі (бонустар, өтемдік және тағы да басқа төлемдер) ұйымдарда, кәсіпорындарда және салаларда балдық жүйемен бағаланатын, разрядқа, біліктілік топқа, атаққа және дәрежеге байланысты, жұмысшылардың еңбек стаждарына, біліктіліктеріне, қабілеттіліктеріне және қолда бар ақшалардың мөлшеріне байланысты төленеді.
1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бірыңғай тарифтік тор халық шаруашылығындағы қызметкерлердің барлық дәрежесіне қосылған болатын.
Бірыңғай тарифтік торда бірінші разрядтағы жұмысшылардан басталып, басшылармен яқталатын, қызметкерлердің разрядтарының тарифтік коэффициенттерінің мәтіні көрсетіледі
Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд халық шаруашы-лығында жұмыс жасайтын барлық қызметкерлерге таратылады. 21 тарифтік разряд шаруашылықтағы жүргізу нышанына, меншік нышанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған:
- 1-8 разрядтар бойынша – жұмысшыларға төлемдер;
- 6-15 разрядтар бойынша – сызықтық қызметкерлер;
- 4-11 разрядтар бойынша – орта білімді мамандар;
- 7-15 разрядтар бойынша – жоғары білімді мамандар;
- 10-12 разрядтар бойынша – кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық қызметтердің басшылары; - 9-12 разрядтар бойынша – ғылыми қызметкерлер.
Жұмысшылардың дәрежесі халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбек процесінде орындалған жалпы қызметтердің бағдарына байланысты болған соң, жұмысшылардың дәрежесі бір топта көрсетіледі.
ҚР ң бюджеттік салаларындағы қызметкерлердің еңбекақыларына арналған бірыңғай тарифтік тор қызметкерлердің дәрежесін, міндетін, разрядтар санын (21) және разрядтарға қатысты тарифтік коэффициенттерін көрсете отырып, әр түрлі топтардағы қызметкерлердің еңбекақысындағы ара-қатынастардың мәтінін көрсетеді. Тарифтік торға тарифтік коэффи-циенттердің абсалюттік және салыстырмалы өсуі, разрядтардың саны және диапозон (ауқым) жатады. Қазақстанда экономикалық реформаны жүргізу кезінде, кәсіпорындарға еңбекақы төлемдерін өздері еркін реттеген.
Мемлекеттің бюджет саласындағы қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша бірыңғай тарифтік тор көрсетілген. Еңбекақы күрделі еңбекті жақсы ынталандыру үшін, кәсіпорын-дарда жауапкершіліктің деңгейі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, қызметкердің біліктілігі және еңбекақының деңгейі арасындағы тікелей байланыстарды орнатқан.
Еңбекақы төлеудің разрядтары |
Тарифтік коэффициенттер |
Еңбекақы төлеудің разрядтары |
Тарифтік коэффициенттер |
1 |
1,0 |
12 |
2,20 |
2 |
1,07 |
13 |
2,37 |
3 |
1,15 |
14 |
2,55 |
4 |
1,24 |
15 |
2,74 |
5 |
1,33 |
16 |
2,95 |
6 |
1,43 |
17 |
3,17 |
7 |
1,54 |
18 |
3,43 |
8 |
1,66 |
19 |
3,67 |
9 |
1,78 |
20 |
3,94 |
10 |
1,91 |
21 |
4,24 |
11 |
2,05 |
|
|
Сонымен Қазақстанның қазіргі жағдайында, еңбекақыны реттеудің және жоспарлаудың сұрақтарын шешуде мына есептерге көңіл аударылуы қажет:
кәсіпорынның нарықтық қызметінің және оның пайдалылығының нәтижесі;
кәсіпорынның кадрлық саясатының есебі;
мамандыққа байланысты қызметкерлердің арасындағы, облыстар, аймақтар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі;
кәсіподақтардың бәсекелестердің және мемлекеттердің әсерлері;
байланыс саласындағы кәсіпорындардың саясаттары және т.б.
Кәсіпорындарда еңбекақы төлеуді рңтайлы ұйымдастыру қызметкерлердің қызметін және еңбектің нәтижелерін ынталандыруға, өнімнің рентабельділігін және пайдалылығын, дайын өнім және еңбек нарығының бәсекеге қабелеттілігін қамтуға мүмкіндік береді.
Еңбекақы төлеудің оңтайлы ұйымдастырылуының мақсаты – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесіндегі қызметтердің еңбектің салымы мен еңбекақы төлеу шамасының арасындағы сәйкестілікті қамтамасыз ету, яғни тұтыну шамасы мен еңбек шамасы арасындағы сәйкестікті бекіту.
Көптеген қазақстандық кәсіпорындарда еңбекақы төлеуді ұйымдастыруының негізіне мынадай басты қағидалар тиісті:
- еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбекақыны жүзеге асыру;
- кәсіпорынның салалық және аймақтық қажеттіліктеріне, еңбек жағдайына, қызметкердің біліктілігіне байланысты еңбекақыны саралау;
- нақты еңбекақының ретті жоғарылауы, яғни көрсетілген еңбекақының өсу қарқыны кезінде инфляциядан жоғарылап кетуі;
- еңбекөнімділігі өсу қарқынының орташа еңбекақының өсу қарқынынан артып кетуі.
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” Заңы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылған. Бұл заңға сәйкес, жұмыс беруші мен жұмыскердің еңбектік арақатынастары нормативтік құқықтық актілермен және еңбек заңдылықтары бойынша келісілген жеке еңбек шартымен, ұжымдық шартпен реттеледі.
Жеке еңбек шарттың мазмұны
Жеке еңбек шартында:
- тараптарлардың реквизиттері:
жұмыс беруші – заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері, жұмыс беруші – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттік тіркеу нөмірі мен уақыты;
жұмыс берушінің (оның өкілінің) тегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қызметі, ал жұмыс беруші – жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы, басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні;
қызметкердің есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні; әлеуметтік жеке кодының нөмірі (ӘЖК), салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН);
- еңбек міндеті(белгілі бір қызмет,мамандық, кәсіп бойынша жұмыс);
- жекееңбек шартының мерзімі;
- еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн;
- еңбек жағдайларының сипаттамалы, қызметкерлерге ауыр дене істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар;
- жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
- еңбекақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары;
- жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
- қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртібі;
- өтемақылар төлеу мен кепілдіктер беру тәртібі;
- тараптардың жауапкершілігі көрсетілуі тиіс.
Тараптардың келісім бойынша жеке еңбек шартына өзге де жағдайлардың енгізілуі мүмкін.
Жеке еңбек шартының мерзімі.
Жеке еңбек шарты:
- белгісіз мерзімге;
- белгілі бір мерзімге;
- белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін.
Егер жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, шарт белгісіз мерзімге жасаған деп есептеледі.
Ұжымдық шарттың мазмұны мен құырлымы
Ұжымдық шарттың мазмұны келіссөздер жөніндегі екіжақты комиссияда тараптар белгілейді.
Ұжымдық шарт:
- оның қолданылуы мерзімі туралы;
- орындалуын бақылау тәртібі туралы;
- шарт талаптарының орындалмағаны үшін жауапкершілік туралы;
- өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы ережелері қамтиды.
Ұжымдық шарттардың ережелері қызметкерлердің құқығын шектемеуі, еңбек жағдайларын нашарлатпауы және заңдарда белгіленген кепілдіктерді бұзбауы керек.
Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері мен аясы
Ұжымдық шарт тараптар белгілейтін мерзімге жасалады.
Егер ұжымдық шарттың ережелерінде өзгеше көзделмесе, ол қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және тараптардың орындалуы үшін міндетті болады.
- Ұжымдық шарт басқару органның құрылымы, құрамы өзгерген жағдайда күшінде қалады және қолданыла береді.
- Ұжымдық шарт қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) кезеңінде өз күшін сақтап қалады. Кейіннен ұжымдық шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
- Ұйымның меншік иесі ауысқан жағдайда ұжымның шарттың қолданылуы үш ай бойы сақталады. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымның шарт жасау немесе қолданылы жүрген шарттың сақталуы, өзгертілуі және толықтаруылуы туралы келіссөздер бастауға құқылы.
- Ұйым таратылған және банкрот деп жарияланғаг жағдайда тарату немес банкроттық туралы тиісті шешім қабылданған кезден бастап ұжымдық шарттың қолданылуы тоқтатылады.
- Ұжымның шарттың қолданылу мерзімі оған өзгерістер мен толықтырулар тараптардың өзара келісуі бойынша ұжымдық шартта белгіленген тәртіппен ғана жүргізіледі.
- Тараптардың өкілдері қызметкерлерді ұжымдық шартпен таныстырып, оларға орындалу барысы туралы хабарлап отыруға міндетті.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы
- Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт жұмыс уақыты болып есептеледі.
- Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.
- Жеке еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуі мүмкін. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:
Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:
- он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 24 сағаттан; он алтыдан он сегіз жасқа дейін – аптасына 36 сағаттан аспайтын;
- ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.
Жұмыс істеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен қызметтердің тізімін, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті) жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Жалақы
- Жұмыс беруші осы Заңға, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті.
- Қызметкерлердің еңбегіне ақы мерзімдік, кесімді түрде немесе еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері бойынша төленеді. Ақы төлеу еңбектің жеке және немесе ұжымдық нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.
- Қызметкерлердің жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді.
Қызметкердің өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық мүдделелілігін күшейту үшін жыл ішіндегі жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесі және материалдық көтермелеудің басқа да нысандары енгізілуі мүмкін.
- Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесі ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің ақкілерімен белгіленеді. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделелігі жұмыстар мен жұмсшылар кәсіптерінің біліктілік анықта-малығы, қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы негізінде белгіленеді.
Аталған анықтамалықтарды әзірлеу мен қолданудың тәртібін еңбек жөніндегі уәклетті мемлекеттік орган белгілейді.
- Орындалған жұмыстарды белгілі бір күрделі жұмысқа жатқыруды және қызметкерлерге біліктілік разрядтарын беруді жұмыс беруші жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің біліктілік анықтамалығының және қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына сәйкес дербес жүргізеді.
Жалақының мөлшері
Жалақының мөлшерін жұмыс беруші дербес белгілейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем болмауы керек.
Қызметтерді қоса атқару (қызмет көрсету аймақтарын кеңейту) және жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау кезіндегі жалақы.
- Белгілі бір ұйымда өзінің жеке еңбек шартымен келісілген негізгі жұмысымен қатар өзінің негізгі жұмысынан босатылмастан басқа қызмет немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеті бойынша қосымша жұмысты орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленеді.
- Қызметкерлерді қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймақтарын кеңейкені) немесе жұмысты уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақылардың мөлшерін қызметкермен келісім бойынша жұмыс беруші белгілейді.
Мерзімнен тыс жұмыстарған, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстарға ақы төлеу. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу.
Мерзімнен тыс жұмысқа ақы бір есе мөлшерінен кем төленбейді.
Мереке және демалыс күндеріндегі еңбекақы екі еседен төмен болмайтын мөлшерде төленеді. - Мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстарға төленетін өтемақы қызметкердің тілегі бойынша қосымша демалыс күнімен ауыстырылуы мүмкін.
- Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына ақы бір жарым есе мөлшерінен кем төленбейді.
Бос тұрып қалған уақытқа ақы төлеу
- Жұмыстың бос тұрып қалған уақытына ақы төлеудің тәртібі мен талаптары жеке еңбек немесе ұжымдық шарттармен белгіленеді.
- Қызметкердің кінәсінен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиіс.
Жалақы төлеу мерзімдері
- Жалақы бір айда кем дегенде бір рет төленеді. Жалақыны төлеу күндері деке еңбек, ұжымдық шарттарда қарастырылады.
- Жалақы төлейтін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген жағдайда, оны төлеу олардың қарсаңында жүргізіледі.
- Жұмыс берушінің кінәсінен жалақы, ал қызметкерлермен жеке еңбек шарты бұзылған кезде – оған тиесілі басқа да төлемдер белгіленген мерзімдермен салыстырғанда кешіктірілген кезде жұмыс беруші қызметкерлерге берешек пен өсімақы төлейді. Өсімақының мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша белгіленеді және жүргізілуге тиіс болған күнен кейінгі уақыттан бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеліп төлеген күннен аяқталады.
- Жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерлерге тиесілі барлықсомаларды төлеу жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Әдебиет тізім
Экономика и организация промышленного производства/под ред. Лисичкина А.В.-Минск, 1991
Парамонов В.В.Экономика Казахстана: Алматы, Гылым, 2000
Мухамбеков М.М. Экономика и организация предприятия. Астана издательство «Фолиант» 2005.
Дубровский В.Ж., Чайкин В.И. «Экономика и управление предприятием (фирмой)» -Екатеринбург, 1995.
Окаев Н.К., Дюкова Е.Л. «Экономика промышленного предприятия в условиях рынка» -Алматы, 1994.
Тұжырымдар. Кәсіпорында еңбек ақы негіздерін ұйымдастырудың басты аспектілерін біліп түсіну.
ДӘРІС 13. ТАҚЫРЫБЫ: Кәсіпорынның қаржы нәтижесін қалыптастыру
Мақсат: Кәсіпорынның өндіріс нәтижесі негізінде қалыптасатын қаржылық аспектілерін біліп, түсіну
Жоспар:
Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы
Пайда – кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты
Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы
Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы
Негізгі ұғымдар тізбесі: кәсіпорынның табысы, өнімді сатудан түскен табыс, өткізуден тыс операциялардан алынған табыс, құнды қағаздар дивидендтері, табыс, ұлттық табыс, жалпы табыс, таза табыс, халықтың ақшалай табысы, жеке табыс, орта табыс, шекті табыс
1. Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.
Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру
Кәсіпорынның табысы = Өнімді сатудан түскен табыс + Басқадай өткізуден алынған табыс + Өткізуден тыс операциялардан алынған табыс (шығыстарды алып тастағандағы)
Өнімді сатудан түскен табыс = Өнімдерді сатудан түскен ақшалай түсім + Қосылған құн салығы + Акциздер
Басқадай өткізуден алынған табыс = Негізгі қорларды және басқа да мүліктерді, қалдықтарды, т.б. сатудан түскен табыс
Өткізуден тыс операциялардан алынған табыс = Құнды қағаздар дивидендтері + Жалға алғаны үшін төлем + Өсімақы, тұрақсыздық ақы, айыппұл т.б.
Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.
Жиі қолданылатын «таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.
Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты – бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:
Жалпы табыс (ЖТ) – бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.
Орта табыс (ОТ) – жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу (К): ОТ = ЖТ/К
Шекті табыс (ШТ) – бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі
ШТ = ЖТ/К
Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді.
2. Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады.
Пайда дегеніміз – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген орында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі – қосымша еңбек қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанда бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?
Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді. Жалпы баланстық пайда мынадан құралады:
тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;
тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян;
сатылатыннан тыс операциялардан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.
Есептеулік пайда – бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда.
Пайда жоспары бағалар мен келісім-шарттар, салыстармалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу әдісімен анықтау – өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.
