Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Кәсіпкерлік білім беру.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Білім беру мекемелерінде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру

  2. Білім беру мекемелеріне тән кәсіпкерлік қызметтің түрлері

  3. Тауар өнімдерін өндіру бойынша кәсіпкерлік қызметті білім беру мекемелерінде ұйымдастыру.

Білім беру мекемелерінің экономикалық дербестігінің ауқымын ұлғайту, олардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу – өз қаражатының мүмкіндіктерін іске қосу мен қосымша қаражат табу көздерін іздестіру, білім беру мекемелері үшін ерекше маңызға ие болмақ.

Білім беру жүйесін дамыту ҚР-ң мемлекеттік саясатының басты бағыты болып саналады. Бұған негіз болатын ҚР «Білім туралы» заңы, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары», Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы

Қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде білім беру саласында жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері яғни жеке балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру орталықтары, мектептер, колледждер, жоғарғы оқу орындары және басқа да қосымша білім беретін ұйымдарға қолдау көрсетілуде.

Білім беру мекемелеріне тән кәсіпкерлік қызметтің түрлері: білім беру мекемелерінің құрылымдық базаларында тауар өнімдерін өндіру; білім беру қызметі; қосымша білім беру қызметі; білім беру қызметіне қатысы жоқ қызмет көрсету.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңы, Мемлекеттік білім беру мекемелері «Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» ережесіне сәйкес білім беру ұйымдарының кәсіпкерлік қызметтің мынадай түрлері белгілі:

1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімдері мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру; 

2) оқу жоспары мен бағдарламалар бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру; 

3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;

4) әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу; 

5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну; 

6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету; 

7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу; 

8) кәсіптік оқытуды ұйымдастыру (техникалық және қызмет көрсетуші еңбек мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру); 

9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсына алады. 

Мемлекеттік білім беру мекемелері мекеменің аумағында (үй-жайында) арнайы тағайындалған жерде мынадай ақпаратты орналастырады:        1) осы мемлекеттік білім беру мекемелері көрсететін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерінің тізбесі; 

2) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған бағалар прейскуранты;

3) үлгілік шарт нысаны. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуінен түсетін қаражат мемлекеттік білім беру мекемесінің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары бойынша жоспарланады және пайдаланылады.

Ақылы білім беру қызметтерін және өзге де қызметтерді көрсетуден түсетін қаражат ұйым басшысы айқындаған бірінші кезектегі іс-шараларды ескере отырып және міндетті түрде қамқоршылық кеңеспен келісілген, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі ата-аналар комитеттерімен келісім бойынша қатаң түрде нысаналы мақсат бойынша жұмсалады.

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері. Жеке меншік білім беру ұйымдарды, мектепке дейінгі ұйымдарды (балабақша, шағын орталықтар) ұйымдастыру туралы әдістемелік ұсынылым.

Қазақстандағы заңдар, жарлықтар, қаулылар, мен бұйрықтар түрінде бірқатар нормативтік – құқықтық құжаттар

Білімді бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Білім беру мекемелеріне тән кәсіпкерлік қызметтің түрлері қандай? 

  2. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережесімен танысыңыз

  3. Жеке меншік білім беру ұйымдарды ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсынылымы

№5 Дәріс. Білім беру мекемелерінің қызмет жүйесіндегі маркетинг

1. Маркетинг туралы түсінік. Білім беру қызметінің маркетингі.

2. Білім беру саласындағы маркетингтің негізгі проблемалық бағыт-бағдары

3. Маркетингілік орта. Білім беру мекемесінің маркетингілік ортасын талдау.

4. Білім мекемелерінің әлеуметтік жауапкершілігі.

Бүгінгі таңда білім беру экономиканың қарқынды дамитын және перспективті салаларының бірі болып табылады.

Маркетинг - marketing – нарықтық қызмет деген ағылшын сөзінен шыққан. Маркетинг –бұл тауарға, қызмет көрсетуге, адамдарды ұйымдастыруға сұранымды қанағаттандыруды басқару.

Маркетинг – өндіріс процесі мен ұсынымына және өндірушіден тұтынушыға қызмет көрсетудің әсерін ескертетін барлық факторларды қарастырудың кешенді шаралары.

Маркетинг – бұл рынокта талдау, кәсіпорындар қызметінің әр қилы тұрлерінің өзара іс-қимылдарын қамтитын өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізудегі кешенді жүйе: жоспарлау, баға құрылымы, сату (сатып алу), шикізаттарды жеткізу, өнім (тауарлар) және қызмет көрсету.

Маркетингілік қатынастың шынайы қатысушылары тек білім беру мекемелері ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар (яғни бөлек жеке тұлғалар, мекемелер мен ұйымдар) мен рынокта білім беру қызметін жылжытуға септігін тигізетін қоғамдық институттар (жұмыспен қамту орталықтары, еңбек биржасы және т.б.), және мемлекеттік құрылымдар.

Білім берудегі маркетинг объектілері:

- территория (аумақ) маркетингі: білім алушылар үшін оқу орнының қайда орналасқаны және тұру үшін қандай мүмкіндіктері бар екендігі маңызды;

- білім беру мекемесінің маркетингі: қоғамдық беделі, мәртебесі (статус);

- қызметкерлері жеке тұлғасының маркетингі: мұғалімдерінің репутациясы, санаты.

- тауар маркетингі: оқу құрал-жабдықтары, қызметкерлері мен оқушыларының практикалық қызметінің өнімдері: өнем табыстары, патенттері, зерттеу бағдарламалары, басқа да инновациялық қызметтері мен өнімдері.

Маркетинг объектілер қатарына жатақхана, тамақтандыру мекемелері, спорт және сауықтыру орталықтарының қызметтері де жатады.

Білім беру саласындағы маркетингтің келесі негізгі проблемалық бағыт-бағдарын белгілеуге болады:

► Тауар саясаты мәселелері

►Баға саясатының мәселесі

►Коммуникация саясатының мәселелері

►Маркетингтік зерттеулер мәселелері

Білім беру саласындағы маркетинг – нарық жағдайында өндіруші мен тұтынушы арасындағы өзара қатынас пен іс-әрекет тактикасы, стратегиясы, бір сөзбен айтқанда философиясы.

Маркетингтің негізгі ұғымдарының бірі маркетингілік орта – бұл маркетинг субъектілерінің қызмет тиімділігіне және нарық ерекшеліктеріне ықпалын тигізіп, белсенді әрекеттегі факторлар жиынтығы

Білім беру мекемелерінің табысқа жетуі қызметі мен тауарының маркетингілік ортаға сай болуына байланысты.

Білім беру мекемесінің ішкі маркетингілік ортасы (микроорта) оның басты шағын жүйелерін қамтиды: оқу-әдістемелік, ғылыми, шаруашылық, экономикалық, басқарушылық және маркетингілік қызмет (басқада жүйелер бар).

Білім берудің ішкі ортасын талдау маркетингілік ортаны зерттеудің бастапқы кезеңі болып табылады.

Макроортаны (сыртқы орта) зерттеу - тауар мен қызмет нарығындағы қазіргі жағдай туралы пікірді қалыптастырады, оның мүмкіндіктерін (потенциал) анықтауға септігін тигізеді. Мекеменің макроортасында орын алып жатқан негізгі күштер:

► демографиялық орта;

► экономикалық орта;

► экологиялық орта;

► ғылыми-техникалық орта;

► саяси орта;

► мәдени орта.

Макроортаны талдауда келесі міндеттерді шешуге болады:

- білім беру жүйесінде білім беру мекемесінің шынайы жағдайын талдау;

- оқу мекемесінің басқа оқу орындарына қарағанда бәсекеге қабілеттілігін бағалау;

- білім беру мекемесінің маркетингілік стратегиясын құру;

- таяудағы жылға арналған білім беру мекемесін дамытудың нақты жоспарын (сценарий) таңдау;

- шаруашылық, ынтымақтастық туралы келісім-шарттар жасау және т.б.

Мұндай талдау нарықты жалпы маркетингілік зерттеу аясында жылма-жыл немесе білім беру нарығында ірі өзгерістер болған жағдайда жүргізіледі.

Білімді бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Білім беру қызметі маркетингінің негізгі категорияларына глоссарий құрастырыңыз.

  2. Білім беру мекемелерінің қызмет жүйесінде маркетингтік қызметтің маңызы зор. Жауабыңызды дәлелдеңіз.

  3. «Білім беру мекемесінде маркетолог маманының қажеттілігі» тақырыбынды эссе жазыңыз.

№6 Дәріс. Білімдік қызмет көрсету нарығын зерделеу

1. Білімдік қызмет көрсету нарығы туралы түсінік