Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mu_laborat_rab_kaz_11_02_2013.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
    1. Геометриялық пішіні дұрыс үлгілердің орташа тығыздығын анықтау

Барлық үлгілерді анықтап қарап шығып, әр материалдың атаулары анықталады. Үлгілер штангенциркуль мен немесе дәлдігі 0,1 см шамаға дейінгі сызғышпен өлшенеді және салмақтары анықталады:

а) пішіні текше немесе параллелепипед үлгілер үшін көлемді V негіз ауданын биіктігіне көбейту арқылы есептейді;

б) цилиндр пішінді үлгілер үшін көлем V төмендегі формуламен анықталады:

,

мұнда V – үлгі көлемі, ( ).

Материалдың орташа тығыздығын үлгі массасын есептелген көлемге бөлу арқылы 0,01 дәлдікке дейін анықтайды. Тәжірибе нәтижелері 1-кестеге жазылады.

1-кесте. Геометриялық пішіні дұрыс үлгілердің орташа тығыздығы нәтижелері.

Материал аталуы

Үлгі массасы, г

Өлшемі, см

Көлемі,

Орташа тығыздығы

1

2 …

    1. Геометриялық пішіні дұрыс емес тығыз үлгілердің орташа тығыздығын анықтау

Құрғақ үлгіні 0,1 г-ға дейінгі дәлдікпен өлшеп, жіппен байлайды. Содан кейін мөлшерлегіш цилиндрге су толтырып, судың деңгейін анықтап алады да, үлгіні цилиндрге салып, ығыстырылған су көлемі белгіленеді. Материалдың орташа тығыздығы төмендегі формуламен анықталады:

, .

Нәтижені 2-кестеге жазады.

2-кесте. Геометриялық пішіні дұрыс емес үлгілердің орташа тығыздығын анықтау нәтижелері.

Материал аталуы

Үлгі массасы, г

Су көлемі, см³

Көлемі,

Орташа тығыздығы

бастапқы

үлгімен ығыстырылған

1

2 …

    1. Геометриялық пішіні дұрыс емес кеуекті материалдың тығыздығын анықтау

Геометриялық пішіні дұрыс емес кеуекті материалдардың тығыздығы үлгіні балауыздау әдісімен немесе үлгіге алдын ала су сіңіріп қанықтыру әдісімен анықталады. Ұсынып отырған тәжірибеде балауыздау әдісі қолданылады.

Тәжірибені жүргізу реті

Материалдың аталуын анықтайды. Құрғақ үлгіні жіппен байлап, 0,5 г-ға дейінгі дәлдікпен өлшейді ( ).

Үлгіні байланған жіппнен ұстап тұрып, балқытылған балауызға әрбір 30-40 сек. сайын бірнеше рет 1-2 секундтан батырады. Тексеру арқылы үлгінің балауызбен толық қапталғанына көз жеткізеді (егер әлі де толық қапталмаған болса, онда 2-3 рет тағы батырады). Балауыз қапталған үлгіні өлшейді ( ).

Мөлшерлегіш цилиндрге белгілі деңгейге дейін су құйып, 1 см шамасына дейінгі дәлдікпен судың көлемін ( ) белгілейді.

Үлгіні цилиндрге малып (жіппен ұстап тұрып), ығыстырылған судың көлемін ( ) белгілейді де, үлгінің балауызбен қоса көлемін есептеп шығарады:

.

Үлгіге жабысқан балауыздың көлемін балауыз массасын тығыздығына (0,930 г/см -ге тең) бөлу арқылы мына формула бойынша есептеп шығарады:

,

сонда балауыссыз үлгі көлемін былай есептеп шығарады:

.

Үлгінің орташа тығыздығын төмендегі формула бойынша есептейді:

,

Тәжірибе нәтижесі 3-кестеге енгізіледі.

3-кесте. Геометриялық пішіні дұрыс емес кеуекті материалдың тығыздығын анықтау нәтижесі

Үлгінің аталуы

Үлгі салмағы, г

Мөлшерлегіш цилиндрдегі судың көлемі,

Балауыздалған үлгі көлемі, см³, V3

Үлгі дегі балауыздың көлемі, Vпар

Үлгі көлемі, см³

Vүлгі

Орташа тығыздығы

құрғақ, m

балауызбен қапталған

m1

балауыздбен қапталған

үлгі суға батырылғанға дейін, V1

оны суға батырғаннан кейін, V2

1

2…