Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5fan_ru_Әлемдік әлеуметтанудың қалыптасуы мен д...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135 Кб
Скачать
☆

2. 1912 Жылы «Айқапта» басылған «Жазу тәртібі» атты мақаласында а. Байтұрсынұлы халықты сауаттандыру үшін сол кездегі оқуды реттеу, тәртіпке келтіру жөніндегі ойларын ортаға салады.

Қазақ қоғамындағы оқыту үдерісінде, әсіресе қазақша оқуда кемшілік көп болатын. Сол сияқты қазақ балаларын өз тілінде оқыту ісі кәсібилікті талап ететінін арнайы мәселе еді. Сондықтан А. Байтұрсынұлының: «Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек... Бұл күнгі ғылымды жұрттарда бала оқыту жұмысы бала оқыту ғылымын оқып шыққан адамдардың қолында» - деп жазуы тегіннен-тегін емес еді.

А. Байтұрсынұлы «Қазаққа керегі екі түрлі оқу, оның бірі - мұсылманша, екіншісі - орысша» дей отырып, орысша оқуға уақыт және басқа жағынан мүмкіндіктер бола бермеуіне байланысты, «жалпақ жұрттың бәрінің қолы жете алмағандықтан», қазақша оқуды, тезірек сауат ашуды ұсынады. Қазақша оқу дегенде сол кездегі мұсылманша оқуды айтпайды, қазақтың тілінде оқуды айтады. Содан әрі ол оқу құралының қажеттігіне тоқталып, бала оқытатын кітаптың, балалар үшін жазу тәртібінің болуына баса көңіл аударады. Ғалым өзі жасаған әліпбидің негізгі мазмұнын түсіндіріп, араб таңбаларының қажеттігін дәлелдей отырып: «Араб әліппесі қазақ арасына дінменен бірге таралған, сіңген, дінменен бірге байласқан әліппені алып тастап, басқа әліппені алдыру қиын жұмыс. Бұлай болған соң араб қаріптерін қазақ дыбыстарына жеткізу амалын табу керек», - дейді. Ол қазақ тіліне сіңіп кеткен араб, парсы сөздерінің тілімізде сақталуын жақтайды.

Ұлы ағартушы бастауыш мектепте қазақтың діні, тілі, жазуы таза болуы, оның миссионерлік пікірден, саясаттан алыс болуы алға тартылады. Сонымен бірге қазақты дінінен, болмаса жазуынан айыруға болмайтынына байланысты үкімет мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып, орысшаға аударамын деген пікірден безіп, бастауыш мектеп екі жаққа да пайдалы болуы керектігі атап көрсетіледі.

Ахмет Байтұрсынұлы бастауыш мектептерде оқу үшін 5 жылдықты ұсынады. Оның алғашқы үш жылында бірыңғай қазақша, екі жылында орысша оқытылуы тиіс. Бастауыш мектепте кілең қазақ тілінде үйретілетін нәрселер: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, шаруа кәсіп, жаратылыс жайы. Ал бастауыш мектептің орысша оқытатын екі жылында үйретілетін білім гимназияның төменгі кластарына жарарлық болуы тиіс екеніне назар аударады. Автор қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе, орысша да білу қажеттігіне тоқталады. Сонымен бірге қазақты орысшаға аударамыз деген пікірдің бәрін бүлдіріп отырғанын атап көрсетеді.

Ол кездегі қазақ мектептерінде ана тілінде оқытудан басқа, педагогика, методикадан хабардар мұғалімдер тіпті жетімсіз болатын. Сол себепті «Мектеп керектері» деген мақалада мектепке керектіні, яғни білімді, педагогика мен методикадан хабардар, дұрыс оқыта білетін мұғалімді дайындау, табу — негізгі міндет деп саналды. Ұлы ұстаз бала оқыту ғылымынан хабардар мұғалім – мектептің жаны, мұғалім қандай болса, мектеп сондай болады деді.

Ахмет Байтұрсынұлының мектеп жөніндегі ойлары бүгінгі күнге дейін мәнін әсте жойған жоқ. Ол мектептің тәуелсіздігін, оқу үдерісі мәселелерін өзі шешіп, өзін-өзі басқаруын қалады. Мұғалімдердің жоғарыдан тағайындалмай, сайлау жолымен орналасуын ұсынды. Сол уақытта оқу-тәрбие үдерісі нәтижелі болмақ. Оның бастауыш мектептерде оқу ана тілінде жүргізілуі керек деген пікірі тіліміздің қазіргідей жағдайында аса өзекті мәселеге айналып отырғаны даусыз.

Ғұлама ғалымның: «Біз кейін қалған халық, алға басып, жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген сөздері ұлтымызға мәңгілік ұран болуға тиіс.

Бақылау сұрақтары

1. Ә.Бөкейхан отарлық саясаттың әлеуметтік зардаптары туралы.

2. Ә.Бөкейханша, білім мен мәдениет - қазақ халқының бірден-бір өркениет жолы.

3. Ә.Бөкейхан ұсынған қазақ халқының әлеуметтік бірлігін қамтамасыз етудің жолы.

4. А.Байтұрсынұлы адам тәрбиесіндегі білім‑ғылымның рөлі туралы.

6. А.Байтұрсынұлыша, «мектеп ‑ әлеуметтік орта».

7. А.Байтұрсынұлының халықты оятудың жолын оқу-білімнен іздеуі.

2-сабақ. Әлемдік әлеуметтанудың даму тарихы. 3 сағат.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]