- •Заң факультеті
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы-sillabus
- •3.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •3.2 Курстың пререквизиттері
- •3.3 Курстың постреквизиттері
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •3.5 Оқыту нәтижелері
- •Курстың саясаты мен процедурасы
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •1 Тақырып. Халықаралық құқықтың түсінігі, реттеу пәні
- •2 Тақырып. Халықаралық құқықтың даму тарихы
- •3 Тақырып. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары
- •4 Тақырып. Халықаралық құқықтың субъектілері.
- •5 Тақырып. Халықаралық құқықтағы тану және мирасқорлық
- •6 Тақырып. Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтың ара-қатынасы
- •7 Тақырып. Халықаралық құқықтағы территориялар
- •8 Тақырып. Халықаралық – құқықтық жауапкершілік
- •9 Тақырып. Халықаралық шарттар құқығы
- •11 Тақырып. Халықаралық ұйымдар және конференциялар құқығы
- •Тақырып. Сыртқы қатынастар құқығы
- •Тақырып. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу
- •8.Лабораториялық жұмыс жоспар бойынша қарастырылмаған.
- •9.1. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9.2.Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •Бақылау жұмысының тапсырмалары Әдістемелік нұсқаулар
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •Курстық жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқаулар
- •Негізгі әдебиет
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды пратикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша2)
- •Баға туралы ақпараттар
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Курс бойынша емтихан сурақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі.
- •Мазмұны
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1) 3
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары 3
- •5В030200 – «Халықаралық құқық»
- •100012, Караганды қ., Гоголь к-сі, 38
3. Пәннің оқу бағдарламасы-sillabus
3.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
Мусин Қуат Саниязданұлы – аға оқытушы
mkuat80@mail.ru
Кафедра Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің бас корпусындағы №333 аудиторияда орналасқан.
Кафедрада болу уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағ. 10.00-ден 15.00-ге дейін
3.2 Курстың пререквизиттері
Халықаралық құқық мемлекет және құқық теориясы, ҚР мемлекет және құқық тарихы, мемлекет және құқықтың жалпы тарихы сияқты оқу пәндерімен тығыз байланысты. Мұндай байланыс Халықаралық құқық курсының пәндік ерекшелігімен анықталады. Халықаралық құқықтың негізгі түсініктерін меңгеру барысында мемлекет пен құқықтың жалпы теориясының көптеген ұғымдарын айқындап алу қажет екендігі даусыз. Сонымен қатар халықаралық құқық саласындағы терең білім мемлекеттердің болу тарихы мен мемлекеттік-құқықтық институттарының тәлімгерлердің меңгеруінің алғышарты болып табылады. Соған байланысты тәлімгерлерге негізгі назарды Халықаралық құқығы ғылымының пайда болуы мен дамуына және оның қазіргі кездегі жағдайына аударған жөн.
Аталмыш пәнді игеру үшін тәлімгерлермен меңгерілуі тиіс оқу пәндерінің тізімі:
Мемелекет және құқық теориясы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Саясаттану, Әлеуметтану, Философия
3.3 Курстың постреквизиттері
Оқытылатын пәннің білімдері қолданылатын оқу пәндерінің тізімі:
Халықаралық жеке құқық, Халықаралық гуманитарлық құқық, Дипломатиялық қызметтің этикасы, Әкімшілік құқық, Азаматтық құқық, Қылмыстық құқық, Парламенттік құқық, ҚР Конституциялық құқығы, Конституциялық құқықтың өзекті мәселелері, Конституционализм доктринасы, Муниципалдық құқық, Кеден құқығы, Экологиялық құқық
3.4 Пәннің қысқаша мазмұны:
Халықаралық құқығы қазіргі кезде дамып өзгерістер бастан кешіруде. Бұған себеп қазіргі таңда халықаралық аренада жаңадан құқықтық субъектілерінің пайда болып, жаңадан глобальдік интеграция сияқты оңды және халықаралық терроризм мен дағдарыстар сияқты теріс құбылыстар әсер етуде. Қазақстан Республикасы да «Мемлекеттік егеменділік туралы» Декларация қабылданғаннан кейін халықаралық қатынастарға белсенді қатысып, қазіргі кезде БҰҰ мүшесі болып табылатын және әлемдік қауымдастықпен мойындалған тәуелсіз мемлекеттің бірі.
Халықаралық көпшілік құқығы курсының негізін халықаралық субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейтін және халықаралық қауымдастығына Қазақстан Республикасының қатысуын көрсететін, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, оларды қамтамасыз ету кепілдіктеріне қатысты нормативтік актілер құрайды.
Халықаралық көпшілік құқығы курсының міндеттері тәлімгер-заңгерді Халықаралық құқығы ғылымының негізгі теоретикалық ережелерімен, Халықаралық құқық субъектілерімен, халықаралық жария құқығы құқықтық негіздерімен және қайнар көздерімен, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизімен таныстыру болып табылады.
Тәлімгер тек оқу материалын біліп қана қоймай, сонымен бірге Халықаралық құқықтық актілерді, монографиялық әдебиеттерді, мерзімдік басылымдағы, соның ішінде заңдық басылымдардағы мақалаларды білуі тиіс.
Ерекшелеп айта кететін жағдай, Халықаралық көпшілік құқығының негізі халықаралық актілері мемелкеттер мен халықаралық ұйымдардың қызметі нәтижесінде қалыптасу үрдісі үстінде. Осыған байланысты тәлімгерлерге жаңа нормативтік актілердің шығарылу үрдісін байқап отыру ұсынылады. Негізгі нормативтік актілер Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысында және Президент пен Үкіметтің актілерінің жинағында, Ресми басылымдарда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен келісімдерінің Бюллетенінде және журналдарада жарияланады.
