- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Машиналық рафика
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы — Syllabus
- •Оқытушылар туралы ақпарат:
- •Пән туралы ақпарат:
- •1.6 Тапсырмалардың түрлері, олардың тізімдері және оларды орындаудың кестесі
- •Тапсырманың түрлері мен оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •Бақылау түрлері бойынша рейтингтік баллдардың бөлінуі
- •1.8 Модульдер мен аралық аттестация (емтихан) бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •1.8 Білімді тексеру жүйесі
- •1.9 Курстың саясаты мен әрекеттері
- •2. Берілетін материалдың мазмұны
- •2.1 Пәннің тақырыптық жобасы.
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектісі.
- •2.1 Нүкте (Точка - Point).
- •2.2 Тік төртбұрыш (Прямоугольник - Rectang)
- •2.4 Көпбұрыш (Многоугольник - Polygon)
- •2.5 Шеңбер (Круг - Circle)
- •2.7 Түзу (Прямая - xline)
- •2.9 Эллипс (ellipce)
- •2.10 Сплайн (Spline)
- •4.1 Сызықпен түрлеу (Штриховка -Hatch)
- •4.2. Өлшемдер
- •5.1 Объектілерді өшіру (кетіру)
- •5.2 Объектілерді тұтқалары арқылы редакциялау
- •5.3 Объектілердің орнын ауыстыру
- •5.4 Объектілердің көшірмесін жасау
- •5.5 Объектілердің айналы кескіні
- •6.1 Объектілерді бұру
- •6.2 Фаскаларды орындау
- •6.3 Түйіндесулерді орындау
- •6.4 Объектілерді «қасиеттер» терезесінде редакциялау
- •6.5 Объектілерді масштабтау.
- •7.1 Полисызық (Полилиния - pline)
- •7.2 Мультисызық (млиния - мline)
- •7.3 Растрлық кескіндер
- •- Үшөлшемді полисызықтар;
- •10.1 Көрініс экрандары
- •10.2 Үшөлшемді полисызықтар
- •11.1 Параллелепипед
- •AutoCad-та шарды салу үшін арнайы Sphere командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
- •11.3 Цилиндр (Cylinder) AutoCad-та цилиндрді салу үшін арнайы Cylinder командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
- •11.4 Конус (Cone) AutoCad-та конусты салу үшін арнайы cоne командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
- •11.6 Пирамида (Pyramid)
- •4 Сторон Описанный
- •Высота или [2Точки/Конечная точка оси/Радиус верхнего основания]:
- •12.1 Айналу денелері
- •12.2 Cығу денелері
- •12.4 Ығыстыру (Сдвиг - Sweep)
- •12.5 Қималары бойынша (По сечениям - Loft)
- •13.1 Денелерді біріктіру
- •13.2 Денелерді алу
- •13.3 Массив
- •13.4 Фаска салу
- •13.5 Түйіндесу
- •2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары
- •Студенттің оқытушы басшылығымен (соөж) жүргізілетін өздік жұмысы
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстарының жоспары.
- •Сөж жоспары
- •Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары
AutoCAD графикалық жүйесіндегі бас терезенің негізгі элементтерін атаңыз.
Ассоциативтік және ассоциативтік емес сызықшалау.
Бір жолдық мәтін қандай команданың көмегімен орындалады?
Бұйымдағы фаска мен түйіндесуді қалай жасауға болады?
Доғаны қандай команданың көмегімен сызады?
Жаңа қабатқа қандай қасиеттерді тағайындауға болады?
Жаңа қабатты қалай жасайды?
Жарық көздерінің түрлерін атаңыз?
Кесіндіні қандай команданың көмегімен керекті жерге дейін ұзартуға болады?
Кесіндіні қандай команданың көмегімен сызады?
Кесіндінің ұштарын қандай тәсілдермен көрсетуге болады?
Командаларды шақыру тәсілдерін атаңыз.
Командалық жол мен мәтіндік терезенің қызметі туралы айтып беріңіз.
Командалық жолдың қызметі қандай?
Контекстік меню командаларының құрамы қандай факторларға байланысты.
Көпбұрышты салудың негізгі параметрлерін атаңыз.
Курсор қиылысы мен таңдау дәлдегішінің маңызын түсіндіріңіз.
Қабат дегеніміз не?
Қабаттар дегеніміз не?
Қабаттарды қорғаудың қандай шаралары бар?
Қабатты қорғаудың қандай шараларын қолдануға болады?
Қандай команда блокты құруға мүмкіндік береді?
Қандай команда жарық көздерін тағайындайды?
Қандай команданың көмегімен денелерді ажырату орындалады?
Қандай команданың көмегімен денелерді біріктіруге болады?
Қандай команданың көмегімен нысандарды жояды?
Қатты денелі нысанның бір бөлігін қандай команданың көмегімен кесіп алуға болады?
Қатты денелі объектінің қимасын қалай орындайды?
Қатты денелі нысанның бір бөлігін қандай команданың көмегімен кесіп алуға болады?
Ландшафтты қалай қояды?
Массив түрлерін атаңыз.
Мәтінді қалай өзгертуге болады?
Мәтіндік терезе мен командалық жолдың қызметін айтып беріңіз.
Мәтіннің меншікті стилін қалай жасауға болады?
Нысандарды редакциялау командаларын атаңыз?
Нысанның симметриялық бейнесін қандай команданың көмегімен жасауға болады?
Объектіге материалды қалай бекітуге және қайтып алуға болады?
Объектінің бірнеше көшірмесін қалай жасауға болады?
Объектінің көшірмесін қандай команданың көмегімен орындайды?
Объектінің үшөлшемді моделі негізінде ортогональ көріністерін қандай команданың көмегімен жасауға болады?
Орындалған примитивтердің параметрлерін қалай өзгертуге болады?
Өлшемдердің жаңа стилін қалай жасайды?
Полисызық дегеніміз не?
Сызықшалау тәсілдерін атаңыз?
Сызықшалауды орындаудың тәсілдерін атаңыз?
Сырттай түйіндесуді қандай команданың көмегімен орындауға болады?
Тік төртбұрышты қандай тәсілдермен сызуға болады?
Түйіндесуді қандай команданың көмегімен орындауға болады?
Үшөлшемді беттерді атаңыз?
Фонды қалай қояды?
Шеңберді қандай тәсілдермен сызуға болады?
Шеңберді салудың жолдарын атаңыз?
Глоссарий
ASCII (American Standard Code for Information Interchange) - Америкалық стандарттық сандық код, компьютерлердің арасында алмасу кезінде қолданылады.
DWF (Drawing Web format) - AutoCAD–та сызылған суреттен жасалған тығыздалған файл форматы. DWF форматындағы файл AutoCAD суреттерін Internet желісінде көрсету үшін керек.
DWG - AutoCAD суреттерінің векторлық графикасын сақтайтын файлдар үшін стандарттық формат.
Абсолют координаталар (absolute coordinates) - Ағымдық қолданбалы координаталар жүйесіндегі нүктенің орны.
Ассоциативтік сызықшалау (штриховка) (associative hatching) - Тұйық ауданды, сыртқы контуры өзгергенде бірге өзгеретін сызықшалау.
Базалық сызық (baseline) - Мәтін символдары орналасатын ойша жүргізілген сызық. Символдардың кейбір төменгі элементтері базалық сызықтан төмен орналасуы мүмкін.
Базовая точка (base point). – базалық нүкте.
Базовый размер (baseline dimension). – базалық өлшем
Блок (block) – блок, AutoCAD командалары бір объект ретінде қабылдайтын бір немесе бірнеше объектілердің тобы.
Вектор (vector) – Бағыты мен ұзындығы бар, бірақ кеңістікте орны белгісіз математикалық объект.
Вес линии (lineweight) – сызықтың салмағы, TrueType қарыптары мен растрлық кескіндерден басқа барлық графикалық объектілердің жуандық мәні.
Вид (view) – Көрініс, кеңістікте берілген бір нүктеден екіөлшемді суреттің немесе үшөлшемді модельдің көрінісі.
Видовой экран (viewport) – Сурет моделі кеңістігінің бір бөлігі кескінделетін экранның шектеулі облысы.
Границы рисунка (drawing extents) – сурет шекарасы, суреттің (сызбаның) барлық объектілерін қамтитын шартты ең кіші тік төртбұрыш. Барлық объектілер кіретін көріністердің экрандағы ең үлкені болып табылады.
Единицы измерения (dimension units)- өлшем бірліктері
Зумирование (zoom) – экрандағы графикалық кескінді, объектілердің нақты өлшемдерін өзгертпей үлкейту немесе кішірейту.
Командная* строка (command line) – командалық жол.
Курсор (cursor) – монитор экранындағы нұсқауыш. Оны тышқанның көмегімен басқарады. Лимиты рисунка (drawing limits) – сурет шекарасы, қолданушымен берілген сурет облысының өлшемдері. Тік бұрышты координаттармен беріледі. Егер СЕТКА (тор) режимін қосса, тек қана осы облыс торланады.
Линейные размеры (linear dimension) – сызықтық өлшемдер.
Массив (array) – бірдей объектілердің жиыны.
Мировая система координат, MCK (world coordinate system, WCS) - әлемдік координаттар жүйесі, барлық объектілерді салудың және басқа қолданбалы координаттар жүйелері үшін негіз болып табылады.
Мировые координаты (world coordinates) - әлемдік координаттар жүйесінде берілген координаттар.
Мультилиния (multiline) – мультисызық, бірнеше параллель сызықтардан (1-16) тұратын AutoCAD объектісі. Бұл объектінің әрбір элементінің (сызығының) өзінің түсі мен түрі болуы мүмкін.
Область (region)- облыс, инерциялық қасиеттерін AutoCAD есептей алатын тұйық екі өлшемді объект.
Объект (object) – суреттің (сызбаның) бір немесе бірнеше элементі (мәтін, өлшем, кесінділер, шеңберлер және т.б.), олар жасалғанда, өзгертілгенде бірбүтін болып есептеледі.
Объектная привязка (object snap mode) – объектілік байлау, белгілі бір нүктелерді дәл табу механизмі.
Относительные координаты (relative coordinates) – салыстырмалы координаттар, координаттар жүйесінің басына қатысты емес, алдында берілген координаттарға қатысты анықталатын координаттар.
Панель (toolbar) – командаларды шақыруды жеңілдететін AutoCAD интерфейсінің элементі. Онда AutoCAD командаларының керектісін шақыруға болатын сәйкес пиктограммалар орнатылған.
Панорамирование (pan)- панорамалау, суретті экранда үлкейтпей, кішіретпей орнын ауыстыру.
Пиктограмма (image button) – экран интерфейсінің графикалық элементі, командаларды шақыру үшін қолданылады.
Полилиния (polyline) – полисызық, AutoCAD –тың құрама объектісі болып табылады. Ұштарымен байланысқан тікбұрышты және доғалық сегменттердің жиыны, бүтін объект ретінде қабылданады.
Пользовательская система координат (user coordinate system) – қолданбалы координаттар жүйесі, X, Y и Z осьтерінің үш өлшемді кеңістікте орнын анықтайтын жүйе. ПСК саны сызуда шектелмейді.
Полярная привязка – Салулардың дәлдігін қамтамасыз ететін құрал. Бастапқы нүктеден шығатын полярлық сәулелерді бойлай белгілі бір интервалмен орналасқан нүктелерге байлануға мүмкіндік береді.
Полярное отслеживание - Салулардың дәлдігін қамтамасыз ететін құрал. Қолданушыға берілген бұрышпен өтетін уақытша сызықтарды көрсетеді.
ПОСЛОЮ (BYLAYER) – қабат бойынша. Объектінің арнайы қасиеті. Бұл қасиетке ие объектінің өзі орналасқан қабатқа тән түсі, сызықтың түрі және салмағы болады.
Размер шага (snap resolution) – адым өлшемі, адымдық байлау торы нүктелерінің арасындағы интерва.
Размерный стиль (dimension style) - өлшем стилі.
Размерный текст (dimension text) - өлшем мәтіні.
Растровый формат (bitmap) – растрлық формат, кескінді санмен өрнектеу, ондағы әрбір пикселге биттердің белгілі бір саны сәйкес болады.
Расчленение (explode) – бөліктеу, күрделі объектілерді (блоктарды, денелерді, полисызықтарды) қарапайым объектілерге бөлу.
Регенерация (regenerate) – монитор экранындағы кескінді жаңалату процесі. Ол автоматты түрде немесе РЕГЕН командасының көмегімен жасалады.
Режим (mode) – режим, бағдарламаның ағымдық жұмыс істеу күйі, жағдайы.
Ручки (grips) – тұтқалар, объектілірді редакциялау үшін таңдағанда пайда болатын түсті кішкентай квадраттар. Қодарды қолдану арқылы объектілерді жылжытып өзгертуге болады.
Слой (layer) – қабат.
Стиль печати (plot style) баспа стилі.
Текстовый стиль (text style) – аталынған мәтін стилі. Мәтін символдарының сызылуын, созылу дәрежесін, көлбеулігін, бағытын анықтайды.
Текстовый экран (text area) – енгізілетін командалар мен жүйенің оларға реакциясын көрсететін экран. Экранның графикалық алаңының бетіне F2 пернесінің көмегімен шығарылады және одан алынады.
