Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос.экзамен тарих 2013 жауаптарымен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
152 Кб
Скачать
☆

70.Қазақстан азамат соғысы жылдарында. «Әскери коммунизм» саясаты.

Азамат соғысы жылдарында (1918-1920жж.) – мемлекет ішінде билік үшін ел азаматтарының соғысы. Большевиктік билеушілер өздерінің демократияға қарсы саясатымен жағдайды шиеленістіріп жіберді. “Ақтар” деп аталған күштер бірігіп большевиктерге қарсы азамат соғысын бастады. Атаман А.Дутов 1918 жылғы маусымда Орынборды алды. Алашорда үкіметі атаман Дутовпен бірігіп, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. Қазақстан аумағында өріс алған соғыс қимылдарының дамуы алғашқы кезекте Шығыс майданындағы соғыс операцияларының барысымен байланысты болды. 1919 жылы қаңтарда Қызыл Армия Орынбор мен Оралды алды. Мұның өзі Кеңестік Ресейдің Қазақстанмен және Орта Азиямен тікелей байланысты қалпына келтіруіне мүмкіндік берді. Ақ гвардияшылдарға қарсы партизан қозғалысы өрістеді. Партизан қозғалысына әскерден қайтқан солдаттар, Ақпан революциясы мен Қазан төңкерістеріне, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысқандар басшылық етті. Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуда Черкасск қорғанысы үлкен рөл атқарды. Қазақстандағы Колчак әскерлерін талқандау үшін Шығыс майданының Солт. және Оңт топтарына жүктелді. 1920 жылы 5 қаңтарда Түркістан майданының әскерлері Атырауды алды. Орал майданы жойылды. 1919 жылы Шығыс майданының 5 армиясы Солтүстік, содон соң Шығыс Қазақстанды азат етті. 1920 жылдың наурызында Семей облысы азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.

Соғыс қорытындылары: Азамат соғысында 8 млн адам қаза тапты. Қарапайым халық қатты жапа шекті. Азамат соғысындағы жеңіс халыққа тым қымбатқа түсті. Контрреволюцияның күші басым болды.

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты (1918–1921 жж.)

Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азақ-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лығы енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.

71.Жэс жылдарындағы Қазақстан. Жэс нәтижелері.

1921 жылғы наурыздағы партияның Х съезі жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады.

Жаңа экономикалық саясаттың қиыншылықтары мен табыстары:

уақыты

Жаңа экономикалық саясаттың барысы

1926-27 ж.

Көшпенді және жартылай көшпенді аудандарда бай қожалықтардың 8%-ы салықтың 54,8% төледі. Көшпенді халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие берді.

1925-27 ж.

«Қосшы» одағы, ұжымдық басқару нысандарымен кооперацияның бастапқы нысанын құрды. Серіктестіктер тек колхоздар құруға бастама жасады.

1924-28 ж.

Риддер полиметалл кәсіпорны, Екібастұз көмір кен орындары,Жезқазған мыс кеніштері, Қарағанды және Байқоңыр көмір кен орындары, Қарсақпай мыс балқыту заводтары енді.

Қорытынды:

Жаңа экономикалық саясат кезеңінде товар айырбасы мен товар айналымының маңызы артты.. Сонымен бірге жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеді.

Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:

  1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 

  2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді.