Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
139_rcE.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
680 Кб
Скачать
☆

«Белгісіз жан»

Қатысушылар шеңбер құрап отырады, жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрып жаттығуды жүргізеді.

Нұсқаулық:

«Бүгінгі күнді былай бастаймыз: бір-бірімізге есімімізді атай доп лақтырамыз. Допты тосып алған адам қандай да бір бейне жасайды, қалғанымыз сол бейнені қайталап көрсетеміз. Одан кейін ол (яғни қандай да бір бейне көрсеткен адам) доп келесі біреуге лақтырады, дәл осылай доп әрқайсымыздың қолында болып шыққанша қайталаймыз».

Мақсаты: жаттығу топ мүшелерінің бір-біріне назар аударуға, өзара жұмыс жасаудың ілгері басуына септігін тигізер топтық сезімнің қалыптасуына мүмкіндік береді.

«Шапшаңдылық»

Қатысушылар шеңбер құрап отырады, жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрып жаттығуды жүргізеді.

Нұсқаулық:

«Қазір біздер кезекпенен, жәй ғана: бір, екі, үш, төрт, бес және т.б. деп санаймыз, яғни біреуіміз санауды бастаймыз, ал оның қасында отырған адам жалғастырады (сағаттың тіліне орай), мүмкіндігінше жылдам санауға тырысамыз. Санау барысында бір талапты ескеру қажет: егер сізге 6 цифры бар сан атау керек болса (мысалы 16 саны), ол санды айтар кезде орныңыздан тұруыңыз керек (жаттығуды санды тұрып атаудың орнына, санды атамай шапалақтаумен алмастырып күрделендіруге болады).

Е гер біреу қателескен боса, ол ойыннан шығады, бірақ шеңберде отыра береді. Сондықтанда кімнің ойыннан шыққанын, ал кімнің ойынды жалғастыру керектігін назарда ұстауыңыз керек.

Егерде жаттығудың талаптарын оны орындау барысында өзгертіп отырған жағдайда, жаттығу өте қызу өтетін болады. Қателескендерді шеңберден шығу талабын ендіру арқылы жаттығуда бәсекелестік орнатуға болады. Мұндай жағдайда, қателескен адамға жаттығудың жалғасуын мұқият бақылап, қателіктің неден туындағанын табуға тырысу нұсқаулығы беріледі.

Мақсаты: жаттығу назарды жинақтауға, қатысушыларға өз мүмкіндіктерін түсінуге және шынығуға мүмкіндік береді.

«Арифметр»

Топ мүшелері шеңбер жасап отырады.

Нұсқаулық:

«Біз өзімізді алып арифметр сияқты сезінеміз. Ол былай санайды: біреуіміз қандай да бір санды атайды (сағаттың тілі бойынша), келесі қасыңда отырған адам арифметикалық әрекеттің белгісі («қосу» немесе» алу»), келесі - тағы да санды атайды және т.б. сан белгілермен кезектеседі, сондықтанда топтың белгі атауы тиіс кез- келген мүшесі «тең» белгісін атаса, келесі оның серігі қосындының нәтижесін айтуы керек. Мысалы, мен «жеті» деп айтамын, Заманғали-«қосу», Маржан «сегіз», Ерназар – «алу», Абылай – «екі», Темірхан- «тең» десе Айсәуле «он үш» санын атайды. Келесі қатысушы яғни Гүлдариға тағы бір белгіні атайды, ары қарай санақ жалғасады».

Тапсырманы жеңілдету үшін арифметр тек қосады немесе алады- деп немесе санақ қандайда бір шектеуде мысалы, елуге дейін - деп алдын ала келісіп алуға болады.

Егер қатысушылар қатар саны жұп болса, біреулері тек сан атайды, ал келесілері – белгілерді атайды, сондықтанда 2-3 айналымнан кейін бұған дейін белгі атағандарға сан атауды және керісінше ұсыныс жасап жаттығуды қайтадан бастауға болады.

Жаттығуды орындау барысында жаттықтырушы жылдамырақ санауға жетелеуі керек.

Мақсаты: жаттығу назарды жинақтайды, қатысушыларды жылдам тренингтік жағдайға араласуына мүмкіндік береді, мысалы, шағын үзілістен кейін. Бір қарағанда қарапайым көрінетін бұл тапсырманы орындау оңай болмас. Көп жағдайда, назарын жинақтау қабілеттілігі төмен адамдарға тапсырманы орындауда қиындық туады. Жаттығу барысында олар бұны түсінуге және өз кемшілігін түзеу мүмкіндігіне ие болады.