- •Кредит 1. Тема 1. Оба
- •Оба: алдын-алуы және ошақта күресу шаралары.
- •Кредит 1. Тема 2. Туляремия
- •Туляремия алдын алу және ошақтағы шаралары.
- •Кредит 1. Тема 3. Сібір жарасы
- •Сібір жарасы.Алдын алу және ошақтағы күресу шаралары.
- •Кредит 1. Тема 4. Ддұ бағдарламасы бойынша обамен,туляремиямен сібір жарасымен күресу шаралары
- •Кредит 2.Тема1.
- •Кредит №2. Тема 2. Тырысқақ
- •Кредит 2. Тема 3. Ддұ бағдарламасы бойынша ботулизммен, тырысқақпен күресу шаралары.
Кредит 1. Тема 2. Туляремия
Адамдарды туляремияға қарсы профилактикалық вакцинациялауды (ерекше вакцинация) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесіне, және оларды жүргізу ережесіне халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарына сәйкес аумақтық денсаулық сақтау органы жүргізуі тиіс.
Туляремия алдын алу және ошақтағы шаралары.
1.Туляремиямен ауыратын науқас анықталған немесе оған күдік туындаған кезде ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдар 12 сағат ішінде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына шұғыл хабарлама жібереді. 2. Диагнозды нақтылаған немесе өзгерткен медициналық ұйым да 12 сағат ішінде ауру анықталған жердегі аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органына өзгертілген диагнозды, оның қойылған күнін және алғашқы диагнозды көрсете отырып, жаңа шұғыл хабарлама жібереді. 3. Эндемиялық аудандарда бес күннен астам уақытта қызбамен ауыратын науқастардың, лимфадениттер, конъюктивиттер, этиологиясы белгісіз паротиттер мен баспамен ауыратын науқастардың қан сарысуын туляремияға серологиялық зерттеу жүргізіледі. 4. Туляремияның абдоминалдық, өкпелік, конъюнктивалық-бубонды, ангиноздық-бубондық, ойық жаралы-бубондық және бубондық түрлері бар науқастар ауру орташа және ауыр өткен жағдайда стационарлардың инфекциялық бөлімшелеріне жатқызылады. 5. Ауру жеңіл өтетін терілік-бубондық және бубондық түрлері, қалыпты лимфаденит пен 37,50С-дан аспайтын қызбалы реакция болған кезде амбулаториялық жағдайларда емдеуге жол беріледі. 6. Туляремиямен ауырған адаммен байланыста болған адамдарға антибиотиктермен профилактика және медициналық бақылау жүргізіледі. 7. Адамның туляремиямен ауыруы жағдайларын аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тұрғыдан тексереді. 8. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша шұғыл эпизоотологиялық тексеру және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен туляремияның қоздырғышын тасымалдаушыларды және таратушыларды жою бойынша іс-шаралар жүргізіледі. 9. Туляремиямен жаппай сырқаттану туындаған жағдайда аумақтық медициналық ұйымдар тұрғындарға медициналық қадағалау ұйымдастырады және жүргізеді.
Туляремияның табиғи ошақтарын эпизоотологиялық тексеру негізінде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың кешенді бағдарламасын жасайды, онда мыналар көзделеді: 1) кейіннен тиімділікті бағалау арқылы іс-шараларды жүргізу көлемін және мерзімдерін негіздей отырып, туляремияның табиғи ошақтарын сауықтыру 2) жаңа аумаққа инфекцияның әкелінуінің алдын алу; 3) медициналық қызметкерлерді даярлау; 4) халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу.
