- •Екінші сабақ. Лексикалық тақырып: Нарықтық экономика. Грамматикалық тақырып: Күрделі сөйлем.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Лексикалық тақырып: Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?) Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
- •Бесінші сабақ. Лексикалық тақырып: Баға. Өзіндік құн. Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлем.
- •Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Алтыншы сабақ Лексикалық тақырып: Ұлттық банк. Грамматикалық тақырып: Етістік. Оның түрлері.
- •Жетінші сабақ. Лексикалық тақырып: Банкир Грамматикалық тақырып: Синоним.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Маңдай терімен табыс табуға ұмтылмайтындардан аулақ жүр.
- •Сегізінші сабақ Лексикалық тақырып: Бухгалтерлік есеп. Грамматикалық тақырып: Біріңғай мүшенің тыныс белгілері.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •4 Тапсырма. Сөйлемнен анықтауыштарды табыңыз.
- •Он бірінші сабақ Лексикалық тақырып: Салым Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем.
- •Он екінші сабақ
- •Грамматикалық тақырып: Шартты рай. Тәуелдік жалғау
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он үшінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он төртінші сабақ.
- •Грамматикалық тақырып: Етіс категориясы
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он бесінші сабақ Лексикалық тақырып: Еңбек нарығы Грамматикалық тақырып: Күрделі сөйлем. Көп бағыныңқылы сабақтас.
- •Он бесінші сабақ соөж. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
Лексикалық тақырып: Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?) Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
Ақша (ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) - жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды.
Ақша – құн өлшемі, бақылау құралы, баға көлемін көрсету, айналыс құралы, қор жинау құралы, қазына жасау құралы, төлем құралы.
Ақшаның қызметі: құн өлшеуіші, бақылау құралы, баға көлемін көрсету құралы, айналыс құралы, қор жинау құралы, қазына жасау құралы, төлем құралы, дүниежүзілік ақша қызметін атқарады.
Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарды. Алайда біртіндеп өндірістің дамуы процесінде ол алтынға берік орнықты.
Елімізде заңды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар.
Құн өлшемі қызметінде ақша-баға белгілеу құралы. Өнімді бөлуге, айырбас жасауға және тұтынуға қызмет ету процестерінде ақша қозғалыс жасап, ақша айналымын құрайды.
Ақша айналымы дегеніміз – еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу және басқа да төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның үздіксіз қозғалысқа келуі. Ақшаның ең басты ерекшелігі де, құнды қасиеті де оның адамдарға қажеттілігінде.
Сөздерді есте сақтаймыз:
айырбас-обмен
ақша белгілері-денежный знак
ақша айналымы – оборот денег
есеп айырысу-расчетный счет
жүзеге асыру-перевыполнять
қажеттілік-необходимость
қозғалысқа келуі-прийдти в движение
тауарлардың құны-стоимость товара
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
2-тапсырма. Берілген мақалдың мағынасын түсіндіріңіз. Орыс тіліндегі баламасын дұрыс орналастырыңыз.
Ақша ашпайтын құлып жоқ.
Того нет замка, бы устоял против который денег.
Ақшада көз жоқ.
Нет денег у глаз.
3-тапсырма. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап табыңыздар:
1. Ақша қозғалысы қандай экономикалық терминді қалыптастырады?
2. Ақша айналымы дегеніміз не?
3. Ақшаның қандай қызметтерін білесіз, атаңыз?
4. Ақшаның ерекшелігі неде? Бұл туралы мәтіннің қай абзацында берілген?
5. Бірінші абзацта «құрал» сөзінің тіркескен сөздеріне назар аударып, атап шығыңыздар, орысша баламасын айтыңыздар.
6. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің қандай ерекшеліктері бар?
4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аударыңыздар:
Денежная единица, денежная масса, денежно-кредитное регулирование, денежно-кредитный кризис, денежное обращение, денежные знаки, денежный агрегат, денежный начет.
5-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз:
қағаз ақша, ұсақ ақша, қолма-қол ақша, алтын ақша.
6-тапсырма. Ұлттық валюта туралы мәлімет жинаңыз.
7-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазыңыз
1. Ақшаның бірінші қызметі - .....өлшемі.
2. ҚР Ұлттық валютасы қалай ........
3. Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі ....... атқарды.
4. Өндірістің дамуы процесінде ол ....... берік орнықты.
Керекті сөздер: құн, алтынға, теңге, тауарлар
8-тапсырма. Сөйлемдерден салалас құрмаласты тап.
Бұл күнде ел де өзгереді, адамдар да өзгереді. Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарды. Елімізде заңды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар. Ақша саясаты ақша айналымы заңын өмірге келтірген. Негізгі активті операцияларға банкаралық несие беру жатады.
9-тапсырма. Сөйлемдерден салалас құрмаласты тап, қалай байланысып тұрғандығын анықтаңыздар.
Сегіз жасынан бергі, өмірін теңіз бетінде өткізген оның талай қызықтыәңгімелері бар екен және дәмдендіріп айтады. Әсемгүл сәлем беріп еді, -ол қырын қарап кетті (Ғ.С.). Ректорат мынаны еске салады: студенттерді ерте бастан ғылымиеңбек жазуға төселдіру. Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес. Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын. Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды.
СОӨЖ. Ақшаң болса…
Өз ойыңызды білдірініз.
Ақша қалай пайда болды? Ол жайлы және көшбасшы валюталар туралы шақтап айтып өтейік. Алғашқы қауымдық құрылыстағылар оның сыңғырлаған дауысын естіместен кетті. Бертін келе рулық қауымда да онсыз-ақ өмір кештік қой. Бірақ, ол кезде оның орнына қолма-қол айырбас жүрді. Ақша неге керек болғанын ұғыну үшін, сол кездерді көзге елестетейік. Мәселен, сен балық ауласаң маған оны тауыққа айырбастайсың. Мен мұны біреуге тағы бірдеңеге ауыстырам дегендей. Сосын оны…Осылай кете береді. Ойлап қарасақ тіпті қолайсыз. Айырбастайтын тауық та, басқа да таусылмай ма? Оның үстіне керек-жарақты алу үшін қашанғы оларды шұбыртып тасып жүресің. Таптық қауымға көшкенде бұл бірінші кезекте патшалар үшін пайдасыз еді. Міне, сол себепті алғашқы алтын және күміс тиындар қолданысқа енді. Олар біздің эрамызға дейінгі VІІ ғасырда ежелгі Қытай мен Лидия патшалығында пайдаланылды. Оны кім ойлап тапқаны бізге беймәлім. Әйтеуір ақылды пенде екені анық. Ал, біздің жыл санауымыздан 500 жыл бұрын парсы патшасы Дарий экономикалық төңкеріс жасады. Өз мемлекетінің аймағында айырбасты мүлдем тыйды. Сауданы өз суреті салынған стандартты күміс және алтын ақшалармен жүргізуге бұйырды. Бұл туралы ежелгі Персеполис (Иран) қабырғалары куәлік етеді. Мұны ақшаның туған жылы деуге келеді. Қытайда біздің дәуіріміздің 100 жылы қағазды ойлап шығарды. VІІІ ғасырдан бастап аспан асты елінде одан ақшалар жасала бастады. 910 жылы олар көбейді. Шыңғыс ханның тұсында алтынды осыларға айырбастаған…
Ал, банкілер ше? Олар алғаш біздің дәуірден 2000 жыл бұрын Месопатамияда (Қазіргі Ирак) дүние есігін ашты. Оның рөлін храмдар мен жергілікті билеушілердің сарайлары атқарыпты. Тарихта б.д.д. 600 жылы тұңғыш рет банк операциясын жүргізу тіркелген. Тифий атты банкир Греция мен Ионияда түрлі кеңселер иемденген. Саудагерлер өз ақшасын оның банктеріне салған да қолынан қағаз алған. Барған жерінде сауда жасағысы келсе “банктен” Тифидің әлгі “құжатын” көрсетіп “ақша” сұраған. (Олар Дарийдікіндей бір үлгіде емес, алтын, күміс кесектері, т.б.) 1156 жылы алғаш рет Гэнуэздік көпестер (Италия) Византия империясымен валюта бағасының курсы жөнінде шарт жасасқан. Ал, 1661 жылы Швецияда алғашқы мемлекеттік банк пайда болған. Бұдан кейін мұндай банктер 1701 жылы Францияда, 1860 жылы Ресейде,1913 жылы АҚШ-та (Федералдық резерв жүйесі) құрылды. Бізде де тәуелсіздік алысымен құрылған Мемлекеттік Ұлттық банкіміз бар. Ол теңгеміздің хал-жағдайын қадағалап отырады. Курсын белгілейді. Қазір Кеңес дәуіріндей емес, банктер саны көп. “Казкоммерцбанк”, “Темірбанк”, “Альянсбанк”, тағы басқалары. Атағы дардай ірілері, бұйығы жатқан шағындары бар. Әрқайсысы еліміздің өркендеуіне өзіндік үлесін қосуда. Капитализмді бұларсыз көзге елестету қиын. Кешегі дағдарыс кезінде Үкіметіміз қаржылай қолдау көрсетіп, олардың құрып кетулеріне жол бермеді.
Өмір бір орында тұрмайды. Уақыт зулайды. Жыл өткен сайын ғылым мен техника жаңалықтары қаржы әлемін де жаулайды. Осы жерде адамзат эволюциясының даму барысындағы ақша әлемінің өзгерістерін қысқаша тоқталсақ.1950 жылы Diners Club несие карточкалары жасалды. Алғашқыда ол мейрамханаларда пайдаланылды. 2 жылдан соң мұны Franklin National Bank -те шығарды. Бүгінде 1 ересек американдыққа осындай 10 пластикалық карточкадан келеді. 1959 компьютерлік желілер біріктіріліп, 1972 жылы ол қаржы саласына енді. Ал, 1973 жылы 15 елдің 239 банкі Бүкіләлемдік банкаралық қаржылық телекоммуникация қоғамын құрды. Бұрынғы телетайпты ауыстырған SWIFT жүйесі соның алғашқысы еді. 2002 жылы оның қызметін пайдаланған 198 елдің 7,6 мың мекемесі 2 млрд. хабарлама жіберген. 1977 жылы Apple дербес компьютерлері еркін саудаға шығарылды. 1975 жылы олардың әлемде 50000, 2002 жылы 800 млн. данасы сатылыпты. 1991 жылы Еуропадағы CERN физикалық зертханасында қазіргі күнде әлемге танымал интернет – протокол World Wide Web (www) дүниеге келді. Бір жылдан кейін интернет банктер пайда болды. Қазіргі есептеулер бойынша интернетте жүргізілген банк операциялары кеңседегіден 90 пайыз арзанға шығатын көрінеді. 1993 жылы сандық ақшалар (Digi Cash) ойлап табылды. Осы технологияларды басшылыққа алып жасалған смарт карттар (компьютерлік чип бар карточкалар) қолданысқа енді. 1998 жылы АҚШ-та компьютерді қолданып, ақшаны электронды пошта арқылы бір-біріне аударуға мүмкіндік туғызған Pay Pal, Еуропада осы қызметтерді ұялы телефон арқылы іске асыратын Phone Paid жүйелері құрылды. Кейін мұның қатары Clickshare,The Internet Dollar, Internet Cash, Net Chegue және т.б. толықты…
СӨЖ. Келісімшарт.
