Глоссарий
Әлемдікшаруашылық — халықаралық еңбек бөлінісі және әртүрлі елдер арасындағы сауда, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі.
БАҒА — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.
Дәстүр - (лат.traditio - сабақтастық) - адамзат әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойына атадан балаға қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан бөлігі. Дәстүр тек мұраның нысандарын ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мұрагерлік процесімен оның әдіс-тәсілдерінде қамтиды.
Жұмыспен қамтылу дегеніміз — азаматтардың жеке кажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін Конституцияға, зандарға, өзгеде нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін қызметі.
Инфрақұрылым - (латынша Infra - төменгі, астыңғы, structura - құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым – тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.).
Мәдениет (арабша“маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді) –
1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
2) адамзат қауымының белгіл бір тарихи кеңістіктегі қызметімен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.);
3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.);
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгіұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи құбылыс.
Табыс — кәсіпорынның, фирманың өндірілген өнімді, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізуден түскен ақша түріндегі жылдық жиынтық табысы. Жалпы табыс тауарларды сатудан түскен ақшалай түсіммен өндіріске жұмсалған материалдық шығынның арасындағы айырма ретінде айқындалады. Ол жалақы мен таза табыс (пайда) сомасына тең. Ауыл шаруашылығында жалпы өнімнің ағымдағы бағамен есептелген құнымен материалдық өндірістік шығынның айырмасы ретінде есептеледі.
Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни туризм болып бөлінеді.
Турист - туризммен айналысатын адам.
Туристік индустрия - тур операторлық және турагенттік қызметтерін атқарушы ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызметтер және жолсеріктік-тілмаштық қызметтер көрсетуші ұйымдардың мейманханаларының, өзге де орналастыру құралдарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілерімен құралдарының, танымдық, іскерлік, сауықтыру, спорттық, өзге де мақсаттағы объектілерінің жиынтығы.
Шаруашылық – белгілі бір анықталған бағыты бар кәсіпорын.
Экология ( лат.оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды.
Экологиялық туризм (фр.tourisme, фр.tour — сейілдеу, сапар) — туризмнің жаңа шыққан түрлерінің бірі; сауықтырушылық, танымдық, халықтың тынығуға қатысты қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін туризм саласы. Экологиялық тұрғыдағы көрнекті орындарды (ұлттықсаябақтарды, табиғат ескерткіштерін, табиғат қорғау проблемалары неғұрлым оңтайлы шешілген аумақтарды, экологиялық ұйымдардың, "жасылдар" қозғалысының бұқаралық шараларына қатысу, аралап қөру қоса жоспарланған саяхат болып табылады. Оған экологиялық білім беру және ағарту элементтері міндетті түрде қамтылады.
