- •1 Сәулеттік-құрылыстық бөлімі
- •Құрылыс ауданының сипаттамалары
- •Бас жоспардың шешімдері
- •1.3 Көлемдік-жоспарлық шешімдер
- •1.4 Сәулеттік-конструктивтік шешімдер
- •1.5 Ғимаратты инженерлік жүйелермен жабдықтау
- •2.2 Құймалы аражабын есебі
- •Антисейсмикалық шаралар
- •2. Есептік конструктивтік бөлім
- •2.1 Scad 11.5 программасы туралы қысқаша мәлімет
- •2.3 Арқалық есебі
- •2.4 Баспалдақ алаңының есебі
- •2.4.1 Баспалдақ марштарын есептеу
- •2.4.2 Жүктемелер мен күштерді анықтау
- •3 Құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастыру бөлімі
- •3.1 Технологиялық карталарды жобалау
- •3.2 Жер жұмыстарының технологиялық картасы
- •3.3 Жер жұмыстарын жүргізу бойынша қазу машиналарды таңдау
- •3.5 Қазаншұңқырды қазу бойынша топырақты тасымалдау жүк көтергіш машиналарды таңдау
- •Жер жұмыстарының автопаркі
- •Арматуралық торды тасымалдайтын маз-503 жүк көтергіш автомобилдердің есебі
- •Нөлдік деңгейдегі жұмыстарының технологиялық картасын жоспарлау
- •3.6 Ғимарат қаңқасын тұрғызудың технологиялық картасы
- •Ғимаратқа кететін негізгі бетон көлемі,арматура үлесі және қалып ауданы
- •3.7 Құрылыстық бас жоспарды жобалау
- •3.7.1 Уақытша ғимараттарды жобалау
- •Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария
- •Күнтізбелік жоспарлау
- •4 Құрылыс экономикасы бөлімі
- •4.1 Сметалық есептеу
- •4.1.2 Локальдік сметаларды құру
- •4.1.3 Құрылыс құнының толық сметалық есебін құру
- •4.2 Жиынтық сметаларды құру
- •5 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.2 Тіршілікке төнетін қауіптің туатын көздер
- •5.3 Өртке қарсы шаралар
- •Қорытынды
Бас жоспардың шешімдері
Жобаланып жатқан ғимарат өзінің жеке құрылыс алаңымен жабдықталған. Өз құрылыс алаңы негізінен үлкен тиімді рөл атқарады. Себебі ол басқа көрші ғимараттарға тәуелді болмайды. Құрылыс ауданының есебі нақты жергілікті жағдайға және жобалық талабына сай орындалады. Инженерлік корпустың ішкі алаңының ауданы салыстырмалы түрде кіші болғандығына қарамастан, барлық фунционалдық және сәлеттік-дизайндық талаптарға сай келеді. Осы жердің негізгі ауданы мектепке бөлінген. Содан бұл жерде қызметкерлерге арналған демалыс орындықтары мен алаңшалар, қыдыру жолдары мен урналар орнатылған. Ғимарат айналасындағы алаңдары ерекше дизайндық үлгіде орындалған. Көгалаңдандыру ауданы толық жалпы қалалық талаптаптарға сай келеді. Ғимараттың барлық жолдары тікелей негізгі көшелермен байланысады. Бас жоспардың негізгі көрінісі арнайы сызба жұмысында көрсетілген.
1.3 Көлемдік-жоспарлық шешімдер
Мектептің ғимараттары 3 бөліктен тұрады.
бөлігі. Өстері бойынша 62.400х18.800м. 3-қабаттан тұрады: негізгі және бастапқы топтар, әкімшілік бөлімінен тұрады.
бөлігі. Өстері бойынша 41.500х18.000м. 2-қабаттан тұрады: спорт залы, (ерлер) киім ауыстыру бөлмесі, құрал-саймандар бөлмесі, 2-қабатта (қыздар) киім ауыстыру бөлмесі және тренерлік бөлмесі.
бөлігі. Өстері бойынша 21.000х21.000м. 2-қабаттан тұрады: 1-қабатта асхана және ас жасау бөлмесі. 2-қабатта акт залы, артисттер бөлмесі, құрал-саймандар бөлмесі орналасқан.
Осы ғимараттың көлемдік-жоспарлық щешімі барлық технологиялық, функционалдық (ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001), санитарлы-гигиеналық және өртке қарсы (ҚР ҚНжЕ 2.02-01-2001) талаптарына лайықты есептелген. Құрылыс аймағының ерекшелігін ескеріп бір-талай шаралар қолданылған (ҚР ҚНжЕ 3.04.30-2006және ҚР ҚНжЕ 2.03-07-2001). Жалпы ғимараттың аумағы 4662.00 м² орнынды алады, ал таза құрылыс орнының ауданы 2499.47 м². Құрылыс көлемі 26030.55 м³.
Негізгі ғимарат –3-бөліктен тұрады.
Бөлмелер
ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2009 “Қоғамдық ғимараттар мен имараттар” құжатына сәйкес ғимараттың барлық бөлмелері барлық фунционалдық және сәулеттік талаптар бойынша жобаланған. Негізі, бөлмелерді ерекше жобалауға қолданылған шаралар, бұл – бөлмелердің ауданы үлкен, биіктігі 3.0 метр және бөлмелердің табиғи адамдардың жұмыс жасауына керемет жағдайлар жасайды. Ал бөлмелердің және коридордың орналасу схемасы бойынша адамдардың эвакуациялану жолы жақсы жобаланған. Бұл ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 “Қоғамдық ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі” құжатына сәйкес келеді. Нақты қолданылған шаралар сызба құжаттарында көрсетілген.
1.2-Сурет - 1, 2, 3 блоктары
Коридор
Инженерлік корпустың коридор схемасының жоблануы – екі жақты. Бұл схема бойынша ғимараттың барлық бөлмелер коридордың екі жағында орналасады. Сәулеттік талаптар бойынша күн сәулесінің жарығын жұмыс бөлмелеріне тікелей түсуіне мүмкіндік береді. Сондықтан электроэнергияның бөлмелерді жарықтандыруға кететін шығындарды азайтады.
Баспалдақтар
Инженерлік корпусының баспалдақтары ғимараттың екі жағында орналасқан. Бір жағындағы баспалдақтардың жобалау схемасы – үшмаршты болып жасалған. Сондықтан осы баспалдақтар маршы адамдар ағынының еркін өтуіне мүмкіндік береді. Өрт баспалдағы – екімаршты болып жасалған. Осы ғимараттардың қабаттар саны 3 және 2, ал аралығы мен қадамдар ұзындығы салыстырмалы түрде орнатылған.
Ғимараттың қасбетінің композициялық шешімдері
Ғимарат қасбеті және айналасындағы алаңдары ерекше дизайндық үлгіде орындалған. Көкалаңдандырылуы, негізінен газон мен декоративті кіші шыршалары отырғызылады. Сондықтан бұл ғимараттың табиғи суды алып кету жүйесі, осы ықшамауданының су алып кету арнасына қосылған.
