Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus[1].doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212 Кб
Скачать
☆

Пәннің саясаты:

Эпидемиология пәнін зерделеген кезде студенттер эпидемиологияны инфекциялық патологияны медициналық биология мен микробиологиядан бастап инфекциялық аурулардың клиникасына дейінгі және тәжірибеде профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырудың мәселелерін біріктіру мүмкіншілігі бар, интегративті, әдістемелік ғылым ретінде көрсетілетін, эпидемиялық процесс туралы ілімді меңгеруі қажет.

Пәнді зерделеу КО-тың кестесі бойынша жүргізілетін дифференциялық сынақпен аяқталады. Емтиханға СӨЖ тапсырған пән бойынша қарыздары жоқ студенттер жіберіледі. Тәжірибелік сабақты босатқан студенттер тақырыпты компьютерлік орталықта тестілік тапсырмалар бойынша өтейді. Студенттерге қорытынды рейтинг рейтингілік жүйе бойынша қойылады, қорытынды рейтингке ағымды үлгерім бағасы, қорытынды тестілеу бағасы және жаңа рейтинг жүйесі бойынша СӨЖ + және - белгіленеді.

Кіріспе.

Эпидемиология – жұқпалы аурулардың адамзат арасында пайда болуын және таралуын тарихи түрде зерттейтін медицинаның жеке бір саласы, сонымен бірге осы жұқпалы аурулардың алдын алу, олармен күресу және түбегейлі жою шараларын қарастыратын ғылым. Эпидемиологияның зерттеу объектісі болып эпидемиялық процесс, алдын алу және олардың таралуын үзу шаралары табылады. Гигиена саласымен тығыз қатынас орнатылған, өйткені эпидемиология ғылымының мәліметтеріне сүйене отырып, олар тәжірибеде сауықтыру шараларын кеңінен қолдануда. Эпидемиологиялық талдау мақсатында, эпидемиялық процесті моделдеуде оның дамуының динамикасын болжау үшін математикалық әдістер және статистикалық талдау қолданылады. Эпидемиология жұқпалы аурулармен күресуде үлкен жетістіктерге жететін профилактикалық пәнге жатады. Бірақ соңғы жылдары, барлық тәжірибелік медицина дәлелдеу медицинасының қағидаларына сүйенуіне байланысты, эпидемиологияның жалпы медициналық клиникалық пән ретінде ролі өсуде. Эпидемиологиялық зерттеу әдісі адамзаттың жұқпалы ауруларының пайда болу және таралу механизмдерін зерттеуге, олардың алдын алуға және оларды жоюға мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығынан тұрады. Дәлелді медицина биостатистикалық әдістемелердің негіздеріне сүйене отырып, кез-келген этиологиялы аурулардың даму механизмін, ағымының ерекшелігін клиникалық эпидемиология пәні зерттейді.

Пәннің мақсаты: студенттерде клиникалық эпидемиология дәлелді медицинаның негізі ретінде жұқпалы және жұқпалы емес ауруларда эпидемиологиялық диагностикалаудың негізі және жұқпалы аурулардың алдын алу қағидалары білімін қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

  • Білім беру:

- тұрғындар арасында жұқпалы (паразитарлы ) аурулардың пайда болуы мен таралу заңдылықтарын, эпидемиологиялық зерттеу әдістерін, эпидемиологиялық диагностика жүйесін сипаттау.

  • Түсіну:

- эпидемиологияның жалпы заңдары мен категорияларын, жұқпалы аурулардың биологиялық-экологиялық сипаттамасын, олардың эпидемиологиясын түсіндіру және тұжырымдау .

  • Тәжірибеде білімін қолдану және түсіндіру:

Жұқпалы аурулардың кең таралған нозологиялық формаларында сырқаттанушылықты болжау және қажетті алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралардың алгоритмін жүргізу

  • Пікірлерін талдау, ойларын бағалау және қорытындысын тұжырымдау:

- эпидемиялық ошақтың тексеру нәтижесін бағалау және интерпретациялау, байқалған фактілер мен көріністерді, олардың себеп-салдарының қарым-қатынасын түсіндіру және эпидемиялық ошақты жою бойынша алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралардың сапасын және тиімділігін бағалау.

  • Өз түсінігің және істей білуің туралы:

- өз қорытындыларыңды ұсыныстар түрінде алдын-алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізетін ұйымдарға тапсыру

  • Әрі қарай өз бетімен оқуды жалғастыру қабілеттілігі:

- ішкі аурулар ( жұқпалы аурулар блоктары, фтизиатрия) пәні бойынша оқыту кезінде жұқпалы аурулар және жұқпалы емес аурулар ошақтарында алдын –алу және эпидемияға қарсы шаралардың негізгі қағидаларын қолдану

Оқытудың соңғы нәтижелері

Дескрипторлар

Оқытудың соңғы нәтижелері

Біліктіліктер *

А

Оқып зерттеу облыстарында озық білімдерінің элементтерін енгізіп, білімдері мен түсініктерін демонстрациялау

Тұрғындар арасында жұқпалы (паразитарлы) аурулардың пайда болуы мен таралу заңдылықтарын, эпидемиологиялық зерттеу әдістерін, эпидемиологиялық диагностика жүйесін сипаттау

1, 2, 3, 5, 6

В

Осы білімдері мен түсініктерін кәсіптік деңгейде қолдану

Эпидемиологияның жалпы заңдарын және категорияларын, клиникалық эпидемиологияның негізгі ережелерін және принциптерін, биостатистикамен және клиникалық пәндермен байланысын, Қазақстан Республикасында қолданылатын және БДҰ ұсынған жұқпалы ауруларды алдын алудағы қазіргі кездегі принциптерін түсіндіру.

1, 2, 3, 4, 6

С

Аргументтерді тұжырымдау және оқып зерттеу облысындағы мәселелерді шешу

Сырқаттанушылықты болжауды жұзеге асыру және инфекцияның әртүрлі нозологиялық формасында эпидемиялық ошақты жою бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау негізінде мәселелік-мақсаттық эпидемияға қарсы шараларды қалыптастыру және төтенше жағдайларда жедел көмекті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар беру.

2, 3, 5, 6

D

Пiкiрлерді әлеуметтік, этикалық және ғылыми түсініктерді есепке ала отырып, ақпараттардың жиналуын және интерпретациясын жүзеге асыру

Эпидемиялық ошақтың тексеру нәтижесін бағалау және интерпретациялау, байқалған фактілер мен көріністерді, олардың себеп-салдарының қарым-қатынасын түсіндіру және эпидемиялық ошақты жою бойынша алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралардың сапасын және тиімділігін бағалау және интерпретациялау

1, 2, 3, 4, 5, 6

Мамандарға және маман еместерге ақпараттарды, пікірлерді және мәселелер мен шешімдерді хабарлау.

Эпидемиялық процестің заңдылықтары туралы ақпаратты құрастыру, оның маңыздылығын бағалау, өз пікірлерін айту, реферат, презентация, проект түрінде дайындап, тәжірибелік сабақтарда, студенттік үйірмелер мәжілістерінде, студенттік ғылыми конференцияларда баяндама жасау .

1, 3, 4, 5, 6

Е

Әрі қарай өз бетімен оқуды жалғастыру қабілеттілігі

Ішкі аурулар пәні ( жұқпалы аурулар блоктары, фтизиатрия)

3, 4, 6, 7

* Біліктіліктер тізімі: 1. Жалпы білімдік. 2. Биомедициналық ғылымдарды білу 3. Коммуникативті дағдылар 4. Үнемі өзін өзі жетілдіру дағдылары 5. Ғылыми зерттеу дағдылары 6. Командада жұмыс істеу дағдылары 7. Кәсіпқойлық 8. Клиникалық дағдылар немесе дәрілік қамтамасыз ету саласындағы дағдылар немесе қоғамдық денсаулық сақтауды және профилактикалық медицинаны басқару дағдылары.

Реквизитқа дейінгі: молекулярлы биология және генетика, микробиология.

Реквизиттан кейінгі: жұқпалы аурулар, фтизиатрия.

Дәрістің тақырыптық жоспары:

№

Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі

Сағаттар

Біліктілік *

Эпидемиология ғылым ретінде. Эпидемиологияның пәні, міндеті және әдістері.

мәселелік

1

1, 2

Эпидемиялық процесс туралы ілім.

мәселелік

1

1, 2, 3

Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар принципі. Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жіктелуі.

мәселелік

1

1, 2, 3, 4

Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы.

мәселелік

1

1, 2, 3, 4, 5

Клиникалық эпидемиологияның негізгі ережелері, клиникалық эпидемиологияның биостатистикамен байланысы.

мәселелік

1

1, 2, 3, 4, 5

Әскери эпидемиологияның териялық және әдістемелік негіздері

мәселелік

1

1, 2, 3

Барлығы:

6

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары:

№

Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі

Сағаттар

Біліктілік *

Эпидемиялық процесс туралы ілім.

семинар

2

1, 2

Эпидемиялық процесстің құрылымы және көріну формалары. Эпидемиялық процеске әсер ететін факторлар.

семинар

2

1, 2, 3

Жұқпалы аурулар ошақтарын эпидемиологиялық тексеру туралы түсінік. Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жіктелуі.

семинар

TBL

2

1, 2, 3, 4

Дәрігер учаскесіндегі жұқпалы ауруларды алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар принциптері

семинар

2

1, 2, 3, 4, 5

Дезинфекция, дезинсекция және дератизация принциптері. Стерилизация, стеилизация алды өңдеу принциптері.

семинар,

2

1, 3, 4, 5

Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы.

семинар,

2

3, 4, 5, 6, 7

Ішек инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы, олардың пайда болуы кезіндегі алдын алу шаралары.

семинар

2

3, 4, 5, 6, 7

Ауа-тамшылы инфекциялардың эпидемиологиялық сипаттамасы, олардың пайда болуы кезіндегі алдын алу шаралары.

семинар

2

3, 4, 5, 6, 7

Қан инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы және олардың алдын алу шаралары.

семинар

CBL

2

3, 4, 5, 6, 7

Сыртқы қабаттар инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы және олардың пайда болуы кезіндегі алдын алу шаралары.

семинар

2

3, 4, 5, 6, 7

Ауруханаішілік инфекцияның эпидемиологиясы және алдын алу. Ауруханаішілік инфекция кезінде жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері.

семинар

2

3, 4, 5, 6, 7

Тарау бойынша қорытынды сабақ.

коллоквиум

1

Әскери эпидемиологияның теориялық және әдістемелік негізі. Соғыс уақытында әскерлер арасында жүргізілетін эпидемияға қарсы шаралардың мазмұны және ұйымдастырылуы.

семинар

1

3, 4, 5, 6, 7

Ықтимал қарсыластың бактериологиялық (биологиялық) қаруы және индикациясы. Медициналық эвакуация кезеңдерінде әскерлерді бактериологиялық қарудан қорғау негіздері

семинар

2

3, 4, 5, 6, 7

Бактериологиялық барлау және бактериологиялық қару индикациясы. Соғыс кезіндегі санитариялық-эпидемиологиялық мекемелердің (бөлімшелердің) жұмысын ұйымдастыру.

семинар

2

3, 4, 5, 6, 7

Клиникалық эпидемиологияның негізгі ережелері және принциптері, клиникалық эпидемиологияның биостатистикамен және дәлелді медицинамен байланысы.

семинар

1

3, 4, 5, 6, 7

Тарау бойынша қорытынды сабақ.

коллоквиум

1

Барлығы:

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]