Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
%B92.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130 Кб
Скачать
☆

Иесі (адамдар) популяциясының сипаттамасы.

Адамдар популяциясын тікелей аударсақ тұрғындар екенін білдіреді.

Тұғындар былай бөлінеді:

  • елді мекен территориясы бойынша

  • әр мемлекет бойынша

  • жас топтары бойынша

  • қоздырғыш айналымы шегінде, яғни эпид. ошақ шегінде.

Адамар популяциясының гетерогенділік белгілері:

  1. Кабылдағыштық – бұл қасиеті – осы түр дербестерінің

микроорганизмдер үшін тіршілік ету ортасы болуы және осы енуге патологиялық немесе иммунологиялық реакциялар арқылы жауап беру қабілеттілігі Қабылдағыштықтың әртүрлі деңгейде болатының сырқат туындатуға жеткілікті микроорганизмдердің көлемі (дозасы) боынша бағалауға болады:

  • Қу қызбасы үшін – 1 мкр. клеткасы

  • Туляремия – 10-20 мкр. клеткасы

  • Оба – 300 мкр. клеткасы

  • Шигеллездар -10-20 мкр. клеткасы

Осы мәліметтерге сүйене отырып, қабылдағыштықты жанама түрде

бағалауымызға болады. Мысалы: 300 мкр. клеткасын қабылдаған адамміндетті түрде сырқаттанады деп айтуға болмайды.

Микроорганизмдерді қабылдаған адамдардың бірінде сырқат манифесті түрде, келесінде бактериотасымалдаушы түрде жүреді. (мысалы, тырысқақ вибрионын тасымалдағыштық).

Манифестілік индексі – бұның көмегімен қабылдағыштықты бағалайды. Бұл залалданғандар арасында инфекциялық процестің клиникалық көрінісі байқалған бөлігі (%). Бұл көрсеткіш аэрозольді инфекциялар үшін анықталған, инфекция көзімен жанасқан адамдардың нешесі залалданғаны есептелінеді, бұл тек аэрозольді инфекцияларға ғана мүмкін.

Қызылшада – манифестілік индекс 100%-ке тән.

Скарлатинада - 40%

Күлде 20%

Менингококкты инфекцияда – 0,01%.

Сонымен, манифестілік индексібойынша қабылдағыштықты бағалаймыз.

  1. Төзімділік (резистентілік) – бұрын-сонғы қоздырғышпен жанаспаған, жекелеген организмдердің қабылдағыштық дәрежесін сипаттайды, тұқым құалайды және генотиптік сипатта болады.

Популяция индивидтары жекелеген қоздырғыштарға төзімділік дәрежесі бойынша сандартты түрде бөлінеді. Ол иесі популяциясының генофондында бекітілген және де бір қоздырғышты организм қалдаса, ал басқа біреуіне ол төзімді болады.

Көбінесе төзімділік иммунды тапшылық жүйлермен байланысты болады (сонғы жылдары иммунды тапшылық жүйлерін зерттеу кеңінен дамып келеді). Аранай зерттеулердің нәтижесінде, жекелеген организмдердің вирусқа деген қабалдағыштық айырмашылығы, термотұрақсыз ингибиторлар және интерферон түзу қабілеттоілігі сияқты (спецификалық) емес факторлардың деңгейімен тікелей байланыста болатыны анықталған.

Иммунитет – қабылдамаушылық мынадай жағдайларда қалыптасады:

  • анасынан беріледі

  • жұқпалы аурудан соң

  • тасымалдаушылықтан соң

  • вакцина егуден соң

Бастапқы эпидемиялану (проэпидемичивание) – бұл науқаспен жанасқан адамдардың қоздырғыштың жеткіліксіз дозасымен залалдануы салдарынан олардың сырқатқа ұшырмауы.

Иммунитет табиғи (анасынан берілу, жұқпалы аурудан соң) және жасанды (вакцина, қан сары суы, иммуноглобулиндерді енгізу) жолымен пайда болуы мүмкін.

Эпидемиолдог үшін тұрғындардың неше %-нің иммунитеті бар, неше %-нің иммунитетті жоқ екенін білу өте маңызды. Осы мақсатта мынындай иммунологиялық реакциялар жүргізіледі:

  • серологиялық (тікелеей гемаглютинация реакциясы, РНГА, РПГА);

  • аллергологиялық сынамалар (Бюрне, Манту, Шик, Кацони және т.б.);

  • векцина егу жайылы құжаттарды зерттеу.

Бұл жағдайда, организмнің иммунитет қалыптастыру қабілеті генотипті қамтамасыз етілгендігін ескерту қажет. Кейбір адамдар организмде тұрақты және ұзақ уақыт сақталатын, ал енді біреуінде тұрақтылығы төмен және қысқа уақыт сақталатын иммунитет қалыптасады (мысалы, тұмау, грипп).

Әсіресе, қосарланған вакциналарды қолданғанда көбінесе бір антигенге жоғары, ал басқасына әлсіз иммунизациялық эффект байқалады (әр адамда жауап беру реакциясының таралуы әр түрлі болады.

Гетерогенділік диапозоны биологиялық түрлердің гендік қорытында (генофонд) жазылған шекараларымен анықталады және ұзақ эволюциялық даму, әртүрлі тіршілік ету жағдайларына қалыптасу нәтижесі болып табылады. Бұл шекаралар іштей қамтамасыз етілген және әртүрлі орта жағдайында тіршілік ету қажеттіліктермен анықталады. Биологиялық түр бұл орталармен өзінің даму эволюциясында кездеседі. Яғни, гетерогенділік диапозоны түр деңгейіндегі ұғым. Қоздырғыштың бір түрінде антигендер жиынтығынын жекелеген саны болса, ал басқасында ондаған саны болады.

Популяцияның гетерогенділік дәрежесі микропопуляция изолят және штаммаен салыстырғанда әр қашанда кең.

Эпидемиялар әлеуметтік және табиғи жағдайлар әсерінен дамийды. Бұл жағдайлар тұрақты қоздырғыштардың залалданған адамдардан залалданбаған адамдарға өтуін жеделдетеді.

Әлеуметтік фактор – бұл адамдардың өндірістік немесе тұрмыстық жағдайда өз-ара қатынасуы, қоздырғыштар паразитизміне мүмкіндік береді немесе бөгет болады (адамдардың шоғырлануы дәрежесі, тұрмыстық және енбек етудін санитарлық-гигиеналық жағдайлары, санитарлық мәдениеті, денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы); эпидемиялық процестінің даму мүмкіндігі мен ауқымын анықтайды және паразит эволюциясына ықпал тигізеді.

Табиғи факторлар – бұл климат пен ландшафт жағдайы. Әлеуметтік себебімен қатар, эпидемиялық процестің дамуына ықпал етеді немесе бөгет болады. Табиғи-ошақтық аурулармен кейбір трансмиссивтік, антропонозды аурулар кезінде үлкен мағынасы бар.

Табиғи факторлар – зооноздарда – табиғи-ошақтық аурулар тек белгілі бір климаттық, географиялық жағдайларда ғана кездеседі: оба, кене энцефалиті, туляремия, опистохоз, құтыру.

Табиғи фактор эпид. процестің үш звеносына да әсерін тигізеді:

  • инфекциның көзіне – зооноздарда;

  • берілу механизмі – ішек инфекцияларына жылдың жылы мезгілінде, трансмиссивті инфекциялардың берілу механизмінің күшеюі;

  • қабылдағыш организмдерге жылдын суық мезгілінде

Л.В. Громашевский бойынша эпид. процесс 3 қарапайым звенодан тұрады:

  • инфекция көзі

  • қоздырғыштың беріліс механизмі

  • қабылдағыш организмі

Инфекция көздері, берілу механизмдері, берілу жолдары мен факторлары.

Инфекция көзі - микроорганизмдердің табиғи тіршілік ететін ортасы, олардың қоректенуі мен көбеюі және бөлініп шығып, айналасындағыларды зақымдауы.

Антропоноздарда инфекция көзі ауру адам, зооноздарда - ауру жануарлар, ал сапроноздарда - абиотикалық сыртқы орта обьектілері (су, топырақ, ауа т.б.) Инфекция көздеріне сипаттама өткен дәрісте айтылды.

Паразиттердің табиғи өмір сүру ортасы организм болуы мүмкін.

Л.В. Громашевскидің берілу механизм қағидасының негізгі түйіні мынада: паразит эволюциялық даму барысында қалыптасқан механизмдері арқылы, өзіне тән берілу механизмдердің көмегімен, жеке тән организм иелерін ауыстырып отыру үшін, паразиттің биологиялық түрі ретінде сақталады.

Қоздырғыштың берілу механизмі - бұл паразиттің эволюциялық қалыптасқан бір иеден басқа иеге берілу қабілеттілігі.