Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
%B91.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Кб
Скачать
☆

Эпидемиологияның құрылымы және медициналық ғылым жүйесіндегі орны

Медицинада қалыптасқан жүйелеу жолдары принциптеріне сәйкес объект-тұтас жүйе ретінде қарастырылады, оған өзара тығыз байланысқан және жоғары тұрған жүйелермен тығыз байланысқан бірқатар жүйеліктер (подсистема) кіреді. Осыған сәйкес медициналық ғылымдардың құрылымын бүтіндей немесе қарапайым түрде тік сызықтар кесіп өтетін көлденең жазықтар түріндегі схема ретінде көрсетуге болады (1 слайд). Көлденең жазықтар (горизонтальные плоскости) - бұл тіршілікті ұйымдастырудың әртүрлі деңгейіндегі патологияны зерттейтін ғылымдар (молекулалық, клеткалық, тіндік немесе органдық, организмдік, популяциялық).

Тік сызықтар - патология топтарына сәйкес зерттейтін белгілері бойынша бірігетін медициналық ғылымдар (инфекциялық патология, кардиология, онкология).

Тік сызықтар мен көлденең жазықтар түйіскенде медициналық ғылымдардың нақты шекаралас арнайыландырылған тараулары қалыптасады. Мысалы, инфекциялық патология мен тіршілікті ұйымдастыру деңгейлері түйіскенде мыналар қалыптасады:

  1. иесі мен паразиттің өзара әсерлесу биохимиясы; 2 -организм реакциясының гистологиясы, микробиологиясы; 3 -органдар мен тіндер реакцияларының патологиялық физиологиясы; 4- инфекциялық аурулар клиникасы, клиникалық фармокология; 5- инфекциялық аурулар эпидемиологиясы. Тиесінше кардиология үшін мысал: 1- жүрек бұлшық еттерінің биохимиясы; 2- тіндер патологиялық анатомиясы; 3-жүрек патологиялық физиологиясы; 4-жүрек- тамыр ауруларының терапиясы; 5-жүрек-тамыр ауруларының эпидемиологиясы. Осындай жолмен кез-келген патология үшін медициналық тараулардың құрылымын байқауға болады (ДСМ-денсаулық сақтау министрлігінде медициналық мамандықтар номенклатурасы - 54).

Эпидемиологияның қазіргі кездегі мәселелері және тұрғындардың денсаулығын қорғаудағы маңызы.

1. Инфекциялық патология бірінші орында тұр.

БДҰ мәліметтері инфекциялық аурулардың салыстырмалы үлес салмағы төмендегені жайлы таралған пікірді толығымен қабылдауға болмайтындығын көрсетеді. Егер инфекциялық және инфекциялық емес патологиялардың ресми тіркелу нәтижелерін негізге алсақ оның дұрыс екендігін көреміз. Қазіргі кезде инфекциялық аурулардың 6500 артық нозологиялық формалары тіркелген. Бірақ әлемде ресми түрде 28-30 нозологиялық форма тіркелген. Тек жекелеген елдерде ғана (АҚШ) бүл тізім 40 нозоформаға дейін кеңейтілген.

БДҰ белгіленген және әрбір құрылық тұрғындарының денсаулығына қатысы бар 10 неғұрлым өзекті мәселелерге Африка инфекциялық патологияларға 10-да жатқызады, Азия -9, Оңтүстік Америка - 6 жатқызады.

2. Сырқаттанушылықтын көп жылғы динамикасында жана өршу байқалады. Ескі аурулардың қайта пайда болуы-классикалық тырысқақ пендемиясы, Григорьев-Шиг дизентериясы, іш сүзегінің жиі өршуі, күл.

3. Сырқаттанушылықтың құрылысының өзгеруі. Жұқпалы сырқаттанушылықтың деңгейін талдағанда тек қана № 1 тіркеу есеп беру формасында есептелген нозологиялық аурулар есептеледі. Басқа инфекциялық патология түрлері санитарлық - эпидемиялық қызметпен есептелінбейді немесе оларды басқа арнайы қызметкерлер тіркейді (тері-венерологиялық, туберкулез және т.б.) не болмаса басқа медициналық салалар (іріңді-хирургиялық аурулар, жаңа туылған балалардың аурулары және т.б.). Сонымен бірге, тек қана іріңді-септикалық аурулардың ішіне 60 нозоформа кіреді.

Қазіргі кезде инфекциялық патологияда эндогенді инфекциялар ең маңызды рольді атқарады. Бұларды әр түрлі қоздырғыштар тудырады (кокк формалар, әсіресе стрепто-стафилококк, ішек таяқша, протей, саңырауқұлақтар және т.б.). Дерматиттер, нозофарингиттер, отиттер, коньюктивиттер, колиттер, аппендициттер, бронхиттер, бронхопневмониялар, цистопиелонефриттер, холециститтер, диареялар және сепсистің басқа формалары қоршаған ортаның техногенді факторлармен және адамдардың тұрмыс жағдайымен байланысқан.

4. Жаңа аурулардың пайда болуы. Инфекциялық аурулардың нозологиялық формалары тізімі үнемі толығуда (легионеллез, микоплазмоз, кампилобактериоз, ротовирусты инфекция, африкалық геморрагиялық қызбалар Ласса, Марбурга, Эбола, Лайма боррелиоз және т.б.). Әрине жаңа аурулардың арасында АИВ-инфекция 1-ші орын алып отыр. Атиптік пневмония қазіргі кезде өте маңызды мәселе болып отыр.

5. Бұрын кейбір аурулар инфекция емес сырқаттанушылыққа жататын, бірақ қазіргі кезде олардың жұқпалы ауруларға жататын этиологиялық агенттері анықталды. Қоздырғыштарға жиі вирустар жатады.

Мысалы, бауыр ісігін В гепатиттың вирусы қоздырады; Беркит лимфоманы және назофарингит ісікті Энштейін-Барра вирусы тудырады және т.б.

6. Көптеген антропонозды және зоонозды инфекциялардың (безгек, оба, кене энцефалиті) табиғи ошақтары ұлғаюда.

7. Антропургиялық ошақтардың қалыптасуы және эпидемиялық процесстің ширауы байқалады (лептоспироз, орнитоз, Ку-қызба).

8. Бүтіндей бірқатар соматикалық аурулар инфекциялық аурулар қатарына ауыстырылуда, оларға жататын әртүрлі микробтар тудырған пневмониялар: энтеровирусты пневмониялар, протозойлы-пневмоцитоз, ауруханаішілік инфекциялар - шартты-патогенді микроорганизмдермен тудырады, коньюктивиттер, ириттер және иридоциклиттер, энтеровирустар, аденовирустар тудырған.

Мысалы, 80 жылдардың басында Оңтүстік Америкада геморрагиялық коньюктивиттің пандемиясы пайда болып, таралды, ол жиі менингиальді асқынулар берген, 100 млн. жуық адам ауырып шыққан.

Красноярск аймағында ауа-тамшы механизмімен таралған Коксаки вирусы тудырған, көруді толық жоғалтуға дейін асқынулар болған ирит эпидемиологиясы болған. Грам теріс микроорганизмдер тудырған пиелонефриттер өршуіде жиі байқалады. Және олар ауруханаішілік инфекциялары ретінде жүреді, жұғу көзі болып көбінесе пиелонефриттің жасырын формалары бар қызмет көрсетуші персонал саналады. Жедел респираторлы аурудар инфекциялық аурулар қатарына ауыстырылған және санитарлы эпидемиологиялық бақылау тұмаумен бірге тіркеледі.

9. Бірқатар инфекциялар сырқаттанушылығының төмендеуі байқалған және олардың деңгейінің салыстырмалы түрде азайғаны байқалады.

10. Көптеген инфекциялардың негізгі эпидемиологиялық сипаттамасының өзгеруі байқалған (жыл ішінде - кезеңділік және маусымдылық, аймақтық таралу заңдылықтары, қауіп-қатер тобы және т.б.).

11. Бірқатар профилактикалық шаралар тиімділігінің төмендеуі байқалған (иммуно-вакцинопрофилактика, инфекция көздері мен тасымалдаушылар көлемін азайту бойынша шаралар және т.б.).