Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тема 5 мет.рек. ОМ5курс.каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219 Кб
Скачать
☆

Тестілік тапсырмалар жауап эталондары

1 - B

2 - D

3 - D

4 - B

5 - E

6 - C

7 - E

8 - C

9 - C

10 - C

11 - D

12 - C

13 - А

14 - B

15 - E

16 – D

17 – B

18 – E

19 – B

20 – C

21 – C

22 – B

23 – А

24 – А

25 – B

Ситуациялық есептер

№1есеп

Қыз бала 11 жаста, учаскелік педиатрге мынандай шағымдармен келді: оң жақ қабырға астындағы кезеңді шаншып ауру сезімі, майлы тамақ қабылдауына байланысты жүрек айнуы. Қараған кезде іші жұмсақ, өт қабы нүктесі проекциясында Кер және Ортнер симптомдары оң. Іш қатуға бейім. Өт қабының УДЗ-де қойылған диагноз: Өт шығару жолдарының дискенезиясы (ӨШЖД).

Тапсырма: Диспансерлік бақылаудың ұзақтығын және жиілігін анықтаңыз:

А) «Д» бақылау – 1,5 жыл. Учаскелік педиатр және гастроэнтерологтың бақылауы-жылына 2 рет. B) «Д» бақылау – 1 жыл. Учаскелік педиатр және гастроэнтерологтың бақылау жиілігі өршуден кейін ай сайын, ремиссия кезеңінде– жылына 2 рет.

C) «Д» бақылау– 3 жыл. Учаскелік педиатр және гастроэнтерологтың бақылау жиілігі өршуден кейін 1 жыл бойы ай сайын, ремиссия кезеңінде тоқсан сайын.

D) «Д» бақылау – 4 жыл. Учаскелік педиатр және гастроэнтерологтың бақылау жиілігі алғашқы 2 жылда тоқсан сайын, ремиссия кезеңінде жылына 2 рет.

E) «Д» бақылау – 5 жыл. Учаскелік педиатр және гастроэнтерологтың бақылау жиілігі өршуден кейін жылына 2 рет, ремиссия кезеңінде жылына 1 рет.

№2есеп

Бала 7 жаста. Невропатологта бассүйекішілік гипертензия. Астено-вегетативті синдром диагнозымен «Д» есепте тұрады. Соңғы жарты жыл бойы кезеңді ішінің ауруына шағымданады, әсіресе сабақта, үлкен дәреті тұрақсыз. Ауырардың алдында туған күнде шұжық, торт жеген. Қазір кіндік айналасындағы ауру сезімі мазалайды, құсқан. Қараған кезде: бала әлсіз, тілі қою кір-ақ жабындымен жабылған, пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңы аймағында ауырсыну бар, үлкен дәреті тәулігіне 2 рет, ботқа тәрізді қорытылмаған бөліктермен, зәр шығаруы бұзылмаған.

Тапсырма:Сіздің болжам диагнозыңыз және тексеру тактикаңыз:

А) Вирусты гепатит А .ЖҚТ,ЖЗТ,бауыр сынамаларына биохимиялық қан талдауы. Невропатолог, инфекционистың кеңесі.

B) Жедел гастрит.ЖҚТ,ЖЗТ, асқазанды зондылау. Гастроэнтеролог,невропатологтың кеңесі.

C) Функциональды диспепсия.ЖҚТ,ЖЗТ, ФГДС, бауыр, өт шығару жолдарының УДЗ, копрограмма.Гастроэнтеролог,невропатологтың кеңесі.

D) Тағамдық токсикоинфекция.ЖҚТ,ЖЗТ, құсық массасын және нәжісті бак.себу.Невропатолог, инфекционистың кеңесі.

E) Асқазанның ойық жара ауруы. ЖҚТ, ЖЗТ, ФГДС, копрология. Невропатолог, гастроэнтеролог кеңесі.

№3есеп

Бала 9 жаста, 2 жыл бойы гастроэнтерологтың бақылауында, шағымдары: оң жағынан кіндік аймағында болатын ауыру сезімі, тамақ ішкен соң 1-2 сағаттан кейін пайда болады, метеоризм.Қараған кезде: тілі ақ жабындымен жабылған, іші пальпация кезінде аздап кепкен, оң жақ кіндік маңы айналасында ауырсыну бар. ФГДС: диффузды гиперемия, ісіну, қатпарлардың қалыңдауы, олардың ригидтілігі, тамырлы суреттің күшеюі, шырыш.Копрология: бұлшық ет талшықтары, өзгермеген талшықтар +++, қорытылатын талшықтар +++, нейтральды майлар+++. Қойылған диагноз: Созылмалы гастродуоденит. Учаскелік педиатрмен «Д» есепке алынды:

Тапсырма:Өршуге қарсы емді тағайындаңыз:

A) №5 үстел, минералды суларды ішу, ферменттер, өт айдайтын препараттар, физиотерапевтік ем: оң жақ қабырға астына парафинды аппликациялар.

B) № 1 үстел,минералды суларды ішу,антацидті заттар, ферменттер, физиотерапевтікем: эпигастрий аймағына және арқасына парафинды және озокеритті аппликациялар.

C) №7 үстел, минералды суларды ішу, антацидтізаттар, спазмолитиктер, пробиотиктер, физиотерапевтік ем: мойын-жаға аймағына эуфиллинмен электрофорез

D) № 9 үстел,минералды суларды ішу, ферменттер, антибиотиктер, физиотерапевтік ем: эпигастрий аймағына және арқасына озокеритті аппликациялар

E) № 15 үстел,минералды суларды ішу,ферменттер, холелитиктер, аптасына 1 рет тюбаждар

№4 есеп

15 жастағы қыз бала учаскелік педиатрға мынандай шағымдармен келді: эпигастрия аймағындағы ауру сезімі, қыжылдау. ФГДС: ошақты гиперемия, ісіну, шырышты қабат қатпарларының қалыңдауы. Фракционды асқазанды зондлау: гиперсекреция белгілері, пепсин өнімінің өзгеруі. Копрология:: өзгермеген бұлшық ет талшықтары ++++, талшықтар +++, жасуша ішілік крахмал ++. Қойылған диагноз: Созылмалы гиперацидті гастрит. Стационарда ем алды.

Тапсырма:Диспансерлік бақылау жоспарын таңдаңыз:

А) «Д» бақылау– 1 жыл. Бақылау жиілігі: педиатр және гастроэнтеролог стационардан шыққаннан кейін:ай сайын, ремиссия кезінде тоқсан сайын, ЛОР, стоматолог – жылына 4 рет, басқа мамандар– көрсеткіш бойынша.

B) «Д» бақылау – 2 жыл. Бақылау жиілігі: педиатр және гастроэнтеролог стационардан шыққаннан кейін: тоқсанына 1 рет, ремиссия кезінде – жылына 3 рет, ЛОР, стоматолог – жылына 2 рет,басқа мамандар– көрсеткіш бойынша.

C) «Д» бақылау – 3 жыл.Бақылау жиілігі : педиатр және гастроэнтеролог стационардан шыққаннан кейін: тоқсанына 1 рет, ремиссия кезінде – жарты жылда 1 рет, ЛОР, стоматолог – жылына 2 рет, басқа мамандар– көрсеткіш бойынша.

D) «Д» бақылау– 4 жыл. Бақылау жиілігі: педиатр және гастроэнтеролог стационардан шыққаннан кейін: 6 айда 1 рет, ремиссия кезеңінде – жылына 1 рет, ЛОР, стоматолог – жылына 1 рет, басқа мамандар– көрсеткіш бойынша.

E) «Д» бақылау– 5 жыл.Бақылау жиілігі : педиатр және гастроэнтеролог стационардан шыққаннан кейін: 6 айда 1 рет, ремиссия кезеңінде – жылына 1 рет, ЛОР, стоматолог – жылына 1 рет,

басқа мамандар– көрсеткіш бойынша.

№5 есеп

Бала 14 жаста. 3 жыл бойы асқазанның және 12-елі ішектің ойық жара ауруы диагнозымен гастроэнтерологтың «Д» есебінде тұрады. Емін уақытымен алмайды. Жүйкелік ширығудан кейін (емтихан) жалпы жағдайының нашарлағанын айтады: тез шаршау, ашушаңдық,тамақ ішкеннен кейін кіндіктен жоғары аймақта ауру сезімі болады,қыжылдау,тұрақсыз үлкен дәреттің болуы.

Тапсырма:Тексеру тактикасын анықтаңыз:

А) ФГДС-жылына 2 рет, фракционды асқазанды зондылау жылына 2 рет, ЖҚТ,ЖЗТ, нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеру, жасырын қанға тексеру, копрограмма жылына 3 рет.

B) ФГДС- жылына 3 рет, фракционды асқазанды зондылау жылына 2 рет, ЖҚТ, ЖЗТ, нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеру, жасырын қанға тексеру, копрограмма жылына 2 рет.

C) ФГДС- жылына 1 рет, фракционды асқазанды зондылау жылына 2 рет, ЖҚТ, ЖЗТ ,нәжісті құрт жұмыртқаларына , жасырын қанға тексеру, копрограмма жылына 2 рет.

D) ФГДС- жылына 2 рет, фракционды асқазанды зондылау жылына 1 рет, нәжісті құрт жұмыртқаларына , жасырын қанға тексеру, копрограмма жылына 2 рет.

E) ФГДС- жылына 2 рет, фракционды асқазанды зондылау жылына 1 рет , нәжісті құрт жұмыртқаларына, жасырын қанғатексеру, копрограмма жылына 4 рет.