Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasattanu_-_lektsia.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
361 Кб
Скачать
☆

2. Орта ғасырлар (б.Д. Іу-ху ғғ.) адамзат тарихында ежелгі дүниемен салыстырғаида коғамдық ойдың, әсіресе прогрессивті ойдың тоқырауымен сипатталады. Бұл саяси ілімдерге катысты да айтылған.

Орта ғасырлар үшін діни-этикалық формада анық көрініс тапқан саяси мәселелерге теологиялық тұрғыдан келу негізгі белгісі болып табылатын саяси ойлардың ерекшелікті типі тән.

Саяси ойлаудың орта ғасырлық типі феодализмнің пайда болып дамуының барлық кезеңінде үстемдік етті.

Саяси ойлардың айтарлыктай дамуы ортағасырлық Шығыс ойшылдарының еңбектерінде көрініс тапты. Аса көрнекті өкілдері болып Әл-Кинди, Бируни, Әл-Фараби, Иби-Сина, Омар Хайям, Ганджеви Низамм, Әлішер Науаи және басқалары саналды.

Кіндік Азияда, Шығыста, Еуропада ғылымның философиялық және әлеуметтік-саяси ойдың дамуында үлкен рөл аткарған Сырдариядағы (Қазакстан) Фараб қаласында туған ұлы ғалым Әбунасыр Мүхаммед әл-Фараби (870-950) болды.

Әзірбайжандық прогрессивті қоғамдық-саяси және философиялық ойдың көрнекті өкілі ойшыл Ганджеви Низами (1141-1203) болды, ол феодалдық ақсүйектердің зорлық-зомбылығына қарсы шығып, езілген халық бұкарасына жанашырлығын танытты. Оның негізгі шығармасы — "Хәмсо" ("Бес казына") бес поэмадан тұрады. Олар: "Кұпиялар қазынасы", "Ләіілі мен Мәжнүй" «Жеті Сұлу» және "Ескендір-наме".

Орта Азия мен Шығыстағы қоғамдық-саяси ойдың дамуында өзбектің көрнекті акыны әрі ойшылы Әлішер Науаидын (1441-1501) шығармашылығы зор прогрессивтік рөл атқарады. Науаи тарихпен, философиямен, кескіндемемен, сәулетпен, музыкамен айналысты.

Науаидың шығармашылығы Мауереннахр мен Алдыңғы Шығыстың көп ғасырлық мәдениеті мен қоғамдық-саяси идеяларын сіңірді. Ол "Шардиван" (Төрт лирикалық жинақ). "Хәмсә"(Беспоэма); '"Махбубәл кулуб (Ғашык жүректер), "Мухакамат әл лугатайн" (Екі тілдің салмағы) және басқа да қызықты шығармалар жазды. Олар орта азиялық және дүниежүзілік мәдениет, сонымен қатар қоғамдық-саяси ой қазынасына қосылған кұнды үлес болды.

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан философиясының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары “Құдай қаласы туралы “деген еңбегінде баяндалған. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары “Билеушілердің басқаруы туралы “, “Теологияның жиынтығы “ деген еңбектерінде қаралды. Оның ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғарғы діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі керек.

3. Кайта өрлеу дәуірінің жарқын саяси ойшылдарының бірі итальяндық Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Ол – антикалық әдебиеттің үлкен білгірі, дипломат және саясаткер. Н.Макиавелли өзінің жүйеге келтірілген саясн идеяларын "Мемлекет", «Тит Ливидің бірінші тоқсан туралы пікірлері", "Флоренция тарихы", "Князь", «Соғыс өнері» атты еңбектерінде баяндады.

Н.Макиавелли өз дәуірінде қалыптасқан көптеген саяси мәселелерді шешуде аса манызды, бірегей идеяларды айта білді. Оның пайымдауынша белгілі бір тұжырымды кұрайды, онда мемлекеттің табиғатына, оның мәніне мемлекетгік кұрылыстың формаларына, сонымен катар мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдеріне және басқа да саяси мәселелерге түсініктеме берілген. Бұл оларды Кайта өрлеу дәуіріндегі алғашкы анық жүйелі және салыстырмалы терең түсіндіру еді. Сондыктан Н.Макиавеллиді жаңа заманның саяси ғылымын негіздеуші деп атайды.

Ол ұсынған саяси шыншылдық принципі Макиавеллидің саяси көзқарастарындағы ең бастысы болып табылады. Саясатта нағыз ақиқат жағдайларды, саяси әрекеттердің практикалық мүдделерге бағындырылуын есепке алу көрсетілген.

Макиавеллидің пікірінше, саясат - бұл қоғамда билікті жүзеге асыру жөніндегі әртүрлі әлеуметтік күштердің (коғам жіктері, адамдар тобы, жекелеген тұлғалар), өзара қарым-қатынасы. Сайып келгенде саясат адамдар арасындағы қоғамдык қатынастар ретінде баяндалады. Сөйтіп, саясатты тек адамның табиғи жаратылысының көрінісі ретінде түсіндіруге қарамастан оның әлеуметтік табиғатын ашып көрсетеді. Макиавелли қазіргі уакытта хрестоматиялыққа айналған ережені, атап айтканда, саясаттың негізгі мәселесі билік туралы мәселе тұжырымдамасын анық қалыптастырды.

Ол діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші болып енгізді. Мемлекеттік билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым –қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады, түсіндіруге қарамастан оның әлеуметтік табиғатын ашып көрсетеді.

Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойдың көрнекті өкілдерінің бірі француз ойшылы Жан Боден. Ол бірнеше еңбек жазды, соның ішінде ең бастысы - "Республика туралы алты кітап". Онда Ж.Боден мемлекеттің шығуы, оның функциялары, мемлекеттік баскарудың формалары, сонымен қатар сол замандағы қоғамның саяси өмірінің басқа да проблемаларына өзінің көзкарастарын жан-жақты баяндады.

Ж.Боденнің саяси теорияны дамытудағы негізгі үлесі оның мемлекеттік егемендік мәселесін көтеруі. Ол "егемендік ұғымын саяси ғылым айналымына енгізді және казірге дейін саяси пікір-сайыс тудырып, саяси практикада колданыста жүрген егемендік теориясын жан-жакты жасап шыкты.

Әдебиеттер:

1.Әлемдік саясаттану антологиясы. Алматы. 2005.

2.Аристотель. Политика. Соч.В 4-х томах. Москва. 1971.

3.Платон.Государство. Соч.в 3 томах. Москва. 1951

4.Гаджиев К.С. Политическая наука. Москва.1997

5.Алексеева Т.А. Современные политические теории. М., 2000.

№3 лекция. Саяси ғылымның даму тарихы мен дардың негізгі кезеңдері

1. Жаңа замандағы саяси ой

2. Маркстік саяси ойлар

3. ХХ ғасырдағы саяси ой

мақсаты: Саяси ойдың көне, орта ғасыр, қайта өрлеу дәуірінде дамуымен танысу. Саяси ғылымның теориясының қалыптасуын, негізгі кезеңдеріне қатысты ғалымдардың саяси көзқарастары мен еңбектерін қарастыру және саясаттану ғылымының теориясының қалыптасуына кезең –кезеңіне өкілдерді мысал келтіріп сипаттама беру.

міндеттері: Дерекпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру.

1. XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.

Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588—1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.

Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689—1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның зандарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық — заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712— 1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікке де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.

Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын ха­лық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.

АҚШ – тағы қиян-кескі таптық күрес идеологияда да жаңғырық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси пікірді Т.Джефферсон, Т.Пейн жақтаса, ірі буржуазияның саяси көзқарастарын А .Гамильтон қорғады. Америка халқының демократия жолындағы күресі Томас Джефферсонның (1743-1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат –Америка Құрама Штаттарының “Тәуелсіздік деклорациясын” жазды. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты, және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқы бар делінген. Томас үкімет тарапынан жеке адамның құқын бұзу қаупі тумауы үшін мемлекеттік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Ол ұсақ өндірушілердің мақсатын көздеп, фермерлердің демократиялық республикасын аңсады. Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737-1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, теңдікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету т.б. жеткізді.

Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мелекетті қоғам тудырады деді.Үкіметтің мақсаты –қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты –жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика. Пейн соғысқа қарсы болды. Бірақ ол әділетті соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады. Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724—1804). Оның саяси пікірлері “Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары», “Өмірлік бейбітшілікке“ деген еңбектерінде баяндалған. Ол әртүрлі мемлекеттер үшін өзара пайдалы халықаралық сауда мен өзара қарым –қатынасты, бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп біледі.

2. XIX ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды.

Карл Маркс (1818—1883) философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады. Біріншісі — тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын мате­риалдық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызатындығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өндіріс құрал жабдықтарына жеке меншікке негізделген бур­жуазиялық өндірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы тереңдеп келе жатқан антогонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңалығы — капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім болды.

Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш — жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат — буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы және интернационалдық табы.

Маркс пен Энгельс тап күресі, социалистіқ революция және пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролета­риаттың өзінің меншікті саяси партиясы — коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жұмысшы қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді.

Маркс пен Энгельстің ізбасары В. И. Ленин (1870—1924) болды. Ол капитализм дамуының империалистік сатысының зандылықтарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның ұйымдастырушысы болды.

Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамытты. Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады.

Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатындығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты.

Жаңа қоғам қүру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің рөлін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті.

Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты.

3. ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ертеректе жинақталған көптеген идеялардың, тұжырымдамалардың, теориялардың саяси білімдер жүйесіне, саяси ғылымға бірігуі жүрді. Бұл үрдіс өзінін бүкіл дамуымен маңызды саяси баскару сатысына өткен және саяси қызметтің барлық жактарын жүйелі, ғылыми пайымдауды және болжамдауды қажетсінген коғамның талабы еді.

XX ғасырдың 20-30 жылдарында бірінші дүниежүзілік соғыстың және революциялардың нәтижесінде пайда болған қоғамды саясаттандырудың жана толкынының ыкпалымен саяси ғылымның белсенділігі артып, дербестікке ие болды. Оның кұкыктану, әлеуметтану, саяси тарихтан іргесі бөлінді. Саясатгану казіргі қоғамның проблемаларына саяси процестерге көніл аудара бастады. Саясаттану теориялары мен тұжырымдамалары пайда болды. Саяси ғылымға Американын ыкпалы күшейді.

XX ғасырдын орта тұсында саясаттану толығымен жеке ғылым ретінде калыптасты. 1949 жылы саяси ғылымдардың Халықаралық ассоциациясы кұрылды. Ол әртүрлі елдердің саясаттанушыларының арасында жүйелі байланыс орнатты. XX ғасырда саяси ой мен ғылым алуан түрлі көптеген тұжырымдамалармен, доктриналармен және т.б. көзге түсті.

XX ғасырдағы саяси ойдын қалыптасуы мен дамуы ұлы ойшылдар М.Вебер, Г.Моска. В.Паретто. Р.Михельс, Т.Парсонс, Д.Истон, Т.Алмонд, М.Дюверже және т.б. есімдерімен байланысты. Бұл жерде, ең алдымен саяси кұбылыстарды өзінің даму логикасы және соған сәйкес өзіндік тарихы бар ерекше нактылык ретінде карастырған неміс әлеуметтанушысы әрі саясаттанушысы Макс Веберді (1864-1920) бөліп көрсеткен жөн. Онын негізгі жұмыстары: ''Протестанттық этика және капитализм рухы" (1904-1905 жж.); "Саясат бейімділік және кәсіп ретінде" (1919 ж.); "Шаруашылык және коғам" (1920ж.).

Вебер ақиқатты теориялык моделдермен — "идеалды типтермен" талдауды ұсынды және қоғамдық құрылысты, әлеуметтік өрекетті, қоғамдық дамуды, билікті, басқаруды (бюрократияны) және демократияны сараптау үшін "идеалды типтер" жүйесін жасады. Ол қоғамдық дамудың маркстік тұжырымдамасын жокка шығармады, бірақ адамдардың саяси жүріс-тұрысын олардың қайта діни этникалық, аумақтық және басқа да мүдделері мен көңіл-күйлері аныкталды деп есептеді. Адамдармен топтардың әлеуметтанулық танымы аркылы қоғамдық проблемаларды зерттеудің веберлік методологиясын көптеген ғалымдар пайдаланды және дамытты.

Марксизм классиктері сиякты Вебер саясатты билікке қатысты коғамдық қатынастардың немесе мемлекетаралық, мемлекет ішіндсгі адамдар топтары арасындағы билікті бөлуге ыкпал ету саласы деп есептеді.

Геосаясат XX ғасырдағы саяси ойдың бағыттарының бірі болды. Ол өзінің өмір сүруі мен кызметі үшін кеңістігін кеңейтуге тырысатын, ерекше организм ретінде мемлекетті сипаттауды географиялық факторлардың ықпалымен түсіндіруге тырысатын саяси доктринаға айналды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында "геосаясат" терминін ғылыми айналымға швед ғалымы Рудольф Челлен (1864-1920) кіргізді. Бұған дейін де мемлекеттердің халыкаралык саясатын географиялык факторлармен дәлелдеуге қадамдар жасалған еді. Германияда геосаясаггы дәлелдеумен я саяси географияның іргетасын калаушылардың бірі Фридрих Ратцель (1844-1904) айналысты. Ол мемлекет кеңістіктің артуын кажетсінетін, ол "өсіп-өнуші халык өзінің санын көбейту үшін жаңа жерлерді қажетсінетіндігін атап көрсеткен еді. Оның пікірінше халық өзінің географиялык жағдайын жаксартуға бейімділігі жоғары. АҚШ-та геосаясатты тарихшы А.Мэхэн (1840-1914) негіздеді. Ол мемлекеттің географиялық жағдайымен оның теңіздік куатының және "халыктық мінез-құлқының" арасында тікелей байланыстың бар екендігін дәлелдеді.

Бұдан кейін де геосаясат идеялары баска да бірқатар авторлардың жұмыстарында жалғасын тапты. Англияда геосаясат идеясын географ Хэлфорд Маккиндер (1861-1947) негіздеді. Оның тұжырымдамасына сәйкес халыктар мен мемлекеттердің тағдырын аныктаушы фактор олардың географиялық жағдайы болын табылады. Герман фашизмінің геосаясат мектебінің басшысы Карл Хаусхофср (І864-І945) геосаясатка тиісті түр беріп, үшінші "рейxтің,' ресми доктринасының бөліміне айналдырды. Осы доктринаға сүйеніп, герман фашизмінің басшылары көрші елдерді кұрту және " герман ұлтына өмірлік кеңістікті" жасау мақсатында басқыншылық жолға түсті.

XX ғасырдың бірінші жартысында қоғамның барлық мүшелері ынтымақтастығын дәріптеген саяси ынтымақтастық (солидаризм) ілімі кеңінен тарады. Ынтымақтастық ілімінің ірге тасын қалаушылардың бірі Француз әлеуметтанушысы және құқық теоретигі Л.Дюги (1859-1928) болды. Ол қоғамда адамдарды біріктіретін байланыстар ынтымактастықтың дәнекері болып табылады деп есептеді. "Ынтымактастық фактісін адамдар мойындады" - деп, есептеді ол қоғамдағы әрбір тап әлеуметтік жік, онын пікірінше, қоғамда ынтымақтастыкты қамтамасыз етуде өзіндік орнын алады және өзіндік рөлін атқарады, олардың ынтымақтастығын дамыту капиталистік ақиқаттың жағымсыз жақтарын жоюға мүмкіндік береді. Ынтымаңтастыңты анықтайтын және дамытатын орган.

XX ғасырдың бірінші жартысында халық бұқарасының мемлекетті баскаруға қабілетсіздігі жөніндегі ежелгі аристократиялық идея қайтадан жандандырылды. Бұл идея кез келген әлеуметтік кұрылымның қажетті кұрамдас бөлігі болып табылатын баскару ғылым мен мәдениетті дамыту функциясын іске асыратын жоғарғы жеңілдігі бар жіктен немесе жіктерден және қалғаны халық бұқарасынан тұратындығын негіздейтін элита теориясынан көрініс тапты.

Италия саясаттанушылары В.Парето. Р.Михельс. Г.Моска элита теориясынын аса кернекті авторлары болып табылады.

"Элита" терминін саяси ғылымға Вилфредо Парето (1848-1923) енгізді.

Саясаттануда саясатты талдауда кұрылымдық-функционаллық әдіс ерекше орын алды. Кұрылымдық-функиионализмнің аса ірі өкілі американдық әлеуметтанушы Толкотт Парсонс (1902-1979). Оның негізгі енбектері: "Әлеуметтік әрекет кұрылымы" (1937 ж.); "Әлеуметтік жүйе" (1951 ж.); "Әрекет теориясы және адами өмір сүру"(І978ж.).

Парсонс - әлеуметгануда әрекет теориясын жасаушы және құрылымдық-функционалдық мектепті кұрушы. Оның әлеуметтік әрекет теориясында қоғамдық жүйенің төрт жүйешеден тұратындығы қарастырылады, олардың әркайсысы өз функиияларын аткарады. Солардың бірі саяси жүйеше, билікке арка сүйеуінің негізінде, ортақ мақсатқа жету үшін адамдардың ұжымдық тиімді әрекетін ұйымдастыруды қамтамасыз ету қабілетімен байланыскан Парсонстың идеялары Д.Истон жасаған саяси өмірге жүйелі талдаудың және саяси жүйе теорияларының негізін кұрады.

Дэвид Истон (1917) – канадалык және американдык саясаттанушылардын ішіндегі көрнектілерінің бірі. Онын негізгі еңбектері: "Саяси жүйе" (1953 ж.), "Саяси өмірді жүйелік талдау" (1956 ж.), "Саяси кұрылымды талдау" (1990ж.). Истоннын саяси ғылымға коскан негізгі үлесі саяси жүйенің өмір сүруін зерттеуге, сонымен катар саяси әлеуметтену мәселесін зерделеуге жүйелік талдаудың принциптері мен әдістерін беймдеумен және колданумен байланысты.

Саяси тұжырымдардың қалыптасуы мен дамуына ірі үлес қоскан француз әлеуметтанушысы әрі саясаттанушысы Морис Дюверже (1917) болды. Онын негізгі енбектері: "Саяси партиялар" (1951 ж.). "Саясат идеялары. Биліктің коғамда колданылуы" (1966 ж.).

Әдебиеттер:

1.Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Алматы. 2003.

2.Қапесов Н. Саясаттану. Алматы. 2003.

3.Хан И.Г.Саясаттану. Алматы.2003.

4.Гаджиев К.С. Политическая наука. Москва.1997

5.Гаджиев К.С. Ведение политическуюнауку. Учебник. Москва. 2000.

№4 лекция. Билік саяси

1. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар

2. Биліктің құрылымы, ресурстары мен функциялары

3. Биліктің тармақтары мен түрлері

4. Биліктің легитимділігі

мақсаты: Қоғамдағы биліктің мәнін ашу, зерттеу, талқылау, тарихи түрлеріне тоқталу және сипаттама беру. Тақырыпты игеру барысында білімгер «билік», «саяси билік» ұғымын талдап, оның негізгі формаларын, тармақтары туралы айтып, биліктің мәндік белгілерін ажырата білуі қажет.

міндеттері: Ғылыми ақпараттарды пайдалана білуге үйрету. Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру.

1.Саясаттанудың негізгі мәселелерінің бірі билік ұғымы. Ол саясаттың өзін, саяси институттарды, саяси қозғалыстарды түсінудің кілті. Билік ұғымына келетін болсақ, жалпы адамзат тарихынан белгілі билік әр қашанда жалпыға бірдей үміттену, дәмелену обьектісі болған. «Билік» әдеттегі өмірде және ғылыми әдебиетте әр түрлі мағынада қолданылады. Философтар биліктің мәнін қоғамның обьективті заңдарымен, социологтар әлеуметтік билік туралы, экономистер - шаруашылық билік туралы, заңгерлер мемлекеттік билік туралы, саясаттанушылар – саяси билік туралы, табиғат зерттеушілері – табиғатқа билік ету туралы, психологтар – адамның өзін-өзі билеуі туралы, ата-аналар – отбасы билігі туралы, діндарлар құдайдың билігі туралы және т.б. пайымдайды. Барлық кезеңде билік амбивалентті (екі жақты, екіұшты) қарастырылған: бір жағынан билік – біреудің екінші біреудің үстінен еркін білдіреді. Бұл биліктің жағымсыз тұрғыдан түсіну. Оның екінші жағы билік қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Билік ұғымы саяси – ғылыми әдебиеттерде әр түрлі түсіндіріледі. Беймаркстік саясаттануда билікке берілген анықтамалар мен тұжырымдамалар:

    1. Телеологиялық анықтама (мақсат- «teleos») билікті бір мақсатқа жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.

    2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрін айтады.

    3. Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайалану, қолдану мүмкіндігі деп түсіндіру.

    4. Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады.

    5. Конфликтілік анықтама билікті дау-жанажал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

    6. Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін ықпал ретінде қарайды.

    7. П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар жоғарыдағы көзқарастармен келіспей билікті біреулерге немесе бірдеңеге тигізетін ықпал емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.

Бұл анықтамалардың көптігінен біз билік құбылысының күрделілігін және ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ екендігін байқаймыз. Дегенмен, ғылым болғандықтан анықтама берілуі тиіс. Мысалы: «Философиялық энциклопедиялық сөздікте» билік туралы былай делінген: «Сөздің жалпы мағынасында билік өз еркінде жүзеге асыруға қабілеттілік пен мүмкіндік, адамдардың жүріс-тұрысы туралы, іс-әрекетіне қайсыбір амал-әдістер, бедел, құқық, күштеу арқылы шешуші ықпал жасау». Қорытындылай келе билік деп, біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекетіне, қызметіне тағдырына ықпал етуін айтады. Билік адам пайда болғалы бері бар дүние, адамзат қауымымен бірге пайда болған. Ал саяси биліктің пайда болуы мемлекеттің пайда болуымен байланыстырылады. Саяси билікті қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдар бар. Олар: 1) экономикалық қор; 2) әлеуметтік әдіс құралдар; 3) күш жұмсау құралдары; 4) ақпарпт құралдары; 5) информациялық қор.

2. Биліктің жалпы белгілерінен басқа оны құрайтын элементтері болады. Олар: а) билікте қатынасқа түсетін серіктердің екеуден кем болмауы, б) билікті іске асырушының жарлығы, в) бағындыруды іске асырудың қолда бар механизмі тетіктері, г) жарлық беруге құқықтар да қалыптастырған, нормалар, ережелер: Биліктің ресурстары – жеке дара адамның немесе топтың басқаларға ықпал ету үшін пайдаланатын барлық мүмкіндіктері. Билікті ресурстары дегеніміз – субьектінің мақсаттарына сәйкес биліктің обьектісіне ықпалды қамтамасыз етуге пайдаланылатын құралдар. Ресурстар обьекті, үшін маңызды не құдылықтар, не адамның ішкі дүниесіне, дәлелдеуіне, әсер ету қабілетті құралдар, не адамды белгілі бір құндылықтардан айыруға көмектесе алатын қару болып табылады, олардың ең жоғарығы құндылығы әдетте өмір деп есептеледі.

3. Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі.Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк пен француз ғалымы Ш.Л.Монтеське болды. Қазіргі кезде биліктің үш тармағы жөнінде саясатшы ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастар бар. Олардың кейбіреуі билік санын көбейткісі келсе, екіншілері кеміткісі келеді. Билік мемлекеттік және саяси болып екіге бөлінеді. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін биліктің түрі жатады. Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді.

4. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимділік (латын тілінде заңдылық, шындық) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған, саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болу үшін 2 шарт қажет: 1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы қажет, 2) мемлекеттік билік конституциясының қағидаларға жүргізілуі керек.

Немістің көрнекті ғалымы М. Вебер легитимділіктің 3 түрін көрсетті:1) Әдет-ғұрыптық легитимділік 2) Харизматикалық легитимділік 3) Ақыл-парасаттық, құқықтық легитимділік.

Әдебиеттер:

1.Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Алматы. 2003.

2.Қапесов Н. Саясаттану. Алматы. 2003.

3.Хан И.Г.Саясаттану. Алматы.2003.

4.Аристотель. Политика. Соч.В 4-х томах. Москва. 1971.

5.Гаджиев К.С. Политическая наука. Москва.1997

6.Гаджиев К.С. Ведение политическуюнауку. Учебник. Москва. 2000.

7.Борисов Л.П. Политология. Москва.1998.

8.Шабров О. Политология управления. Москва. 1997.

9.Конституция РК. Алматы. 1995.

№5 лекция. Қоғамның саяси жүйесі

1. Қоғамның саяси жүйесі ұғымы.

2. Саяси жүйелердің құрылымы мен қызметтері.

3. Саяси жүйелердің типологиясы.

мақсаты: Қоғамның саяси жүйесінің қалыптасуына тоқталып, оның негізгі типтерін және тарихи түрлерін сипаттау, талдау, құрылымы мен жіктелуіне ғалымдардың көзқарастарына тоқталып, қазіргі әлемдегі саяси жүйе мен еліміздегі саяси жүйеге талдау жасау.

міндеттері: Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру

1. Саяси жүйе саяси процеспен байланысты, ал ол әлеуметтік субъектілердің (индивидтер, топтар, таптар, жалпылықтар) біртұтас қызметінің көрінісі. Біртұтас саяси қызметтің нәтижесінде қоғамның саяси жүйесінің қалыптасуы, өзгеруі, қайта құрылуы мен қызметі пайда болады. Саяси жүйе саяси қоғамдық ұйымдардың және институттардың, саяси қарарлар, идеологиялар, нормалар мен органдардың комплексі. Қоғамның саяси жүйесінің басқа қоғамдық жүйелерден сапалық айырмашылығы бар, оған тән негізгі сипаттамалар: оның қоғамдағы жоғарылығы. Қоғамның саяси жүйесінің салыстырмалы дербестілігі бар. Олардың көмегімен қоғамды билеу және басқару іске асырылады. Қоғамның саяси жүйесі өзінің ауқымы жағынан аса кең ұғым. Бұл ұғымға саяси институттардың және ұйымдардың, саяси идеялардың, көзқарастардың, саяси және праволық нормалардың, әдет-ғұрыптардың жүйесі, адамгершілік (мораль), саяси өмірдің этикасы, қоғамдық пікірлермен және басқа арнаулы элементтер жатады. Саяси жүйе теориясы ХХ ғасырдың 50 жылдарында Давид Истон жасады. Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады

2. Қоғамның саяси жүйесінің құрамды бөлігіне қоғамның саяси ұйымы жатады. Оған мемлекет, партиялар, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары кіреді. Сонымен бірге қоғамның саяси ұйымы саяси жүйенің фундаментін қалайды. Ол саяси жүйенің құрамды бөлігі, қоғамға, оны басқаруға әсер ететін басты саяси құрал. Саяси жүйенің құрылымы аса күрделі. Оның мынадай негізгі құрылымдық топтық элементтерін бөліп қарауға болады: институционалдық, коммунитивтік, нормативтік, саналық және саяси мәдениеттік, функционалдық. Институционалдық құрылымдық элементке, әрқайсысы өз кезегінде жүйе құратын арнаулы институттар – мемлекет, партия, қоғамдық саяси ұйымдар т.б. кіреді. Әрбір саяси институттың салыстырмалы дербестілігі бар, қоғамның саяси жүйесінің құрамында атқаратын өздерінің мақсаттары мен міндеттері, қызметтері болады. Коммуникативтік - құрылымдық элемент, әр түрлі мүмкін болатын келісіп әрекет жасаудың формаларын қамтиды. Ол саяси жүйенің ішкі, мысалы партиялар мен мемлекеттердің, сондай-ақ саяси экономикалық жүйелерді, сонымен бірге бір елдің басқа елдердің саяси жүйесі арасындағы қатынастарды қамтиды. Нормативтік құрылымдық элементке саяси өмірді реттейтін – хұқықтық (праволық) және адамгершіліктік (моральдық), саяси дәстүрлер және т.б. әртүрлі нормалар кіреді. Олар саяси жүйенің нормативтік негізін құрайды. Саяси жүйенің маңызды құрылымдық элементі болып саяси сана мен саяси мәдениет саналады. Саяси сана нақтылы әлеуметтік және саяси практиканың әсерімен қалыптасады. Функционалдық құрылымдық элемент, саяси қызметтің, іс-әрекеттің формаларында және бағыттарында, түрліше саяси процесстерде, билікті іске асырудың тәсілдері мен әдістерінде (методтарында) көрініс табады. Мұның жалпы қорытындысы «саяси режим» деген ұғымда көрінеді. Саяси жүйе құрылымын әлеуметтік тұрғыдан да талдау мүмкін. Оған тікелей билік дүниесіне (әлеміне) жатпайтын адамдарды біріктіретін саяси әрекеттестік кіреді. Әрбір азамат саяси еңбек бөлудің принциптеріне сәйкес түрліше рөлдерде болады. Олардың ішінде тұрақты мысалы, салық төлеуші және сондай-ақ, ауыспалы саяси ролдегілер сайлаушы, әскери қызметші, саяси ұйымның белсендісі және басқалар бар. Сонымен бірге саяси жүйенің әлеуметтік құрылымдық элементіне билікті атқаруда қатынасушы (басқарушы және басқарушы емес) саяси элиталарда кіреді. Бұл қабаттар (элиталық қабаттар) әдетте бағынушылықпен сатыланады (иерархиалы), салыстырмалы тұрақты құрылымды қамтиды, сондай-ақ өзінің өкілділік негізіндегі қалыптасу құрамы ауыспалы болып келеді. Барлық бұл құрылымдық элементтер бір-бірінен бөлектелінбейді. Олар өзара тығыз байланысты, бір-біріне көмектеседі, әсер етеді, соның арқасында саяси жүйені біріккен, біртұтас механизм етеді. Зерттеушілер саяси жүйені талдағанда оның мына төмендегі атқаратын негізі қызметтерін топтастырады: саяси ортақтандырылу және өзінің саяси құрамын толықтыру; мүдделерді қорғау; мудделерді жинақтау; саяси байланыстылық қызмет; нормалар жасау; ережелерді, нормаларды қолдану; олардың орындалуын бақылау, легитимділік.

3. Қазіргі кезде саяси жүйенің көп өлшемділігі туралы тұжырымдар мен теориялар аса кең түрде қалыптасып отыр. Саяси жүйенің марксистік типологиясы қоғамның формациялық және әлеуметтік - экономикалық типі туралы белгілерден шығады. Осыған сәйкес кұл иленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік саяси жүйелер деп бөледі. Формациялық типтегі жүйенің әр қайсысы үстемдік құрушы таптарды құл иеленушілерді, феодалдарды, буржуазияны, пролетариатты көрсетеді. Бұл типологияның айрықша ерекшелігі бөлектелінген типтердің біреуін басқа біреуіне аса катаң түрде қарама-қайшы қоюы. Әлеуметтік негізіне сәйкес типологиялар әскери және азаматтық басқару, ұлттық - демократиялық немесе буржуазиялық - демократиялық жүйе болып та жіктеледі. Әр түрлі белгілердің едәуір санынан шыға отырып саяси жүйелерді жіктеуде марксистік емес авторлар аса көп түрлілігімен айрықшаланады. Саяси режимің сипаты негізінде саяси жүйелерді демократиялық, тоталитарлық және авторитарлық деп бөлу барынша кең тараған. Саяси жүйелерді дәстүрлік және модернизациялық (жаңартушылық) деп жіктеу де кең тараған. Саясаттанушы Ж. Блонделдің саяси жүйе типологиясын бес категорияға бөлуі кеңінен тарап отыр. Либералдық демократиялық жүйе, саяси қарарларды қабылдауда либерализмге (ымырашылдық, бостандық) сүйенеді. Радикалдық авторитарлық немесе коммунистік жүйелерде либерализмнен гөрі әлеуметтік игілікті бөлудегі теңдікті артық көреді. Дәстүрлік жүйе, олигархия мен консерватизмнің әлеуметтік теңсіздіктің үстемдігін қорғаумен ерекшеленеді. Соғыстан кейінгі дамып келе жатқан елдердегі қалыптасқан популистік (әйгілілік, даңқтылық, мәлімділік) жүйе авторитарлық құралдардың көмегімен игілікті бөлуде үлкен теңдікке жетуге тырысады. Авторитарлық консервативтік жүйеде, теңдік пен саясатқа қатынасуды кеңейтуге қарсы тұратын, қалыптасқан теңсіздікті сақтауға бағытталған белсенді саясатты жүргізеді. Г. Алмондтың ұсынған типологиясында түрліше саяси мәдениетке сүйене отырып саяси жүйені төрт түрге бөледі: ағылшын - американдық, континенттік - европалық индустрияға дейінгі және бірен сарандаған индустриялық, тоталитарлық саяси жүйелер. Тұрақтылыққа немесе ауыспалылыққа бағыталуына байланысты саяси жүйелерді орын алып отырған тәртіпті сақтау мен қолдаушы консервативтік (кертартпалық) және қоғамдық өзгерістерді жүргізуші трансформаторлық (өзгертушілік, ауыстырушылық) деп бөлінеді. Үнемі өзгерістегі құрылымы бар және ортамен кең көлемде өзара байланысты ашық және қатал белгіленген құрылымы бар және ортамен минимум (аса аз көлемде) байланысты жабық саяси жүйелер деп бөлінеді. Сондай-ақ аяқталған және аяқталмаған саяси жүйелерді бөліп қарауға болады. Соңғысы дамып келе жатқан елдерге айрықша тән, бұл елдерде мемлекет бар, бірақ партиялар жоқ, саяси реттеудің құралы ретінде хұқықтар бар, бірақ саяси дәстүрлер жоқ. Биліктің шоғырлануына немесе бөлінуіне байланысты орталықтандырылған және орталықтандырылмаған (бытыраңқы) саяси жүйелер деп топтастырылады. Саяси жүйелер өздерінің қызмет, іс-әрекетін жасауының деңгейіне, ауқымына қарай микроскоптық, аймақтық, макроскоптық (бүтін бір елде), глобалдық — халықаралық, планетарлық дәрежедегі деп бөлінеді. Типологияның көп түрлілігі саяси дүниенің көп қырлылығын, оны әр түрлі белгілері тұрғысынан талдауға, топтастыруға мүмкін болатындығын дәлелдейді. Бұл тұрғыдан осы немесе басқа елдегі өмір сүріп тұрған әр бір нақтылы саяси жүйені — түрлі көрсеткіштердің көмегімен сипаттауға және түрліше анықтамалар мен бағалар беруге мүмкін болады. Жоғарыдағы белгілер мен типологияларды пайдалану, белгілі бір елдегі нақтылы саяси жүйені талдаудың шеңберін (көлемін) кеңейтіп, зерттейтін құбылыстардың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Әдебиеттер:

1.Андреев А.А. Политические системы и политическая организация общества // Социально – политические науки. 1992 №1.

2.Краснов Б.И. Политическая система // Социально – политический журнал.1995 №5.

3.Авторитаризм и демократия // МЭМО. 1992.№1.

4.Агаев С.Л. Гитлеризм, сталинизм, тоталитаризм: реальности и понятия // Полис. 1995. №3

5.Анохин М.Г. Политические системы: Адаптация, динамика, устойчивость. М., 1996.

6. Истон Д. Категории системного анализа политики. Т- 2. Под ред. Алексеевой Т. А.

7. Парсонс Т. Система современных обществ. 1997.

8. Даль Р. О демократии. М.,2000.

9. Токвиль А. Демократия в Америке. М., 1992.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]