- •Жіктелісі
- •Әйел бедеулігінің этиологиялық факторы мен патогенетикалық механиздері
- •Бедеулік диагностикасы
- •VI түтікті-перитонеалды факторы -косервативті ем -хирургилық ем -реабилитация
- •Әйел бедеулігін емдеу принциптері Бедеуліктің түтікті-перитонеалды түрі-
- •Бедеуліктің эндокринді түрінің емі
- •Иммунологиялық бедеулікті емдеу
Бедеулік диагностикасы
Неке бедеулігінің диагностикасы екі партнерді де тексеруді қарастырады, диагностикалық шаралар кең көлемде жүргізілуі керек. Әйел бедеулігі кезінде диагностикалық және емдік шаралардың алгоритмі бірінші суретте көрсетілген.ВОЗ ұсыныстарына сай әйел бедеулігін зерттеу бекітіуі және жасалуы тиіс:
Анамнезін зерттеу кезінде:
Алдыңғы жүктіліктің саны: өздігінен немесе жасанды түсік, сонымен қатар криминалды; жатырдан тыс жүктілік, тірі балаларының саны, босанудан кейінгі және аборттан кейінгі асқынулар.
Біріншілік немесе екіншілік бедеулік ұзақтығы;
Контрацепция қолдану әдісі және оның соңғы босанудан кейінгі немесе біріншілік бедеулік кезінде қолданылуы;
Жүйелік аурулары: диабет, туберкулез, қалқанша без аурулары;
Овуляцияға ұзақ немесе қысқа әсер ететін медикаментті ем қолдану: цитотоксикалық препараттар, іш қуысының рентгенотерапиясы; психофармокологиялық заттар;
Бедеулік дамуына әкеліп соқытарытн операциялар: аппендэктомия, жатырға операция, операциядан кейінгі кезеңнің ағымы;
Кіші жамбас қуысы мүшелерінің қабыну аурулары,
Эндометриоидты аурулар;
Қынаптық бөлінділердің сипаттамасы;
Сүт безі бөліністері, лактациямен қатынасы, ұзақтығы;
Сыртқы орта- эпидемиялық факторлар, алкоголь қолдану, темекі шегу.
Тұқымқуалаушылық аурулар
Менструалды және овуляторлы анамнез; полименорея, дисменорея, соңғы етеккірдің бірінші күні.
Диспареуния
-
Бедеу неке
Аменорея диагностика және емі
Әйелдің тексерілуі
Ердің тексерілуі
І Ерлердің бедеулігі
Андрологта емделуі
Гинеколгиялық зерттеу
Жүйелі аурулар
Диагностика және емі
Өзгерістер жоқ болуы
Сақталған екіфазалы цикл
Функционалды диагнотика тесттері
ІІІ бедеуліктің қынап-мойындық факторы
-инфекция диагностикасы және емі
-рН және қынап биоценоз коррекциясы
-гормоналды фонның және жергілікті иммунитет қалыптылығы
-жыныстық қатынас регуляциясы
ІІ жыныс мүшелерінің даму ақаулары немесе жоқ болуы
Емнен кейін
УДЗ
Кимографиялық пертубация
ГСГ
Лапароскопия,гистероскопия
IV бедеуліктің гормоналды факторлары
-аналық без және гипофиздің гиперпролактинемиялық жетіспеушілігінің жоқ болуы
-етеккір бұзылысының коррекциясы
Өзгерістер жоқ болғанда
V эндометриоз
-гормоналды терапия
-хирургиялық ем
-реабилитация
VI түтікті-перитонеалды факторы -косервативті ем -хирургилық ем -реабилитация
Күйеуінің немесе донордың спермасының инсеминациясы
Экстракорпоралды ұрықтандыру
Эффективтілігі болмағанда
1 сурет. Бедеу некені зерттеу және емдеу кезіндегі диагностикалық және емдік шаралардың алгоритмі
Объективті зерттеу:
Дене массасы және бой ұзындығы; тұрмыс құрғаннан кейін салмақ қосу, стрестік жағдайлар, ауа-райының өзгерісі;
Сүт бездерінің дамуы, галакторея;
Түктену және оның орналасу сипаттамасы; тері жағдайы;
Ағза жүйесін зерттеу:
Қан қысымын өлшеу
Бас сүйек және түрік ершігінің рентгенограммасы
Көз түбі және көру аймағы
Гинекологиялық зерттеулер.
Гинекологиялық қарау кезінде цикл күні есептеледі. Сыртқы жыныс мүшелерінің даму ерекшеліктері мен дәрежесі, шүрті өлшемі, түктенуі, қынап, жатыр мойны, жатыр, оның қосалқыларының ерекшеліктері сегізкөз-жатыр байламдарының жағдайы, цервикалды өзек пен жатыр мойнының бөліністері бағаланады.
Кольпоскопия және микрокольпоскопия маңызды зерттеу әдсі болып табылады. Ол кольпит, цервицит, эндоцервицит,жатыр мойнының эрозиясын (бедеулік шақыруы мүмкін) анықтауға көмектеседі.
Лабораториялық және инструменталды зерттеу әдістері.
ВОЗ бедеу әйелдерге келесі лабораториялық зерттеудің уақыты мен кезеңін ұсынады:
Функционалды диагностика тесті- 2-3 циклі;
Гормоналды зерттеулер (ЛГ,ФСГ,пролактин,тестостерон)- менструалды циклдың 3-5 күні; цикл ортасында және екінші фазада;
Гистеросальпингография- менструалды циклдың 6-8 күнінде, кимопертубация-овуляция күндері;
Фолликул өсуінің УЗ-биометриясы- менструалды циклдың 8-14 күндерінде;
Иммунологиялық тесттер- менструалды циклдың 12-14 күндерінде;
Лапароскопия- жатыр түтігінің өткізгіштігін анықтау мақсатында- менструалды циклдың 18 күнінде;
Прогестерон деңгейін анықтау- менструалды циклдың 19-24 күнінде;
Эндометрии биопсиясы- менструалды цикл басталғанға дейін 2-3 күні.
Бедеу некедегі әйелдерді комплексті клинико-лабораториялық зерттеу келесі себептерді анықтауға көмектеседі:
Сексуалды дисфункция
Гиперпролактинемия
Гипоталамо-гипофизарлы жүйенің органикалық бұзылысы
ФСГ деңгейі жоғары аменорея
Эстрадиол деңгейі қалыпты аменорея
Олигоменорея
Ановуляция
Жыныс мүшелерінің туа біткен даму ақаулары
Жатыр түтігінің екі жақты өткізгіштігінің бұзылысы
Эндометриоидты ауру
Жыныс мүшелерінің туберкулезі
Ятрогендік жағдайлар
