- •Витаминдер жөнінде жалпы түсінік
- •Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы
- •Суда еритін витаминдер
- •В2 витамині рибофлавин
- •3 Кесте
- •В2 витаминнің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері /100г, тағамда мг/
- •В6 витамин пиридоксин, адермин
- •В12 витамині цианкобаламин, антианемиялық витамин
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Қорытынды
Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы
Витаминдерді зерттеуді ең алғаш орыс оқымыстысы Н.И.Лунин бастады. Ол алғашқы рет тамақтың құрамындағы жануарлардың тіршілігіне әсер ететін заттарға көңіл аударды. XXI ғасырдың аяғына дейін жануарлар тіршілік етуі үшін көмірсулар, майлар, белоктар, минералды заттар және судың болуы жеткілікті деген пікір қалыптасып келді. Бірақ Н.И.Луниннің жасаған тәжірибесі ол пікірді жоққа шығарды. Н.И. Лунин жоғарыда көрсетілген заттардың қоспасымен тышқандарды қоректендірген. Бірақ тәжірибе тышқандардың тіршілік етуі үшін бұл қоспадағы заттардан басқа бір заттың жетіспейтінін көрсетті. Осыдан кейін ғана бүкіл тірі организмдердің тіршілік етуі қажетті бұрыннан белгілі заттармен қоса тағы бір белгісіз зат бар деген пікір пайда болады. Осындай пікірді У.Бунгенің С.А.Сосиннің және тағы басқа шетел оқымыстыларының жұмыстары дәлелдеп берді. 1896 жылы голланд дәрігері Эйхман ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың «бери-бери» ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған немесе жартылай ақталған күрішпен тамақтандырылғанда адамдар ол аурумен ауырмайтынын байқады. Кейіннен Гопкинс /1906 жылы/ күріш дәнінің сыртқы қауызында белгісіз бір заттың бар екенін, ал аяқталған күріште ол заттың болмайтындығын анықтады. 1912 жылы поляк оқымысы К.Функ ашытқыдан витаминге ұқсас құрамында полинервит аурымен ауырған көгершінді емдеп жазды. Бұл заттың жануарлар организміне тигізетін әсерін зерттей келе, оның проф. Н.И.Лунин ашқан жаңа затқа ұқсас екенін анықтады. Осыдан кейін Функ адам мен жануарларда болатын кейбір аурулар тағамның құрамындағы белгісіз бір заттың жетіспеуінен болады деген қорытындыға келді, ол бұл затты «витаминдер» деп атады. «Вита» – латынның «тіршілік, өмір» деген сөзі, ал «амин» – деп химияда азоты бар заттарды атайды.
1913 жылы Макколлум және оның шәкірттері жануарлардың қалыпты дамуы үшін майда еритін фактор «А» - ның қажет екенін анықтап, оған А витамині деп ат берді. А витаминінің жетіспеуі адамды ақшамсоқыр ауруына шалдықтыратыны анықталды. Макколлум витаминдерді ашылу ретіне қарай латын алфавитінің алғашқы әріптерімен белгіледі. А витамині, С витамині. Кейіннен В витаминінің бірнеше түрлері белгілі болады да, оларды ретіне қарай В1, В2, В3, т.б. деп белгіледі.
1928 жылы Сент-Дьердьи С витаминін ашты және оның малдың бүйрек үсті безінен бөлінетінін, сонымен бірге кейбір өсімдіктерде кездесетінін анықтады. Осыдан кейін 1935 жылы дат ғалымы Дам қанның құрамында болатын К витаминін ашты.
1948 жылы Смит, Фолкерс т.б. В12 витаминін тапты. Бұл витаминнің жетіспеуі адам организмінде қанның азаюына әкеліп соқтыратыны белгілі болды.
Соңғы жылдары Совет Одағында А.В. Палладин, М.Н. Шатерников, Л.А.Черкес, В.Н.Букин, В.В:Ефремов сияқты оқымыстылардың бастауымен көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Түрлі эксперименттер арқылы авитаминоздардың патофизиологиялық және биохимиялық өзгерістері ашылды.
Қазіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды және олардың бәрі синтездік жолмен алынды. Оларға химиялық атау берілді, мәселен, А витамині – ретинол (-ол жалғауы молекуласында спирт тобы бар екенін білдіреді) деп аталады.
Д витамині – кальциферол деп аталады, яғни «кальций ионын, тасымылдайды» деген мағынаны береді.
Сол сияқты витаминдерді ол жетіспеген кезде ұшырайтын аурудың атымен атау қабылданған. Ол кезде «анти» деген қосымша жалғанады. Бұл қосымша сөз болып отырған витаминге сәйкес авитаминоз ауруының алдын алады және одан сақтандырып жазады деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Д витамині антирахит витамині (рахитке қарсы) деп, С витамині антицинготтық (құр-құлаққа қарсы) витамин деп аталады т.с.с.
Сөйтіп, витаминдердің тағамдық заттарда жетіспеуінен болатын дерттер көне заманнан-ақ белгілі болғанымен, оның себептері осы біз өмір сүріп отырған XX ғасырдың бастапқы жылдарында ғана анықтала басталады. Қазіргі уақытта витаминдер тобына жататын заттар өте көп.
Әріппен белгілеу ескіру салдарынан ыңғайсыздық тудыра бастады, әрі күнделікті зерттеулер нәтижесінде табылған витаминдер санының көбеюіне байланысты, олардың биологиялық және химиялық классификациялап үлкен 4 топқа бөлінеді:
алифатикалық витаминдер қатары /аскорбин қышқылы/;
алициклды витаминдер қатары;
ароматикалық витаминдер қатары;
гетероциклды витаминдер қатары.
Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын су мен майларда еритін витаминдер топтары.
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. (В1, В2, В3, В5, В6, В12, В15, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлохикнон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары /А, Д, Е, К, Q/ және т.б. кіреді.
Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін жоғарылатады. Керісінше де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер түрі өте көп. Бұл витаминдердің адам организміне қабылдану мөлшері де түрліше болады.
Витаминдер организмде тотығу-тотықсыздану реакциясына түседі. Витаминдерге – бауыр, бүйрек, жүрек, ішек-қарын, жұмыртқа, ет-сүт, май, нан, овощтар мен жеміс-жидектер өте бай келеді. Витаминдерді организмнің қажет етуі тамақтану режимі кезінде өзгеруімен бірге, сол сияқты кейбір физиологиялық және патологиялық жағдайларда да күшті өседі. Мысалы, организмнің буаз не екі қабат кезінде төлдері мен балаларын тамақтандырада, инфекциялық ауруларда және т.б. Тамақ азықтарында дәрі-дәрімектік өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін витаминдерді түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады. Витаминдерге сапалық реакциялар жүргізу кезінде шыққан зерттеу жұмыстарының нәтижелерін төмендегідей кестеге түсіру өте ыңғайлы болады.
