- •Қылмыстық құқықтың түсінігі мен міндеттері.
- •Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •Қылмыстық құқықтың жүйесі және ғылымы.
- •§ 3. Қылмыстық заңның кеңістіктегі және уақыт бойынша қолданылуы.
- •Жаза жүйесінің түсінігі және маңызы
- •Жазаның түрлері.
- •§7. Ќылмыстыќ ќ±ќыќтаѓы шарты т‰рде соттауды ќолданулардыњ т‰сінігі мањызы жєне негіздері.
- •§3.Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру
- •§7.Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.
- •§6.Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру
- •Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігі.
- •Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздері.
- •Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері.
§ 3. Қылмыстық заңның кеңістіктегі және уақыт бойынша қолданылуы.
ҚК 6 және 7 баптарында қылмыстық заңның кеңістіктегі әректеінің қағидалары анықталған: территориалдылық және азаматтық. Егеменді мемлекеттің тұрақтылығына негізделген бірінші қағидасына сәйкес (6 бап), ҚР-ның аумағында қылмыс жасаған адам қылмыс жасалған жердегі әрекет ететін қылмыстық заңға сәйкес (жауапкерілікке) жауапқа тартылады.
3.Азаматтылық қағидасы (7 бап ҚР ҚК) ҚР-ның азаматтарының шет елде жасаған қылмыстары үшін республиканың қылмыстық заңына сәйкес жауапкершілік кезделген. Осыдан келе, территориалдылық қағида азаматтық қағидасымен үйлеседі.
ҚР территориясы болып оның мемлекеттік шеқарасына кіретін құрлық, ішке өзен, көл және теңіз сулар кеңістігі, әуе кеңістігі және су беті шектері жатады (13 қантар 1993 ж «ҚР мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР заңы).
Құрлық территориясы мұхит және сыртқы теңіз суларымен жанасқан жағдайларда, мемлекет территориясына жағалау сулары мен әуе кеңістігінен 12 теңіз милі жоғары қашықтық жатады. Біздің мемлекетіміздің қылмыстық-құқықтық нормалары ҚР континентальдік шельф (Каспий теңізі) кеңістігінде жасалған әрекеттерге де қолданылады.
Шельф-теңіз территориясына жанасатын белгілі тереңдік және теңіз қойнау түбінің тереңдігі.
Сулы және құрлық бетінің территориясының төменгі кеңістігі жатады және ҚР-ның мемлекеттік шекарасымен анықталған қойнау терендігі шектелмеген.
ҚР әуе кеңістігі құрлық пен су аумағы үстіндегі берілген аспан кеңістіктері жатады.
Үшкі теңіз сулары ҚР-ның территориалдық теңіз енің өлшеу қабылданған (белгіленген) бастапқы сызықтан жағалауға қарай жолбыған теңіз сулары.
Территориалдық теңіз – ҚР –ның заңнамаларына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес өлшенген, ені 12 теңіз миль теңіз жағалауындағы теңіз сулары.
Ашық теңіз – рұқсаты халықаралық құқықпен реттелетін ҚР-ның террироалдық теңізіне немесе басқа мемлекеттердің теңіз, мұхиттарына жатпайтын кеңістік.
Континентальдык шельф –
1958 ж. Женева Конвенциясына сәйкес берілген түсінік 200м-ге дейінгі тереңдіктегі территориалдық теңіз шегінен тысқарғы, жағаға жанасып жатқан, жағалау мемлекеттердік жер беті мен жер қойнауы су асты ауданын да алып жатады.
ҚР-ның территориясына болып шетел мемлекетінің территорияда немесе осы территорияда ұшып өтіп жатқан ҚР-мен танылатын жалауы бар, әскери емес ұшақтары табылады.
ҚР-ның ҚК-нің 6 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы территориясында қылмыс жасаған барлық тұлғалар, сонымен қатар шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар қылмыстың жауапкершілікке қылмыс жасалған жерде әрекет ететін қылмыстық заңмен ҚР-ның азаматтарымен жалпы негіздерде (бірдей құқықтарда) жауапқа тартылады.
Әрекет етіп жатқан заңға және халықаралық келісім шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының соттарының қылмыстық істері бойынша соттылықты емес азаматтары мен шет ел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдерінің қылмыстық жауапкершілік мәселесі, бұл тұлғалар Қазақстан Республикасы территориясында қылмыс жасаған жағдайда дипломатиялық жолмен шешіледі. Жеке қол сұғылмаушылықпен және қылмыстық жауапкершіліктен иммунитетпен әрдайым қолданатындар: дипломатиялық өкілдік басшысы (елші, істерде сенілген), кеңесші, сауда өкілдері және олардың орынбасарлары, әскерилер, әскери теңіз және әскери әуе аттешелері және олардың көмекшілері, бірінші, екінші және үшінші хатшылар, атташе және хатшы-архиваристер, сонымен қатар олармен бірге тұратын, ҚР азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері. Экстерриториалдылық құқық дипломатиялық өкілдердің көліктері, қызмет және тұрғын үйлеріне таралады. Бірақ бұл дипломатиялық иммунитетті дипломатиялық өкілдік қызметімен байланысты емес мақсатта қолдануға құқық бермейді. Экстерриториалдық құқықты асыра пайдаланатын тұлғалар «персона нон грата» деп жарияланады. Оларға ҚР территориясының тастап кету ұсынылады.
ҚР ҚК-ң 7 б азаматтық қағидасына сәйкес ҚР шегінен тыс жерлердегі қылмыстарға қатысты қолданатын ҚР ҚК әрекеттеі анықтайтын келесі тұлғалар категориясы: ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және шет елдіктер.
ҚР ҚК 7 б 1 т: «ҚР-ң шегінен тыс жерлерде ҚР азаматтары егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы кодес бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттің заңында көзделген санкцияның жоғарғы шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негіздерде жауапты болады» деп белгіленген.
ҚР-ң шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған шет елдіктер қылмысты ҚР-ң мүдделеріне қарсы бағытталған жағдайларда және ҚР халықаралық шарттарында көзделген жағдайында егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және олар ҚР аумағында жауапқа тартылса осы кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Бұл жағдайда ҚР территориясындағы дипломатиялық имунитетпен қолданатын тұлғалардан басқа шет елдіктер ескерілген.
ҚР ҚК-ң 4 б көрсетілгендей: «Әрекеттің қылмсытылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасаған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленді.» Қоғамдық қаіупті іс-әрекет жүзеге асырылға уақыт зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасаған уақыт деп танылады.
4.Қазақстанда заңдардың әрекеттің енуі мен жариялануының белгіленген тәртібі бар.
Қабылданған заң ресми органда қабылданған күннен бастап 7 күннен кешіктірмей жариялану тиіс.
Егер актілерде заңды күшіне енуінің өзге мерзімдері белгіленбесе заңдар мен өзге де актілер ресми органда жарияланған күннен 10 күннен кейін заңды күшіне енеді.
Заңнамаларда қылмыстық заңның күшін жою туралы мәселе шешілмеген, көптеген ғалымдар заңды күшіне енген және әрекет етіп жатқан жоюының дұрыс деп тапқан жағдайларын көрсеткен: 1) күшін жою 2) басқа заңмен алмастыру 3) заңның әрекет ету мерзімі аяқталуы.
Заңның уақыт бойынша қолданылуының жалпы анықтамасын жаңа заңның күшініе енген кезден бастап және қылмыстың аяқталу кезеңдерін салыстыру арқылы айқындаймыз. Егер қылмыс аяқталу мезетте жаңа заң қабылданған кезеңнен бұрын аяқталсы, онда ескі заң қолданылады. Егер қылмыстың аяқталуы мезетті жаңа заңның тұсында болса – жаңа заң қолданылады және ол қылмыстың ұзақтығына, жалғасымдылығына және бір реттігіне болмайды.
Заңның кері күші – берілген заңның ол шығарылғанға дейін әрекетте таралған әрекеті, бұл мәселе ҚР ҚК 5 б қарастырылады.
Жаңа заңның кері күші болады, егер ол: 1) әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын немесе 2) жауаптылықты немесе жазаны жеңілдетсе. Қылмыстық жауаптылықты қайта белгілейтін немесе жазаны күшейтетін заңның кері күші болмайды.
Жаза жаңа заңмен жеңілдетіледі, егер: альтернативті санкциядан ең ауыр жазаны алынып тасталыну немесе оны жеңіл жазамен алмастыру; жоғарғы және төменгі жаза шектерін азайту; қосымша жазаны алып тастау, сакцияға жаңа, аса жеңіл жаза енгізу; соттың көзғарасы шаралары қолдану мүкіндігін регламенттеу; әрекетінің жазалануын жеңілдететін сапалық жағдайын ескеретін жаңа бөлім енгізу.
5.Қылмыстық заңға түсінік беру оның маңызын анықтау, оның мағынасын анықтау, заңнамада қолданылатын терминдерді түсіндіру және түсіну.
Түсінік беру субъектілері болып мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ жеке азаматтар табылады.
Заңды күшіне қарай түсінік беру заңды күші ьар және заңды күші жоқ болып бөлінеді.
Түсінік берудің әрекеттері болып грамматикалық, логикалық, жүйелік және тарихи әдістер табылады.
Заң талдау мазмұнын грамматикалық түсінік беру заң мазмұнының мәтінін этимологиялық және синтаксистік талдау, сонымен қатар заңда қолданылатын сөздер, түсініктер мен терминдердің мәні мен мағынасын анықтау үшін қажет.
Логикалық (талқылау) түсінік беру заң мәтінінде тура көрсетілмеген, заң шығарушы еркін әртүрлі әдістермен орнатуды өз мақсаты ретінде санайды.
Жүйелік (систематикалық) түсінік беру мәні ҚК-ң ішіндегі әртүрлі қылмыстық құқықтық нормаларды ҚК еңбегін басқа да әрекет етіп жатқан қылмыстық құқықтық актілермен өзара салыстыру, сонымен қатар әртүрлі құқық салаларын салыстыру және заңнама жүйесінде осы нормаға оны белгілеу.
Тарихи түсінік берудің мәні, әрекет етіп жатқан қылмыстық құқықтың нормаларды олардың ұқсастықтарымен салыстыруда.
Көлемі (ауқымы) бойынша келесідей түсінік беру түрлері көрсетілген: таратылған және шектеуші.
Шектеуші түсінік беруі болып, нәтижесінде қылмыстық заң барлық жағдайларға қолданылмай тек осы заңның, белгілі бір анықталған мәтіні ғана түсінік беруді айтамыз.
Үйлестірмелі түсінік беру деп, заң мәтінінде тікелей көрсетілмейді, бірақ күдіктенетін жағдай болғанда қолданылатын түсінік беруді айтамыз.
Субъектісіне қарай түсінік беру мәтіндік (жариялылы), соттық және ғылыми (доктринарлық).
Жариялы (мәтіндік) түсінік беру деп, осы заңды қабылдаған органмен берілген түсінік беруді айтамыз.
Соттық деп, сотпен қарастырылатын әрбір нақты іске түсінік беруді айтамыз.
Ғылыми (доктринарлық) түсінік беру - бұл монографияларда, оқулықтарда мақалалар түріндегі ғылыми қызметкерлермен ғылыми мекемелермен берілетін түсініктеме.
3 Тақырып. Қылмыстың құрамы
1 Қылмыстық құқық бойынша қылмыс құрамының түсінігі.
Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі.
Қылмыс құрамының құрылымы.
Әдебиеттер:
1.Сергиевский В., Рахметов С. Квалификация преступлений. Учебно-практическое пособие. Алматы, 1999г.
2.Кудрявцев В.Н Общая теория квалификации преступлений. М., 1999г.
3.Черненко Т.Г Квалификация преступлений. Алматы, 1999г.
4.Наумов А.В. Применение уголовно – правовых норм. Владивосток, 1973г.
5.Уголовное право. Общая часть. Под ред. И.Я.Козаченко. М., 1998г.
6.Курс уголовного права. Общая часть. Под ред. Н.Ф.Кузнецовой Т.1. М., 1999г.
7.Блум М.И., Тилле А.А. Обратная сила закона. М., 1969г
8.Брайнини Я.М. Уголовный закон и его применение. М., 1967г.
1.Кылмыстың құрамы түсінігі отағасырлық қылмыстың құқық ғылымында пайда болды және сол кезде тек процесуалдық мағынасы болды. Қылмыстың құрамы түсінігі материалдық қылмыстық құқық тек 18 ғасырдың аяғы 19 ғасырдың басында аударылды. Бұның себебінде Ерекше бөлімінде жеке қылмыстар көрсетілген қылмыстық кодекстердің жасалуы болып табылады. Қылмыстың құрамы деп қылмыстық заңмен көрсетілген қылмыстық белгілерінің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы - бір қылмыстың заңға сәйкес қоғамға қауіпті әрекетін құратын және міндеттейтін объективті және субъективті элементтерінің және олардың белгілерінің жүйесі.
Қылмыстық заңда "қылмыс құрамы" сирек қолданылады. ҚК-тің 3 бабында.
Қылмыстың құрамына қылмыстық іс жүргізу заңы да осындай мағына береді.
Бір қылмыстың белгілерінің жиынтығы қылмыстың нақты құрамын құрайды.
Қылмыстың нақты құрамы - бұл бір қоғамға қауіпті іс әрекеттің қылмыс ретінде мінездейтін белгілерінің жтынтығы.
Қылмыстың жалпы құрамы әр қылмыстың құрамында бар құрамды мінездейді. Бұлардың екеуінің арасында айырмашылық бар, әсіресе оларды тағайындауда.Қылмыстың құқықтық түсінігі яғни нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауапкершілікті дәлелдеу үшін маңызды роль ойнайды, өйткені тұлғаның әрекетінде нақты қылмыстың құрамы болғанда ғана бір қылмыстың бар екендігіне, қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатын әрекетті --------- көзіміз жетеді. Қылмыстың жалпы құрамы бұл рольді атқармайды және атқара алмайды.
Қылмыстың құрамы әртүрлі түсініледі:
қылмыстың заңшығарушы моделі ретінде
ғылыми абстракция ретінде
реалды қылмыстың мазмұны, ядросы ретінде.
Құрамның бірінші мағынасы, ол өлшегіш ретінде роль атқарады, яғни іс әрекетте қоғамға қауіптіліктің деңгейінің оны қылмыскер деп тануға жеткілікті немесе жеткілікті еместігін анықтайды. Бұл заңдылықтың сақталуын, қылмыстық саясаттың бірқалыпты жүргізілуін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына кепіл болады.
Қылмыстың құрамының 2-ші мағынасы ол тек қана іс-әрекеттің қылмыс екендігін анықтап қана қоймай қылмысты қай категорияға, қылмыстар топтарына жататынын анықтайды, өйткені қылмыстың құрамының белгілерін анықтау қылмыстың түрін, қоғамдық қауіптілік деңгейін және мінез ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Үшінші мағынасы - заңшығарушы қылмыс құрамымен қылмыстық жазалау шектерін байланыстырады.
Сонымен қылмыс құрамының маңызы келесіде
ол қылмыстық жауапкершіліктің негізі болады
ол қылмысты жіктеу мақсаты ретінде қызмет етеді, яғни істелген іс-әрекет ішінде қылмыстың құрамын анықтайды
ол қылмыстық жазалау шектерін анықтайды.
2.Әр қылмыс - объективті және субъективті диалектикалық ----- іс-әрекет жасушылық және іс-әрекеттік.
Қылмыс құрамының элементтері - "қылмыс құрамы" жүйесінің компоненттері. Олардың құрамына байланысты олар құрамның 4 жүйесіне кіреді: объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы.
Қылмыс құрамының белгілері - қылмыстың әр элементтерін мінездейтін айырмашылық ерекшеліктері. Олар қылмыс құрамының ерекшелігін айырып шығаруға, олардың іс-әрекетінің қоғамдық қауіптілік деңгейі мен мінещіне байланысты айырмашылығын және де қылмысты қылмыс емес құқық бұзушылықтан айыруға жол ашады.
Қылмыстың объектісі - бұл қылмыстық құқықпен қорғалатын және қылмыс арқылы зиян келтірілетін қоғамдық қатынастар болып саналады.
Объективтік жағы - тұлғаның іс-әрекетінің сыртқы жағын сипаттайды.
Субъект - заңда белгіленген жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға.
Субъективтік жақ - іс-әрекеттің ішкі (психикалық) мәні.
Кінә - қасақана мен абайсыздықтың тектік түсінігі қылмыстың субъектісінің жасаған қоғамды қауіпті әрекетіне және өзінің қоғамға қауіпті іс-әрекетінің нәтижесіне деген психикалық қатынасы; Ниет - субъектінің қылмыс жасау барысында басшылыққа алатын қажеттіліктер мен мүдделері және қылмыс жасау барысында нәтижеге жетуге тырысу - мақсат осылар қылмыстың субъективтік жағын құрайды.
Әр қылмыстың құрамы субъективтік және объективтік белгілерінің жиынтығы ғана емес, әр қылмыс адамның іс-қимылыретінде бір бүтін тұтастық. Қылмыстың құрамының элементтерінің бірлігші қылмыстық құқық теориясының ережесі, яғни 4 элементінің біреуінің болмауы тұлғаның іс-әрекетінде қылмыстық құрамының жоқтығын айтады.
Егер қылмыс құрамының элементтері - оның бір құрылымның қажетті бөлігі болса және бірнеше белгілері болса, ал құрамның белгілерінің өзі құрамы элементтерін сипаттайды және құрамның элементтерін жекелейді.
Жалпы қылмыс құрамы туралы оқу барысында барлық құрамның белгілерін негізгі және факултативті болып бөледі. Негізгі белгілері - бұл барлық қылмыстарға тән белгілері және бұл белгілерсіз ешқандай құрам бола алмайды. Осыған байланысты әр құрамда нақты объектісі, әрекет, кінә, субъектінің есі дұрыстығы және заңда көрсетілген жасқа жетуі анықталуы тиіс. Осы белгілердің біреуі болмауы қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді.
Факултативтік белгілер болса басқаша болып келеді. Факултативтік белгілер бұл бір құрамдар үшін міндетті, ал басқа құрамдар үшін міндетті емес белгілер болып келеді. Мысалы: адам өлтіру үшін ниет міндетті түрде қажет, ал ұрып соғуда ниет міндетті түрде қажет емес. Факултативтік белгілер заңшығарушымен кейбір қылмысты немесе бір топ қылмыстарды суреттеу үшін қолданылады. Әрине құрамның белгілерін осылайша саралау тек қылмыс құрамының жалпы түсінігі үшін ғана жасалады. Нақты қылмыс құрамында негізгі және факултативті белгілер жоқ - бұл жерде барлық белгілер қажет болып келеді.
3.Қылмыстық құқық теориясында әр қылмыс құрамдары бір белгілермен біріктірілетін белгілі бір толптарға бөлінеді. Қрамның жіктелуі соңында әр қылмыстың мазмұнын білу үшін олардың құрылуының жалпы заңдылықтарын білуді міндеттейді.
Қылмыс құрамдарын жіктеуді келесі критерилерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
қоғамға қауіптіліктің дәрежесі
құрамның белгілерін сипаттау тәсілі
құрылыс ерекешліктері.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрамдар негізгі 1) жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамы 2) жыуаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы болып бөлінеді.
Бұндай бөліну қажеттілігі біріншіден қылмыстық жауапкершілік пен жазаны заңды бөлуді мақсаттайды. Қылмыс құрамы әрқашанда әрекеттің жазалау шектерін көрсететін санкциялармен байланысты тұрады. Бірақ бір түрлі іс-әрекеттер тек қана қоғамға қауіпті дәрежесімен ғана емес мінезімен де ерекшеленуі мүмкін.Осыны ескере отырып заңшығарушы кейбір жағдайларды бір қылмыс бойынша бірнеше құрам бөліп шығарады және осыларды әртүрлі жазалау арқылы байланыстырады. Бұл жазалау саясатының бірлігін қамтамасыз етеді және жазалауды жекелеуге, заңдылық сақтауға жол ашады.
Негізгі құрамда бндай іс-әрекеттің өзіне тән ерекше белгілері сипатталады, іс-әрекет ауырлататын немесе жеңілдететін жайларсыз жасалса заңда ол қылмыстық кодекстің өзіндік бабында (мысалы 106 бап) немесе қылмыстық кодекстің бабының бөлігінде (мысалы (107 бап 1 бөлігі).
Квалифицированный состав (сараланатын) - бұл ауырлататын мән-жайлар бар құрам және бұл мән жайлардың болуы негізгі құрамға қарағанда ауыр жазалауға әкеледі.(мысалы 96 б 2 б, 178 б 2 б). кейбір жағдайда жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты заңшығарушы сараланатын құрамның түрлерін бөліп көрсеткен. Олар аса ауырлалататын жағдайлардағы қылмыс құрамы ( ҚК 175 б 1 б, 289 б 3,4 б).
Жеңілдететін мән-жағдайдағы қылмыс құрамы - бұл заңшығарушыны жазаның мөлшерін негізгі құрамды құратын қылмысты жасағаны үшін көрсетілген мөлшерден көрі азайтуға әкеп соқтыратын мән жайлары бар құрам. Мысалы: ауырлататын мән-жайларсыз адам өлтірген жағдайда ҚК 96 б 1б байланысты жаза 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады. Ал қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде кісі өлтіру (ҚК 96 б) жаза кішірейтілген - 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру. Бұл қылмысиың құрамы кісі өлтірудің жеңілдететін мән-жайлары бар құрам.
Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамы жай қылмыс құрамы және күрделі қылмыс құрамына бөлінеді.
Жай қылмыс құрамы - қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни бір ғана объектісі, бір ғана объективтік жағы және т.б.
Күрделі құрамда мыналар болады:
элементтердің екеуі (ҚК 179 б)
іс-әрекет жасау процесінің немесе қылмыс зардаптарының (созылмалы және жалғасатын қылмыстар) созылуы (ҚК 373 б, 176 б)
альтернативтік элементтер (96 б 2 б)
бірнеше жай құрамдардан қосылған (237 б, 257 б 2,3 б)
Қылмыс құрамы құрылысына қарай материалды, формалдық және келте болып бөлінеді. Өйткені тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеті бірнеше этаптарға бөлінеді: әрекетке дайындалу; әрекет жасау; нәтижеге жету.
Егер заңшығарушы қылмыс құрамында тек іс-әрекетті емес іс-әрекеттің нәтижесінен болған зардапты көрсетсе онда бұл материалды құрам (адам өлтіру).
Егер заңшығарушы қылмыс құрамында іс-әрекеттің белгілерін көрсетіп қалған зардапты иыс шығарса, онда бұл формалдық құрам болады. Бұл жағдайда құрамның толық болуы үшін көрсетілген әрекетті жасағаны жеткілікті (пара беру және алу, жала жабу, қащқындық және т.б.).
Егер заңшығарушы қылмыс құрамындағы қылмыстық іс-әрекеттің жалпы бейнесін азайтса, яғни қылмыс құрамы қылмысқа дайындалу әрекеттері немесе бір іс-әрекет жасау процесін қамтыса, онда бұл келте қылмыс құрамы болады. Яғни қылмыстың аяқталуы үшін қоғамға қауіпті зардабы. Қоғамға қауіпті әрекетке жеткізетін іс-әрекеттерін аяғына дейін жеткізу қажет емес (қарақшылық, бандитизм).
"
4.Тақырып Қылмыстың объектісі.
1 Қылмыстық құқық бойынша қылмыс объектісінің түсінігі.
Қылмыс объектісінің түрлері
Қылмыстың заты және оның қылмысты саралау үшін маңызы.
Әдебиеттер:
1. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы. 1999 ж.
2.Уголовное право буржуазных стран: Общая часть. Сборник законодательных актов \ Под ред. А.Н.Игнатова и И.Д.Козочкина. М., 1990 г.
3.Уголовное законодательство зарубежных стран: Сборник законодательных материалов. М., 1999 г.
4.Уголовное право. Часть Особенная. Учебник. Под ред. Агыбаева А.Н., Баймурзина Г.И. Алматы. 2003
5.Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступления. М., 1976г.
6.Бурчак В.А Квалификация преступления. Киев, 1983г
1.Қылмыстың объектісі болып қылмыстық құқық нормаларымен қол сұғылған үшін жауапкершілік көрсетілген қоғамдық қатынастар.
Қоғамдақ қатынастар - адамдар арасындағы байланыстар және олардың белгілі бір құндылықтар жайлы тәртібі. Қоғамдақ қатынастар бұл бізді қоршаған әлемнің Қоғамдақ қатынастаробъективтік шындылық жалпы қарым-қатынастардың көрінуі. Басқа қатынастарға қарағанда қандай қиын формаларда болмаса да бұл қатынастар әрқашанда адамдар арсындағы қатынастар.
Бұзылған қатынастарға байланысты қорғау сипаты анықталады. Олардың арасында ең маңыздысы бұл қылмыстық құқық нормаларымен қорғалатындары. Әр қылмыстық іс-әрекет қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастаға қол сұғады, зиян келтіруі мүмкін немесе келтіреді, соның себебінен қылмыс болып саналады.
Қол сұғушылық объектісі болып тек қылмыс арқылы зиян келтірілетін немесе келуі мүмкін объект болады.
Қылмыс объектісі - әр қылмыстың қажетті құрам белгісі. Іс-әрекет қылмыс деп саналмайды, егер ол объектіге бағытталмаса немесе қылмыстық заңда көрсетілмеген объектіге бағытталса. Егер тұлға қылмыс жасап жаиырмын деп санаса да оның жасаған іс-әрекеті "жалған қылмыс" болады және ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Қылмыстың объектісі қылмыс құрамының қажетті белгісі, ол қылмыстың мәнін қоғамға қауіпті деңгейін анықтайды. Объектіге байланысты біз қандай жасалғандығын анықтаймыз (адам өлтіру немесе қорлау, мемлекеттік мүлікті ұрлау немесе пара алу).
Қылмыс объектісінің үлкен маңызы бар. Өйткені ол құқық жүйелері қорғайтын құндылықтарды ашады.
Советтік қылмыстық құқығының кластық мәні өз келбетін қылмыстық құқықтық қорғау объектісінен тапты, олардың тізімі Қаз ССР ҚК 7 бабында көрсетілген. Ең жоғарғы мемлекеттік мүддегер сонан соң барып азаматтың және қоғамның мүддегері қойылды.
Қазіргі кезде біздің ойымызша құқық шығарушылық және құқық қолданушылық дкеңгейде қылмыстық құқықтың маңыздысы адамдық фактордың максималдық есебі.
Қолсұғушылық объектісі дұрыс анықтау қылмыстың әлеуметтік-саяси мазмұнын ашуға, оның қоғамдық қауіптілік сипатын көрсетеді және нақты қоғамға қауіпті іс-әрекетті дұрыс жіктеуге жол ашады және бұл кінәлі адамға әділ жаза тағайындауға қажетті шарт болып табылады.
Қылмыс объектісі ҚК Ерекше бөлімінің жүйесінің құрамының негізі.
Гуманизм позициясынан адамның өзін, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауға маңызды болуы тиіс. Барлық қылмыстың құқық қорғау объектілері соңында адамға қызмет етеді, осы да олардың әлеуметтік мағынасы және құны.
Мемлекеттің, қоғамның мүдделерін адмзаттың мүдделеріне қарағанда маңызды деп табу қылмыс туралы қате түсінікке және қылмыстың белгісі қоғамдық қауіптіліктің қате түсінігіне әкелді.
Мысалыға социалистік мүлікке қол сұғушылық адам өлтіруден ауырырақ қылмыс болып саналған (1932 ж 7 тамыздағы заңы): ұрлық үшін жапза өлім жазасы, ал адам өлтіру үшін, ауырлататын мән-жайлардың болғанның өзінде - бостандығынан айыру.
Қоғамның демократизациялануы, адамзаттың құндылығын қабыл ету, және тұлғаның өмірін, денсаулығын, бостандығын, қылмысын, құқықтарын тану қылмыстық құқықтық объектісін ашуға, қылмыстың қоғамға қауіптілігінің деңгейі мен мінезін анықтауға жол берді. Қандай да бір зиян іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік бекіту арқылы қоғам адамды оның қажеттілігін және мүдделерін қорғайды. Қылмыстық құқықтың мақсаты - қорғау механизмін ашу және оны әсерлі ету. Бұл айтылғандардың барлығы ҚР қылмыстық заңында өз орнын тапты, әсіресе Ерекше бөлімнің жүйесінде, өйткені тұлға және адам құқықтарына қарсы қылмыстар 1-ші орында тұр.
2.Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объектісін жаны, топтық және тікелей деп бөлу қағидасы қалыптасқан.
Жалпы объектісі деп қылмыстық заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Әр қылмыс барлық уақытта қоғамдық қатынастардың белгілі бір түріне қиянат келтіруінің өзі қоғамдық қатынастардың барлық қылмыстың жалпы объектісі екендігін көрсетеді.
Топтық объект - дегеніміз қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады.
Мысалы, қарақшылық, басқа біреудің мүлкін ұрлау, тонау, оны алаяқтыұпен алу, бір топтық объектіге - басқа біреудің мүлкіне меншігіне байланысты қарсы қоғамдық қатынастарға қылмыстық қол сұғуды білдіреді.
Осыған байланысты бір топтық объектіге қол сұғылатын қылмыстар ҚК-тің Ерекше бөлімінің бір тарауына жиналған. Қол сұғушылықтың топтық объектісі кожекс тарауының атында көрсетіледі, кей жағдайда заңшығарушымен Ерекше бөлемнің бабында көрсетілед, ал кейде қылмыс құрамының әлеуметтік саяси анализі арқылы пайда болуы мүмкін.
Сол себепті ҚК Ерекше бөлімін құру кезінде топтық объект алынады және топтық объектілерге байланысты тарауларға бөлінеді. Топтық объект қылмыстар және жасағаны үшін жауапкершілік көзделетін нормаларды заңды, ғылыми жіктеуге жол ашады.
Тікелей объект - деп қылмыстық заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуын айтамыз.
Көп объектілі қылмыстар болады. Мысалыға қарақшылық (179 б) объектісі біреудің мүлкі және тұлға. Бұл жерде бірінші объект негізгі объект, ал 2-сі қосымша объект болады.
Қосымша объект 2-і объектілі қылмыстардың міндетті элементі болады және ол қылмыстық қол сұғушылықтың қоғамдық қауіптілік деңгейі мен мінезіне әсер етеді.
Бұдан басқа әдебиеттерде факултативтік объектілер көрсетілген бұл объект қылмыстың міндетті белгісі емес. Қоғамға қауіпті әрекет жасалған кезде бұл объект болуы да болмауы да мүмкін. Факултативтік объектіның болуы болмауы қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ қоғамға қауіптілігін арттыруы мүмкін және ол жазалау барысында есептелуі.
3.Қылмыстың заты - қолсұғушылық объектісінің элементі, яғни соған әсер ету арқылы қылмыскер қоғамдық қатынастарды бұзады немесе бұзуға тырысады. Мысалы, жалған ақша немесе құнды қағаздарды сату немесе жасау (206 б). Объектісі қаржы ақша жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі, ал заты - ақша немесе құнды қағаз.
Кейбір қылмыстық құрамдар үшін зат міндетті түрде қажетті белгісі болады.
Қылмыстың заты барлық қылмыстарда бар емес, тек қылмыстың объектісіне қолсұғушылық сыртқы әлемнің материалдық заттарына әсер ету арқылы жасалатын қылмыстарды қажет. Мысалыға қылмыстың заты зорлау, қашқындық сияқты қылмыстарға қажет емес.
Кейбір қылмыстар жасау барысында кінәлі адам зардапты тұлғаға келтіреді. Бұл қылмыстан зардап шеккен тұлға жәбірленуші болып аталады.
Басқаша айтқанда жәбірленуші - бұл қылмыс арқылы мүліктік, моральды немесе материалдық зиянды келтірілген тұлға.
Виктимология - жәбірленушінің қылмыс жасалу барысындағы ролін, басқа қылмыстар жасауға жәбірленушінің әсер етуін зерттейді.
Қылмыс затын тікелей объектімен араластыруға болмайды. Қылмыстың заты қоғамдық қатынастардың құрылымының элементі, яғни тікелей объектінің бір бөлігі сияқты. Тікелей объектіге қылмыс арқылы әрқашан зардап келтіріледі, ал затқа зардап келтірілмеуі де мүмкін. Мүлік, ақша және басқа да құндылықтар контрабанда барысында ұрланған жағдайда өз құрамдарын жоғлтпайды. Бірақ кейбір қылмыстар жасалу барысындла затқа да зардап келуі мүмкі, мысалыға мүлікті жою немесе зақым ккелтіру барысында.
Қылмыстың затын қылмыс қаруларымен қылмыс жасау құралдарымен араластыруға болмайды. Егер қылмыс заты бұл қылмыс арқылы әсер ететін немесе әсер етуге тырысатын зат бролса қылмыс жасау құралдары қылмыс затына не арқылы зиян келтірілгенін көрсетеді.
Сонымен қатар бір зат оның атқарған роліне байланысты бір жағдайда қылмыс құралы, ал екінші жағдайда қылмыс заты болуы мүмкін. Мысалы, жәбірленушіге үйіндегі құндылықтарды тонау үшін алдау арқылы есірткі зат беріп, оны есін түсінбейтін халге жеткізіп, үйін тонаса онда есірткі зат қылмыс жасау құралы болады. Ал егер есірткі зат жасалып, сатылып немесе сатып алынып жатса онда ол қылмыс заты болады. (ҚК 259 б).
Қылмыс затының қылмыстық құқықтың мәні келесіде:
бұл қылмыс құрамының қажетті белгісі (175, 176, 177, 178, 179 ҚК)
қылмысты саралауда өзгертетін белгі ролін ойнайды (287 және 288 ҚК)
қылмыстық әрекетті қылмыстық емес әрекеттен ажырататын критерий (325 б)
дұрыс саралауды белгілейді (определяет)
жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай.
"Қылмыс объектісі" тақырыбы бойынша тесттік тапсырмалар
5 Тақырып Қылмыстың объективтік жағы.
1 Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және маңызы.
Қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы әрекет
Қылмыс салдарының түсінігі және түрлері.
Қоғамға қауіпті әрекетпен (әрекет немесе әрекетсіздік) болған қылмыс саладары арасындағы себепті байланыс.
Тәсіл, орын, уақыт, жағдай, қару және қылмыс жасалған құралдар қылмыстың объективті жағының факультативті белгісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы.
Әдебиеттер:
1.Сергиевский В., Рахметов С. Квалификация преступлений. Учебно-практическое пособие. Алматы, 1999г.
2.Кудрявцев В.Н Общая теория квалификации преступлений. М., 1999г.
3.Черненко Т.Г Квалификация преступлений. Алматы, 1999г.
4.Наумов А.В. Применение уголовно – правовых норм. Владивосток, 1973г.
5.Уголовное право. Общая часть. Под ред. И.Я.Козаченко. М., 1998г.
6.Курс уголовного права. Общая часть. Под ред. Н.Ф.Кузнецовой Т.1. М., 1999г.
7.Блум М.И., Тилле А.А. Обратная сила закона. М., 1969г
8.Брайнини Я.М. Уголовный закон и его применение. М., 1967г.
1.Қылмыстың объективтік жағы - белгілі бір жағдайларда, жерде уақытта ағып жатқан және қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың сыртқа көрінісі.
Қылмыстың құрамының объективтік жағы - қылмыстық қол сұғушылықтың сыртқы процесін бейнелейтін заңмен бекітілген қылмыс белгілерінің жиынтығы.
Қылмыстың объективтік белгілерінің болуы қылмыстық жауапкершіліктің негізі болады және олар заңда көрсетілген. Сол себепті қылмыстық жауапкершілікке тек қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттер үшін ғана тартуға болады. Тек ойы, көзқарасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Адамның негізгі құқықтарының бірі - өмірге деген құқығы: өз қалауы бойынша ойлау, қалауы бойынша оқу, музыка немесе суретпен өзінің талабы бойынша қызығу, т.б.
1789 ж адам және азамат құқығы диклорациясының 4 бабында былай делінген: "Еркіндік дегеніміз басқаға зиян келтірмейтін әрекеттердің барлығын жасау мүмкіндігі. Сол себепті әр адамның табиғи құқықтарын жүзеге асыру барысында қоғамның басқа мүшелерінің сол құқықтарымен асыруға шектеледі. Бұл шектер тек қана заңмен белгіленеді". Бұл жағдайға байланысты К. Маркстың сөзі бар: "Басты критерий ретінде керекті емес әрекет жасап жатқан адамның ойын қоятын заңдар - бұл заңсыздықтың позитивтік санкциясы мен тек әрекет жасау барысында нақтылық шеңберіне кірген кезде заңға бағынышты ауданға кіретін. Іс-әрекетсіз мен заң үшін жоқ болып табыламын, яғни оның объектісі болмаймын".
Нақты қылмыс үшін жауапкершілік көрсетілген қылмыстық заңда объективтік жағына жақсы түсінік беріледі.
Ерекше бөлімнің кейбір баптарында қылмысты қылмыс еместен бөлетін критерилері ретінде объективтік жақтар белгілерін көрсетеді.
Бір немесе әртүрлі объектілерге қол сұғылатын қылмыстар бір-бірінен іс-әрекеттің формасымен, қылмысты жасау тәсілімен, келтірілген зардабымен және басқа да объективтік жағының белгілерімен ерекшеленеді. Ұрлықтың 7 тәсілі ұрлықтың 7 формасын белгілейді.
Қылмыстың объективтік жағының белгілері негізгі және факултативті болып бөлінеді. Негізгі белгілеріне: қылмыстық іс-әрекет (әрекет, әрекетсіздік) қылмыстық зардап; себепті байланыс.
Факултативті белгілері: қылмыс жасалған жері, уақыты, қылмыс жасау тәсілі, қаруы және құралы.
Іс-әрекеттің объективтік жағы болмаса онда объектіге қолсұғушылық та іс-әрекеттің объективті белгілерінің көрінісі ретінде қылмыстың субъективтік жағы да, субъектісі де болмайды. Және де қылмыстың басқа элементтерімен бірге объективтік жағы жасалған іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейінг тұлғаның кінәсін анықтайды және де тағайындалатын жазаның сипатына әсер етеді.
2.Қылмыстық құқық іс-әрекетті қоғамға қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік деп түсінеді. Іс-әрекет әрқашанда нақты, яғни белгілі бір тұлғамен белгілі бір жағдайда жерде жасалады.
Қылмыстық іс-әрекет - қоғамдық қатынастарға зардап келтіретін қоғамға қауіпті, құқыққа қарсы активті (әрекет) немесе пассивті (әрекетсіздік), тұлғаның сыртқы әлемдегі көрінетін мінез-құлқы.
Егер тұлғаға көнбейтін күш күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу арқылы әсер етілсе онда қылмыстық құқық түсінігінде іс-әрекет болмайды. Көнбейтін күш, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу түсінігі қылмыстық құқық заңдылығында берілмейді.
Азаматтық құқықта көнбейтін күш деп белгілі бір табиғат апатының, хайуанаттардың, механизмдердің, адамдардың және басқа да факторлар мен жағдайдың әсерінен адам өзінің ойлаған ойы мен тиісті бір әрекетін жасай алмауына бөгет жасайтын немесе амалсыздан ырқына көнбейтін іс-қимыл жатқызатын күшті айтады.
Күштеп мәжбүрлеу деп бір адамның 2-ші бір адамды әсер етумен мүмкіндігін пайдалануға ырық бермей еріксіз басқаға зиян келтіретін іс-қимыл жасауға тиісті іс-әрекетті жасай алмауына еріксіз көндіруі.
Психикалық мәжбүрлеу адамның еркін сирек толығымен басады (мысалы, гипноза). Көп жағдайларда психикалық мәжбүрлеу күш көрсететін материалдық немесе моральдық залал келтіремін деп белгілі бір әрекет жасауға немесе керісінше жасамауды талап ету деп білеміз, бірақ адамның өз еркімен әрекет теу мүмкіндігі болады. Сол себепті психикалық мәжбүрлеу арқылы жасалған қылмыстар қылмыстық жауапкершілікке жатады. Кейбір жағдайларда аса қажеттілік шарттары болған жағдайда қылмыстық жауапкершілік болмауы мүмкін. Мысалы: кассир өміріне қауіп төнген жағдайда ақшаны қылмыскерлерге беріп қойса, ол жауапкершіліктен босатылады, өйткені адам өмірі барлық материалдық құндылықтардан бағалы.
Қоғамға қауіпті іс-әрекеттің аса көп тараған қалпы әрекет болып саналады. ҚК көзделген құралдардың арасынан 2/3 әрекет арқылы жасалады.
Қылмыстық әрекет сырттай ----- арқылы (оскорбление) немесе сөз сөйлеу арқылы (угроз) немесе көп кездесетін, адамдарға сыртқы әлем заттарына физикалық әсер ету арқылы (ұрлау барысында затты алу, тапаншаны қолдану арқылы адам өлтіру).
Қылмыстық әрекет - тұлғаның құқыққа қарсы осы жағдайда, жерде, уақытта, қоғамға қауіпті деп саналатын әрекеті.
Әр қылмыстық әрекет бірнеше белгілерімен сипатталады: а) физикалық дене қозғалысы б) қоғамға қауіптілік в) құқыққа қарсылық.
Қылмыстық құқық мағынасындағы әрекет және дене қозғалыс - бір-бірімен байланысты, бірақ бір түсінік емес. Аяғы тайып кеткен адам басқа адамды қағып оған зардап келтіруі мүмкін. Қылмыстық құқық тұрғысынан ол әрекет жасамайды, өйткені оның дене қозғалысы рефлакторды болып табылады.
Әрекетсіздік - ол іс-қимылдың пассивтік формасы және ол әрекеттердің қарама-қарсылығы болады.
Қылмыстық әрекетсіздік - тұлғаның осы жағдайда, жерде, уақытта қоғамға қауіпті деп саналатын тұлғаның жасауға міндетті немесе жасай алатын әрекетті жасамауы.
Әрекетсіздік - тұлғаның бір әрекет жасаудан бас тартуы немесе пассивтік іс-әрекеттің жүйесі болып табылады. Әрекетсіздік арқылы жасалатын қылмыстың ішіне қылмыс туралы айтып жеткізбеу (364 б) ауруға көмек көрсетпеу (118 б) бұйрықты орындамау немесе бағынбау (367 б).
Әрекетсіздік арқылы жасалатын қылмыстың басталуы болып тұлғаның жасауға жағдайы болып немесе жасауға міндетті әрекетті жасамауы болып табылады және соның себебінен қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге зиян келеді.
Әрекетсіздік зиян келген жағдайда немесе зиян келу мүмкіндігі жойылған жағдайда аяқталды деп саналады. Қылмыстың әрекетсіздігінің басталуы және аяқталуын білу әрекет арқылы жасалған қылмыстағыдай қылмысқа қатысу, қылмыстан өз еркімен бас тарту сұрақтарын шешу кезінде қажет.
Қылмыстық заңда қылмыстық іс-әрекеттің ерекше формалары бар, олар қысқа немесе ұзақ мерзімді жасалатын қылмыстар. Мысалы: балалары мен еңбекке қабілетсіз ата-аналарына төленетін қаражатты төлеуден бас тарту (136 б) заңсыз қару сақтау (251 б) қылмыс туралы жеткізбеу (364 б).
Бұл қылмыстар созылмалы қылмыстар деп аталады және үздіксіз бір қылмыстық іс-әрекеттің құрамын жасаудан тұрады. Созылмалы қылмыстар бір қылмыстық іс-әрекеттен басталады немесе қылмыстық әрекетсіздіктен басталады. Созылмалы қылмыстар - кінәліне заңмен жүктелген міндеттерді ұзақ орындалмаудан тұратын әрекет немесе әрекетсіздік.
Жалғасатын қылмыстар - бір мақсатқа бағытталған ұқсас қылмыстардан тұратын қосылған кезде бір қылмыс құратын қылмыс. Мысал ретінде азартау (107 б), (176 б) Сеніп тапсырған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.
Созылмалы және жалғасатын қылмыстардың объективтік жағын анықтау қылмыстың көпшілігінен айыру үшін қажет. Қылмыстың көпшілігі кезінде әр қоғамға қауіпті іс-әрекеттің өзі өз басына қылмыс құрамын құрады және ҚК жеке бабымен жіктеледі.
3.ҚҚЗ - қоғамдық қатынастарға әрекеттер немесе әрекетсіздік арқылы келтірілетін қылмыстық заңмен көрсетілген зиян.
Тұлғаға қарсы қылмыстардың зардаптары әр түрлі болуы мүмкін - өмірінен айыру, денсаулығына зиян келтіру; кәмелетке толмағандардың жыныстық дамуын бұзу.
Қоғамға қауіпті зардаптар материалдық және материалдық емес болып бөлінеді.
Материалдық құндылықтар болады, егер материалдық әлемнің заттарымен немесе құндылықтарымен байланысты болса. Материалдық зардап жеке (физикалық), мүліктік және экологиялық болып бөлінеді.
Материалдық емес зардап деп материалдық емес құндылықтармен байланысты қоғамдық қатынастарды бұзудан пайда болған зардапты айтамыз. Материалдық емес құндылықтар деп саяси, мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді айтамыз. Қылмыстың заңмен қорғалатын объектіге келген зардапқа байланысты ҚК Ерекше бөлімінің диспозициясында қылмыстың құрамының объективтік жағын әртүрлі құрады.
Осыған байланысты келесі қылмыс құрамы болады: материалдық, формалдық, келте. Қылмыс құрамының объективтік жағына тек бір белгі - қоғамға қауіпті іс-әрекет кіретін құрал формалдық құрам болады (контрабанда, пара алу). Егер объективтік жағына тек қана іс-әрекет емес сонымен бірге қоғамға қауіпті зардаптар кірсе ондай құрамдар материалдық құрам болады (адам өлтіру).
4.Себепті байланыс - дегеніміз қоғамға қауіпті іс-әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы байланыс.
Процесс, оқиға басқа оқиғаның, процестің себебі ашылады егер: 1) біріншісі екіншісіне уақыт арқылы әкелсе 2) біріншісі екіншісінің болуы үшін қажет шарты болса, яғни 2-ның өзгеруі, дамуы негізінде біріншісі болады, яғни біріншісі екіншісін тудырса.
Себепті байланыс деп уақыт арқылы ағып жатқан процесті айтамыз. Сол себепті 1 критерий - уақыт арқылы, яғни іс-әрекеттен кейін зардап келуі тиіс. Тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін объективтік жақты жасайтын іс-әрекеттің қоғамға қауіпті зардаптан болуы тиіс.
Себепті байланыстың келесі критериі - қарастырып жатқан зиян жасалған іс-әрекеттің зардабы болуы. Тұлғаның әрекеті зиянның зардабы болады тек ол зиянның келуіне нақты жағдай жасалса. Кінәлі жасаған іс-әрекет қоғамға қауіпті залалды болуының басты шарты болуы тиіс. Бұл дегеніміз тұлғаның іс-әрекет жасау кезіде қылмыстық құқық нормаларымен көзделген зардаптардың болуына мүмкіндік туады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасалу барысында ҚК бабының диспозициясында көзделген зардаптың болуына себеп болуы тиіс. Мысалы, ҚК 96 б "е" тармағы адамды қоршаған ортаға қауіпті тәсілмен өлтіру. Заңға байланысты бұндай іс-әрекетті көп адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Бұл жағдайда нақты адамдардың денсаулығына емес өміріне қауіп төнеді. Тек осы жағдайда ғана кінәлінің әрекетін ҚК 96 б "е" тармағымен саралауға болады. Мысалы, бір топ адамдар арасында оқ ату немесе жалпы тамақты уландыру бір топ адамдардың өлуіне әкеліп соғады. Егер көп адамдардың өміріне қауіп төнбесе, онда адам өлтіруді көп адамның өміріне қауіп төндіру арқылы жасалды деп саралауға болмайды.Бұған дәлел ретінде соттық практикада болған мысалыны келтіруге болады. Д өзінің әйелін П қызғанды сол себептен оны өлтіруге шешім қабылдады. Кешке жақын П және басқа колхозшылар жұмыс істейтін конторына келіп терезеден жақын арақашықтықта мылтық арқылы П-ны көздеп атты. Сот Д-ны қай адамның өміріне қауіпті төндіретін тәсіл арқылы өлтірді деп соттады. Бірақ Жоғарғы Соттың Пленумы мұндай саралауды дұрыс емес деп тапты, өйткені Д-ның жақын арақашықтықта көзделіп атқаны конторда болған басқа адамдардың өміріне қауіп төндірген жоқ. Қоғамға қауіпті зардаптың себебі ретінде іс-әрекетті тану өте қажет өйткені болған қоғамға қауіптілік осы іс-әрекеттің нәтижесі болуы тиіс. Әр іс-әрекет зардаптың болуының шарты болып, оның себебі болмауы мүмкін. Сол себепті қоғамға қауіптілік зардабының себебі деп іс-әрекетті тану себепті байланыстың үшінші күштерін анықтауға жол ашады - болмай қоймайтын күштері жасалған іс-әрекеттің керекті зардабы ретінде қылмыстық нәтижесі болады.
Себепті байланыс - материалдық қылмыстың объективтік шағының қажетті белгісі, іс-әрекет әрекетсіздік формасымен жасалған жағдайда. Мысалы, лауазымды тұлға салақтық үшін жауапкершілікке тартылады, егер оның қызметтік міндеттерін орындамағанымен зардап арасында себепті байланыс болм. Бірақ әрекетсіздік пен зардап арасында себепті байланыс болады тек ол тұлға арнайы міндеттелген әрекетті орындамаса.
Кейбір жағдайларда бірнеше адам жасаған қылмыс пен зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтау керек. Мысалы, қылмысқа қатысу арқылы жасалған қылмыстар мен зардап арасындағы себепті байланысты анықтау, әр қылмысқа қатысушының әрекетін, яғни біріккен қылмыстың зардаптарын келтірген.
5.Себепті байланыс деп әрекет зардаптың пайда болуына тікелей себепкер болған жағдайдағы қоғамға қауіпті әрекет пен келіп түскен зардаптың арасындағы байланысты айтамыз.
Қылмыс жасалған орны - бұл қылмыс жасалған территория. Мысалы, 288 б 1 б тиым салынған жерде заңсыз аң аулау, ал 287 б 1 б тиым салынған жерлерде су жануарларын және өсімдіктерін алу.
Қылмыс жасалған уақыт - қылмыс жасалуы мүмкін уақыт мезгілі. Мысалы, 367 б 3 б әскери уақытта бұйрықты орындамау немесе бағынбау.
Қылмыс жасау құралы және қаруы - бұл қылмыс жасау заттар, яғни құралдары. Қылмыскердің қолданған құралдары қоғамға қауіптілік деңгейіне әсер етеді. Қылмыс құралы қылмыстың қоғамға қауіптілігін үлкейтсе ол заңшығарушымен қылмыстың құрамының объективтік жағына кіргізіледі. Мысалы, қарақшылық кезінде қару қолдану қоғамға қауіптілігін арттырады сол себепті қару қолдану арқылы жасалған қарақшылықты заңшығарушымен ҚК 179 б 2 б 2 тармағымен жіктеледі.
Қылмыс жасау тәсілі деп қылмыскер қылмыс жасау үшін қолданған әдістері. Қылмыс жасау тәсілі әрекеттік қоғамға қауіптілігіне әсер етеді. Қоғамға қауіптілік деңгейін үлкейткен жағдайда қылмыс жасау тәсілі заңшығарушы ойы қылмыс құрамының белгілеріне енгізіледі. Мысалы, жала жабу жариялы түрде жасалса немесе теледидар арқылы ------ бұл үшін заңмен ------- жауапкершілік белгіленген. (ҚК 129 б 2 б)
ҚР ҚК Ерекше бөлімінің баптарын қылмыстың жасау тәсілін бейнеленуіне байланысты келесідей құрады:
диспозицияда қылмысты жасаудың жалғыз тәсілі көрсетіледі.
диспозицияда қылмысты жасаудың нақты тізімін көрсетеді.
диспозицияда қылмысты жасаудың нақты тізімін көрсетеді. Бұл жағдайда қылмыс көрсетілген басқа да тәсілмен жасалуы мүмкін.
диспозицияда қылмысты жасаудың әр түрлі тәсілдерімен жасалу мүмкіндігін көрсетеді.
Егер қылмысты жасау жері, уақыты, құралы, тәсілі қылмыстың объективтік жағының белгілері болмаса да олар жаза тағайындау барысында жеңілдетін немесе ауырлататын мән-жайлар болуы мүмкін немесе қылмыстық іс бойынша дәлелдеме мағынасын ойнауы мүмкін.
6 Тақырып Қылмыстың субъектісі.
1 Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісінің ұғымы және белгілері.
Есі дұрыстық қылмыстық жауаптылықтың міндетті шарты.
Қылмыстық жауаптылық туындайтын жас мөлшері.
Қылмыстың арнайы субъектісінің ұғымы.
Әдебиеттер:
1.Сергиевский В., Рахметов С. Квалификация преступлений. Учебно-практическое пособие. Алматы, 1999г.
2.Кудрявцев В.Н Общая теория квалификации преступлений. М., 1999г.
3.Черненко Т.Г Квалификация преступлений. Алматы, 1999г.
4.Наумов А.В. Применение уголовно – правовых норм. Владивосток, 1973г.
5.Уголовное право. Общая часть. Под ред. И.Я.Козаченко. М., 1998г.
6.Курс уголовного права. Общая часть. Под ред. Н.Ф.Кузнецовой Т.1. М., 1999г.
7.Блум М.И., Тилле А.А. Обратная сила закона. М., 1969г
8.Брайнини Я.М. Уголовный закон и его применение. М., 1967г.
Қылмыстық жауапкершілікке тек есі дұрыс, жасы осы кодексте белгіленген жасқа жеткен жеке тұлға тартылады.
Қылмыс жасаған тұлғалар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне және өзге де кез-келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей. Жеке тұлға - ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ азаматтар және шет ел азаматтары.
Жеке тұлға субъект ретінде 2 міндетті белгісі болуы тиіс:
Есі дұрыс болуы.
Заң бойынша қылмыстық жауапкершілік бекіткен жасқа жетуі.
Бұл белгілер қылмыстық жауапкершіліктің міндетті шарттары және олар қылмыс құрамының белгілері ретінде болады.
Кей жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту тек қосымша белгілері болған жағдайда іс асырылады. Мысалы, пара алу - тек лауазымды тұлға. Бұл белгілер де міндетті белгілерге кіреді және қылмыс құрамының арнайы субъектісін сипаттайды.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субъектісі болып қасақана немесе абайсыз қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған, жасы жеткен, есі дұрыс кейбір жағдайларды нормалармен көрсетілген кейбір арнайы белгілері бар тұлға болады.
Қылмыстың субъектісі болып тек жеке тұлға болады, яғни заңды тұлғалар қылмыс субъектісі бола алмайды.
2.Қылмыстың субъектісі тек есі дұрыс тұлға болады.
Есі дұрыстық деп жалпы айтқанда заң алдында өз әрекеті үшін жауап бере алатындығы. Есі дұрыстық - бұл қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау барысында өз ісіне есеп бере алатын оларды басқара алатын психикалық жағдайы.
ҚК 16 б сәйкес есі дұрыс еместік 2 критеримен белгіленеді: медициналық, заңды. Медициналық критерий - адамның созылмалы психикалық ауруын, психикалық қызметінің уақытша бұзылуын, басқа аурумен ауыратын жағдайын айтамыз. Олардың 4 түрі:1) созылмлы психикалық ауру 2) уақытша психикалық ауру 3) кем ақылдық және т.б. ұқсас аурулар.
Созылмлы психикалық аурулар ұзақ ауру және қиын жазылатын немесе жазылмайтын аурулар. Кейде олар приступ арқылы көрінуі мүмкін, бірақ өзінен кейін дефект қалдырады. Бұл аурулар: мизефрения, эпилепция, паралич.
Уақытша психикалық аурулар - бұл уақытша психикалық аурулар, яғни жазылатын аурулар. Бұлар: потологиялық, психикалық істен шығуы.
Кем ақылдылық - психикалық іс-әрекеттің түсуі, адамның интеллектуалдық қабілетіне әсер етілуі. Бұл ауру адамның ми қабілетілігінің жоғалтуы немесе ол туылғаннан немесе психикалық ауру арқылы пайда болады. Кем ақылдылықтың 3 түрі бар: 1) жеңіл 2) орта 3) ауыр.
Басқа да психикалық аурулар - бұл аурулар психикалық ауруларға жатпайды, бірақ соған қарамастан психиканың бұзылуымен бірге келеді. Мысалыға, гомоцинацияға әкелуі мүмкін және сол уақытта аурудың ақыл ойының немесе еркінің жұмыс істеуі бұзылуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайлар бас миының травмалануы немесе мидың ісігі ауруларында болады.
Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін тек медициналық критерий жеткілікті емес. Мысалы, кейбір деңгейдегі кемақылдылықтың әрқашанда оның іс-әрекетін және тәртібін басқара алу қабілеттілігінен айыра алмайды. Егер кем ақылдылық деңгейі а) болса және құқықтық критеридің болмау себебінен ол адам есі дұрыс деп танылуы мүмкін. Дәл осылай адам мысалыға мас болуының себебінен өз іс-әрекетінің қабілеттілігін түсінбеуі мүмкін. Бұл жағдайда тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды және есі дұрыс емес деп танылмайды. Яғни тек құқықтық және медициналық критерилердің қосындысы ғана тұлғаны есі дұрыс емес деп тануға негіз бола алады.
Есі дұрыстық сияқты, есі дұрыс еместік те құқықтық түсінік. Сол себепті тұлғаның есі дұрыс немесе есі дұрыс еместігі туралы қорытынды нақты қылмыстық іс бойынша сот (алдын ала тергеу барысында анықтау органы, тергеуші, прокурор) береді. Бірақ өз шешімдерін заңгерлер сот-психиаторлық эксперт қорытындысымен негіздейді. КІЖК байланысты бұндай экспертиза жүргізуге міндетті, егер айыпталушының немесе сезіктінің есі дұрыстығына немесе іс бойынша іс жүргізу кезінде өз әрекеттеріне есеп беру немесе оларды басқару туралы күмән туса. Бірақ анықтаушы тергеуші сот үшін бұндай қорыиынды барлық экспертизалардың қорытындылары сияқты міндетті емес. Олар сот психиатордың экспертиза қорытындысымен келіспеуі мүмкін, бірақ бұндай келіспегендіктің нақты негіздері болуы керек.
1997 ж ҚР ҚК бірінші рет Қазақстанның қылмыстық құқығында ерекше боп пайда болды, есі дұрыстығын нақтылайтын психикасы бұзылған тұлғалардың жауапкершілігі. (17 б).
17 б 1 б сәйкес қылмыс жасаған кезінде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс әрекетінің іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық уақытымен толық көлемде ұғына алмаған не оған не болмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс. Сонымен бірге осы баптың 2 бөліміне сай есінің жоқтығын сыртқа шығармайтын психикалық бұзылуы сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мән-жай ретінде ескереді және медициналық мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз бола алады.
Сол себепті психиканың бұзылуы деп ҚР қК 17 б 2 б сәйкес есі дұрыстықты жоққа шығармайтын психикалың бұзылуы әрқашан қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін жеңілдетуге міндетті емес. Яғни ҚР ҚК басқа мемлекеттің ФРГ, КР және басқа мемлекеттің КК сияқты тікелей формулировкада жасалған емес. Бұл дұрыс болып табылады, өйткені жазалау барысында сот істің барлық мән жайларын және қылмысекрдің жеке міндеттемелеріне сүйене отырып тиісті жазасын белгілеуге тиіс. Егер психикалық анамалиялар қылмыс жасауға және оның нәтижелерінің болуына әкеліп соқтырған себепті байланыстың негізі болған жағдайда бұл адамның жазасы жеңілдетуі мүмкін. ҚР ҚК 18 бабы былай дейді: Алькоголді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.
ҚК бұл бабы паталогиялық емес мастылықиң жай түрін айтып отыр. Жай мастану кезінде өз әрекетіне есеп беру қабілеттілігінен айырылса да өз әрекеттерін басқара алмаса да есі дұрыс еместік деп қарауға жатпайды. Өйткені бұл жағдайда медициналық критерий жоқ, яғни бұл адамда есін шектейтін психикалық бұзушылық жоқ. Мастылық алкогольдік ішімдікті немесе наркоткалық затты пайдаланудан болады және оның мөлшеріне байланысты мастылық жағдайдағы тәртібі болуы. Бұл басқа да факторлармен ерекшеленеді мысалыға оның тәрбиеленуі, культуралық деңгейі және т.б. Бұның барлығы мастылықты психикалық аурудан ажыратуға жол береді.
Жай мастылықтан паталогиялық мастылықты ажырата білу тиіс. Паталогиялық мастылық - алкогольді қабылдаудан пайда болатын ауру жағдайы. Психиатриада бұл мастылық психиканың бұзылуына жатқызылады.
3.ҚР ҚК қылмыстық жауапкершіліктің 2 жас деңгейін белгілеген. Жалпы көп қылмыстар үшін жауапкершілік 16 жастан басталады. Ал кейбір қылмыстар қоғамға қауіптілігі құқыққа қарсылығын жас өспірімге де көрінетін қылмыстар үшін 14 жастан (ҚК 15 б 2 б). 14 жастан жауапккершілік белгіленген қылмыстар тізімі шектерген.
Оларға жатады: (96 б) адам өлтіру; (103 б) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; (104 б 2 б) ауырлататын мән жайда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру; (120 б) зорлау; (121 б) нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану; (125 б) адам ұрлау; (175 б) ұрлық; (178 б) тонау, (179 б) қарақшылық; (181 б) қорқытып алушылық (185 б2,3,4 б) (187 б 2,3 б); терроризм (223,234,242,255,257,258,260,275,299 б)
Алдын ала тергеу тергеу органдары, прокуратура, сот жауақа тертылатын кәмелетке толмағанның нақты жасын анықтауға міндетті. Жасы оның құжаттары арқылы анықталады. Адам жасы толды деп туылған күні емес келесі күннен бастап саналалады. Егер кәмелетке толмағандардың құжаттары болмаса тергеу органдары оның жасын анықтау үшін сот медициналық экспертиза тағайындауға міндетті. Бұл жағдайда айыпталушының туған күні сот медициналық экспертиза анықтап жылдың соңғы күні болып есептеледі.
Айыпталушының минималды және максималды жас мөлшерін анықтау барысында оның максималды жас мөлшері алынады.
Кейбір қылмыстардың субъектісі болып (әскери мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс) тек 18 жасқа толған адамдар бола алады.
15 б 3 б былай деленген: егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бәлігінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.
4.Арнаулы субъекті болып субъектінің жалпы белгілерінен басқа қосымша белгілері бар тұлға болады. Бұндай қосымша белгілер Ерекше бөлімнің баптарында көрсетілген. Қылмыстың арнайы субъектісін оның белгілерін дұрыс түсіну қылмысты саралауға қажет.
Арнаулы субъекті белгілеріне байланысты сипатталады. Олар тұлғаның құқықтық жағдайына, оның қызметтік жағдайына және демографиялық сипатына және субъектінің жәбірленушімен қатынасы.
Бұл тұлғалардың жауапкершілігі көзделген қылмыс құралдары - арнаулы субъектілік құрам деп аталады. Сол себепті қылмыс құрамында көзделген арнаулы субъектілердің белгілері болмаған қылмыс үшін жауапкершілік болмайды.Мысалы, егер сот пара алған адамды лауазымды тұлға емес екендігін ангықтаса ол іс тоқтатылуы тиіс, өйткені ҚК 311 бабының субъектісі арнаулы.
Қылымстың арнаулы субъекті болып тек қылмысты орындаушы болады. Арнаулы субъектілі қылмыстық қатысушылары ретінде белгілері жоқ тұлғалар да бола алады.
7 Тақырып Қылмыстың субъективтік жағы.
1 Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы.
Кінә қылмыстың субъективтік жағының негізгі белгісі.
Қасақаналық және оның нысандары
Абайсыздық және оның түрлері.
Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс үшін жауаптылық.
Ниет, мақсат қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілері.
Заңды және деректі қателер, олардың кінәға, қылмыстық жауаптылыққа және қылмысты саралауға әсері.
Әдебиеттер:
1.Сергиевский В., Рахметов С. Квалификация преступлений. Учебно-практическое пособие. Алматы, 1999г.
2.Кудрявцев В.Н Общая теория квалификации преступлений. М., 1999г.
3.Черненко Т.Г Квалификация преступлений. Алматы, 1999г.
4.Наумов А.В. Применение уголовно – правовых норм. Владивосток, 1973г.
5.Уголовное право. Общая часть. Под ред. И.Я.Козаченко. М., 1998г.
6.Курс уголовного права. Общая часть. Под ред. Н.Ф.Кузнецовой Т.1. М., 1999г.
7.Блум М.И., Тилле А.А. Обратная сила закона. М., 1969г
8.Брайнини Я.М. Уголовный закон и его применение. М., 1967г.
1.Қылмыстың субъективтік жағы - адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланыстың жоғының көрінісі. Ол кінә, ниет, мақсат арқылы сипатталады. Қылмыстың субъективтік жағының белгілерінің барлығы бір мағына бермейді. Қасақаналық немесе абайсыздық барлық қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгілері. Ниет пен мақсат кейбір құрамдар үшін міндетті, ал кейбір құрамдар үшін факультативті белгілері болады. Субъективтік жағының мәні қылмысты саралау үшін ұқсас құрамдарды ажырату, жауапкершілікті жекелеу үшін қажет болып табылады.Заңда кінәлінің жалпы түсінігі берілмеген. Заңшығарушы кінәнің психологиялық, әлеуметтік, қылмыстық құқықтық түсінігін оның формалары арқылы береді. Кінәнің формалары айырмашылығы тұлғаның жасап жатқан іс әрекетіне түсіну деңгейі және зардаптарды көре білуден және кінәлінің еркінен тұрады.
ҚК 19 б 3 б кінгәнің 2 формасы көрсетілген: қасақана және абайсыздық. Кінәнің әр формасы психиканың қызметінің интеллектуалдық және еріктік элементтерден тұрады.
2.Кінәнің мәні:
Ол қылмыстық жауапкершіліктің субъективті негізі болады
Оның формалары ниет және мақсат объективтік белгілерімен ұқсас қылмыстарды ажыратуға жол ашады.
Оның формалары, ниет және мақсаты қылмыстың және қылмыскердің қоғамға қауіптілік деңгейін және сипатын, қылмысты жіктеуге және жауапкершіліктің деңгейіне әсер ету туралы анықтауға әсер етеді.
Объективті айыптау іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке кінәсіз де тартуға жол береді. ҚК 19 б 2 б бойынша объективті айыптауға яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
Жанама қасақаналық адам зардаптың болуын тілегенмен оның болуына саналы немесе немқұрайлы түрде жол беру дегеніміз кінәлінің есінде жетуге тырысқан басқа мақсаттар тұрады. Сол мақсаттарға жету процесінде сол зардаптар келеді. (Мысалы банкті тонаудан кейін қылмыскерлер сол жерді кедергісіз тастап кету үшін қоршағандарға оқ жаудырады, яғни қылмыскерлер біреуді жарақаттау мүмкіндігін немесе өлтіруіне саналы түрде жол береді немесе немқұрайлы қарайды.
Жанама қасақаналы іс-әрекеттер келтірілген зардаптарына байланысты, мысалы, егер тура жақын жерден оқ ату барысында қару мүлт кетсе онда оның іс-әрекетін адам өлтіруге оқталу деп қаралу керек. Ал егер кінәлі бір топ адамға атса оның әрекетін келтірілген зардапқа байланысты саралау керек.
3.Заңның 20 бабында қасақаналықтың 2 түрі белгіленген (тікелей және жанама) және оларды құрайтын белгілері анықталған. Қай саланың сипатталған белгілеріне байланысты олар 2 топқа бөлінген.
Тікелей және жанама қасақаналықтың 1-ші тобын адамның интеллектуалдық элементтері құрады, ал екінші тобын еріктілік элементтері құрады.
Тікелей және жанама қасақаналықтың екеуінің жалпы белгісі болып тек адамның іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезіну болып табылады.
Өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезіну деп адамның өз әрекетімен қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зардап келтіретіндігін түсіну. Мысалыға ұрлық жасау барысында адам біреудің жеке меншігіндегі затты алу арқылы жеке меншік құқығы бұзып отырғандығын біледі және ол заттың егесі бұдан былай ол затпен өз еркі бойынша қолдана алмайды, өйткені ол зат одан алынды. Бұл белгі 14 жастан жауакершілік белгіленген қылмыстардың шеңберін заңды анықтауда негізгі критерисі болып табылады. 14 жастағы жас өспірімнің психофизиялық дамуы әлеуметтік тәжірибесі ҚК 15 б 2 б көрсетілген іс әрекеттердің қоғамға қауіптілігін түсінуге мүмкіндік береді.
Қасақаналық түсінігіне заң шығаруша адамның іс-әрекетінің құқыққа қарсылығы түсінгендігін жатқызбайды, өйткені құқыққа қарсылық қоғамға қауіптілік заңды көрінісі.
Интеллектуалдық қасақаналықтың келесі белгісі болып қылмыстық іс-әрекеттің зардабын білу болып табылады.
Іс-әрекеттің зардабын білу деп тұлғаның жасаған әрекетенің нәтижесін көре білуді айтамыз. Бір әрекет жасау барысында кейбір әрекеттен бас тарту арқылы ол адам болатын зардап нәтижелерін болжамдайды. Тікелей қасақанада қоғамға зиянды зардапты болжау сөзсіз болатын түрде емес болуы мүмкін ретінде алдын ала болжанады. Зардаптардың болу мүмкіндігі тікелей қасақаналықты жанама қасақаналыққа қарағанда үлкен.
Қоғамға қауіпті зардаптың мүмкіндігі немесе болмай қоймайтындығы қасақаналықтың еркіне байланысты. Тікелей қасақаналықта зардаптың болуын тілейді, жанама қасақаналықта зардаптың болуына біле тұра жол беру. Зардартың болуы тікелей қасақаналықта үлкен өйткені оны тілейді және оған жетуге талпынады (мысалы, адамды өлтіремін деп оған жақын жерден оқ ату немесе жүрегіне пышық салу, бұл адамның өз нәтижелеріне жетуге талпынуын көрсетеді, яғни адамды өлтіруге тырысады.).
4.Қылмыстық әрекетінің соңына байланысты әр адамның абайсыздыққа деген психикалық қатынасы ерекше болады. Негізінен абайсыздық қылмыстар қылмыс нәтижелі болғанда, нәтижеге жетуге қолданылған тәсілдер бойынша сараланады.
Бәрімізге белгілі абайсызда жасалған қылмыстарда дайындалу, оқталу және қылмысқа қатысу сияқты түрлері (формалары) жоқ, бұл қылмыстық жауапкершілікті де азайтады.
Абайсыздық менмендіктен және немқұрайдылықпен жасалады.
Қылмыс менмендікпен мынадай жағдайда, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілдікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе.
Мысалы: автокөлік жүргізушісі өте жоғары және тез жүргенді сезе отырып, жоғары жылдамдықта тез тоқтаймын немесе қауіпті жағдай туғызбаймын деп сенеді. Бірақ ол тез тоқтата алмай көшеде келе жатқан адамды соғып, оған дене зақымын келтіреді.
Жүргізуші алдында болатын жағдайларды ескере отырып, бірақ оны болдырмаймын деп ойлайды. Ол менмендікті жүзеге асырғысы келді. Менмендікті бір жағынан қылмысты сезіне отырып оның болдыруына жол бермеуі, ал екінші жағынан қылмыс жүзеге асқаннан кейін сезіну.
Сонымен қатар менмендік былай мінезделеді: а) қоғамға қауіпті жағдайларды біліп тұру б) бұл жағдайларды менмендікпен болдыртпау.
Қоғамға қауіпті іс-әрекетті біле отырып және оның жүзеге асуының нәтижесін ескеріп, осылар менмендіктің интеллектуалды эелементін құрайды, ал оны жеңілдікпен болдырмау адамның еркіне байланысты, осы екі бөлігінің жиынтығы қылмыстың менмендікпен жасауына тура әкеледі.
Немқұрайлық қоғамға қауіпті әрекеттерді көрмей немесе оның жүзеге асуын білмей отырып мінездеуге болады, бірақ кейбір жағдайда оны білу керек және алдын-ала шара қолдануы мүмкін еді.
Бұны мына мысалмен келтіруге болады: Е аң аулап болған соң Б екеуі ат шанамен келе жатады. Шанада қарулы (оқталған) мылтық жатады. Жолдың қтылысында Е мылтықты басып қалады, мылтық атылып Б-ны жарақаттандырады. Осы мәселені сот абайсызда жасалған деп зақымы деп саралайды. Бірақ Е өзінің әрекетін, нәтижесін білмей отыра оны тиісті түрде ескеріп қарулы мылтықты оқсыздандырып ету керек еді. Келген зардабы бойынша қылмысқа психикалық қатынасы немқұрайлық түрінде жүзеге асады.
Немқұрайлық екі жағдайда мінезделеді: теріс - яғни қоғамға қауіпті іс-әрекетінің зардаптарының көруінің болмауы, дұрыс - қауіпті жағдайлардың болуы және өз әрекетінің нәтижесін субъект білу керек немесе алдын ала көруі керек еді. Бірінші жағдайда немқұйлық қасақана жасаудан (тікелей және жанама) және менмендіктен ерекше айырмашылығы бар. Екінші жағдайда ол барлық кінәсіз келтірілген зиянды зардаптардан, яғни сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын тұлғаларды айтуға болады.
Мына жағдайларды анықтауға бағытталған яғни қоғамға қауіпті зардаптарды білуі керек және алдын-ала көруі туралы қылмыстық құқық теориясы мен соттық тәжірибе екі тұрғыда анықтайды: объективті және субъективті.
Объективті тұрғысы: немқұрайлық заңда былай көрсетілген: "алдын-ала білу керек еді" (96 б); яғни адамды қоғамға қауіпті әрекеттерді білуді міндеттейді және оны болғызбайтын шаралар қолдандырады.
Ал немқұрайдылықтың субъективтік тұрғысы (заңда "көруге болушы еді") адамды нақты жағдайда персоналды тәсілдермен және жеке қабілеттігін (өмірдегі тәжірибі, білімі, денсаулық жағдайы, психикалық көзғарасы және т.б.) қолданып қоғамға қауіпті зардаптарды көруге алдын ала білуі керек екеніне әкеледі.
5.Қылмыстық құқық әдебиетінде казус түсінігі кездеседі. Казус (жағдай) - яғни қоғамға қауіпті зардаптар келтірілген кезде адамның әрекетімен себептік байланыста болады, бірақ адам оны көрген жоқ, көруге болушы жағдайдың болмауы және осы әрекеттердің нәтижесіне жетудің білмеуі. Осы жағдайлардың болғызбауына міндетінің болмауы ерекше мән-жай болады, яғни адамның кінәлігін жояды. Сондықтан болған зардаптары қандай да объективті тұрғыда болмасын жауапкершілікті жояды.
Заңда қылмыстың құрамдары бір қатарда еоекше белгіленген және құрамның объективті жағының белгілері әрекеттің ерекше қасиетіне юерілген, келген нәтижеге бір түрлі көрсетіледі. Осыған байланысты субъективті тұрғысынан қарағанда адамның жасаған әрекетіне байланысты психикалық қатынасы және келген зардаптарды психикалық көзғараста ерекшеленеді. Бұл жағдайларда біз кінәнің ерекше (қиын) түріне кездесеміз: әрекетіне байланысты қасақана ойы және келтірілген қоғамға зардаптарды абайсыз қатынасы.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру барысында абайсыз жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырса (ҚК 103 б 3 п) келген зардаптарға тікелей қатынасы қасақана деген орынға ие болады(тікелей және жанама) және жасалып жатқан қылмыстың қоғамға қатысты ерекше мінезделеді, сондықтан бұл мән-жайлар кінәлінің әрекеті тек қана денсаулыққа ауыр зиян келтіруге бағытталған. Осыған сүйене отырып субъект келетін зардаптарды алдын ала біледі және олардың нәтижесіне жетуін тілейді. Бірыңғай адам дене зақымын келтіру барысында, бұл әрекеттер адамның өліміне әкелетінін сезбейді, келетін зардаптарды ескермейді, бірақ оны білуі және алдын ала көруі, жәбірленушінің өліміне әкелетінін ескеруі керек еді. Бірақ ерекше түрде оны жеңілдікпен болдырмаймын деп сенеді.Кінәнің қиын түрі объективті жағынан барлық жерде болуы мүмкін егер де бір қылмыста объективті мен субъективті белгілерінің қиындалған түрлері болады және бұл қасақана қатынасына сәйкес болады.
Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс үшін жауаптылықтың сұрақтары ҚР ҚК-ң 22 б көзделген.
6.Қылмыстың мақсаты мен негізі кінәнің мағынасына кірмейді, бірақ қасақана ниетке құрылуына әсер етеді. Субъективті жағының мағынасына мақсат пен негіз кінә арқылы келмейді (қасақана және абайсыз), сондықтан жеке тәуелсіз белгілері ретінде кіреді. Тығыз байланысына қарамастан мақсат пен негізді айыру қажет.
Қылмыстың негізі - адамның қылмыс жасауына не итерді, не негіз болуын айтамыз.
Қылмыстың мақсаты - тілеген нәтижесін ойлауы, яғнисоған жетуге бағытталған кінәлі адамның әрекеттерін айтамыз.
Қылмыстың негіздері бүкіл жерде нақты болады, тек қана мағынасы бүкіл жерде нақты болады, тек қана мағынасы мен нысаны бойынша әртүрлі болады: қызығушылық, қызғану, өш болу, бұзақылық жағдайлар және т.б.
Ал қылмыстың мақсаты мағынасына қарай сай ажыратылады: байудың мақсаты, қоғамға немесе адамға материалдық моральдық зиян келтіру, ұлттық соғыс қозғау.
Мақсат пен негіздің мәні мынада ерекшеленеді, яғни олар қылмыс құрамынының негізгі белгісі ретінде көрсетіледі, сонымен қатар заңнамашы оларды ҚК-ң нақты бабының диспозициясында көрсетеді. Осыларды қылмыс құрамының қажетті белгілері ретінде тіркейді. Егер қылмыс құрамдарында субъективті жағының қажетті белгісі ретінде мақсат пен негізді көрсетсе, жасалған әрекетте болмаса бұл қылмыс құрамының болмауына немесе басқа қылмыстың құрамына көрсетілуі.
Сонымен бірге осы белгілер қылмыс құрамдарында ауырлататын жағдайлар да болуы мүмкін. (саралану белгілері). Мысалы, қасақана өлтіру құрамында (ҚК-ң 96 б 2 б) - пайда табу мақсатымен; сатудың мақсаты - заңсыз дайындау, қолдану, сақтау, тасымалдау есірткі заттар бойынша қылмыс құрамында болуы. (ҚК-ң 259 б 2 б).
Осыдан басқа мақсат пен негіз субъективтік жағының құрастырушысы белгісі ретінде болмайды, сонымен бірге олар қылмыс құрамында көрсетілмеген, олар тек қана кінәні ауырлататын және жеңілдететін мән-жай болып жазаны тағайынлдау барысында ескеріледі (53, 54 б).
Осыған байланысты қылмыстық құқықтық мәнінің негізгісі барлық субъективті көруінің қылмысқа қатысты нәтижесіне жатпайды, ал тек қана қылмыстық заңда көрсетілген жағдайда. Мысалы, қылмыстың мақсаты - ол елестеу емес, тек заңды мәнге ие, қылмыс құрамының зардабына қосылған. Соған сәйкес негіз де өз бетінше қажет емес, тек қылмыстық заңда көзделген негіздер ғана шешіледі.
7.Қылмыс жасалған кезде белгілі себепке байланысты әр адамның сезімі жасаған әрекеттеріне заңды белгілерін дұрыс көрсетпейді. Субъективті көндірудің қағидасы қылмыстың субъективті жағының толық анықтауынын талап етеді, көбінесе адамның кінәға қатысты қателігін елестеу және кінәнің нысанын дұрыс ойласмау.
Қылмыстық құқық ұқателері. Ол азаматтардың жасаған әрекеттерінің дұрыс емес көзғарастардың көбеюі.
Қылмыстық құқықта қателерді заңды және фактілерге бөледі.
Заңды қате - ол жасаған әрекеттің және келтірілген зардабына байланысты дұрыс емес,яғни қылмыстық құқық мәнінің елестемеуі, дұрыс баға бермеуі.
Заңды қатенің түрлері.
Заңға қайшы қатесі - ол адамның жасаған қылмысына қылмыс деп ойламауы.
Саралау қатесі - заңды саралап дұрыс баға бермеуі.
Жалған қылмыс - адамның жасаған әрекетіне қылмыс деп дұрыс елестемеуі.
Жазалау қатесі - ол адамның жазаға байланысты түрі мен мөлшері дұрыс түсінбеуі.
Фактілі қате адамның фактісімән-жайға байланысты шатасуы.
Түрлері:
Объектідегі қате - келтірілген зардабына объектіні ауыстырып алу.
Жеке тұлғада қате кінәсіз адамға зиян келтіру
Жәбірленушінің жасында қатесу - кінәлінің жәбірленушіге қатысты жасанды қателесуі.
Заттағы қателік - қылмысқа қолданғанда қажетті затты ауыстырып алу.
Қолдану құралдарын ауыстыру - құралды қателі түрде қолдану.
Жарамсыз қылмыс - қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғу, бірақ сол кезде бағытталған объектінің болмауы.
Зардаптардың қатесі - сандық мағынасына қатысты шатастыру.
Себепті байланыстың қатесі - ол әрекеттің және келген зардабына қате түсіну.
"Қылмытың субъективтік жағы" тақырыбына тесттік тапсырмалар
1.Құқықтық қатынастар ол қоғамдық қатынастар, олар заңмен реттеледі. Қылмыстық құқықтық қатынастар қылымстық құқық нормалары жүзеге асқанда басталады. Қылмыстық құқықтық норма қоғамға қаувіпті әрекеттер жасауға тиым салып, оған санкция қолдану ретінде қорқытады.
Қылмыстық құқықтық нормасы қрғамдық қатынасқа қатысушыға яғни бүкіліне айтылады.
Қылымстық құқықтар нормаларына орындалуын тадап ететін негіздер көп, олар: қорқу мақсатында жоғарыда тұрған адамға бағынуға дайын болу. Бұл адамдардың тәртібін реттеуге негіз болады. Әр құқықтық норма, қандай да бір жүйеде болмасын тек қана "реттеу" немесе тек қана "қорғау" деп бөлінбейді. Осындай нормалар болмайды және болмауы тиісті емес. Әр құқықтық реттеу қорғаумен тығыз байланысты, ал әр қорғау реттеумен бағытталған.
Қылмыстық құқықтық қатынастар - ол құқықтық байланыс олар қылмыстық құқық талаптарына сай жүйеленеді.
Қылымстық құқықтық жазылым екі жаққа бағытталған. Жақтардың біреу мемлекет міндетті түрде шығады. Белгілі тәртіптерге заң тиым салады. Сонымен бірге субъектілерге белгілі әрекет жасауға тоқтатады. Осы міндет бүкіліне қажетті және әр азаматқа қатысты болады. Көрсетілген міндеттер мемлекеттің субъектілерінің тиісті түрде тәртіп сақтауын талап етіп және құқықты бұзхған жағдайда кінәлі адамға мәжбүрлеу шараларын қолдану мемлекеттің құқығы. Айтылған құқықпен міндет арасындағы байланысты жалпы қылмыстық құқықтық қатынас деп атайды.
Сонымен бірге қылмыстық заң азаматтарға міндетті жүктегенімен біраз құқық ұсынады. Ол құқықтары қажетті қорғану құқықғы, қылмыс жасаған адамды ұстауға, аса қажеттілік кезіндегі әрекеттер. Бұған сәйкес мемлекеттік органдарға міндеттейді, яғни азаматтардың өз құқығын қолданған кезде оларға мәжбүрлеу шаралары қолджанбайды. Әр азамат өзінің құқығын қорғаған кезде тиісті түрде мемлекеттік органдардан көмек алуға сенуге болады. Ол қорғау барысында өкілетті органдардың көмегңн талап етіа және заңды тәртібінде қорғауға құқығы бар. Міндеттердің орындалуын мемлекеттің ең негізгі құқығы талап ету және субъектілерді қоғамға пайдалы әрекеттерін қолдауға тиіс. Екі жақты құқықтары менміндеттері жалпы қылмыстық құқықтық қатынастар арқылы жүзеге асады, ал соның жиынтығы заңдылықты сақтауға жүктелген. Қылмыстық құқықтағы нақты құқықтық қатынас жасаған кезден бастап жүзеге асады. Ал қылмыстық құқықтық қатынас қылмыс ашылмай және жасалмай, сонымен қатар кінәлі анықталмаған кезде бола береді.
Қылмыс жауапкершілікке тарту белгілі қылмыстық процессуалдық қатынас туғызады. Нақтырақ айтқанда тергеуші мен айыпиалушы арасындағы қылмыс бойынша қатынасын айтамыз. Барлық қылмыстық процессуалдық әрекеттер заңмен реттеліп белгілі қылмыстық процессуалдық қатынас жүйесін құрайды, ол ең біріншіден істің рбъективті ақиқатын анықтауға көзделген белгілі адам мен мемлекет арасындағы нақты бір қылмыстық процессуалдық қатынас бар ма деген сұрақты шешуге бағытталған. Қылмыстық процессуалдық қатынастар тек қана белгілі мемлекеттік органдар мен тұлғалар арасындағы қатынасты айтамыз. Оның негізгісі қылмыстық құқықтық қатынастың кінәлі адамның мемлекетке деген қатынасын айтамыз. Соныдықтан сот өз өкімін мемлекет атынан тағайындайды.
Кейбір қылмыстық атқарушы қатынастар пайда болады. Олар кінәні босатуға шейін барады. Қылымстық құқықтық қатынастардың элементтерге мыналар жатады: а) қажетті қатынас пайда болған кезден бастап заңды фактілерді айтамыз б) қылмыстық қатынастың субъектілері в) қылмыстық қатынастың пайда болуы және тоқталу уақыты г) субъектілердің құқықғы мен міндеттердің мағынасы.
2.Азаматтардың өзі жасаған әрекетіне қоғамның құқына сәйкес талап етіледі. Осымен бірге келтірген зардабына сай кінәлінің шыдауға негізделген жауапкершілік. Оны орыс тілінде былай түсінуге болады: "өз әрекетіне жауап беру қажетті міндетті болу және оған жауапты блу.Егер мына жағдайларда жауапкершілік заңды бұзған кезден басталса оны заңды жауапкершілік деп атайды.
Заңды жауапкершілік ол құқықтық нормаға сай қолдаену процесі және заңнамашының соңғы еркін білдіреді.Ол құқықтық нормада көрсетіледі. Құқықтық жауапкершілік тек қана азаматтың өз әрекетіне байланысты жауап ұстау, соған байланысты кемшіліктерге ие болу ғана емес. Ол мемлекеттік органдар жасаған әрекетке теріс баға беруін айтамыз. Қылмыстық жауапкершіліктің тиімді қолдану жағдайы жауапқа тартылып жатқан адамның бостандығы болады. Тек қана еркіндігі бостандықтанған азаматтың жауапкершілікті көтеруі тиіс. Қылмыстық жауапкершілік:
тек қана қоғамға қауіпті кінәлі әрекеттен басталады.
Мемлекеттік мәжбүрлеу нысанында көрсетіледі, өйткені қылмыстық құқық нормаларының санкциясында белгіленген.
Мемлекеттік сотталумен қатар жүреді және теріс зардаптар яғни қылмыскер үшін жүктеледі.
Қылмыстық құқықтық қатынастар қорғау кезінде бар және реттеледі.
Қылмыстық жауаптылықты құрайтын құқықтық қатынастар олар қиын бірыңғай қатынастар, соның негізінде құқықтық нормалар қана емес сонымен қатар қылмыстық процессуалдық нормалар, ал кейбір кезде қылмыстық атқарушы нормалар да жатады. Сондықтан қылмыстық жауаптылық құқықтық қиын жүзеге асыру процесі сияқты шығады, бұл дұрыс және бірыңғай түсінікке қылмыстық жауаптылықты мазмұны туралы шешілумен байланысты, сондықтан қылмыстық жауапкершілік яғни қылмыстық құқықтық нормалар әрекетінің елеулі көрсетілімі болып тәжірибелі заңды қатынасы. Егер де қатысушылардың біреуі қылмыстық құқықтық нормалардың бұзған қылмыс жасаған субъект мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының шыдауы және атқаруы міндетті тұлға болады. Басқаша мемлекет арнайы органдар арқылы өзінің қылмыс жасаған адамынан түсініктемені талап етеді және қолдануын жүзеге асырады.
Қылмыстық жауапкершілік қажетті әлеуметтік қызмет атқарады. Қылмыспен бұзылған әрекеттілікпен заңдылықты қалпына келтіреді. Әрбір қылмыстық тиымның негізінде жатқан нормаларды және заңның орындалуын қамтамасыз етеді.
Қылмыстық жауапкершілік пен жаза бір-біріне сәйкес келмейтін түсінік. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі жазаның түсінігінен көлемді. Бірақ жазаның соның ішінде болада.
Соған байланысты жаза қолдануымен мүмкін болады және қолданбау арқылы. Соған қатар қылмыстық жауаптылық екіге бөлінеді: а)жаза тағайындаумен бірге б) жаза тағайындамау арқылы. Бірінші жағдайда жауаптылық кінәнің сотталуымен болады, ал екінші жағдайда сот шешімі жаза тағайындамау арқылы.
Қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асыру барысында ерекше орынды қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шаралары ие болады. Біріншіден бұл тартпау шаралары яғни оларды сезіктімен айыптаушыға тиімді қолдануы. Осы шаралар қажетті негізде болған кезде қолданады. Егер де айыпталушы анықтау органынан тергеуден, соттан қашқан жағдайда істің ақиқатына жету барысында әсер етсе немесе қылмыспен ары қарай жалғастырса. Осы шараларды қолдану мақсаты алдындағы айып қорытындысына негіз болады және соны қамтамасыз етеді. Осы мәжбүрлеу шаралары процессуалдық маңызы ретінде мінезделеді. Бірақ олар қылмыстық жауапкершіліктің құрамдас бөлігі ретіне жатады. Алдын ала қамау жаза мерзіміне ескертіліп саналады және бір күн күнге мөлшерде саналады, ал түзеу жұмыстарына сотталған кезде бір күн үш күн ескертіледі. Сонымен айыпталушының кінәсі соттың үкімімен қолдаса оған қолданған мәжбүрлеу шаралары қылмыстық жауапкершілікке құрамдас бөлігі ретінде кіреді.
3.Қылмыстық жауаптылыққа негіз болатын сұрақтар екі аспектіден тұрады: философиялық және заңдылық. Философиялық аспект жауапкершілік пайда болған кезден бастап, яғни адамда тәртіп таңдау еркі болған кезде басталуы мүмкін. Ол заңға сәйкес жасауға болушы етеді. Бірақ ескермей құқықтық аспектіні бұзды. Осыған байланысты үш жағдайлар бар: фатализм, интертемилизм, детерминилизм.
Бірінші көзғарас адамды сыртқы мән-жайлар өте қатты басқарады. Тәртібін реттеуде яғни дұрыс әрекетті теріс жасатады.
Екінші көзғарасы адамның тәртібі еш нәрсемен байланысты емес, яғни адам қалай әрекет істесе ол оның еркіне байланысты қалай жасағысы келсе солай істейді. (индетермализм) Бірақ еркіндіктің абсолютті бостанды болуы сыртқы мән жайға қарамастан істің болады. Сонымен қатар көзғарас беруге жол бермейді.
Үшінші тұрғысы: детерминизм адамның сезімі мен еркіне байланысты болады және оны қоршаған жағдайға байланысты әлеуметтік тәжірибеге сай келеді.
Әр адам қоршаған ортадан табиғи жағдайлардан қоғамнан тәуелсіз бола алмайды. Бірақ бұл кезде нақты жағдайда адамға қай тәртіппен қолдануға мүмкіндік берілген. Адам сезімі мен еркіне байланысты қоршаған ортаның мән жайын танып өз тіршілігінде қолданады. Осыны скезім мен ерік деуге болады, яғни осы фактілер арқылы белгілі әрекет жасауға және оған толық жауап беруге міндетті.
Жауапкершіліктің заңды аспектісі ол нақты жағдайда нақты әрекет үшін және қалай жүзеге асқандығын айтады.
ҚР ҚК-ң 3 б сәйкес: "Қылмыстық жауапкершілікке тартудың ең негізгісі қылмыс жасауы, яғни қылмыстың құрамының толық жиынтығы жасаған әрекетінде болса. Бі қылмыс үшін бір адам екі рет жауапқа тартылуына тиым салынады".
Осыдан мынадай тұжырымға келуге болады:
жауапқа тартудың негізі - жасаған әрекетінде қылмыстың құрамы болмауы.
Қылмыс құрамы тек қана әрекетте болуы.
Қылмыс құрамы тек қана қоғамға қауіпті әрекетте болуы керек, яғни қоғамдық қатынастарды бұзған кезде немесе оларды бұзуға оқталған кезде.
Сол қылмыст құрамы үшін тиісті қылмыстық құқық санкциясының қолданылуы.
Қылмыс құрамы қоғамға қауіпті мына жағдайда болады, егер де олар ҚК-ң жалпы және ерекше бөлімдерінің нормаларындағы диспозициясына сәйкес келсе.
Қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыс жасаған кезден пайда болады. Бірақ оны нақты адамға жүктеу үшін заңды құжат қажет яғни заңды күшіне енген соттық айыптау үкімі керек. Ол қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асыру үшін ең негізгі мән-жай болады.
8-тақырып. Қасақана қылмыс жасау сатылары.
1 Қасақана қылмыс жасау сатыларының түсінігі және түрлері.
Аяқталған қылмыстың түсінігі.
Қылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері.
Қылмысқа оқталу түсінігі және белгілері.
Қылмыстан өз еркімен бас тарту және оның белгілері.
Әдебиеттер:
1. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы. 1999 ж.
2.Уголовное право буржуазных стран: Общая часть. Сборник законодательных актов \ Под ред. А.Н.Игнатова и И.Д.Козочкина. М., 1990 г.
3.Уголовное законодательство зарубежных стран: Сборник законодательных материалов. М., 1999 г.
4.Уголовное право. Часть Особенная. Учебник. Под ред. Агыбаева А.Н., Баймурзина Г.И. Алматы. 2003
5.Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступления. М., 1976г.
6.Бурчак В.А Квалификация преступления. Киев, 1983г
1.Қылмыс сатылары - қасақана қылмыстың дамуына байланысты анықталған кезеңдері, олар қылмысқа дайындалу, оқталу және қылмысты аяқтаумен жүзеге асады.
Қылмыстық әрекеттерінің сатыларының қылмыстық құқықтық түсінігі қылмыстың дамуына байланысты сонымен бірге объективті процесін көрсетеді. Қасақана қылмыс 3 кезеңде өтеді: 1) дайындалу 2) оқталу 3) аяқтау. Осыған сәйкес қылмыстық әрекет 3 сатыларға бөлінеді: а) қылмысқа дайындалу сатысы б) қылмысқа оқталу сатысы в) аяқталған қылмыс сатысы. Бірінші екі сатысы алдын ала,яғни аяқталмаған әрекетті білдіреді. Оның ерекшелігі қылмыстық құрамының толық аяқталмауы, яғни ҚК-ң Ерекше бөлімінде көзделмеген белгілер, объективті жағының толық атқарылуы, қоғамға қауіпті жағдайдың болмауы. Ал аяқталмаған қылмыста кінәнің әрекетінде қылмыстық құрамының түгел белгілерінің жиынтығы болуы, соған қоса қоғамға қауіпті зардаптың жүзеге асуы.
Адам өзінің еркі мен тәртібін бағындыра отырып алдына белгілі мақсатты сезімді түрде белгілеп, осыны қабілеттік деп айтуға болады. Қасақана қылмыс жасамай тұрып кінәлі жететін нәтижесін көріп, елестетіп тұрады. Осыны қолданып белгілі тәсілдермен соны жүзеге асырғысы керек деп ойлайды.
Қылмыстық ой тек қана ішкі психикалық процесс, бұл қасиет басқа адамға белгісіз болады. Ойлау, сезіну процесі қылмыс болып саналмайды, және саналуға мүмкін емес. Ойдың құрылуы қылмыстық сатысының дамуы деп санауға болмайды, өйткені нақты қылмыс жүзеге асқан жоқ.
Қылмыстық құқықтың принциптьерінің біреуі қылмыстық ойды, көзғарасты жазалау керек деп көрсетіледі. Осы негіздер бойынша қылмыстық жауапкершілікке ойдың анықталуы жатпайды (яғни түрімен, сөзбен көрсетілген ойлар.).
Анықталған ойлар оны анықтап ойлаған нәрсемен салыстыруға болмайды. Адамның рсындай тырысуы қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы болып саналмайды. Ол қылмыстық қозғалуына сәйкес ешқандай кезеңдерге жатпайды, қылмыстық әрекет болып есептелмейді. Кейін қылмыстық сатысы болып саналуы мүмкін емес.
Сонымен қатар қасақана ойдың құрылуы, анықталуы қылмыстық қылмыстық саты болып саналмайды. Осыған байланысты Ш. Монтекьенің әйгілі айтылуыбар: "Заңдар тек қана қылмыстық әрекеттерді жазалау керек". Ойдың анаықталуын қылмыстық қауіп төндірумен шатастыруға болмайды. Бұл қауіпті аса ауыр қылмыс жасаймын деп, сот жұмысшыларына қауіп (ҚК 341 б) т.б. сияқты. Бұл жайлы қауіпті аяқталған қылмыс деп санауға болады. Олардың қоғамға қауіптілігі жәбірленушіге психика арқылы қауіп төндіру жатады. Ауыр қылмыстың жасалу сатысынан яғни субъект жәбірленушіге қорқытқан кезде қауіп бұған ешқандай қатынасы жоқ. Мысалы, қызды күйеуге шық деп немесе өлтіремін деп қорқытса. Ал қарақшылық кезінде жасалған қауіп мүліктік баюды мақсат көздейді, бұл жерде жәбірленушінің өлімі керек жоқ.
Қылмыстық тәртібінің жүзеге асу басталуының қылмысқа дайындалуы болады. Осы тек осы ғана ең басты сатысына жатқызуға болады.
Ал бірінші сатысы бойынша жауапкершілікке дайындап іздеп тәсілдер құрап жатқан адамды тартуға болады ( қасақана).
Дайындау әректтері қылмыстық зардабының атқарылуына жол береді. Яғни осы әрекеттер қылмыстың жүзеге асуына жағдай жасайды.
Екінші сатысының қылмыстық заң бойынша оқталу деп санаймыз. Ол былай аталады: "Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниет пен жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе қылмыс жасауға оқталу болып табылады". Осы саты тікелей ниеттің орындайтын процесін көрсетеді. Осы егер де кінәліге "жақсы" болған жағдайда аяқталса, онда ол қылмыстың аяқталуына жатады. Осы сатыда кінәлінің әрекетіне қылмыс құрамының барлық белгісі болады. Яғни жасаған әрекетінде заңмен көрсетілген объективті және субъективті жиынтығының толық көрсетілуін айтамыз.
2.Қылмыстық құқық бойынша жауапкершілік қоғамға қауіпті кінәлі жасаған қылмысы үшін орнатылады. Осы сатының ерекшелігі қылмыскердің өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша қылмысты аяқтамау. Рның әрекетінде аяқталған қылмыс құрамының болмауы бұл үшін ҚК-ң Ерекше бөлімі бойынша жауапкершіліктің көзделмеуін айтуға болады. Аяқталмаған қылмыстық әрекеттер қылмыстық нәтижесі болмайды, өйткені ол қылмыс құрамының қажетті белгісі болып есептеледі немесе объективті жағы бойынша әрекеттер толық жасалмайды. Қылмыстық әрекет объективтік жағы бойынша дайындалу орындалу болып мінезделеді. Қылмыстың нәтижесі бұл нақты қоғамға қауіпті зардап кінәлінің келтірген зиян.
Аяқталмаған қылмыстық әрекет заң бойынша нәтижеге барған, бірақ нақты залал келтірмейді және залалдық кетіруге қауіп төндірмейді. Аяқталмаған қылмыстық әрекетті объективті қоғамдық қауіптілігі осымен қорытындылады. (дайындалған оқталу сатысының объективтік жағы).
Субъективтік жағынан осы қылмыстарды қоғамға қауіптілігі - қасақана жасау. Қылмысқа дайындалу оқталу кезінде кінәлінің ойы қылмысты жасауға ұмтылады, бірақ оған қатысты емес мән-жай бойынша жүзеге аспайды.
Қылмыстық кодекстің 9 б сәйкес қылмыс болып тек қана жауапкершілігі қылмыстық заңда көздедген қоғамға қауіпті әрекетті жатқызамыз. Қасақана қылмыстың сатысына тиым салумен бірге ҚК-ң 24 б сай қылмыстық әрекет мінезделіп, соған дайындалатын жаза көзделген. Дайындалу мен оқталу үшін арнайы жауапкершілік жоғарыда көрсетілген ерекшеліктер бойынша жүзеге асады. Соған байланысты ол ҚК-ң Ерекше бөлімінде көрсетілген ұқылмыс құрамының белгілерін ала алмайды.
Сонымен қатар аяқталмаған қылмыстық әрекет дайындалу мен оқталу санында бүкіл белгілерге жауап береді, яғни қоғамға қауіптілік қылмыстық заңмен тиым салу кінәлілік, сондықтан ол қылмыстық жауапкершілікті жалпы негіздер бойынша тартылады.
Осы аяқталмаған қылмыстық әрекеттерді қоғамға қауіпті келтірмесе де қоғамдық қатынастарға залал келтірмесе де оларға қауіп төндіру, қылмыспен күресу кезінде ең тиімді қолдану және алдын алу кезінде қолданады. ҚР Қк-ң 24, 26 бб қылмысты болдырмау алдын алу кезінде әділетті түрде құқықтыұ негіз деп атайды.
Бәрімізге белгілі қылмыстық құқықтық нормалардың мағынасы оның ішінде көрсетілген жаза арқылы жалпы және арнайы алдын алу көрсетіледі. Осыны дайындалу оқталу үшін орнатылатын жауапкершілік нормаларына жатқызады.
Осыдан басқа жауапкершілік нормалары мағынасы, олар қоғамға қауіпті әрекет жасау кезінде қылмыстың ең бастапқы кезінде қоғамдық қатынастар бұзылуын айтуға болады, яғни бұл жерде ауыр зардап келмей тұрған кезде. Осымен бірге басталған қылмыстың аяқталуына жеткізбей нақты қауіп келтірмеу яғни объектіге аяқталған кезде тиісті түрде келтіруші еді.
Қылмыстың алдын алу негізі болып қылмыстық әрекетті болғызбауға қамтамасыз ететін нақты өкілеті адамның қылмысқа жол бермей араласуын айтамыз.
Қылмыстың алғашқы сатысында болдыртпау екі жағдаймен көрсетілмеген: біріншісінің мағынасы белгілі уақыт аралығындағы дамып жатқан қылмысты көздейді. Осымен тұлғаның қылмыстық тәртібі және шара қолданып мақсаты туралы мәліметтер алуға болады.
Тәжірибеде көрсетілгендей қылмыстың алғашқы сатыларында алдын алып және болдыртпау мүмкіндігі бірдей емес. Дайындалу көбінесе асықпай жасалады, оқталуға қарағанда мұның өзі қылмысты болдыртпау үшін жасалатын тиімді мән-жайлар болады. Қылмысқы оқталу көбінесе тез жасалады және қосымша қиындықтар туып болдыртпауға жол берілмейді. Болдыртпаудың басты мақсаты аяқталған қылмыстың сатысында сақталып көбінесе созылып жатқан қылмыстырда жүреді. Осы жағдайда қылмысты тоқтату заңды түрде тоқтату оның аса ауыр звардабын болдырмауын айтуға болады.
3.Дайындалу бұл қылмыс жасау сатысы яғни сол кезде кінәлінің әрекеті мынада көрсетіледі: қару іздеу, жоспар құру, қатысушы адам іздеу және т.б. әрекеттерден тұрады. Бұл әрекеттер қылмыс жасауға жағдай жасайды, бірақ олар қылмыс құрамының объективті жағына кірмейді. Дайындалу ҚР ҚК-ң 24 б 1 б көрсетілген.
Дайындалу әрекеттінің көбіне қарамай жалпы белгі орнатуға болады. Осының бәрі қылмыстың нәтижесіне жетуге байланысты жағдай жасайды. "Жағдай жасау" түсінігі жалпы түрде талқылауға болады. Яғни ол дайындалу әрекетін толық жатқызады. Дайындалу әрекеті белгілі бағытта мінезделеді: олар қасақана жасалады, қылмысты аяқтауға көзделеді. Осы субъективтік белгісі заңда арнайы көрсетіледі. Дайындау әрекетінің мінезделу өзгеше өйткені олар әлі қоғамға туғызбайды, яғни объектіге нақты бағытталған. Кінәлі өзінің әрекетіне қылмыстың алдағы келетін аяғына жетудің жағдайын орнатады. Бірақ ол қылмыстың объектитік жағын әлі орындамайды, яғни қылмыс құрамыың қажетті белгісі жүзеге асырмайды, көбінесе дайындалу үшін жазалау көп жағдайда қоданбайды. Тек қоғамға қауіпті кезден бастап. Бұл қауіптілігі объектіге байланысты мінезделеді. Әрине адам өлтіруге дайындалу көбінесе қоғамға қауіптілігі өте жоғары. Тек адамды ұруға дайындаолған кезден гөрі. Дайындалу әрекеттердің қауіптілігі оның оқталу сатысына жақын тұратыны көрсетуі болады, Ал бұны қоғамға нақты қауіп туғызатыны яғни заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың бұзылуына қауіп төндіруін айтады. Мәнін анықтау кезіндегі қоғамның қауіптілігі адамның ойы тұрақты нақты және қылмыс жасауға бағытталғн.
Көп жылдық тәжірибе мынаны көрсетеді, көбінесе тәжірибеге қылмыстық жауапкершілікке қылмысқа дайындалу үшін сирек тартылған. Оның бірінші негізі кінәлінің нақты қасақана ойының анықталмауы (мысалы, балта ағаш шабу үшін сатылып алынған қылмыс жасауға емес). Екіншіден дайындалу кейбір жағдайларда объектіде белгілі ойдың қалыптасуын белгілейді, бірақ оны нақты қылмыс жасауға баратынын айта алмаймыз. Қажетті және жеткілікті негіз болған жағдайда жеткіліксіз болады.
Сондықтан дайындалудың жазаланбауы оны қоғамға нақты қаіптілігінің болмауы. Тәжірибеде тек жауапқа тартылу ауып немесе аса ауыр қылмысқа дайындалған үшін тартылған. Осыған байланысты ҚР ҚК-ң 24 б 2 б былай көрсетілген: "Қылмыстық жауапкершілік тек ауыр немесе аса ауыр қылмысқа дайындалғаны үшін тағайындалады". Соған сәйкес дайындалу әрекеттері қылмыстың онша емес немесе орташа қылмыс қылмыстансыздырылған.
4.Оқталу деп қылмыс жасау сатысын айтамыз. Яғни кінәлінің әрекеті қылмыс жасауға бағытталған яғни олар объективті жағының қажетті элементіне жатады. Бұл әрекеттер қылмысты аяқтауға бағытталған және қоғамға қауіпті нәтижесін жеткізуге ұсынған, бірақ оқталу кезінде кінәліге байланысты емес мән-жайлар бойынша аяқталмайды. Бұл ҚР-ң ҚК-ң 24 б 3 б көрсетілген.
Қылмысқа оқталу 4 белгісін қамтиды:
Тікелей қылмыс жасауға бағытталған (қылмыскер атты бірақ тигізбей қалды). Ату барысында жәбірленушінің өмірі қауіпте болды. Оқталу кезінде субъект қылмыстың құқрамын жүзеге асыруға кіріседі және ҚК-те көрсетілген диспозициясында әрекеттер жасайды. (ұры сейфті бұзып жатқанда ұсталды).
Субъективтік белгісі оқталу тек қасақана оймен жасалуын айтамыз.
Қылмыстың құрамының атқару кезінде аяқөталуына жетпей тоқтап қалуы. Осы белгісімен оқталу аяқталған қылмыстан ажыратылады.
Қылмыс кінәлінің әрекетіне байланысты емес мән жайлар бойынша аяғына жетпейді.
Оқталу аяқталу дәрежесіне сай аяқталған және аяқталмаған, жарамды және жарамсыз.
Аяқталмаған оқталу деп субъект өзіне байланысты емес мән жайлар бойынша барлық объектитік әрекеттерді жүзеге асырмауы (ұшақты ұрлау барысында қылмыскер алдына тұрып жатқан адамды атып жібергенде ұсталып қарулансыздандырылды).
Аяқталған оқталу кезінде объектитік толық әрекеттер орындалған кезде бірақ қылмыстық нәтиже оған байланысты емес жүзеге асты, мысалы, М. Аяқталмаған оқталу жасады, ол жәбірленушіге мылтықтан көзделіп жатқанда С. оның қолынан ұрып оны ұстап алды. М. әрекетінде аяқталған оқталу болды, егер де ол атып өлтіру мақсатында тигізбей қалды. Келесі мысалы, пара беруші параны делдал арқылы берген кезде делдал оны өзіне қосып алды.
Қылмыстық құқық теориясында: а) жарамсыз объектіге оқталу б) жарамсыз құралмен оқталу.
Жарамсыз объектіге оқталу кінәлінің әрекет жасаумен мінезделеді. Бірақ ол белгілі объектіге қол сұққан кезде де ол объектіге нақты қауіп тумайды. Өйткені ол жарамсыз объект. Осы жағдайда сұғушылық пәні болмайды. (бос пәтерді тонауға оқталу, өлген адамды ату.).
Ал жарамсыз құралмен оқталу, яғни кінәлі құралдың жарамсыз екенін сезбей қылмыс жасауға ұмтылу. (оқталмаған қарудан ату, қауіпсіз дәрімен өлтіруге оқталу).
Көп жағдайда жарамсыз объектіге оқталу немесе жарамсыз құралмен оқталу қоғамға қауіп туғызуы мүмкін және қылмыстық жауаптылық осы үшін жалпы негіздер бойынша тартылады. Субъективтік жағынан субъектінің әрекеттері белгілі қасақана рймен жасалады, бірақ оның кінәсі ойында емес нақты әрекет үшін сараланады. Осы жағдайларды қылмысты аяғына жеткізбей кінәлінің әрекетіне байланысты емес болады. Сондықтан субъективтік жағынан бұл әрекеттер қоғамға қауіпті екенін көрсетеді және субъектінің әлеуметтік қауіптілік жағдайын көрсетеді.
Ал объективтік жағынан осы әрекеттер шынында қылмыстың объективтік жағы болып жатқызуға болмайды, өйткені олар объектәге әлі нақты қауіп туғызбайды. Бірақ көп жағдайда кінәлінің әрекетінде қоғамға қауіптілігі болмаса оған білмеген кезде мән-жайлар бойынша (мүліктің белгісіз жағдайда болмай қалуы). Бұл мән-жайлар қылмыстық жауапкершілікті негіздемейді не жоя алмайды. Сондықтан жарамсыз оқталу жазалауды көздейді.
Таңдаған жарамсыз құралдардың фактісі көп жағдайда жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып ескерілуі мүмкін. Бірақ ол субъектінің қоғамға қауіптілігін аса емес екенін дәлелдейді.
Ал жарамсыз құралмен жарамсыз объектіге оқталу қоғамға қауіп туғызбайды. Бұл жағдайда жауаптылық негіздер бойынша жойылады.
5.Өз еркімен бас тарту бұл адамның өз еркімен барлық негіз бойынша қылмысты жалғастыру немесе аяғына жеткізу кезінде бас тарту.
ҚР ҚК-ң 26 б сәйкес осы үшін жауапкершілік толық жойылады. Алдын ала қылмыстық әрекет сатысы қылмыс құрамының дайындалумен атқару - өз еркімен бас тарту үшін мән болмайды. Өз еркімен бас тарту жоспарлап қойған ойлары мен қылмыс зардаптары келмей тұрған кезде жатқызады.
Осының субъективті жағы адамның сезімі яғни қылмыстық әрекеті аяқталды. Қылмыстан өз еркімен бас тарту бірнеше негіз бойынша болуы мүмкін, бірақ оның қылмысты аяқтайтын мүмкіндіктің болуы қажетті.
Қылмыстың аяқтаудан бас тарту біріншіден соңғы әрекетболу керек. Екіншіден басталған қылмысы үшін бойынша қана болуы керек. Өз еркінен бас тарту екі түрде болады: а) басталған қылмыстық әрекеттің пассивті түрде тоқтату б) активті түрде зардабы зияны келмеген қылмысы үшін тоқтату.
Өз еркімен бас тарту екі жағдайда жойылады: егер де қылмыстық нәтиже жүзеге асқан кезде (аяқталған қылмыс) және нәтиже кінәліге байланысты емес мән-жайлар бойынша жүзеге аспаса (оқталу) Өз еркімен бас тарту қылмысты жүзеге аспай тұрғанда жүзеге асады. Активті нысанында өз еркімен бас тарту әлі келмеген зардабы бойынша өкінуден ажырату керек. Соңғысы келтірген зиянды өтеу кезеңінде мысалы материалдық көмек беру кешірім ұстау. Оның шегі келген зардап бойынша нысанында өтеді. Өкінә әрекеті аяқталған қылмыстан кейін жүреді. Яғни қылмыстық нәтиже жүзеге асқан кезден өкіну барысында келтірілген зиянды өтеу кінәлі барлық шара қолданып өтегісі келеді.
Өз еркімен бас тартудың белгісі мыналар: өз еркімен бас тарту және аяқталық.
Өз еркімен бас тарту адамның өз еркі бойынша бірақ қылмысты аяқтай аламын деп сезінсе.
Адам қылмыстық қол сұғушылықты белгілі уақытқа қана емес тек толық және аяқтылықпен жасаса. Өз еркімен бас тарту тек қылмыс аяқталмаған кезде туады. Яғни қылмысқа дайындалу мен оқталу сатысында.
Өз еркімен бас тартудың жауапкершіліктен босату жағдайлары мыналар: 1) бастаған қылмысты аяғына жеткізбеу 2) аяқтай аламын деп сезіну 3) жасаған әрекетінде аса қылмыстық құрамның болмауы. Мысалы, адам өлтіремін деп қару сатып алады, кейін бас тартады, бірақ ол қылмыстық жауапкершілікке заңсыз қару сақтау және сатып алу үшін тартылады.
1.ҚК-ң 27 б қылмысқа қатысуы деп қылмысқа қасақана қатысу деп бірнеше адамның адамның қасақана қатысуы.
Қатысудың анықтамасынан мына түсінік шығады, қатысу ерекше нысан ретінде белгілі объективті және субъективті белгілерден тұрады.
Қатысудың объективті белгісіне жатады:
қылмыс жасауда екі не одан да көп адамның қатысуы.
Қылмыстық маңызы ретінде жүзеге асқанын тілейді.
Қосымша деген әрекетті жасау сөйлесіп бірнеше адамның жасаған жағдайында көмек болуы және бәрі де қылмыс нәтижесінің жүзеге асуын тілеуі.
Соған қатысты әр қатысушы мен қылмыстық нәтиже арасындағы қажетті себепті байланыс атқарушы да болады. Қатысудың субъективті белгісіне заң көрсетілгендей "қатысу" ол қылмыс жасауда қасақана қатысу осыған байланысты қажетті:
өзі емес біреумен жасағаны туралы сезіну
жасаған әрекеттердің қоғамға қауіптілігін сезінуі
қатысушы, атқарушы орындаған қылмыстың элементін сезіну
қылмыстық нәтиженің бәріне бірдей тіленуі
2.ҚК-те қатысуды саралау үшін екі тұрғыны қолданады: қатысушылардың қарым қатынасының тәсілі және келісімдік дәрежесі (алдын ала келісіп алу).
Осы тұрғыға сәйкес анықтайды: жай қатысу, күрделі қатысу, ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғам, (қылмыстық ұйым).
Жай қатысуға екі ерекшелік сай:
әркімге белгілі ролдің бөлінбеуі тек ұйымдастыру техникалық бөлу
қатысудың нақты орны мен уақыты
Қатысудың осы нысаны алдын ала келіскен кезде мүмкін болады және мүмкін болмаған кезде.
Қылмыстылықпен жасалды деп егер де онда немесе одан да көп адам қатысса саналады (ҚР ҚК-ң 31 б 1 б ).
Қатысушының әрекеті ҚК 28 б сай сараланады. Қылмыс алдын ала келіскен топпен жасалды деп егер де онда алдын ала келісіп қойған қатысу шаралары қатысса саналады. (ҚК-ң 32 б 2 б). Күрделі қатысу заңды түрде ролдерде бөлумен негізделеді, яғни атқарушы, көмектесуші, ұйымдастырушы.
Атқарушының әрекет жасаған қылмысқа сай сол баппен сараланады. Басқа қатысушылардың әрекетін жасаған қылмысына ғана емес қосымша ҚК-ң 28 б сәйкес сараланады.
Қылмыс ұйымдасқан топпен жасалды деп егер де ол тұрақты топпен жасалса, алдын ала бірнеше қылмыс жасауға біріксе. Ұйымдасқан топтың қатысушылары тұрақты қылмыстық байланыстары бар, ұйымдастыру жағдағдайлары дамыған, басқару қабілеттілгі жоғары. Қылмысты жоспарлай алу қатысушыларды таңдау ролдерді бөлу және т.б.
Қылмыстық қоғам жоғары дамыған деңгейін айтамыз. Олар ұйымдасқан қылмыстың ерекше қауіпті нысаны болып келеді.
ҚК-ң 34 б 4 б сәйкес:"Қылмыс қылмыстық ұйыммен жасалды деп егер де ол біріккен нақты ұйымдасқан топпен жасалса, олардың мақсаты ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасау үшін ұйымдасқан".
Жай қатысуда қатысушының әрқайсысына роль бөлінбейді.
Күрделі қатысуда яғни жеке қатысушыларға ролдер бөлініп атқарушыдан басқа олар тікелей қылмыстың объективті жағын орындауға бағытталған - ұйымдастырушы, азғындаушы, көмектесуші. (олардың әрқайсысы).
Жай қатысуда қатысушылардың әрекеті Ерекше бөліммен сараланады, ал күрделіде қосымша 28 б сәйкес сараланады.
Алдын ала келіспей қатысу - бұл алдын ала келіспей бірнеше адамның қатысуы (дене зақымын топпен ұрған кезде келтіру).
Бір топ - қатысқан бір немесе бірнеше атқарушының алдын ала келіспей қатысуы.
Алдын ала келіскен топ қылмыс жасау кезінде алдын ала келісіп жасағанын айтады. Көбінесе осындай келісім қылмыс жасау орнына, тәсіліне байланысты болады. Қатысудың осы нысаны қатысушылықпен сәйкес келуі мүмкін, тығыз байланыста, яғни ролдерді бөлумен, соңғы жағдайда екіден төмен қатысушының қатысуы. Осындай қатысу нысаны ауырлататын мән-жайлар болып ескеріледі. (мысалы, ҚК-ң 175 б 2 б).
Тұрақтылық - яғни қатысушылардың ойы. Бір ғана қылмыс жасауға емес, одан да көп қылмыс жасауын айтамыз. Бірақ бір қылмысқа жақсылап дайындалуды көрсетуге болады.
Бірліктілік - қылмыстық ұйымда күрделі ұйымдастыру - техникалық байланыстың болуы, айналымда өте үлкен соммалардың болуы, құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста болу, қорғау шаралар жүйесін дамыту (контрразветка) қорғаулардың көптілігі.
Ұйымдасқан топпен және қылмыстық ұйыммен жасаған қылмысы ұйымдасқан қылмыс деп аталады. Бүгінгі күні ұйымдасқан қылмыстылық есірткі заттарды сатумен, заңсыз қару сатумен, т.б. тығыз байланысты.
Криминологияда белгілердің жиынтығы көрсетілген, яғни осы белгілер ұйымдасқан қылмыстылықты былай мінездейді:
қылмыстық ұйымның әрекет ету үшін техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасырынуға, тығылып жасауға, яғни әлеуметтік бақылаудан жалтару шараларын қолдану
қаржыландыру: қылмыстық ұйымның заңсыз тапқан пайдасын бөлу және арнайы қажетті фондтарын құру
орталықтандырылған ақпаратты қамтамасыз ету
заңсыз тиісті емес үкімдердің жүзеге асуы, бұлар бұлтартпау шаралары сияқты мүліксіз қолданады
экономика мен құқық қорғау органдары мен заңсыз байланысты жүзеге асыру.
3. Қатысушылардың түсінігі, түрлері.
Қазіргі қылмыстық заңға сәйкес қатысушыларды түрлерге бөліп саралайды.
Оларды атқаратын қызметіне байланысты бөледі. Атқару әрекетіне байланысты оларды атқарушы, ұйымдастырушы, көмектесуші және айдап салушыға бөледі. Қылмыстың атқарушысы болып тікелей қылмыс жасаған адамды айтады, яғни ҚК-ң Ерекше бөлімінде көзделген белгілерді оның әрекетіне жатады.
Қылмыстың атқарушысы болып жауапкершілікті көтере алатын және қылмыстың субъектісіне сай келетін тұлғаны айтамыз. (Кәмелетке толуы), (есі дұрыстық) және соған көзделген қосымша белгілері бойынша жататынын көрсетуге болады. Осының мәні былай талқыланады: егер кінәлі адам қылмыс жасап, сол әрекет ҚК-ң ерекше бөліміне сәйкес арнайы субъектінің белгілері болуы керек десе бірақ кінәлі де ол белгілері болмаса лауазымды тұлға болмаса онда ол сол қылмыс үшін арнайы субъект ретінде атқарушы бола алмайды.
Қылмыстың атқарушылары болып қылмыстық мақсатта субъект белгілері жоқ адамды (қылмыстылық жауаптылыққа толмаған адам) санаймыз. Соған сәйкес абайсыз немесе шатасып қылмыс жасаған кезде немесе оларды қолданған кезде сұрақтар осылай шешіледі.
Қылмыстың объективтік жағы бірнеше адаммен жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда атқарушылық органға ие болады. Атқарушы болып қылмыс жасамаса да, бірақ тікелей көмек көрсеткен адамдаржы санауға болады. (Яғни қылмыс жасау кезінде жәбірленушіні ұстап не байлап жатқаны).
Атқарушының әрекеті ҚК-ң Ерекше бөліміне сай сараланады. (28 б сілтелейді). Қылмыстың аяқталуына байланысты әр қатысушының әрекет сараланады. Егер атқарушыны оқталу үшін жауапқа тарту керек (мысалы, ҚК-ң 24, 28, 96 б б сәйкес).
Жауапкершіліктің шектері, саралануы әр қатысушының жасаған әрекетіне байланысты бағаланады.
Қылмыстың субъективті жағы атқарушының жасағанына байланысты тікелей және жанама оймен негізделеді. Атқарушы өз әрекетінің қоғамға қауіпті екенін екнін сезеді және барлық қатысушылармен бірге оның жүзеге асуын тілейді.
Қылмыстың ұйымдастырушысы - ол қылмысты ұйымдастырған және басқарған адамды айтамыз .Бұл ең қауіпті қатысуша ретінде қатысады. Әлеуметтік зерттеулердің мәліметі бойынша (52% көбі) сотталған ұйымдастырушылардың көбі қылмыстық сотталғандар бар. Олар көбінесе жасы үлкен адамдар және қоғамдық жұмыстардан жалтарған адамдар.
Ол ереже сияқты қылмыстық ұйымның негізгі мүшесі ретінде болады. Бірақ бұл басқа қатысушы кезінде де болады.
ҚК-ң 28 б сай жауапкершілікті екі нысанды мүмкіндік үшін тартылады: қылмысты ұйымдастыру және оны басқару.
Қылмысты ұйымдастыру қатысушыларды біріктіріп, жоспар құрып, бұл әрекеттерді басқаруда мінезделеді. Ұйымдастырушы қылмыстық топты құрып, оның ішінде өзінің күшімен, деңгейімен тәртіп орнатып басқарады.
Қылмысты ұйымдастыру басқару нысанында қылмыстық мақсатқа жетудің жүзеге асады. Ұйымдастырушы барлық қылмыстар үшін қылмыстық ұйымның мүшесінің жасаған әрекеттері үшін толық жауапты болады, егер осы қылмыстар оның қасақана ойымен қоршалса. Осы ережеден кету жеке жауапкершілік қағидасын бұзады.
Әр қашанда ұйымдастырушы қасақана түрде жасайды. Ол өзінің әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезеді және қылмыстың аяқталуын алдын ала көреді. Кейбір кезде заңнамашы қылмыстық әрекеттің қауіптілігін ескере отырып жауапкершілікті ҚК-ң Ерекше бөліміне сай сілтеуі мүмкін емес. Сілтеу мүмкін емес егер ұйымдастырушы ұйымдастыру әркееттен басқа атқарушынының әрекетін орындамаса. Егер ұйымдастырушы қылмысты ұйымдастырып немесе басқарса, бірақ объективті жағының орындалуына тікелей қатыспаса, онда оның әрекеті 28 б бойынша сараланады.
Айдап салушы деп біз басқа адамды қылмысқа алдап, қорқытып немесе басқа әдіспен итерсе айтамыз.
Айдап салушы - ол қатысушы адам, ол қылмысқа тікелей қатыспайды, яғни жасырынды түрде қатысады. Оның қызметі басқа адамдарда қылмыс жасауға ниет туғызып, нақты қылмыс жасатуын айтамыз.
Итермелеу - басқа адамды қылмыс жасауға, одан пайда көретініне бұрғызу. Нақты түрде оның қызмет психикалық түрде: қорқытып, сатып алу, алдау қорқыту ретінде жүзеге асады.
Көмектесуші ретінде біз қылмыс жасауға жағдай жасаған адамды айтамыз. Ол жағдайлар былай мінездейді: ақыл айту, қару тауып беру, кейін қылмыскерді жасырып қойған адамды, қылмыс іздерін жойған жағдайлар.
ҚК-ке сай көмектесушіліктің 3 түрі бар:
нақты түрде көмектесу
алдын ала жасырамын деп уәде беру
қылмыстық жолмен алынған заттарды сатуға көмектесу.
4.Әдебиетте көмектесушілікті: құралдарды ұсыну, қару беру, қайшылықты жою (яғни қылмысты қалай жақсы түрде жасау).
Тікелей көмектесу осыда мінезделеді. Ал интеллектуалды көмектесу (ақыл айту, жарлық айту) осымен мінезделеді.
Жауапкершілікке тартудың 2 сұрағы бар: қатысушылардың әрекеттің саралау және оларға жаза тағайындау.
Қатысу негізінен өзінен өзі қылмыстың құрамы бола алмайды. Ешкімді де жауапкершілікке абстрактілі қатысқан үшін тартуға тыйым салынған. Қатысушы барлық кезде топ жасаған қылмыста қатысады немесе басқа біреудің әрекеті арқылы. Осы кезде жауапкершілік туынды болып келеді. Қатысушылардың әрекетін саралау қылмысты атқарушы орындағаннан кейін жүзеге асады. Басқа сөзбен қатысушылардың әрекеттері ҚК-ң Ерекше бөліміне сай атқарушыға жүктелгендей сараланады. Осы кезде табиғи акцессорлық қатысуы анықталады. Оның мәні атқарушыны қылмыстың негізгі тұлғасы ретінде тануды жатады. Олсыз қатысу мүмкін емес. Бірақ қатысушылардың жауапкершілігі атқарушының қылмыс жасауға нақты әрекет еткенде ғана тартылады. Егер атқарушы қылмысқа оқталған кезде, сонда қатысушылардың әрекетін аяқталмаған қылмыс үшін тартамыз.
Қатысушылардың әркетін саралауға байланысты оларға субъективті және объективті белгілерін ендіруге сұрақ туады, бұл белгілер қатысушылардың жауапкершілігін ауырлатып немесе жеңілдетеді. Осы сұрақты шешу барысында мынаны ескерк қажет, олар қылмыстың объективті жақтары басқа қатысушыларға тек қана олар осы мән жайды ескермесе немесе білмесе онда олар қылмысты саралау барысында саналмайды, мысалы, қылмыстың қатысушылары атқарушының аса қауіпті тәсілмен адамның өмірін қиғанын білмесе, сол кезде олар жай адам өлтіргені үшін ҚР ҚК-ң 28 б, 96 б 1 б тартылады.
Қылмысты саралау кезіндегі атқарушының субъективті белгілері басқа қатысушыларға тек қана олар білген кезде өлтіруі мүмкін. Егер де субъективті белгілері басқа қатысушыларға белгісіз болса онда оны ендіруге тыйым салынады. Мысалы, айдап салушы атқарушыны қылмыс жасауға тартса, ал атқарушы қылмысты жасау барысында қызығушылық мақсатында істесе және бұны айдап салушы білмесе оған қызығушылық ендіруге болмайды. Бұл жағдайда атқарушы ҚК-ң 96 б 2 б 3 п жауапқа тартылады, ал айдап салушы ҚК-ң 28 б, 96 б 1 б бойынша тартылады.
Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар нақты тұлғаға қатысты болса тек оның жасаған әрекетіне байланысты сараланады. Бірақ та қатысушылар атқарушылардың әрекетінің қайталануы немесе рецидивті екенін білсе осы мән-жайлар басқа қатысушылардың әрекетіне жатпайды. Жаза тағайындау кезінде сараланбайды. Қатысушыларды саралау ҚК-ң 57 б 1 б сай ескеріп қатысу кезінде жасаған қылмыс үшін жаза тағайындау олардың әр қайсысының қатысуына байланысты және қатысудың мәні ескеріледі және де келтірілген зардап мөлшерін есептейді.
5.Қол сұғушылық деп әрекет (әрекетсіздік) болашақта бір қылмыспен байланыста болса, бірақ ол қылмысты басқа біреу жасаса, осыны қылмысқа көмектесу деп айтпайды және сонымен байланыстың болмауы.
Қол сұғушылықтың қатысудан айырмашылығы: 1) қол сұғушылықта тұлға қылмыс жасауға көмектеспейді 2) қол сұғушылық кезінде әрекеттер басқа адамның әрекетімен себепті байланыста болмайды.
Түрлері:
алдын ала жасырамын деп уәденің болмауы
хабарламау
қарамағандық
Алдын ала жасырмаймын деген түсінік қылмыс жасаған адамды, қару мен құралдарды тықпау жауапкершілікке тек ҚК-ң Ерекше бөлімінде көзделген кезде ақ тартылады. ҚК 363 б сотқа қарсы қылмысты алдын ала жасырамын ауыр немесе аса ауыр қылмыс үшін қарайды.
Егер де жасырушы көмектесуге уәде берсе, онда жасыру көмектесу деп сараланады.
Хабарламау мынада білінеді, яғниқылмыстың дайындалып, жасалып жатқанын біліп құқық қорғау органдарына хабарламаса.
Жеткізбеу - адамның пассивті тәртібі, соған байланысты жауаптылық мына кезден басталады:
А) егер де адам дайындалып жатқан қылмысты біліп немесе нақты факті бойынша білсе
Б) егер де ол хабарлауға нақты жағдайы болған кезде.
Аса ауыр қылмыс үшін жауапкершілік хабарламағаны үшін басталады (ҚК-ң 364 б).
Қылмыстық жауапкершілікке күйеуі туралы және жақын туыстары туралы хабарламағаны үшін тартылмайды.
Қарамағандыққа қылмыстың жасалуына жол берілуін айтамыз. Жалпы бөлімде бұл үшін нақты жазалау көрсетілмеген. Жалпы ереже бойынша азаматтардың қарамағандығы қылмыс болып есептелмейді.
Ол басқа жұмыс егер де қарамағандықты хабарлауға міндетті адамдар жасаса. Мысалы, полиция қызметкерлері қылмыс жасалып жатқан кезде әрекетсіздік көрсетсе.
9-тарау. Қылмыстардың көптілігі.
Қылмыстардың көптілігінің түсінігі және белгілері.
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының түсінігі және оның белгілері.
Қылмыстардың жиынтығының түсінігі және белгілері.
Қылмыстардың қайталануының түсінігі, белгілері және түрлері.
Әдебиеттер:
1.Сергиевский В., Рахметов С. Квалификация преступлений. Учебно-практическое пособие. Алматы, 1999г.
2.Кудрявцев В.Н Общая теория квалификации преступлений. М., 1999г.
3.Черненко Т.Г Квалификация преступлений. Алматы, 1999г.
4.Наумов А.В. Применение уголовно – правовых норм. Владивосток, 1973г.
5.Уголовное право. Общая часть. Под ред. И.Я.Козаченко. М., 1998г.
6.Курс уголовного права. Общая часть. Под ред. Н.Ф.Кузнецовой Т.1. М., 1999г.
7.Блум М.И., Тилле А.А. Обратная сила закона. М., 1969г
8.Брайнини Я.М. Уголовный закон и его применение. М., 1967г.
1.Бір адамның бір (жеке) немесе бірнеше қылмыс істеуі қоғамға қауіптілігі жоғары екенін көрсетеді. Жасағанның қоғамға қауіптілік деңгейі құқық қорғау мүдделеріне аса мәнді залал келтіруі бір қылмысқа қарағанда. Басқа жағдайларда бірнеше рет жасауы әлеуметтікке қарсы бағытталған қарсы әрекеттерден тұрады.
Қылмыстардың көптігі - жалпыланған қылмыстық құқықтық түсінік және ол ҚР-ң қылмыстық заңнамасында тұрмайды, бірақ ол қылмыстық құқық ғылымымен зерттелген. Ол көбінесе құқық қолдану тәжірибесінде тиімді қолданады.
Қылмыстардың көптігін заңды белгілері:
бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы
бірінен соң бірі ретімен жасаған қылмыстар
әр қылмыстан кейін қылмыстық құқық зардабының қалуы.
Бірінші белгі - көптіктің ең жалын белгісі. Оны сандық жағынан қарайды.
Қылмыстардың көптігі болмайдыегер де бүкіл (екі) әрекеттің біреуі кінәлі жасаған кезде қылмыс болып саналмаса.
Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы, яғни олардың әр қайсысы жеке, бірлікті қылмыс болуы керек. Осылар біркелкі нысанда болуы мүмкін, бірақ бір қылмыстың белгілері болуы тиіс.
Бірнеше қылмысты жасауды біз көптілік деп санаймыз. Мысалы, кінәлі екі жай қылмыс жасауы мүмкін. Біркелкі қылмыстар өзінің мінездемесі бойынша заңды түрде бірдей немесе бірдей емес болады.
Заңды түрде бірдей деп өзінің объективтік және субъективтік белгілері қылмыстық норманың біреуіне сәйкес келсе (жеке санкциясы болса).
Ал заңды түрде біртоптық қылмыстарды көбінесе ерекше белгілері бойынша ажыратады, бірақ олар қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетіледі (бап, пункт, бөлік). Орнатылған бір топтылығын басқа қылмыстық қол сұғушылыққа жатқызуға тиісті, оның заңды белгілерінің ұқсастығына байланысты: негізгі объект, кінәнің нысаны, тәртіп ниеті, қылмыс жасау тәсілдері және т.б.
Заңды бір топтық емес деп мына қылмыстарды айтуға болады. Олар өзара ұқсас, белгілері жақын және қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетілгендей (бап, бөлік, пункт).
Осы қылмыстардың сәйкес келуі көптіліктің нысанын байқауға мүмкіндік береді және соған байланысты қылмыстық заң әр түрлі қылмыстық құқықтық мән береді.
Қылмыстардың көптіліктің екінші белгісі - рет-ретімен екі немесе одан да көп қылмыс жасауын айтамыз. Ретімен жасау бұл қылмыстың бірі-бірімен бөлек жүретінін көрсетеді. Яғни әр қылмыс арасында белгілі уақыттың болуы. Уақыттың үзілуі созылмалы болмауы керек, бірақ бұл кезде бір қылмысты екінші қылмыстан ажыратылуы керек.
Көптіліктің үшінші белгісі - әр қылмыстан кейін келтірген зардаптың сақталуы. Осының мәні, яғни көптілікті құрайтын тек қылмыстар немесе кінәлінің әрекетіне нақты жаза қолданған кезін жатқызамыз.
Көптілікке қатысты жағдайлар бұл бір немесе бірнеше ретімен жасалған кінәлінің әрекетін айтуға болады.
Көптіліктің нысанына жатады:
қылмыстың жиынтығы (ҚК-ң 12 б).
қылмыстың қайталануы (11 б(
қылмыстың рецидиві (13 б)
2.Егер адам ҚК-ң әр түрлі баптарында, ал жеке реттерде баптардың бөлігінде көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істесе, оның бірде біреуі үшін сотталмаса немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, онда оның іс-әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп танылады. Басқа сөзбен айтқанда кінәлі түрде істелген іс-әрекетте екі немесе одан да қылмыстың құрамы болады.
Егер де бір әрекет жалпы және арнайы бөлімінің белгілеріне сай келсе, онда қылмыстың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық ерекше бөлімге сай тартылады.
Жиынтық идеалдық және нақты болып екіге бөлінеді.
Қылмыстық идеалдық жиынтығы деп кінәлінің бір іс-әрекетінен бірден қылмыстық заңның әр түрлі баптары, тармақшалары, бөліктері бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың істелуін айтамыз.
Ал қылмыстың нақты жиынтығы деп адамның әр түрлі іс-әрекеті арқылы қылмыстық заңның әр түрлі бабына жататын қылмыс жасауын айтамыз.
Нақты жиынтық деп кінәлінің әрекетін айтуға болады, ол аяқталған немесе дайындалу, оқталудан көрсетуге болады.
3.ҚР ҚК-ң 11 б сай қылмыстың бірнеше мәрте жасалуын бір бапта көзделген қылмысты бірнеше рет жасауын айтамыз.
Екі немесе одан да көп қылмыс жасау кезінде, яғни олар әр түрлі баптарға жатса, бұны бірнеше мәрте жасалды деп тек қана ҚК-те Ерекше бөлімінде көрсетілген кездерінде болады.
Егер бұл істелген істер қылмыстар үшін оны істеген адам қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылса немесе заңда берілген тәртіп бойынша осы қылмыстары үшін сотталғандықтан арылса немесе сотталғандығы жойылса қылмыс бірнеше мәрте жасалды деп танылмайды. Сол сияқты жалғаспалы қылмытар де бірнеше рет мәрте жасалған қылмыс болып табылмайды.
Екінші рет және одан кейін де қылмыс жасау кінәлінің жеке тұлғасының аса қауіптілігін, оның тұрақты қоғамға қарсы бағыттылығын көрсетеді. Сонымен бірге, екінші және одан кейін жасалған бірнеше рет жүзеге асқан қылмыстар қоғам үшін неғұрлым қауіпті, өйткені олар жәбірленушілердің көп санына зиян келтіреді және т.б. Бұл жағдайларды ескере келе, заң шығарушы қылмыстың бірнеше рет жасалуын қылмысты саралайтын белгілерге жатқызады.Бірнеше рет қылмыс жасаудың құрамдаушылары болып егер ол заңда қарастылған болса, біртекті қылмыстар табылуы мүмкін, оларға бірдей немесе ұқсас тікелей объектілерге озбырлық жасайтын, бірдей кінә нысанымен және ұқсас уәждармен жасалған қылмыстарды жатқызу қажет.ҚК 5-б.11-бабына сәйкес, қылмыстың бірнеше рет жасалуы ҚК-те неғұрлым қатаң жазаға әкелетін жағдай ретінде қарастырылған жағдайда, тұлғаның жасаған қылмыстары бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін жаза көзделген ҚК Ерекше бөлімінің бабындағы тиісті бөлігі бойынша сараланады.Қылмыстардың жүйелілігі қылмыстық заңның бірқатар баптарының саралау белгісі ретінде көзделеді.Жүйеліліктің сандық құрамы кінәлінің өз сипаты бойынша бірдей болып табылатын кемінде үш қылмысты жасауын талап етеді. Дегенмен бірнеше рет қылмыс жасаудан ерекше, жүйеліліктің сапалық өзінділігі кінәлінің қылмыстық іс-әрекеттері азды-көпті ұзақтылы кезеңнің барысындағы оның қылмыстық мінез-құлқының белгілі бір желісі (жүйесі) болып табылатындығында жатыр.
Осылайша, жүйелілік дегеніміз – кінәлінің қылмыстық мінез-құлқының белгілі бір желісін сипаттайтын бірдей қылмыстарды, егер олардың ешбіреуі үшін ол сотқа тартылмаса, үш рет немесе одан артық жасауы.
Қылмысты кәсіп ретінде жасау дегеніміз – кінәлі үшін тіршілік ету құралдарының негізгі немесе қосымша көзі болып табылатын табысқа қол жеткізу мақсатымен жасалатын жүйелі қылмыстық қызмет.
Бірнеше рет қылмыс жасаудың қылмыстық-құқықтық салдары келесіде жатыр:
ол жаза тағайындау кезінде жауапкершілікті ауырлататын жағдай болып табылады (54-б., 1-бөл., «а» т.);
қылмысты саралауға әсер етеді (120б. 2-бөл. «г» т., 121 б. 2-бөл. «г» т., 125-б. 2-бөл. «б»т., 175,176, 177, 178, 179, 180, 181 бб.);
қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігін болғызбайды;
жаза тағайындаудың ерекше, неғұрлым қатаң тәртібін көздейді (58-б.);
қылмыстық жауапкершілікке тартылудың мерзімнің өтуін тоқтатады (69-б., 4-б.);
шартты түрде соттаудың күшін жоюды талап етеді (64-б., 4,5 бб.).
4.Қылмыстың қайталануы түсінігі ҚР ҚК 13-бабында беріледі. Оған сәйкес бұрын жасалған қасақана қылмыс үшін сотталған тұлғаның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайтлануы деп танылады.
Қылмыстың қайталануы қылмыстың көптігінің түрі ретінде кінәлі бұрын жасалған қасақана қылмысы үшін сотталудан кейін жаңа қылмысты жасайтындығымен сипатталады. Оның алдындағы қылмысы үшін сотталғандықтың болуы – оны қылмыстың бірнеше рет жасалуынан шектеу мүмкіндігін беретін қылмыстың қайталануының өзіне тән белгісі.
Қылмыстың қайталануының түрлеріне: ұқсас қылмыстардың қайталануы; біртекті қылмыстардың қайталануы; әртүрлі қылмыстардың қайталануы жатады.
Сондай-ақ жалпы, арнайы, қауіпті, аса қауіпті қылмыстың қайталануы деп бөлінеді.
Жалпы қылмыстың қайталануы дегеніміз - бұрын сотталған адамның кез келген жаңа қылмысты жасауы.
Арнайы қылмыстың қайталануы деп бұрын сотталған адамның жаңа ұқсас немесе біртекті қылмысты жасауы танылады.
Қауіпті қылмыстың қайталануының анықтамасы ҚК 13-б. 2-бөл. беріледі.
Оған сәйкес қылмыстардың қайталануы қауіпті деп:
а) тұлғаның ол үшін бас бостандығынан айрылуға сотталатын қасақана қылмысты жасаған кезде, егер бұрын ол тұлға қасақана қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айрылған болса;
б) тұлғаның ауыр қылмыс жасаған кезінде, егер ол бұрын ауыр қалмыс үшін сотталған болса, танылады.
ҚК 13-б. 3-бөл. сәйкес аса қауіпті қылмыстың қайталануы дегеніміз:
а) тұлғаның ол үшін бас бостандығынан айыруға сотталатын қасақана қылмысты жасауы, егер бұрын бұл тұлға ауыр қылмыстары немесе орташа ауыр қасақана қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға кемінде үш рет сотталса;
б) тұлғаның ол үшін бас бостандығынан айыруға сотталатын ауыр қылмыс жасауы, егер бұрын осы тұлға екі рет ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталған болса;
в) тұлғаның аса ауыр қылмыс жасауы, егер ол бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталған болса.
Сонымен қатар, әдебиеттерде қылмыстың қайталануының қарапайым (бір реттік), күрделі (көп рет жасалған) түрлері анықталады.
Қарапайым (бір рет жасалған) қылмыстың қайталануы дегеніміз бұрын тек бір рет қана сотталған адамның қылмыс жасауы.
Күрделі (бірнеше рет жасалған) қылмыстың қайталануы деп бұрын екі рет немесе одан артық сотталған адамның қылмыс жасауы танылады.
Сондай-ақ әдебиетте пенитенциарлық қылмыстың қайталануы да ерекше аталады, оның мәні сотталған адам бас бостандығынан айыру түрінде кемінде екінші рет жазасын өтейтіндігінде жатыр.
Тұлғаның он сегіз жасқа дейін жасаған қылмыстары үшін сотталғандықтары, сондай-ақ осы Кодекспен белгіленген тәртіппен алынып тасталған немесе жойылған сотталулар қылмыстың қайталануын тану кезінде есепке алынбайды.
Қылмыстардың қайталануы Қылмыстық Кодеспен көзделген негіздерде және шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеледі.
Қылмыстың қайталануының қылмыстық-құқықтық салдарына келесі позицияларды жатқызуға болады:
ол жазаны тағайындау кезінде жауапкершілікті ауырлататын жағдай болып табылады (54- б.1-бөл, «а» т.);
қылмысты саралауға ықпал етеді;
қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігін болдырмайды;
жазаны тағайындаудың неғұрлым қатаң тәртібін көздейді (59-б.);
айыптаушы үкімді орындаудың мерзімнің өтуін тоқтатады (75-б.);
соттылықты орындау және алып тастауды тоқтатады (77-б);
жазаны өтеудің неғұрлым қатаң тәртібін талап етеді (48-б.);
белгілі бір жағдайларда қылмыстың қайталануын қауіпті немесе аса қауіпті деп таниды (13-б.).
10-Тақырып. Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа жығаратын жағдайлар
Қылмыстық құқық бойынша іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдайлар ұғымы.
Қажетті қорғану және оның заңға сәйкестік шарттары.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру.
Аса қажеттілік.
Орынды тәуекел ету.
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.
Бұйрықты немесе өкімді орындау.
Әдебиеттер:
1. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы. 1999 ж.
2.Уголовное право буржуазных стран: Общая часть. Сборник законодательных актов \ Под ред. А.Н.Игнатова и И.Д.Козочкина. М., 1990 г.
3.Уголовное законодательство зарубежных стран: Сборник законодательных материалов. М., 1999 г.
4.Уголовное право. Часть Особенная. Учебник. Под ред. Агыбаева А.Н., Баймурзина Г.И. Алматы. 2003 г.
5.Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступления. М., 1976г.
6.Бурчак В.А Квалификация преступления. Киев, 1983г
1.Қылмыс қылмыстық заңмен тыйым салынған қоғам үшін қауіпті әрекет болып табылады. Қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің ерекше белгісі азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге айтарлықтай зиян келтіруден көрінеді. Бірақ қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге объективті түрде зиян келтіретін әрекет белгілі бір жағдайларда қылмыстық немесе жазаланатын әрекет деп қарастырылмайтын оқиғалар да болады. Тұлға жасаған әрекеттің әсері нақты қылмыс секілді көрінетіндігіне қарамастан, өз мазмұны бойынша олар тек қоғамдық қауіпті төндірмей ғана қоймай (яғни қылмыстық –құқықтық қорғау объектісіне зиян келтірмей), керісінше, қоғам және оның мүшелері үшін пайдалы болып табылады.
Әрекеттің қылмыстығын жоққа шығаратын жағдайлар – бұл тұлға тигізген зиян қылмыстық жауапкершілікке әкелетін қоғамдық қауіпті әрекет (қылмыс) ретінде қарастырылмайтын өзіндік жағдайлар (шарттар).
Қазақстан Республикасының ҚК-де әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын келесі жағдайлар анықталған: қажетті қорғаныс (32-б.), озбырлық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру (33-б.); аса қажеттілік (34-б.), жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру (34-1-б.), негізделген қауіп-қатер (35-б.); физикалық немесе психикалық күштеу (36-б.), бұйрықты немесе өкімді орындау (37-б.).
Сонымен бірге, қылмыстық құқықта әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын басқа бірқатар жағдайлар белгілі: жәбірленушінің келісімі, өз құқығын жүзеге асыру, кәсіби міндеттерін орындау.
Жоғарыда аталған жағдайлардың кез келгенінің болуы жеке тұлғаның мүдделеріне, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерге объективті түрде зиян келтірілетін жағдайларда істелген әрекетке берілетін бағаны өзгертеді және сырттай зиян келтіретін, жағымсыз әрекетті әлеуметтік пайдалы, құқық тәртібін қорғауға себін тигізетін немесе ең құрығанда рұқсат етілген мінез-құлық қатарына ауыстырады. Сол себепті олардың кез келгенінің болуы істелген әрекетте қылмыс құрамының жоқтығына куә болады.
2.Сөз қозғалып отырған жағдайлар тұлғаның мысал үшін оның қылмыстық жауапкерілік басталатын жасқа жетпеуінің немесе есінің дұрыс еместігінің себебімен емес, өздігінен тұлға тигізген залалға қарамастан әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығарады. Оған қоса, әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдайлар әрекеттің анық аз маңыздылығы (9-б., 2-бөл.), қылмысты жасаудан ерікті түрде бас тарту (26-б.), қылмыстық қудалаудың мерзімінің өтуі (69,75 бб.), сондай-ақ қылмыстық-құқықтық тыйым салудың күшін жою (декриминализация) секілді тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуды мүмкін емес қылатын қылмыстық заңның ережелерінен айыра білу қажет. Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдайлардың табиғаты түбегейлі түрде мүлдем бөлек. Бұған дейін айтылғандай, олар сырттай зиян келтіретін және сол себеппен қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттің жасалу процесі жүретін өзіндік объективті жағдайлар. Сол себепті әрекеттің қылмыстылығы орын алатын ерекше жағдайлардың қылмыстық құқықта ерекше аталуының мән-мағынасы осындай жағдайларда тұлғаның істеген әрекеті түбірінде қоғамға қарсы қылық деп саналмай, әу бастан әлеуметтік тұрғыдан пайдалы әрекет болып табылатындығына ерекше көңіл бөлуде жатыр.
«Жағдай» түсінігі анықтан-анық белгіленген мағынаға ие, ал дәлірек айтсақ: бұл – белгілі бір құбылыспен (бұл жағдайда – зиян келтіретін әрекетпен) қатар жүретін шарт. Сол себепті, «әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдайлардың» мәнін белгілі бір зиян келтіретін әрекетпен қатар жүретін өзіндік шарттар ретінде ашып көрсету дәлірек болады.
Кейде жоғарыда аталған жағдайлардың біреулері әрекеттің нақты қоғамдық қауіптілігін, ал қалғандары – құқыққа қарсылығын жоққа шығаратындығы көрсетіледі.
3.Қажетті қорғаныс – озбырлық жасаушыға зиян келтіру жолымен қоғамдық қаупі бар озбырлықтардан заңға сәйкес заңды қорғану.
Қорғану егер ол озбырлыққа және одан қорғануға қатысты бірқатар қоғамдық талаптарға жауап беретін болса, қажетті, қылмыстық жауапкершілікке әкелмейтін деп танылады.
Озбырлық:
қоғам үшін қауіпті;
орын алған;
шынайы болуы тиіс.
Жеке тұлғаның мүдделеріне, қоғамдық мүдделерге, мемлекет мүдделеріне қоғамдық қауіпті озбырлық орны алуы тиіс. Озбырлық, заңның айтуынша, қауіпті, бірақ міндетті түрде қылмыстық болмауы тиіс. Мысал үшін есі дұрыс емес адамның немесе қылмыстық жауапкершілік пайда болатын жасқа жетпеген тұлғаның шабуылы қылмыстық деп қарастырыла алмайды, бірақ қауіпті сипатқа ие осындай адамдардың шабуылына қарсы қажетті қорғануға жол беріледі.
Заңды, заңға сәйкес әрекеттерге (мысалы сот орындаушысының әрекеттеріне қарсы) қажетті қорғанысқа жол берілмейді.
Озбырлықтың болуы уақыт ішіндегі қажетті қорғанудың шектерін анықтайды. Қажетті қорғану құқығы озбырлық әлі орын алмаған, бірақ оның шынайы қаупі бар кезде, ол анық, міндетті түрде болатын кезде пайда болады. Қатердің шынайылығы туралы нақты фактіге қатысты болған нәрсенің барлық жағдайларын талдаудың негізінде тұжырым жасауға болады. Дайындалып жатқан немесе күтілетін озбырлыққа қарсы қажетті қорғануға жол берілмейді. Егер озбырлық аяқталса: оған тойтарыс берілсе, ерікті түрде тоқталса, қажетті қорғану құқығы жойылады. Өзін-өзі қорғау актісі аяқталған озбырлық жасау актісінен кейін болған, бірақ істің жағдайлары бойынша қорғанушы үшін озбырлық жасаудың аяқталу кезеңі анық болмаған жағдайда қажетті қорғану қалпы орнын тапқан деп есептеліне алмайды.
Озбырлық қиялда көрінген емес, шынайы (реалды) болуы керек.
Жасалу қаупі болмаған, көрінген, яғни шынайы болмаған озбырлыққа қарсы қажетті қорғануға жол берілмейді. Сол себепті қиялдағы шындығында жоқ озбырлыққа қарсы «қорғанушы» тұлғаның әрекеттерін қажетті қорғану деп қарастыруға болмайды. Мұндай жағдайларда жорамал қорғану орын алды. Жорамал қорғану кезінде қажетті қорғануға тән барлық жағдайлар жоқ болады, бірақ та тұлғаның ой-қиялында олар бар және ең алдымен тұлға қауіпті озбырлық бар деп санайды. Жорамал қорғану – бұл іс жүзіндегі қатенің түрі, және жорамал қорғаныс кезіндегі тұлғаның жауапкершілігі туралы мәселе осындай қатенің кінәнің түріне әсерінің ережелері бойынша шешілуі тиіс. Мұндай жағдайларда, оқиғаның бүкіл жағдайлары қорғану құралдарын қолданған тұлғаға шынайы озбырлық орын алды деп санауға жеткілікті негіздер берген, ол өз тұжырымының қателігін түсінбеген кезде істің жағдайларына қарай тұлға не абайсыз әрекеттері үшін жауап беруі мүмкін, не қылмыстық жауапкершілікке мүлдем тартылмайды.
Егер тұлға жорамал қорғану кезінде жәбірленушіге шынайы озбырлық жағдайларында мүмкін болатын зиянның шектерінен анық артық зиян келтірсе, ол қажетті қорғану шектерінен асып кеткені үшін жауапкершілікке тартылады.
Қорғауға жататын қажетті қорғаныстың талаптары:
қажетті қорғану жолымен жеке, қоғамдық, мемлекеттік мүдделерді қорғауға болады;
қорғау озбырлық жасаушыға зиян келтіру жолымен жүзеге асырылады;
қорғану қажеттілік шектерінен аспауы керек.
Қажетті қорғаныстың шектерінен асып кетуді заң қорғаудың озбырлықтың сипаты мен қауіптілігіне сәйкессіздігі деп таниды, оның нәтижесінде озбырлық жасаушыға озбырлықтың алдын алу немесе тоқтату қажеттілігінен айқын туындамайтын зиян келтіріледі. Анық сәйкессіздік дегеніміз - озбырлықтың алдын алу немесе тоқтату үшін ауыр зиян келтірілетін кезде қорғаудың озбырлықтың сипаты мен дәрежесіне анық, күмән тудырмайтын қауырт сәйкессіздігі (ҚК 32-б. 3-бөл.).
4.Аса қажеттілік жағдайында, яғни аталған тұлғаның және басқа тұлғалардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына және заңды мүдделеріне, қоғам немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнетін қауіпті жою үшін, егер бұл қауіптің басқа құралдармен жойылуы мүмкін болмаса және аса қажеттіліктің шектерінен асып кетуге жол берілмесе, Қылмыстық Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.
Аса қажеттіліктің заңға сәйкестігі төніп тұрған қауіпке қатысты және оны жоюға бағытталған болып бөлінеді.
Төніп тұрған қауіпке қатысты аса қажеттіліктің заңға сәйкестігінің шарттары келесі белгілермен сипатталады:
1. Қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі мүмкін кез келген күш (стихиялы табиғат күштері: жер сілкінісі, су тасқыны, қарлы боран және т.с.с.), адам ағзасындағы физикалық процестер (ауру, аштық және т.с.с.), механизмдердің жұмысы (ұшақты сынау кезіндегі мотордағы ақаулықтар және т.б.) қауіп көзі бола алады.
2. Қауіп орын алған, яғни ол көз алдында, өтіп кетпеген, іле-шала пайда болуы мүмкін болуы керек.
3. Қауіп адам қиялының нәтижесі емес, шынайы, яғни нақты, объективті бар болуы керек. Егер істің жағдайлары бойынша тұлға қауіп іс жүзінде жоқ екенідігін түсіне алмаса және түсінуге міндетті болмаса және қылмыс белгілеріне жататын жорамал қауіпті жоюға бағытталған қандай да бір әрекеттер жүзеге асырылса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Төніп тұрған қауіпті жоюға бағытталған шараларға қатысты шарттар мынаны талап етеді:
1. Аса қажеттілік жағдайында жеке, қоғамдық, мемлекеттік мүдделер қорғалуы мүмкін.
2. Бұл жағдайдағы төніп тұрған қауіп зиян келтіруден басқа ешбір жолмен жойыла алмайды. Егер зиян басқа адамдарға зиян келтірусіз басқа жолмен тоқтатылса, аса қажеттілік болмайды.
3. Егер алдын алған зияннан аз зиян келтірілсе қорғау әрекеттері заңға сәйкес болады.
Аса қажеттілік шектерінен асып кету деп төніп тұрған қауіптің сипаты мен дәрежесіне анық сәйкес келмейтін зиян келтіру және қауіп құқықпен қорғалатын мүдделерге алдын алған зиянға тең немесе одан айтарлықтай елеулі зиян келтірілген кезде жойылған жағдай танылады. Мұндай шектен асу тек қасақана зиян келтіру жағдайларында ғана жауапкершілікке әкеледі.
5. Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру.
ҚК-тің 34-1 б. 1-бөл. сәйкес «өкілетті мемлекеттік органның қызметкерінің немесе осындай органның тапсырмасы бойынша немесе осы органмен бірлесе жұмыс істейтін тұлғаның жедел іздестіру шараларын орындау кезінде жасаған осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтірген іс-әрекеті, егер бұл әрекет тұлғалардың тобымен, алдын ала келісу бойынша тұлғалардың тобымен, ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық бірлестікпен (қылмыстық ұйыммен) жасалған қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау, ашу немесе тергеу мақсатында жасалса, сондай-ақ заңмен қорғалатын мүдделерге келтірілген зиян аталған қылмыстар келтіретін зияннан аз елеулі болса, және олардың алдын алу, оларды ашу немесе тергеу, сондай-ақ қылмысты жасауда кінәлі тұлғаларды әшкерелеуден басқаша әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін болмаса қылмыс болып табылмайды.
Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адамның өміріне немесе денсаулығына қауіппен, экологиялық апатпен, қоғамдық апат пен басқа да ауыр салдармен ілесетін әрекеттерді жүзеге асырған тұлғаларға тарамайды».
Қазіргі уақытта жедел іздестіру қызметі саласында қолданылатын негізгі нормативті құқықтық құжат болып 1994 жылдың 15 қыркүйегіндегі «Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы табылады.
ҚР «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңының 11-бабы былайша анықтайды: «Жедел іздестіру шаралары – бұл осы Заңның 2-бабында көзделген міндеттерді шешуге бағытталған, жедел іздестіру қызметін өз құзыреттерінің шегінде жүзеге асырушы органдардың іс-әрекеттері»/1/.
Мұндай шараларға Заң келесі әрекеттерді жатқызады: қызметкерлерді қылмыстық ортаға ендіру; қылмыстық қызметке еліктейтін мінез-құлық моделін қолдану; конспирациялық кәсіпорындар мен ұйымдарды құру; арнайы техникалық құралдарды қолдану; телефон арқылы жүретін және басқа келіссөздерді тыңдау; техникалық байланыс желілерінен, компьютерлік жүйелерден және басқа техникалық құралдардан ақпаратты алу; бақылау, оның ішінде арнайы техникалық құралдарды (аудио-, видеожазуды, кино-, фотоға түсіру және басқа техникалық құралдарды), тұлғаның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін материалдар мен заттарды қолдану арқылы бақылау және т.б.
Заңның 6-бабында Қазақстан Республикының аумағында жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізімі нақты анықталған: ішкі істер органдары; ұлттық қауіпсіздік органдары; Қорғаныс Министрлігінің әскери барлау органдары; қаржы полициясының органдары; Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі; шекаралық әскер органдары.
Жедел іздестіру қызметінің субъектісі дегеніміз – жедел іздестіру заңында және ведомстволық нормативті актілерде көзделген құқықтар мен міндеттеріне ие жеке тұлға.
6. Озбырлық жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру
Қылмыс жасаған тұлғаға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа озбырлықтарды жасау мүмкіндігін жою үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай тұлғаны басқа құралдармен ұстау мүмкін болмаған болса және сол кезде ол үшін қажетті шаралардан асып кетуге жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.
Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау құқығына, ол үшін арнайы өкілеттіліктер берілген тұлғалармен қатар, сондай-ақ жәбірленушілер мен басқа азаматтар ие болады.
Озбырлық жасаған тұлғаны ұстауды осы тұлғаны билік органдарына жеткізу мақсатымен қылмыс жасаған тұлғаға зиян келтіруден тұрған әрекеттер ретінде анықтауға болады. Әдетте, ұсталатын адамның еркінен тыс жүзеге асырылатын озбырлық жасаған тұлғаны ұстау физикалық бостандықты (қозғалу бостандығын) шектеу түрінде оның мүдделеріне зиян келтірумен қатар жүреді. Қылмыс жасаған тұлғаға дене зақымдануларын жасаумен немесе оның жеке мүдделерін (игіліктерін) басқаша елеулі бұзумен ілесетін неғұрлым елеулі күштеу қолданылатын ұстау жағдайлары да орын алады. Мұндай жағдайларда қылмыскерді ұстау бойынша шаралардың заңға сәйкестігінің шарттарын анықтаудың қажеттілігі пайда болады. Бұл шарттарды екі топқа бөлуге болады: біріншіден, олар болған жағдайда қылмыскерді ұстау құқығы өздігінен жүзеге асырылуы мүмкін болатындары, екінішіден, қылмыскерге оны ұстау кезінде зиян келтірудің заңға сәйкес шектерін анықтайтындары.
Бірінші топқа екі шарт жатады:
Бірінші шарт – ұстау үшін құқықтық негіздеменің болуы, яғни тұлғаның қылмыстық әрекет жасауы.
Екінші шарт – ұстау кезіне қатысты болады және оның уақыттылығын анықтайды.
Екінші топта келесі шарттарды бөліп көрсетуге болады:
Ұстау кезінде қылмыскерге зиян келтірудің мақсаты болып оны билік органдарына жеткізу және сотқа табыстау табылады;
Зиян лажсыз тигізілуі керек. Басқаша айтсақ, қылмыскерге зиян келтіру осы жағдайда оны ұстаудың жалғыз жолы болып табылады;
Зиян тек ұсталатын адамға ғана келтірілуі мүмкін;
Келтірілген зиян жасалған қылмыстың сипатына және қоғамдық қауіптілігіне және ұстау кезіндігі жағдайларға сәйкес келуі керек.
Ұсталатын адамның өмірін қию тек қылмыскер ұстау барысында ұстаушының немесе бөтен адамдардың өмірі үшін қауіпті белсенді қарсылық көрсеткен жағдайда ғана, яғни қылмыскерді ұстау іс жүзінде қажетті қорғаныс түріне ауысатын кезде ғана орын алуы мүмкін. Сол себепті ұстау барысында одан өлім қаупі тарамаған қылмыскерді қасақана өлтіру ұстаудың рұқсат етілген шектерінен анық шығуды білдіреді және қылмыстық-жазаланатын әрекет болып табылады. Тек ауыр қылмыс жасаған қарулы қылмыскердің қауіптілігінің аса жоғары дәрежесі анық болған кейбір, өте сирек жағдайларда ғана ақырғы шара ретінде оны жою туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Ұстау шараларынан асып кету олардың қылмыстың қауіптілігі мен ұстау кезіндігі жағдайларға оның сәйкессіздігі ретінде келесі жағдайларда мүмкін:
ұсталатын адамды оның тарапынан агрессивті қарсылық көрсету болмаған жағдайда өлтіру;
ұсталатын адамға іс жүзінде неғұрылым аз маңызға ие зиян келтірумен шектелуге болғанмен, анық қажеттіліктің болмауынсыз оған ауыр деен жарақаттары жасалған жағдайда;
зорлаусыз қылмыстар жасағаны үшін ұсталатын тұлғаға ауыр немесе азды-көпті ауыр дене жарақаттарын қолдану.
Қажетті қорғану және аса қажеттіліктен озбырлық жасаған тұлғаны ұстаудың ерекшелігі төмендегідей келеді:
1) қажетті қорғаныс пен аса қажеттілік жағдайы тек заңмен қорғалатын мүдделерге (игіліктерге) төнген қауіптің болған жағдайында ғана анық, ал қылмыскерді ұстау бойынша әрекеттер тек бұл қауіпті - оның жасалған қылмысты жүзеге асырылуы жойылғаннан кейін ғана жүзеге асуы мүмкін;
2) қажетті қорғаныстың мақсаты қылмысты бұлтартпауда (шабуылға тойтарыс беруде), ал аса қажеттілік кезінде – төніп тұрған қауіптің алдын алуда жатыр, ал қылмыскерді ұстаудың мақсаты болып оны билік органдарына жеткізу табылады;
3) қажетті қорғаныс кезінде озбырлық жасаушыға зиян келтіру төніп тұрған қауіпті жоюдың қарапайым құралы болып табылады, ал қылмыскерді ұстау және аса қажеттілік жағдайында физикалық зиян келтіру – төніп тұрған қауіпті жоюдың жалғыз мүмкіндігі (құралы);
4) қажетті қорғаныс кезінде шабуыл жасаудың өмірін қиюға жалпы ереже бойынша рұқсат беріледі, ал аса қажеттілік жағдайында біреуді өлтіру тек айрықша жағдайларда ғана мүмкін, ал қылмыскерді ұстау, егер оның тарапынан агрессивті қарсылық (іс жүзінде - шабуыл ) болмаса, ұсталатын адамның өмірін қиюмен тіптен үйлеспейді;
5) аса қажеттілік кезінде келтірілген зиян әрқашан алды алынған зияннан аз болуы тиіс, ал қажетті қорғаныс кезінде және қылмыскерді ұстауда оған келтірілген зиян жасаған қылмысына сәйкес болуы тиіс болғанмен де, қылмыскер тигізген зиянмен салыстырғанда одан да елеулі болуы мүмкін.
Озбырлық жасаған тұлғаны ұстау үшін қажетті шаралардан асып кету деп олардың ұсталатын адамның жасаған қылмысының сипатына және қоғамдық қауіптілік деңгейіне және тұлғаға қажетінсіз анық шамадан тыс жағдайға байланысты туындамайтын зиян келтірілетін ұстау кезіндегі жағдайына анық сәйкессіздігі танылады. Мұндай шектен асу тек қасақана зиян келтіру жағдайларында ғана қылмыстық жауакершіліке әкеледі.
ҚР ҚК –де алғаш рет әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығартын өзіндік жағдай ретінде физикалық және психикалық күштеуге арналған бап енгізілді.
Тұлғаны талғамалы, сананың басшылығымен және еркін ерікпен әрекет ету мүмкіндігінен айыратын физикалық күштеу оның осының нәтижесінде заңмен қорғалатын мүдделерге тигізетін зиян үшін жауапкершілігін толығымен жоққа шығарады. Күштеудің сипатына байланысты құқықтық жағынан уәжделген әрекет пен кінәні жоққа шығартын жеңілмейтін күш әрекетімен немесе аса қажеттілік жағдайымен бағалас жағдайлар болуы мүмкін (мәселен, қинау кезінде адам мемлекеттік құпияны ашуы мүмкін, қатыгездікпен ұрып-соғылған адам тонауды жүзеге асыруға көмектесуге келісуі мүмкін).
Егер физикалық күштеу жеке тұлғаны толығымен әрекеттерді таңдаудың бостандығынан (талғамдылығынан) айырмаса, бірақ оған одан кейінгі физикалық ықпал етуді болдырмау үшін оның заңға қарсы әрекет етуге немесе әрекетсіздік жасауға мәжбүрлесе, заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру үшін жауапкершілік туралы мәселе ҚР ҚК 34-бабына сәйкес шешіледі.
ҚК 36-б. 2-бөл. психикалық күштеумен байланысты заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қашан да аса қажеттілік ережелері бойынша бағалануы керек деп негіздейді.
Жалпы ереже заңды бұйрықты немсе өкімді орындау, тіпті оны орындау кезінде заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілген болса да, қылмыс болып табылмайтындығынан тұрады. Бұйрықтың міндеттілігі оның заңдылығынан шығады. Заңсыз бұйрық орындалмауы тиіс, болмаған жағдайда заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік пайда болады. Осындай бұйрықты берудің өзі де, оны орындау да жазаланады. Бұйрықтың заңсыздығы бұйрық беруші тұлғаның құқық өкілеттілігінің болмауынан, бұйрықтың белгіленген нысанын сақтамаудан (мысалы, жазбаша) көрінуі мүмкін, ал оның қылмыстылығы мазмұнымен, яғни берілген мекеменің (ведомстволықтың, ұйымның) қызметіне және тапсырыстарына сәйкессіздігімен, ал ең бастысы адам құқықтары мен бостандықтарына шек қоюмен анықталады, өйткені соңғылары кез келген билік органдары қызметінің мәнін анықтайды. Бұйрықтың немесе өкімнің заңға сәйкестігі әр нақты оқиғада тиісті бұйрық немесе өкім берген тұлғаның құзыретін анықтайтын белгілі бір заңдарды (заңға тәуелді нормативтік актілерді) талдау жолымен анықталады. Осылайша, бұйрықты немесе өкімді орындаушы тұлғаның әрекеттерінің заңға сәйкестілігінің бірінші шарты болып олардың заң талаптарына сәйкестігі табылады.
Бұйрықты немесе өкімді орындау кезіндегі тұлғаның әрекеттерінің заңға сәйкестілігінің екінші (субъективті) шарты – бұл тұлғаның оның заңсыздығын түсінуінің болмауы. Егер бұйрықты (өкімді) орындаушы алдын ала оның қоғамға қарсы бағыттылығын білген болса, ал бұдан шығатыны оның нәтижесінде пайда болатын қылмыстық салдарды болжаса, ол қылмыстық жауакершілікке тартылады, өйткені мұндай жағдайда әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдайлар орын алмайды.
Алдын ала қылмыстық бұйрық – оны берген тұлғаның құзыретінің шегінен анық, ешбір шүбәсыз шығып кететін және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңның мазмұнынан қайшы келетін бұйрық.
1.Қылмыстық жаза – заңмен белгіленген және қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қолданылатын мемлекеттік күштеу шарасы. Жаза қылмыстық әрекетке сәйкестей отырып қолданылады және оның қоғамдық қауіптілігіне және ауырлығына сәйкес болуы керек.
Қылмыстық жаза қылмыстың қылмыстық-құқықтық салы болып табылады және қылмыспен күресудегі қажетті құқықтық құралдардың бірі ретінде танылады.
Қылмыстық жаза адам және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, ұйымдардың меншігін, құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын және аумақтық тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің басқа да заңмен қорғалатын мүдделерін түрлі қылмыстық озбырлықтардан қорғау үшін қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 38-бабында жазаның келесі түсінігін береді: «Жаза дегеніміз - соттың үкімімен тағайындалатын мемлекеттік күштеудің шарасы. Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған тұлғаға қатысты қолданылады және осы Кодексте көзделген осы тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын айыру немесе шектеуге саяды».
Жаза, мемлекеттік күштеудің шарасы болып табыла келе, қылмыс жасаған адамға тек сотпен үкімнің негізінде ғана қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайда үкім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.
Заңды күшіне енген соттың үкімі барлық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, сондай-ақ азаматтар үшін міндетті және Қазақстан аумағында орындалуы тиіс. Сонымен қатар, жазаны орындау мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі.
Үкімде тағайындалған жаза қатаң жеке сипатқа ие, яғни қылмыс жасаған тұлғаға нақты қатысты қолданылады және басқа тұлғаларға тарала алмайды.
Мемлекет жазаны қолдану жолымен қылмыскерді қоғам алдындағы кінәсін жууға күштейді және қылмыс жасаған тұлғаны белгілі бір заңды мойынсұнған тәртіпке мәжбүрлейді.
Жаза қылмыскерге белгілі құқынан айыруды, қасіретті әкеледі. Олар физикалық, моральдық және материалдық сипатта болуы мүмкін. Осылайша, бас бостандығынан айырылған кезде сотталған адам тұтастай алғанда жеке құқықтарында шектеледі. Мүлікті тәркілеу, айып төлеу кезінде сотталған адамның материалдық жағдайы жамандайды. Белгілі бір қызметте болу немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыру секілді жазалау шарасы қызмет, кәсіп таңдаудағы құқықтың шектелуімен байланысты.
Мұндай шектеулер кез келген демократиялық қоғамда қажетті. Бір де бір қоғам адамға шексіз бостандықты ұсына алмайды, себебі бұл қоғамның басқа мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына, бетімен кетуге және дау-жанжалдарға әкелетін еді.
Жазаның мәжбүрлеу, күштеу жағы, яғни сотталған адамның заңмен көзделген құқықтары мен бостандықтарын айыру немесе шектеу қылмыстық құқықта саза деп аталады. Жазалаудың сазалық элементтері жазаның қорқыту секілді қасиетін сипаттайды. Саза жазаның ауырлығының дәрежесін көрсетеді. Жазалаудың сазалық, күштеулік жақтары неғұрлым интенсивті болса, жаза соғұрлым ауыр болады. Өз кезегінде, тағайындалатын жазаның ауырлығы жасалған қалмыстың сипатына және ауырлық дәрежесіне, қылмыскердің жеке тұлғасына және істің басқа жағдайларына тәуелді болады.
Осылайша, жазаның міндетті қасиеті болып саза табылады, оны жазаның күштеу жағы деп, яғни заңмен көзделген құқықтарынан айыру мен сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қолдану деп қарастыру қажет. Сонымен бірге, қылмыстық жазаның физикалық қасіреттер қолдану мен адамның қадір-қасиетін төмендету мақсатына ие болмайды.
Жазалау үшін жағымсыз құқықтық және моральдық салдарға әкелетін соттылық секілді қасиет тән болады. Осылайша, егер тұлға жаңа қылмыс жасаса, бірінші қылмыс үшін сотталғандықтың болуы қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын жағдай ретінде бағаланады.
Жазаның оны мемлекеттік күштеуден ерекшелендіретін белгісі деп жазалауда сотпен қылмыскерді және ол жасаған әрекетті тек құқықтық емес, моральдық та жағымсыз бағалау берілетіндігін есептеуге болады. Сол себепті жаза қылмыс жасаған тұлғаға мемлекттің атынан берілген жағымсыз баға болып табылады. Сонымен қатар, жазаны орындау сондай-ақ мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен реттемеленген жаза түсінігі адам құқықтары мен сотталғандарға қатынас туралы халықаралық-құқықтық актілерге сәйкес келеді. Атап айтсақ, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 29-бабына сәйкес қоғамның әрбір мүшесіне басқалардың құқықтары мен бостандықтарын тиісінше мойындау және құрметтеуді және мораль, қоғамдық тәртіп пен демократиялық қоғамдағы жалпы әл-ауқаттың әділ талаптарын қамтамасыз ету мақсатымен заңмен белгіленген шектеулер ғана қолданылуы тиіс.
Осылайша, қылмыстық жаза дегеніміз – қылмыстық заңмен белгіленген қылмыс жасауда кінәлі тұлғаға сотпен қолданылатын, саза қасиетіне ие және қылмыс жасаған адамға мемлекеттің көзқарасын сипаттайтын мемлекеттік күштеу шарасы.
2.Жазалаудың мақсаттары
Жазаның мақсаттары дегеніміз –бұл сот қылмыстық жазаның нақты түрін қолдануы бағытталатын әлеуметтік нәтижелер.
ҚР ҚК 38-бабына сәйкес «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзету және сотталған адаммен, сондай-ақ басқа тұлғалармен жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу мақсаттарында қолданылады».
Осылайша жазаның мақсаттары:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталған адамды түзету;
в) сотталған адамның тарапынан жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу (арнайы алдын алу мақсаты);
г) басқа тұлғалардың тарапынан қылмыстардың алдын алу мақсаты (жалпы алдын алу мақсаты).
Жазаны қолданудың әр оқиғасы жиынтығын алғанда аталған мақсаттарды көздеуі тиіс.
Жазаның мақсаты ретіндегі әлеуметік әділеттілікті қалпына келтіру қылмыспен бұзылған жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін толық және барабар қалпына келтіруді көздейді.
Әлеуметітк әділеттілікті қалпына келтіруге жазаның сазалық қасиетімен қол жеткізіледі.
Әлеуметтік әділдік сот жазаны жария түрде тағайындай келе (ал сот процестері негізінен ашық отырыстарда өтеді), қоғамның әр мүшесін мемлекет қылмыстық заңды бұзған адамды жазалауға және қоғамдық тәртіпті қорғауға қабілетті екендігіне көзін жеткізетіндігімен қалпына келтіріледі, ал соңғысынсыз бүкіл қоғамның өмір сүруі мүмкін емес.
Жасалған қылмыс пен тағайындалған жазаның арасында, ол өмір мен денсаулыққа зиян келтіру үшін неғұрлым қатаң жаза түрлері, тіпті өлім жазасын қолдануға дейін, ал пайдақорлық озбырлықтар басым көпшілігінде сотпен мүліктік жазамен жазаланатындағын білдіретін шамаластық болуы тиіс.
Жаза сондай-ақ адамдардың әділдік сезімін қанағаттандыру үшін, ал бірқатар жағдайларда олардың қылмыскер жасаған зұлымдыққа зәр сезімін қанағаттандыру үшін қолданылады. Сол себеппен әділ жаза көбіне қоғаммен жағымды түрде қабылданады, ал әділ емес жазаны тағайындау жазаның осы мақсатына қол жеткізбейді.
Оған қоса, әділдік түсінігінің өзі әрекет пен сауап арасындағы, адамдардың шынайы маңыздылығы мен олардың әлеуметтік жағдайының арасындағы, адамның құқықтары мен міндеттерінің арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етудің талабынан тұрады. Кез келген заң, оның ішінде қылмыстық заң да қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің деңгейін реттемелеп, осы арқылы жеке тұлғаны, қоғам мен мемлекетті қылмыстық озбырлықтардан қорғайды. Осы мағынадағы қылмыс қоғамдық өмірдің құрылмына озбырлық жасау ретінде қабылданады.
Жазаның келесі мақсаты болып сотталған адамды түзету табылады. Бұл мақсат сотталған адамның қоғамға қарсы бағытталған, және олардың ықпалымен қылмыс жасалған және оның мінез-құлқынан көрініс табатын және жаңа қылмыстарды жасаудың себебіне айналуы мүмкін көзқарастарын, дағдылары мен бейімділіктерін бейтараптандыруға бағытталған.
Түзету барысында сотталағн адамды тұлғаға, оның құқықтарына және мүдделеріне, қоғамдық пайдалы еңбекке және қоғамдық тәртіпке құрметпен қарау секілді әлеуметтік пайдалы қасиеттерді баулу жүреді.
Жаза шаралары түзетудің түрлі құралдарын талап етеді. Сонымен бірге, түзету құралдары жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке тұлғасын есепке алумен қатар қолданылуы керек. Мысалы, бас бостандығынан айыру кезінде түзетудің негізгі құралдары болып бас бостандығынан айыруды бастан өткерудің режимі, еңбек, сотталғандарға кәсіби білім беру және прогрессивті дайындау, тәрбие жұмысы табылады. Түзету ықпалын жасаудың басқа да құралдары қолданылады: сотталғандардың өз күштерімен қызмет ету ұйымдары, мәдени-ағартушылық жұмыс және басқа қызмет.
3.Жазаның дербес мақсаты болып арнайы алдын алу мақсаты табылады, ол сотталған адамның тарапынан жаңа қылмыс жасалудың алдын алудан тұрады.
Арнайы алдын алу мақсатына сотталған адамның жаңа қылмыс жасауға физикалық мүмкіндігінен айырылуы арқалы қол жеткізіледі. Мысалы, бас бостандығынан айыру, қамау секілді жазалаудың түрлері үнемі күзету және қадағалау, қоғамнан шеттетумен байланысты ұстаудың белгілі режимімен қатар жүреді. Белгілі бір қызметке ие болу құқығынан айыру кезінде тұлға бұрынғы қызметінде жұмыс істеу және оны жаңа қылмысты жасау үшін қолдану мүмкіндігінен айырылады.
Сонымен қатар, кез келген жаза сотталған адамға құқықтарынан айрылу және қасіреттер келтірумен байланысты, ол кінәліні қылмыс жасаудан бас тартуға мәжбүрлейді, оны үстіне қайтадан қылмыс жасау үшін заң одан неғұрылым қатаң жазаны қарастырады. Қайтадан неғұрлым қатаң құқықтан айыру мен қасіреттерді бастан кешірудің алдындағы қорқыныш тұлғаның жаңа қылмысты жасаудан бас тартуына себепші болады.
Оған қоса, жазаны өтеудің барысында сотталған адамның психикасы сотталған адамды түзетуге бағытталған белгілі бір психикалық ықпал етудің әсерінде болады.
Жалпы алдын алуға келетиін болсақ, оның мәні жазалау арқылы басқа тұлғалардың, ең алдымен санасында заңдар мен басқа да нормативті заң актілерін орындауға деген қажетті тұрақтылық жоқ тұрақсыз азаматтардың тарапынан қылмыстың жасалуының алдын алуда жатыр.
Жазамен, оны қылмыс жасаған жағдайда қолданумен үрейлендіру осындай тұлғалардың санасына және тәртібіне тоқтататын, алдын алатын әсерін тигізеді, оларды қылмыс жасау туралы ойын тастауға мәжбүрлейді.
Жазаның мақсаттарының әрқайсысы дербес сипатқа ие болатындығын, сондай-ақ жазаның басқа мақсаттарымен үйлесімде жүзеге асырылатындығын ерекше атап кеткен жөн. Мұндай жағдайда сот нақты қылмысқа жазаны шығару кезінде жазаның барлық мақсаттарының дұрыс арақатынасына көңіл бөлуі тиіс.
11-тақырып. Жаза жүйесі мен түрлері
