- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ гуманитарлық заң университеті азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы
- •«Шарттық құқық» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •Астана 2014 Пәннің сипаттамасы
- •Пәнді зерттеу барысында көзделетін мақсаттар мен міндеттер:
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары ( күндізгі оқу нысаны)
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары (күндізгі оқу нысаны)
- •Соөж орындау және тапсыру кестесі (күндізгі оқу нысаны)
- •Сөж орындау және тапсыру кестесі (күндізгі оқу нысаны)
- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі Нормативтік құқықтық актілер
- •Глоссарий
- •2.10 Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
Дәрістердің тақырыптық жоспары ( күндізгі оқу нысаны)
№ |
Тақырып және сауалдар тізімі |
Сабақтың мақсаты мен міндеттері |
Көкейтесті мәселелері |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Шарт азаматтық құқықтық категория ретінде (2 сағат) 1. Шарт-мәміле ұғымы. Шарттағы ерік және ерік білдіру. 2. Шарт еркіндігі және оның шектелуі. 3. Шарт жарамсыздығы. 4. Шарт жасалуының жалпы тәртібі. 5. Шарттың міндетті жасалуы. 6. Алдын ала жасалатын шарт. Жария шарттар. Қосылу шарты. 7. Шарттың ережелері. 8. Шарттың нысаны және оның мемлекеттік тіркелуі. 9. Шарттардың жіктелуі. |
Шартты мәміле ретінде айқындай білуі және құқықтық қатынас ретіндегі аталған ұғымды шарттан ажырата білу қажет; шартты жарамсыз деп танудың негіздерін айқындау; шарттың жасалу тәртібін білу және оны жіктей алуы қажет. Шартты құқықтық қатынас ретінде айқындай білуі қажет; шарттың елеулі ережелерін білу; үшінші тұлғалардың құқықтары мен шарт тараптарының құқықтарын үйлестіре білу: шарт мазмұнын дұрыс жіктей білуі тиіс.
|
Даулы және бастапқыдан жарамсыз мәмілелер, шарттағы ерік және ерік білдіру, жария шарттар мен қосылу шарттары. Шарттағы тараптардың құқықтық мәртебесі, шарттың нысаны, атаулы және атаусыз шарттар.
|
2. |
Шарттың орындалуы, өзгертілуі және тоқтатылуы. (4 сағат) 1. Шартты орындау. 2. Шартты өзгерту және бұзу. 3.Шартты тоқтатудың арнайы жағдайлары. 4. Шартты өзгертудің арнайы жағдайлары (тараптардың алмастырылуы). 5. Шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. 6. Кепіл шарты. |
Шарт бойынша алынған міндеттерді орындау, шартты өзгерту және тоқтату тәртібін білу, шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістерін айқындай алуы қажет. |
Шартты орындаудан біржақты бас тарту, шарттағы тараптарды алмастыру, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің жекелеген әдістері. |
3 |
Мүлікті меншікке беру жөніндегі шарттар (4 сағат)
|
Шарт жасаса білу, заңнаманың ой-қырынан хабардар болу, келесідей мәселелер бойынша білікті болу: тұтынушылардың құқықтары және олардың азаматтық-құқықтық қорғалуы; жылжымайтын мүлікті сатып алу сату шартының нысаны; жылжымайтын мүлікті сатып алу сату шарты бойынша меншік құқығының ауысу сәті; жекешелендіру шартының ерекшеліктері. Айырбас, сыйға тарту, рента шарттары. |
Сатып алу сату шартының және оның жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу.
|
4 |
Мүлікті уақытша пайдалануға беру жөніндегі шарттар (4 сағат)
|
Жалға алу шартын жасаса білу, заңнаманың ой-қырынан хабардар болу, жалға алу шартын жасасу тәжірибесі, жалға алу шартының нысаны мен мерзімдері, мүлік жалдау шарты бойынша төленетін ақы, мүлік жалдау шартын өзгерту және бұзу, мүлік жалдау шартын қайта жаңарту және қайта жасасу, лизинг пәнінің кездейсоқ жойылу не бүліну қаупі, көлік құралдарының жекелеген түрлерін жалға алу сияқты мәселелерді талдау білуі қажет. Мүлікті тегін пайдалануға ұсыну шартының жасалу тәжірибесін білу, мүлік жалдау шарты бойынша берілетін мүліктің кездейсоқ жойылу не бүліну қаупі сияқты сұрақтарды талдай алуы және ондай шарттарды жасаса білуі қажет. |
Жалға алу шартының және оның жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу.
|
5 |
Жұмыстарды орындау жөніндегі шарттар 4 сағат)
|
Мердігерлік шартын жасасудың тәжірибесін білу, мердігерлік шартындағы материалдардың кездейсоқ жойылу қаупі, жобалау-сметалық құжаттама сияқты сауалдарды талдай білулері тиіс және мердігерлік жұмыстарды орындауға шарттарды жасай алулары қажет. |
Мердігерлік шартының ерекшеліктерін зерттеу.
|
6. |
Көліктік шарттар (4 сағат)
|
Тасымалдау және көліктік экспедиция шартының жасасу тәжірибесін білу, тасымалдау шартындағы тараптардың жауаптылығы, әуемен тасымалдаушының жауаптылығының ерекшеліктері, тікелей аралас қатынаста жүктерді тасымалдауды реттеу, экспедиторға ұсынылатын құжаттар және өзге де ақпараттар сияқты сауалдарды жетік меңгеруі тиіс. |
Тасымалдау шартының және оның жекелеген түрлерінің сондай-ақ, көліктік экспедиция шартының ерекшеліктерін зерттеу.
|
7. |
Заемдық міндеттемелер. Факторинг (4 сағат)
|
Банк сферасындағы шарттардың жасалу тәжірибесін білу, заем алушының міндеттемесін орындатуды қамтамасыз ету әдістері, факторинг шартының ерекшеліктері сияқты сауалдарды талдай білулері қажет. |
Банк сферасындағы шарттардың жасалу ерекшеліктерін зерттеу.
|
8. |
Азаматтық айналымдағы басқа шарттар. (4 сағат)
|
Жер пайдалану шартын, сервитут, жай серіктестік туралы шарттарды, құрылтай шарттарын жасай алу, аталған шарттардың мазмұнын білу және оларды тәжірибеде қолдана алу |
Сервитут, мүлікті бөлу туралы шарттар. Үй серіктестік туралы шарт. |
Барлығы: 30 сағат |
|||
