Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156 Кб
Скачать
☆

3. Корпорация өтімділігі негізінен алғанда баланс өімділігімен сипатталады. Сондықтан корпорация өтімділігін талдау үшін баланс өтімділігі көрсеткіштері зерттеледі.

Баланс өтімділігін талдау барысында өтімділік деңгейіне байланысты топтастырылған активтер бойынша қаражаттар мен өтелу мерзіміне байланысты топтастырылған пассив бойынша міндеттемелер салыстырылады. Ережеге сәйкес актив және пассив баптарын топтастыру қатаң тәртіппен жүзеге асырылады.

Өтімділік деңгейіне, яғни ақшалай қаражаттарға айналу жылдамдығына қарай активтер келесідегідей топтастырылады.

А1. Ең тез  өткізілетін активтер. Әлемдік тәжірибеде оларға кәсіпорынның ақшалай қаржаттары мен бағалы қағаздарын жатқызады.

А2. Тез  өткізілетін активтер. Оларға қысқа  мерзімді дебиторлық қарыздар мен басқа  да активтер жатады. Дебиторлық қарыздар бойынша белгілі бір уақытта  есеп айырысу шотына ақшалай қаражаттар келіп түсуі және өз міндеттемелерін  өтеуге бағытталуы мүмкін. Кейінге қалдырылған дебиторлық қарыздардың өтімділігі төмен болып табылады. Өйткені олардың келіп түсу мерзіміне сенімділік жоқ.

А3. Жай  өткізілетін активтер. Оларға баланс активі ІІ бөлімінің «Тауарлы материалдық  босалқылар» бабы және І бөлімінің  «Ұзақ мерзімді инвестициялар» бабы жатады.

Бұл жағдайда «Болашақ кезеңнің шығындары» бабы шегеріледі.

А4. Өткізілуі  қиын активтер – Баланс активі І  бөлімінің баптары (аталмыш бөлімнің топқа қосылған бабы қосылмайды).

Баланс  пассивтері олардың өтелу жеделдігіне  байланысты топтастырылады.

П1. Жедел  міндеттемелер. Оларға уақтылы өтелмеген  кредиторлық қарыздар, ссудалар, басқа  да қысқа мерзімді міндеттемелер, белгілі  мақсатқа жұмсалмаған қызметкерлерге арналған ссудалар (белгілі мақсатқа жұмсалмағандықтан жедел өтелуі үшін өтімділігі өте жоғары активтермен қамсыздандырылуы тиіс) жатады.

П2. Қысқа  мерзімді міндеттемелер – қысқа  мерзімді несиелер мен қарыздар, сондай-ақ қызметкерлерге арналған ссудалар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар.

П4 Тұрақты  міндеттемелер – баланс пассиві  І бөлімінің «Меншікті капитал» баптары. Актив пен пассив балансын сақтау үшін аталмыш топтың жинағынан  баланс активі «Болшақ кезеңнің шығындары» бабының сомасы шегеріледі.

Баланс  өтімділігін анықтау үшін актив  және пассив бойынша аталған топтардың жинақтары салыстырылады. Егер келесі арақатынас орындалса, баланс абсолютті өтімді болып табылады:

А1≥П1

А2≥П2

А3≥П3

А4≤П4

Яғни, егер алғашқы үш теңсіздік бойынша  активтің әрбір тобының сомасы онымен салыстырылып отырған корпорация міндеттемелері тобының сомасынан артық немесе тең болса, баланс өтімді болып есептеледі.

Корпорацияның төлем қабілеттілігі өтімділік  көрсеткіштерімен сипатталады. Оларға абсолютті өтімділік коэффициенті, аралық өтімділік коэффициенті, ағымдағы өтімділік коэффициенті жатады.

Абсолютті өтімділік коэффициенті ақшалай  қаражаттар мен бағалы қағаздардың  ағымдағы міндеттемелерге қатынасымен  анықталады.

Ол ағымдағы қарыздардың қай бөлігі баланс құру күнінде немесе жақын уақыт аралығында өтелетінін көрсетеді.

Оның  оңтайлы мәні келесі түрде болып  табылады:

      Ка.ө.=0,2-0,5

Аралық  өтімділік коэффициентін есептеу  үшін жоғарғы аталған көрсеткіштің ағымдағы ақшалай қаражат құрамына дебиторлық қарыздар мен басқа да активтер қосылады.

Аралық  өтімділік коэффициентінің оңтайлы мәні

      Кар.≥1

Ағымдағы  өтімділік коэффициенті ағымдағы активтер мен (болашақ кезеңнің шығындары  шегерілген) ағымдағы міндеттемелердің арақатынасы арқылы анықталады.

Ағымдағы  өтімділік коэффициентінің оңтайлы  мәні:

      Кағ.ө.≥2